Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15прЖМ.2012.Букеев.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
979.97 Кб
Скачать

Тақырыбы: Қанайналымды зерттеу әдістері. Интегралдық және регионалдық реография. Соққы және минуттық шығаруды жанама тіркеу тәсілдері

Тақырыптың негізгі сұрақтары

Бойлық реография - қол мен аяқ реографиясы. Электродтарды олардың бойлық осьіне қатысты бірдей деңгейде ай орналастыру арқылы зерттейді;қол мен аяқтың барлық бөлігінің қан тамырлары қызметіне баға беруде пайдаланылады. 2

Орталық пульстің қисық сызықтары 2

Перифериялық пульс қисықтары 3

Пульстік толқын жылдамдығы 3

Симметриялық тамырлардың сфигмограммасын бір мезгілде тіркеу бір жақты немесе екі жақты бүлінулерді тағайындауға мүмкіндік береді, ал әртүрлі деңгейдегі тамырларды синхрондық зерттеу- пульстік толқын жылдамдығын есептеуге мүмкіндік береді. Бұл үшін перифериялық пульс анакротасының кешігуінің басталу уақыты және зерттелетін нүктелердің ара қашықтығы өлшенеді. 3

Веналық пульсті зерттеу 3

Плетизмография 4

Реография 4

Зондирлеуші ток параметрлері 5

Базалық импеданс 5

Реографтар типі және құрылымы 6

Реография техникасы 7

Реография әдістемесі 7

Реограммаларды талдаудың жалпы принциптері 7

Реограмманы талдау 8

Сапалық сипаттама 9

Сапалық талдау 9

Аяқ пен қол реовазограммалары 10

Реограммаға ықпал ететін факторлар 11

Зертханалық жұмыс 12

12

Рео- (грекше. rheō ағыс; rheos ағу, ағын) – төмендегі мағыналарды беретін күрделі сөздердің құрамдас бөлігі:

  1. «ағу», «ағыс», «ағатын»;

  2. « электр тогына қатысы бар».

Реография (греч. rheos ағыс , ағын + graphō писжазу, бейнелеу; синоним: импеданстық плетизмография, реоплетизмография) – жүрек қызметін және мүшеледің қанмен қамтамасыз етілуін импеданстың, яғни толық кедергінің (омдық және сиымдылық кедергінің ) адам денесінің зерттелетін бөлігінің қанға толуының өзгерісіне байланысты жоғары жиіліктегі айнымалы токқа кедергісінің тербелісін тіркеу жолымен зерттеу әдісі

Реограмма (рео- + грекше. gramma жазу, бейнелеу; синоним. электрореограмма) - ұлпаның толық электр кедергісінің белгілі уақытта тамырларға қан толуы кезіндегі өзгерісін көрсететін қисық сызық.

Реограф (рео- + гре. graphō жазу, бейнелеу; синоним. син. электрореограф) - ұлпалардың электр кедергісінің өзгерісін тіркейтін құрал.

Реогепатография (рео- + гепатография) – бауырдың қан тамырларын зерттеу әдісі.

Офтальмореография (офтальмо-+реография; синоним.: көз реографиясы, реоофтальмография)- көздің тамыр қабығының, оның ішінде қастың гемодинамикасын зерттеу әдісі.

Реокардиограмма (рео- + кардиограмма) - жүректің жұмыс циклі кезіндегі толық электр кедергісінің өзгерісін білдіретін қисық сызық.

Реопародонтография (рео- + пародонтография) - пародонт қан тамырларының қызмет күйін зерттеу әдісі.

Реосфигмография (рео- + сфигмография) - қан тамырларының пульстік тербелістерін, оның ішінде артерияның қан тамырларын зерттейтін әдіс.

Реофлебография (рео- + флебография) – вена реосфигмографиясы.

Реоэнцефалография (рео- + энцефалография) – бас миы тамырларының қызмет күйін зерттейтін әдіс.

Көлденең реография - Қол мен аяқ реографиясы. Электродтарды олардың бойлық осьіне қатысты бірдей деңгейде орналастыру арқылы зерттейді;қол мен аяқтың белгілі бір бөлігінің қан тамырлары қызметіне баға беруде пайдаланылады.

Бойлық реография - қол мен аяқ реографиясы. Электродтарды олардың бойлық осьіне қатысты бірдей деңгейде ай орналастыру арқылы зерттейді;қол мен аяқтың барлық бөлігінің қан тамырлары қызметіне баға беруде пайдаланылады.

Орталық пульстің қисық сызықтары

Орталық пульстің қисығында (1сурет) жоғары көтерілетін және төмен түсетін бөліктері (анакрота мен катакрота) деп бөледі, инцизура және дикротикалық тісше бөлігі бар; анакротадан бұрын екі толқынды жиі көруге болады, біріншісі.

жүрек алды систоласы уақытында пайда болады, екіншісі- жүректің изометриялық жиырылуында пайда болады. Жүрек циклінің бұл фазасында қан аортаға лақтырылмайды, тербеліс қан тамыры қабырғасымен ғана беріледі. Қанның аортаға лақтырылу периодында екі толқын бар (соққы толқын – бұл шын мәнінде пульстік толқын және ағып келетін толқын- қан массасының толқыны) және инцизурамен аяқталады. Аортаның жартылай ай тәрізді клапандары жабылғаннан кейін дистальды орналасқан тамыр арнасы бөліктерінен шағылған толқынның қайтуына негізделген дикротикалық жоғарылау пайда болады.

1сурет.Орталық пульс қисығының схемасы

Орталық пульсті зерттеудің диагностикалық маңызы

Орталық пульстің сфигмограммаларын контурлық талдау қисықтарда болатын белгілі бір сипаттағы өзгерістерге қарап аортальдық қақпақтың және аортаның бүлінулерін болжауға мүмкіндік береді.

Мысалы: сол жақ қарыншаның шығыс трактасының стенозы (тарылуы қанның жіңішке ағыны аорта қабырғасын жоғары жылдамдықпен соққылап, баяу жоғарылайтын «әтеш жалы бар » формалы қисық төбесінде өздеріне тісшелері болатын график құрайды. түзеді. Инцизура және дикротикалық тісше бұл кезде бүлінген артериалдық қақпақтың қабырғасының қозғалғыштығының аздығынан баяу білінеді. Қақпақ үсті немесе қақпақ асты тарылу толқынның бұрынғы және кейінгі бөліктерінің тісшелерін араластырып жібереді.