
- •Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •Перифериялық пульс қисықтары
- •Веналық пульсті зерттеу
- •Плетизмография
- •Реография
- •Зондирлеуші ток параметрлері
- •Базалық импеданс
- •Реографтар типі және құрылымы
- •Реография техникасы
- •Реография әдістемесі
- •Реограммаларды талдаудың жалпы принциптері
- •Реограмманы талдау
- •Сапалық сипаттама
- •Сапалық талдау
- •Аяқ пен қол реовазограммалары
- •Реограммаға ықпал ететін факторлар
- •14Сурет. Нитроглицериндік проба кезіндегі
- •Зертханалық жұмыс
Реографтар типі және құрылымы
Реограф айнымалы ток генераторынан, базалық импеданс бөлетін детектордан, және оның айнымалы құраушысынан, күшейткіш пен уақыт бойынша тербелістің бірінші туындысын құрайтын дифференциялдаушы тізбекшеден тұрады.
Реографтардың екі типі бар – биполярлық және тетраполярлық . Биполярық әдіс Уитстон көпірін қолдануға негізделген (7 сурет), ол зерттелетін аймаққа екі электродтың көмегімен қосылады. Өлшеулер жүргізудің алдында Уитстон көпірін базалық импедансты айнымалы кедергімен компенсирлеп теңестіру керек, одан кейін пульстік тербелістердің электр кедергісі көпір иіндерінің арасында потенциалдар айырмасының пайда болуына әкеледі.
Бұл әдіс базалық импедансты дәл өлшеуге мүмкіндік (өлшеу қатесі базалық импеданс шамасынан асып кетуі мүмкін) бермейді, оның есесіне екі электродтың болуы кез келген бөлікті өлшеуге мүмкіндік береді. Әдіс теріні өте сапалы етіп дайындауды және электродтарды қойғанда көп дайындықты қажет етеді, электродтардағы электрохимиялық құбылыстарға өте сезімтал, графиктегі қисықтарда тыныс алу толқындары анық байқалады.
Тетраполярлық әдіс, ток бойынша және өлшеуші тізбек деп бөлінеді (8 сурет) қолдануға оңай, бөгеттерге төзімді. Мұнда зерттелетін бөліктен бірталай қашықтыққа электродтарды орналастырады да олардан зондирлеуші ток өткізеді ,бұл ток бір қалыпты электр өрісін түзеді, зерттелетін аймақтың шеткі бөліктеріне басқа екі электрод қойылаы,олардың арасында құралған потенциалдар айырмасы (кернеу) пайда болады. Ом заңы бойынша электр кедергісін анықтайды . .
Алайда
дененің бір бөлігіне ғана бір мезгілде
төрт электродтарды қою қажеттігіне
байланысты (ток үшін бір жұп және
потенциалдар үшін екінші жұп) мұндай
әдіс зерттеудің барлық аймағына қолданыла
бермейді. Тетраполярлық әдіс
электродтарға және оның тіркеу , әдіс
нәтижелері тұрақты. ерекшеліктеріне
талапты аз қояды.Ток және көпірлік
электродтар арақашықтығын ұлғайтқанда
зерттеу тереңдігі арта түседі.
Тетраполярлық реография көмегімен
жүректің соққы көлемін, зерттеліп жатқан
жердегі сұйық мөлшерін және қанның
айналыстағы көлемін дәл бағалауға
болады.
Реография техникасы
Сапалы жазылу үшін ең басты шарт электродтардың терімен контактысы өте жақсы болуы керек. Электродтар жасалатын материалдар ретінде күміс, мыс қорғасын, латунь, тот баспайтын болат, алюминий фольга, ас қалайы пайдаланылады. Қол мен аяқты зерттегенде электродтарды қоюдың үш тәсілін қолдануға болады: бойлай қою ( жазық электродтар зерттелетін жердің бір жақ шетіне немесе шет жағына циркулярнық етіп қою), бойлық- көлденең ( жазық электродтар қарама-қарсы беттерге ) көлденең ( екі электродтар қарама-қарсы беттерге). Реография кезінде контактыны қамтамасыз ету үшін контактылық пастаны немесе тұз ерітіндісіне малынған астарды міндетті түрде пайдалану керек. Электродтарда жүретін электрохимиялық процесстер контактылық пастаны қолданғанда 5 минутта,тұз ерітіндісіне батырылған жағдайда 20 минут ішінде тұрақтанады. Мұндай тұрақтылықтар болардың алдында графиқ қисығын алу мүмкін емес.