
- •Кеніштік геология пәні
- •1. Кенорындарын игеру әдістерін атап шығыныз.
- •2. Кенорындарды жер асты әдісімен игеру кезінде игерімдік және дайындық жұмыстардың технологияларын түсіндіріп беріңіз.
- •3. Кенорындарды ашық таукен жұмыстар мен игеру технологиясын түсіндіріп беріңіз.
- •4. Кенорындарын игеру кезінде барлау жұмыстардың қай сатысы жүргізіледі?
- •5. Игерімдік барлау жұмыстардың негізгі мақсаттары мен міндеттерін айтып беріңіз
- •6. Игеру кезінде жұргізетін сынамалау жұмыстардың түрлері қандай?
- •7. Барлау және игерімдік тау қазылымдарда сынамаларды алу әдістерін айтып беріңіз.
- •8. Кенді заттың тауарлы сынамалары деген не?
- •9. Геологиялық қүжаттардың қандай түрлері бар?
- •10. Бастапқы геологиялық құжаттар деген не?
- •11. Жинақталған геологиялық құжаттар деген не?
- •12. Пайдалы қазбалардың «жоғалымы» дегенді түсіндіріп беріңіз.
- •13. Пайдалы қазбалардың «жарамсыздандырылуы» дегенді түсіндіріп беріңіз.
- •14. Пайдалы қазбалардың жоғалымдарың жүйеге келтіру.
- •15. Игеруге дайындығы дәрежесіне сай өнеркәсіптік қорларды қалай жүйелейді?
- •16. Таукен игеру жұмыстарың жобалау.
- •17. Перспективалық жобалау деген не?
- •18. Таукен игеру жұмыстарың бақылау.
- •19. Таукен игеру жұмыстарың есептеу
- •20. Күнделікті жобалау деген не?
- •21. Таукен игеру жұмыстарың жобалау кезіндегі кеніштік геологиялық қызметінің міндеттері қандай?
- •22. Кенорыны дегеніміз не?
- •25. Игерімдік барлаудын негізгі міндеттері.
- •26. Геологиялық барлау жұмыстарының сатылығының маңызы.
- •27. Карьердегі игерімдік барлаудын негізгі міндеттері.
- •28. Карьердегі игерімдік барлаудын әдістері.
- •29. Карьердегі игерімдік барлаудағы қолданылатын техникалық амал -құралдарды атаңыз.
- •30. Жерасты әдісімен қазып алу кезіндегі игерімдік барлаудын негізгі міндеттері.
- •31. Жерасты әдісімен қазып алу кезіндегі игерімдік барлаудын әдістері.
- •32. Жерасты әдісімен қазып алу кезіндегі игерімдік барлаудағы қолданылатын техникалық амал-құралдарды атаңыз.
- •34. Игерімдік барлауы кезіндегі сынамалаудың мақсаттары, міндеттері және турлері.
- •35. Сынамаларды алу амалдары және әдістері.
- •36. Сынамаларды талдау, сыннан өткізу дайындығы.
- •37. Сынамалаудағы қателіктер және оларды бақылау.
- •43. Ұңғылық геофизикалық әдістері. Ұңғылық геофизикалық әдістер
- •44. Геофизикалық жерасты (шахталы) әдістері.Жерасты (шахталық) геофизика әдістері
- •45. Ашық тау-кен жұмыстары әдістерімен қазып алудағы гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық зерттеулері.
- •46. Жерасты жұмыстары әдістерімен қазып алудағы гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық зерттеулері
- •48. Барлау және игеру кезіндегі бастапқы геологиялық құжаттау түрлері.
- •49. Бастапқы құжаттау деректері сараптамасы бойынша қандай біріктірілген геологиялық құжаттама жасалынады?
- •69. Геофизикалық жерасты (шахталы) әдістері.
- •85. Геологиялық барлау жұмыстарының сатылығының маңызы.
- •86. Геологиялық барлау жұмыстарының сатыларың атап беріңіз.
- •87. Игерімдік барлау жұмыстарының мақсаттары.
- •88. Алдынала игерімдік барлау жұмыстарының негізгі міндеттері.
- •89. Алдынала игерімдік жұмыстарды атқаратын аумақтар.
- •90. Геологиялық барлау жұмыстарының этаптылығын атап берініз
- •92. Игерімдік барлауда және кенорынды қазыпалуда сынамалаудың қай түрлері қолдануда?
- •93. Сынаманы алудың амалдары және сынамалау әдістерінің қандай түрлері қолдануда?
- •94. Сынаманы алуға арналған құралдар.
- •95. Тауарлы сынамалаудің мақсаттары.
- •98. Ұңғылық геофизикалық әдістері.
- •99. Жерасты (шахталық) геофизикалық әдістері.
- •100. Рудниктер мен шахталарда атқарылатын геофизикалық жүмыстардың ерекшеліктері:
28. Карьердегі игерімдік барлаудын әдістері.
Алдынала игерімдік барлау жұмыстарында келесідей мәселелер шешімдерін табады – ағымдағы тазартпа жұмыстары жүргізіліп жатқан деңгейжиектен төмендегі бір-екі деңгейжиектерде кен шоғырларының сыртқы контурларын дәлдіктеу, руда араларындағы бос тау жыныстардың контурларын алдынала түрде анықтау, әртурлі типті, сортты рудаларды контурлау. Мұндай мәліметтер карьерлер борттарының алар орындарын анықтауға, болашақтық және ағымдағы қазып алу жұмыстарын жоспарлауға қажет болады.
Алдынала игерімдік барлау жұмыстары бойынша дайындаған қорлар мөлшері біржылдық қазып алу көлемінен кем болмауы тиіс, ал тау-кен қазба жұмыстарын тиімді және онай түрде жобалауы үшін одаң екі-үш есе асырып тұрған жөн болады.
Игерімдік барлау жұмыстары әдептегідей колонкалы тік немесе көлбеу бұрғылау ұнғылармен, кейбір жағдайларда кернсіз бұрғылаумен, сирек түрде канавалар қазу арқылы атқарылады.
29. Карьердегі игерімдік барлаудағы қолданылатын техникалық амал -құралдарды атаңыз.
пайдалы қазбаның жер қойнауындағы орналасу ерекшілігі техникалық әдіс-амалдармен тау-кен қазындылары мен бұрғылау ұңғымалары және геофизикалық зерттеу әдістері көмегімен анықталады. Ұңғымалар мен тау-кен қазындылары белгілі бір барлау торабы бойынша жүргізіледі, ал олар ұзақ жылдар бойы жинақталған практикалық тәжірибиеге және пайдалы қазбаның таралуы заңдылығына сүйенеді. Бағалауда (барлауда) жобалауда ұқсас кенорындарды зерттеуден алынған тәжірибе мәліметтерді жүйелеу, ортаңғы мөлшерін алу практикасы қолданылады. (10-кесте )
Барлаудың техникалық әдіс-амалдары өздерінің қолдануы мүмкіндігі, ақпараттылығы және қымбаттылығына қарай бөлінеді. Жиі қолданылатын, ақпараттылығы жоғары техникалық әдіс-амалға тау-кен қазындылары жатады. Себебі олардың көмегімен пайдалы қазбалардың ерекшелігін қолма-қол бақылауға құрал-саймандар көмегімен кен денесінің кеңістіктегі орынының координаттарын анықтауға, әр түрлі мөлшерлі мен салмақты үлгі алуға, сөйтіп жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туады. Бірақта қазу жұмыстарының тез арада орындалмауы, оның құнының жоғарлылығы, терең қабаттарда және кез-келген жерлерде (таужыныстар қабаттарының беріктілігі, сумен қаныққандылығы) жүргізу мүмкінділігінің жоқтығы мұндай техникалық әдістердің қолдануы аясын шектейді.
Тау-кен қазындылары жер бетілік пен жерастылыққа бөлінеді. Жер бетіліктерге орлар, траншейлер мен шурфтар, ал жер астылыққа штольня мен шахталар және олар арқылы жүргізілетін штректер, квершлагтар ж.т.б жатады Игерімдік барлаудың техникалық құрал әдістері
Игерімдік барлау тау-кен қазбалар, бұрғылау және тау-кен –бұрғылау әдістерімен жүзеге асырылады.
Ашық тау-кен әдісінде барлауы колонкалы және кернсіз бұрғылау арқылы жүзеге асырылады. Бұрғылауда алмазды және қорытпалы коронкалар қолдануда. Қоршаған тау жыныстардаң керннің шығуы 60% , ал руда бойынша 80% қамтуы тиіс. Керннің шығуы төмен болған жағдайда және біркелкі емес үгілуіне байланысты химиялық талдау жасау үшін шламда жиналады.
Алдынала игерімдік барлауы кезінде колонкалы бұрғылауы мен қатар кернсіз бұрғылауда қолдануда.
Ілеспе игерімдік барлау кезінде, негізінде, тау-кен қазбалармен техникалық мақсатта бұрғыланған ұңғылар қолдануда. Бұрғылау-атқылау ұңғыларды барлау мақсатында қолдануда геофизикалық әдістерді қолдануы жұмыстарды арттыруға ықпал етеді.