
- •Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •Перифериялық пульс қисықтары
- •Веналық пульсті зерттеу
- •Плетизмография
- •Реография
- •Зондирлеуші ток параметрлері
- •Базалық импеданс
- •Реографтар типі және құрылымы
- •Реография техникасы
- •Реография әдістемесі
- •Реограммаларды талдаудың жалпы принциптері
- •Реограмманы талдау
- •Сапалық сипаттама
- •Сапалық талдау
- •Аяқ пен қол реовазограммалары
- •Реограммаға ықпал ететін факторлар
- •14Сурет. Нитроглицериндік проба кезіндегі
- •Зертханалық жұмыс
Реография әдістемесі
Реографияның адам мүшелеріне байланысты мынадай әдістемелері бар:
1) реоэнцефалография - мидағы қан ағысын зерттеу (биполярлық әдіс жиі қолданылады);
2) реовазография – аяқ мен қол қан тамырларындағы қан ағысына талдау жасау ;
3) реогепатография және реонефрография – бауыр мен бүйрек қан тамырларын зерттеу ;
4) аорта мен өкпе артериясының реографиясы;
6) жалпы (интегральдық) реография.
Ғылми әдебиеттерде сонымен бірге реоокулография, реоутерография, реопародонтография, реопанкреография т.б әдістері туралы жазылған.
Соңғы кезде импеданстық томографияның бірнеше модификациялары пайда болды, оларда зерттейтін бөлікке (кеуде жасушасы,бас, аяқ қол) бірнеше электродтарды дөңгелек шеңбер етіп қойып,әр жұп электродтардың арасын компьютер арқылы тіркеу жүргізеді де электр өткізгіштігі әр түрлі ұлпалардың кесімін алады. Әдістің абсолют зиянсыз екенін, ультрадыбысты қолдануға болмайтын өкпені қайталап зерттеудің қажет емес екенін ескерсек айтылған әдістің үлкен практикалық қызығушылық тудыратыны түсінікті. Бұл әдіске ұқсайтын импеданстық маммография әдісінің де осындай артықшылығы бар. Орталық гемодинамиканың зерттеулерін алып жүруге болатын цифрлық құрылымдарының көмегімен ұзақ уақыт бойы жүргізуге болады. Бұлар арқылы жүрек жұмысының жетімсіздік эпизодтарын анықтауға болады.
Реограммаларды талдаудың жалпы принциптері
Негізгі реографиялық көрсеткіштер. Реографиялық қисықтарды сандық талдаудың әр түрлі авторлар ұсынған тәсілдері көп. Ең көп тараған тәсілдерді ұсынамыз.
1
.
Аарт
және РИ
- регионарлық гемодинамика көрсеткіштері.
,
мұнда К=0,1
Ом – калибровтық сигнал.
Реографиялық индекс – Реотолқын жоғары нүктесінің амплитудасының калибровтық сигналдың биіктігіне қатынасы, өлшем бірлігі жоқ шама. Амплитуда изолиниядан бастап реографиялық толқынның немесе инцизураның жоғары нүктесіне дейін өлшенеді де РИ деп белгіленеді.
Бұл параметрлер зерттелетін мүшенің магистральдық артериясының көлемдік қанға толу күйін білдіреді. Олардың шамасы мынаған тәуелді: қан тамырларының өткізгіштігі мен диаметріне, тамырлар тонусына, жүректің соққы көлеміне, зерттелетін сегменттің бұлшық ет массына, электродтардың арақашықтығына, отек? бар болуына , жүректік жиырылу жиілігіне тәуелді. Жасы ұлғайған адамдарда ағзаның инволюциясының физиологиялық фонында Аарт және РИ шамалары төмендейді.
2.
Амплитудалық
–жиіліктік көрсеткіш
(АЧП-АЖК,шартты
бірлік ).
,
мұнда РИ
– реографиялық индекс (шартты бірлік),
Ткардио
- кардиоцикл ұзақтығы (с). Параметр
зерттелетін сегментте артериалық қан
ағысының жүрек жиырылуына ( тахикардия
кезінде Аарт
және РИ
шамалары төмендеуі мүмкін) тәуелді
интенсивтілігін білдіреді. АЧП-АЖК
жоғарыда айтылған төмендеу тахикардия
ғана ма немесе тамырлардың бүлінуі бар
кезде болғанын тағайындайды.
3.Асимметрия коэффициенті. Асимметрия коэффициенті асимметрии (КА) арқылы есептеледі. оң және сол жақтан алынған екі реограммаы салыстыру арқылы есептеледі :
КА = (РИmax – РИmin) / РИmin × 100%
Реограмманы талдау
Қан тамырлары бар аймақты синхронды тіркеу кезінде пульстік толқын барлық РГраммада аорта мен өкпе артериясы бәрінен бұрын пайда болады. Одан кейін гепатограммада, нефрограммада, білектің вазограммасында, қол саусақтарында, тізеде, аяқ саусақтарында (10сурет) пайда болады. Қисықты контурлық талдау қан тамырының тонусын және веналық қанның кетуін анықтауға мүмкіндік береді. Эластикалықтың төмендеуі арка тәрізді шыңы бар тегістелуі құралатын төбесінің график қисығының жоғарылаған бөлігінің көлбеу бұрышының төмендеуімен қоса жүреді. Қалыпты тонуста инцизура систолалық шың биіктігінің 2/3 бөлігіне орналасады, дикротикалық тісше анық болады.Қисықты талдағанда басқа толқындар басқа тамырлардағы қан ағысының жай-күйін жанама ғана білдіруі (әр түрлі калибрдегі артерия, артериоллалар, веналар) мүмкін екенін ұмытпау керек. Олар қан тамырлары тармағының эластикалық қасиетерімен әр түрлі деңгейдегі гидродинамикалық кедергіні, рефлекторлық реакцияның, артериоллалар мен бұлшық ет типіндегі артерияларда қанның келіп және қайта қайтуындағы жолдардың босауы кезіндегі шағылған толқындардың жиынынан құралады. .Реограмма зерттелген бөлікке қанның келуіне және қан тамырларының қабырғасының кернеулігіне тәуелді әр түрлі типтерге бөлінуі мүмкін ( 11сурет).
(11сурет.) Білектің (сол жақта) шынтақтың (оң жақта ) қалыпты (а) және артериалық дистонияның әр түрлі типіндегі реовазограммалар (РВГ) дифференциальдық реовазограммалары (ДРВГ): б - спастикалық тип; в – атоникалық тип; г - спастико-атоникалық тип (атоникалық -білекте, спастикалық - шынтақта).