Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ShPOR_-_Kenishtik_geologia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
414.21 Кб
Скачать

25. Игерімдік барлаудын негізгі міндеттері.

Игерімдік барлау жұмыстары міндеттері, құрамы және орындау мерзімдері бойынша қазып алу жұмыстарын не алдын алады (алдын алу игерімдік барлау) яғни қатарласып жүргізіледі (қатарлас игерімдік барлау).

Алдынала игерімдік барлау жұмыстарының негізгі міндеттері: пайдалы қазбалар денелерінің нұсқауын (пішінін, контурын), олардың ішкі құрылысымен жатыс жағдайларын, санымен сапасын дәлдіктеу, пайдалы қазбаның технологиялық типтерімен сорттарын геометризациялау (пішіндеу) және қазып алу жұмыстарын ағымдағы жоспарлауын қамтамасыз ету мақсатында қорларды қазып алуға қатысты таукен-техникалық және гидрогеологиялық жағдайларын дәлдіктеу.

Жерасты әдісімен қазып алуд кезіндегі алдынала игерімдік барлау жұмыстарының нысандары: – игерімдік қабат (участок), қазып алу деңгейжиегі, тазарту жұмыстарына дайындалған блоктар тобы. Ал ашық тау жұмыстары кезінде - карьердің кемері. Бұл жұмыстар қазып алу жұмыстарын 1-2 жыл алдын алады және тау-кен дайындықтық жұмыстарымен қатарлас яғни болымсыз түрде алдыналып отырады.

Алдынала игерімдік барлау жұмыстары нәтижелері, сондай-ақ тау-кен дайындықтық және тілме жұмыстары кезіндегі алынған мәліметтермен қатар қолданылып тұрады. Оларды қолдану аясы: пайдалы қазбалар қорын жеделдете (оперативно) қайта есептеу және төменгі категориялардан жоғарыға ауыстыру, кен денелерді қазып алуға дайын яғни, дайындықтық үстіндегі қорлардың санын біліп тұрады (олардың (қордың) көлемі (сапа) тау-кен кәсіпорнына қамтамасыз етуіндегі нормативті нұсқаларға сай болуы тиіс), пайдалы қазбаның жоспарлы түрдегі жоғалымдарымен кемсізденуі мөлшерлерін анықтауда.

26. Геологиялық барлау жұмыстарының сатылығының маңызы.

Геологиялық барлау жұмыстарын саты-сатысымен жүргізу жөніндегі (қатты пайдалы қазбалар) НҮСҚАЛЫҚ Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар Министрлігі 2006 жылғы 27 ақпандағы № 72 бұйрығымен бекітілген және ҚР әділет министрлігінде 2006 жылғы 14 наурызда № 4120 тіркеуге алынған. Осы аталған Нұсқалықты геологиялық карталау және қатты пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және қазып алу жұмыстарын атқаратын барша жер қойнауын пайдаланушылар қолдануға міндетті.

Геологиялық барлау жұмыстары келесідей сатылармен жартылай сатылардан тұрады:

1-ші сатысы. Жер қойнауын аймақтық зерттеуі және ол келесі жартылай сатылардан тұрады:

1) 1-ші жартылай сатысы - ұсақ масштабты (1:500000 және оданда ұсақ) шолу геологиялық карталау;

2) 2-ші жартылай сатысы – ортамасштабты (1:200000) геологиялық карталау;

3) 3-ші жартылай сатысы – ірі масштабты (1:50000) геологиялық карталау.

2-ші сатысы. Іздеу жұмыстары.

3-ші сатысы. Іздеу-бағалау жұмыстары.

4-ші сатысы. Кенорындарды геологиялық барлау.

5-ші сатысы. Игерімдік барлауы.

27. Карьердегі игерімдік барлаудын негізгі міндеттері.

Карьерлердегі игерімдік барлау жұмыстарының негізгі міндеттері болып табылатындар: кен денелердің, руда арасындағы бос тау жыныстардың контурларын дәлді түрде анықтаулары, рудалардың типтері мен сорттарын айқындап олардың контурларын көрсету, кенорынды игеруіне қатысты гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық жағдайларын анықтау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]