
- •Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •Перифериялық пульс қисықтары
- •Веналық пульсті зерттеу
- •Плетизмография
- •Реография
- •Зондирлеуші ток параметрлері
- •Базалық импеданс
- •Реографтар типі және құрылымы
- •Реография техникасы
- •Реография әдістемесі
- •Реограммаларды талдаудың жалпы принциптері
- •Реограмманы талдау
- •Сапалық сипаттама
- •Сапалық талдау
- •Аяқ пен қол реовазограммалары
- •Реограммаға ықпал ететін факторлар
- •14Сурет. Нитроглицериндік проба кезіндегі
- •Зертханалық жұмыс
Реография
Реография, немесе электроплетизмография- пульс жиілігін және артериялық қысымды өлшеуді есептемегенде гемодинамиканың ең көп тараған зерттеу әдісі. Ол мүшелер мен ұлпалардың жоғары жиіліктегі күші аз айнымалы электр тоғына деген толық электрлік кедергісінің (импеданстың ) тербелісін олардан пульстік толқын жүріп өткен кездегі графитік тіркеу әдісі. Ұлпалардың электрлік кедергісі олардың қан толуына тәуелді болатынына байланысты реографияплетизмографияның бір нұсқасы болып табылады. Мұнда қан толудың тербелісі ғана тіркелетінін еске сақтаған дұрыс, қанның тұрақты ағыны мен қозғалыссыз депонирленуі пульсация бермейді және бұл әдіспен зерттелінбейді.
Зондирлеуші ток параметрлері
Тұрақты токты өткізуге болмайды, себебі электродтар астында заттар (электролиз нәтижесінде) құралуы мүмкін, сондықтан айнымалы ток пайдаланылады. Реографияда қолданылатын айнымалы ток жиілігі 30 дан 150 КГц ке дейін.Ток күші бірнеше миллиамперден (1-2 мА) артық болмауға тиіс. Электродтарда кернеу 1-2 В болады.
Базалық импеданс
Айнымалы ток кедергісі омдық (кәдімгі) және реактивтік (сиымдылық) кедергілерден құралып, импеданс деп аталады. Омдық кедергі сұйық ортаның иондық өткізгіштігімен, ал сиымдылық кедергі табиғи конденсаторлардың – биологиялық мембраналардың қайта зарядталуларымен анықталады.
Ұ
лпалардың
электрлік кедергісі олардағы қан
құрамына (қан тамырларының көлденең
қимасы ауданы ) және қанның қозғалыс
жылдамдығы мен олардағы эритроциттер
мөлшеріне тәуелді. Пульстік толқын өтуі
кезінде бұл шамалар ұлғаяды электр
кедергісі кемиді (6сурет). Қисық төбесі
төмен қаратылған сфигмограмманы еске
түсіреді. Алынған график қисығында
жоғарылайтын және төмен түсірілген
бөліктерді, инцизураны, дикротикалық
толқынды және бірқатар қосымша толқындарды
(кешіккен систолалық және диастолалық)
айырып көруге болады. Бұл толқындар қан
тамырлары калибрі шамасына байланысты
қанға толуына және оларға қанның келуіне
және ағып кету балансына қатты байланысты
болған емес, калибрдегі қан тамырларының
бифуркациясы мен тарылуынан көп рет
шағылатын пульстік толқынның шағылуын
пайда болатын екінші реттік толқындар
жиынтығына көп тәуелді. Егер қан
тамырларының тармақталуы өзгермесе
онда олардың диаметрі өз қабырғасында
бұлшық ет қабаты бар тамыр тонусына
және тамырлардың реттегіштік реакциясы
қан тамырлары жүйесінде жиынтық пульстік
толқындардың тербелісінің өзгерісін
туғызады да реографиялық қисықтың
формасының қалыптасуына негіз болады.
Тығыз ұлпалардың электр кедергісі қан
мен ликворға қарағанда 5-10 есе жоғары,
ал альвеолдардағы ауа токты мүлде
өткізбейді, сондықтан кеуде жасушасының
электр кедергісі тыныс алу кезінде
өзгереді. Торакальдық импеданстың
пульстік тербелістері өкпе түбінің
қуыс және өкпе венасының, жүрек
қуыстарындағы қан мөлшерімен, әсіресе
жүрек алдындағы қан мөлшерімен анықталады.
Бас сүйегі қуысында қан ағысының
жылдамдығының өзгерісі және оның
артериальдық және веналық арналарда
қайта таралуы үлкен роль атқарады.
Ликвор қозғалысы көп маңызы болмайды,
себебі оның тербеліс периоды пульстік
тербеліс периодынан бірталай көп уақыт
алады.
Базалық импеданстың өзінің белгілі бір анықталған мәні бар. Қан немесе басқа бір сұйық бір аймақта жинақталғанда (тоқырап қалғанда) соңғысының электр кедергісі төмендейді.Бұл өкпенің қауыпті отек? гидроторакс, асциті туралы сезіктенуге, олардың динамикасын үзбей бақылауға мүмкіндік береді. Бұл үшін график жазу керек емес,себебі импеданс реографтың стрелкалық немесе цифрлық индикаторына шығарылады. Кеуделік тетраполярлық реографиясында базалық импеданс шамасы 20 Омнан төмен болады, бұл кеуде жасушасында сұйық мөлшерінің көбейгенін көрсетеді.
Әдістің негізін қалаушылардың бірі А.А.Кедров жуық формуланы қорытып шығарды:
Ζ=(Z0 × ΔΖ) / (Z0 + ΔΖ), осыдан, Ζο > > ΔΖ болғанда
dZ / Z0= ΔV / V
Я
ғни
электр кедергісінің өзгерісінің базалық
импедансқа қатынасы, мүшенің қанға
толуының өзгерісінің жалпы көлемге
қатынасындай болады. Бұл формулаға
қан құйылуының систолалық көлемін
есептеу негізделген :
ΔV=(V×ΔZ) / Z0.