
- •Кеніштік геология пәні
- •1. Кенорындарын игеру әдістерін атап шығыныз.
- •2. Кенорындарды жер асты әдісімен игеру кезінде игерімдік және дайындық жұмыстардың технологияларын түсіндіріп беріңіз.
- •3. Кенорындарды ашық таукен жұмыстар мен игеру технологиясын түсіндіріп беріңіз.
- •4. Кенорындарын игеру кезінде барлау жұмыстардың қай сатысы жүргізіледі?
- •5. Игерімдік барлау жұмыстардың негізгі мақсаттары мен міндеттерін айтып беріңіз
- •6. Игеру кезінде жұргізетін сынамалау жұмыстардың түрлері қандай?
- •7. Барлау және игерімдік тау қазылымдарда сынамаларды алу әдістерін айтып беріңіз.
- •8. Кенді заттың тауарлы сынамалары деген не?
- •9. Геологиялық қүжаттардың қандай түрлері бар?
- •10. Бастапқы геологиялық құжаттар деген не?
- •11. Жинақталған геологиялық құжаттар деген не?
- •12. Пайдалы қазбалардың «жоғалымы» дегенді түсіндіріп беріңіз.
- •13. Пайдалы қазбалардың «жарамсыздандырылуы» дегенді түсіндіріп беріңіз.
- •14. Пайдалы қазбалардың жоғалымдарың жүйеге келтіру.
- •15. Игеруге дайындығы дәрежесіне сай өнеркәсіптік қорларды қалай жүйелейді?
- •16. Таукен игеру жұмыстарың жобалау.
- •17. Перспективалық жобалау деген не?
- •18. Таукен игеру жұмыстарың бақылау.
- •19. Таукен игеру жұмыстарың есептеу
- •20. Күнделікті жобалау деген не?
- •21. Таукен игеру жұмыстарың жобалау кезіндегі кеніштік геологиялық қызметінің міндеттері қандай?
- •22. Кенорыны дегеніміз не?
- •25. Игерімдік барлаудын негізгі міндеттері.
- •26. Геологиялық барлау жұмыстарының сатылығының маңызы.
- •27. Карьердегі игерімдік барлаудын негізгі міндеттері.
- •28. Карьердегі игерімдік барлаудын әдістері.
- •29. Карьердегі игерімдік барлаудағы қолданылатын техникалық амал -құралдарды атаңыз.
- •30. Жерасты әдісімен қазып алу кезіндегі игерімдік барлаудын негізгі міндеттері.
- •31. Жерасты әдісімен қазып алу кезіндегі игерімдік барлаудын әдістері.
- •32. Жерасты әдісімен қазып алу кезіндегі игерімдік барлаудағы қолданылатын техникалық амал-құралдарды атаңыз.
- •34. Игерімдік барлауы кезіндегі сынамалаудың мақсаттары, міндеттері және турлері.
- •35. Сынамаларды алу амалдары және әдістері.
- •36. Сынамаларды талдау, сыннан өткізу дайындығы.
- •37. Сынамалаудағы қателіктер және оларды бақылау.
- •43. Ұңғылық геофизикалық әдістері. Ұңғылық геофизикалық әдістер
- •44. Геофизикалық жерасты (шахталы) әдістері.Жерасты (шахталық) геофизика әдістері
- •45. Ашық тау-кен жұмыстары әдістерімен қазып алудағы гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық зерттеулері.
- •46. Жерасты жұмыстары әдістерімен қазып алудағы гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық зерттеулері
- •48. Барлау және игеру кезіндегі бастапқы геологиялық құжаттау түрлері.
- •49. Бастапқы құжаттау деректері сараптамасы бойынша қандай біріктірілген геологиялық құжаттама жасалынады?
- •69. Геофизикалық жерасты (шахталы) әдістері.
- •85. Геологиялық барлау жұмыстарының сатылығының маңызы.
- •86. Геологиялық барлау жұмыстарының сатыларың атап беріңіз.
- •87. Игерімдік барлау жұмыстарының мақсаттары.
- •88. Алдынала игерімдік барлау жұмыстарының негізгі міндеттері.
- •89. Алдынала игерімдік жұмыстарды атқаратын аумақтар.
- •90. Геологиялық барлау жұмыстарының этаптылығын атап берініз
- •92. Игерімдік барлауда және кенорынды қазыпалуда сынамалаудың қай түрлері қолдануда?
- •93. Сынаманы алудың амалдары және сынамалау әдістерінің қандай түрлері қолдануда?
- •94. Сынаманы алуға арналған құралдар.
- •95. Тауарлы сынамалаудің мақсаттары.
- •98. Ұңғылық геофизикалық әдістері.
- •99. Жерасты (шахталық) геофизикалық әдістері.
- •100. Рудниктер мен шахталарда атқарылатын геофизикалық жүмыстардың ерекшеліктері:
12. Пайдалы қазбалардың «жоғалымы» дегенді түсіндіріп беріңіз.
Кенорындарды геологиялық барлауы кезіндегі есептелген қорлар қазып алу жұмыстары кезінде көптеген себептер арқылы толық алынуы мүмкін емес. Руданың біршама бөліктері бос таужыныстар үймелеріне түседі, тасымалдау, тиеп-түсіруі кездерінде, қоймаларда жоғалуы ықтимал. Есептелінген және шығарып алған қорлар арасындағы айырмасын бір сөзбен жоғалымдар деп атайдыӘртурлі пайдалы қазбаларды жерасты әдісімен қазып алуда жоғалымдар деңгейі келесідей: көмір кенорындарында – 25-35%, темір кендерінде – 20-30%, түрлі-түсті металдарда -15-35%, минералды тұздарда – 45-60%. Ашық тау-кен жұмыстары кезінде жоғалымдар 5-15% құрайды.
Жоғалымдар тау-кен кәсіпорнын істе болуы мерзімін қысқартады, сондықтанда жоғалымдар деңгейін төмендету - кәсіпорындардың манызды мәселелерінің бірі. Кенорындарды қазып алуы кезіндегі жоғалымдармен құнарсыздануы түр-түрлеріне сәйкес бөлек есепке алынып отыруы тиіс.
Физикалық түрлеріне сәйкес жоғалымдарды массивтегі және қопарылған руда күйіндегі деп ажыратады
13. Пайдалы қазбалардың «жарамсыздандырылуы» дегенді түсіндіріп беріңіз.
Пайдалы компонентердің баланстағы қорлардағы мөлшерлерінен қазып алған рудадағы мөлшері біршама төмен болады (кондициядан тыс рудалардың, бос тау жыныстардың қосылып кетуінен, болмаса шаймаланып жоғалуынан) – оны руданың құнарсыздануы дейді Құнарсыздануды алғашқы (қопарған кездегі) және туынды деп ажыратады.
Алғашқы құнарсыздануығы себеп болатын – кен денесі өте күрделі пішінді яғни қалыңдығы (қүаты) өте аз болған жағдайларда қазып алу кезінде тау-кен қазбаның ені жобадағы мөлшерге жеткізуде амалсыздан қоршаған бос таужыныстарда бірге қопарып алуы.
Туынды құнарсыздануына себеп болушылар – руда үстіндегі (кен денесінің ілулі бүйыры) бос таужыныстардың құлап түсуі, тиеп-түсіруі кездеріндегі бос таужыныстардың қосылып кетуі.
14. Пайдалы қазбалардың жоғалымдарың жүйеге келтіру.
Қазып алу кезінде пайдалы қазбаның жоғалымдармен құнарсыздануы мөлшерін нормалайды. Нормалаудың мақсаты жер қойнауынан қорларды қазып алудың тиімді дәрежесіне техника-экономикалық негіз келтіруі. Нормалық деңгейі заманымыздың пайдалы қазбаларды қазып алуы мен өңдеуіне арналған техника және технологиялар жетістіктеріне орай экономикалық жағынан тиімді болатындай етіп қабылданады. Жалпы рудник бойынша жоғалымдармен кемсіздену тау-кен кәсіпорнының жобасымен белгіленедіде ұзақ мерзім бойынша өзгерілмейді.
Қазіргі заманда жоғалымдар, құнарсызданумен қатар пайдалы қазбаларды жер қойнауынан шығарудың толықтығы мен сапасын айқындайтын көрсеткіштерді қолдануы қажет екендігін ұсынуда. Пайдалы қазбаның шығаруы санының коэффициентін қазып шығарған руданың өтелген қорлар санына бөліндісі сипаттайды, ал сапасының өзгеруі коэффициентін – пайдалы компоненттің орташа мөлшерлерінің бөліндісі
15. Игеруге дайындығы дәрежесіне сай өнеркәсіптік қорларды қалай жүйелейді?
Өнеркэсіптік қорлар ішінде қазып алуға дайындығы жағынан аршылған, қазып алуға дайындалған жэне дайын турлері ажыратылады.
Жерасты эдісімен қазып алуы үшін қосымша турде капиталды тау-кен қазбаларды жургізуі қажет емес қорлар аршылған турлеріне жатады. Олар шахта оқпанымен, квершлагтармен, гезенктермен, «соқыр» шахталармен, штольнялармен| ашылған.
Ашық тау-кен жүмыстары кезінде аршылған қорларға - жоғарғы беткейінен қоршаған тау жыныстар алынған, жэне аршылуға қатысты барша жүмыстары атқарылған, дренажды тау-кен қазбалар жургізілген, көліктерге арналған кертпелер жасалынған түрлері жатады..
Дайындалған қорлар - аршылған қорлардың бір бөлігі. Олар жерасты әдісімен қазып алуда негізгі дайындықтық тау-кен қазбалармен кесіліп өткен, сондықтанда басқа қосымша дайындықтық тау-кен қазбалар жургізуін қажет етпейді.
Ашық тау-кен жүмыстары кезінде дайындалған қорларға жоғарғы беткейі және жан-жақтары ашылған қорлар жатады. Карьердің кертпесінде жобада көрсетілген барша тау-кен дайындықтық жүмыстар атқарылған болуы тиіс (кескіндеу траншеясы, дренаждар, кертпе бос тау жыныстардан тазаланған).
Қазып алуға дайын қорларға барша дайындықтық және кескіндеу тау-кен қазбалар жургізілген учаскелердің қорлары жатады. Сонымен қатар тазартпа забойларда тазартып қазып алу жүмыстарына толық дайындықта болулары тиіс.
Ашық тау-кен жұмыстары кезінде дайын қорлар бос тау жыныстардан толық таза болулары тиіс.
Қазып алу барысында өнеркэсіптік қорлар өтелген қорларға айналады. Қазып алғанда қорлар пайдалы қазбаның құнарсызданған массасына (рудалы массасы) айналады. Қопарылған мерзіміне қарай олар қопарылған (забойдағы), шығарылған (тасымалдануы кезіндегі), қоймадағы және тиелген (тауарлы) турлеріне бөлінеді.
Тау-кен кэсіпорынның табысты жұмыс істеуінің маңызды шарттарының бірі -дайындалған қорлармен қамтылуы. Әрбір кэсіпорында тау-кен жұмыстарын дұрыс жоспарлауына қажет белгілі бір нормативтер қабылданады. Нормативтер деп тау-кен кэсіпорында эрдайым болуға жэне белгілі бір мөлшерден аз болмауға тиіс дайындалған жэне дайын қорлардың резервтері айтылады.
Нормативтердің қабылдануы себебі қазып алу жұмыстардың біржылдық жоспарын біркелкі орындалуын қамтамасыз ету. Нормативтердің талабтарының мэні - қазып алынған блокті дэл сондай қазып алуға дайын блокпен, ал оны дэл сондай дайындалған блокпен қамтамасыз етіп қою. Сондықтан-да дайындықтағы, кескіндеудегі жэне тазартпа қазып алудағы блоктардың саны оларды дайындауға, кескіндеуге жэне тазартып қазып алуға кететін уақытқа пропорциональді болуы тиіс.
Нормативтердің мөлшерін қазып алу жұмыстарының жүйесі, параметрлері| дайындықтық, кескіндеу, тазартпа жұмыстардың жылдамдықтары айқындайды. Әрбір тау-кен-геологиялық жағдайларда ондай көрсеткіштер өзгеше болуына байланысты нормативтерде эрбір тау-кен кәсіпорнына жеке турде беріледі.