Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ShPOR_-_Kenishtik_geologia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
414.21 Кб
Скачать

94. Сынаманы алуға арналған құралдар.

Тау-кен қазбалардан шыққан рудалы массасы біркелкі болып келеді демек ол масса қопарылып, тасылмалданып, көлікке тиелген кездерде өздігімен араласады. Руданы сынамалауы қол әдісімен және арнайы механикалық құралдармен (экскаватор, канава қазатын құрал, механикалық сынамаалғыш) жүзеге асырылуы ықтимал. Қолданатын сынама алу амалы руданың бір орнында жатқанына (үйілмеде, вагонда, самосвалдың қорабында) яғни қозғалыста (транспортер лентасында) жатуына тәуелді. Қозғалыстағы руданы сынамалау әрқашанда ыңғайлы. Осынау түрінде сынамалаудың өкілеттігі өте жоғары, демек қатардағы сынамаларды алуын біркелкі етуге болады және сынаманы алуды механикалау яғни автоматтандыруыда мүмкін.

95. Тауарлы сынамалаудің мақсаттары.

Тауарлы сынамалау мақсаттары көп.онімнін қолдану аясын айқындауга қажет қасиеттер қолдану аясын сақтауга жарамдыгы технологиялық мумкіндіктері тасымалдауга тозімділігі. Тауарлы сынамаларды сыннан өткізуге дайындауда химиялық, минералогиялық, техникалық сынамаларды дайындауы әдістеріне сүйене отырып жасау керек. Тауарлы сынамалар әртурлі сындардан өткізуге дайын болулары тиіс.

96. Тау-кен кәсіпорында геофизикалық әдістер мәселелері.

Тау-кен кәсіпорында геофизикалық зерттеулер игерімдік барлау жұмыстары және тікелей игеру-қазып алу жұмыстары барысында атқарылып тұрады.

Геофизикалық әдістермен келесідей мәселелер шешуге арналады: кенорынның шет-шеттерінде, тереңдіктерінде, екі тау-кен қазылымдар аралықтарында кен денелерді іздестіру; пайдалы қазбалар денелерінің пішіндерін, қалыңдықтарын олардың жатыс элементтерін айқындау жэне руданың сапасын багалау; гидрогеологиялық және инженерлі-геологиялық жагдайларын нақтылау; тау жыныстары массивтерінің жагдайларын багалау жэне геодинамикалық процесстерді болжау.

Геофизикалық әдістері көмегімен бұрғылау ұңгылар оқпандарының техникалық жагдайларына бақылау жүргізіп және олардың кеңістіктегі орны анықталып тұрады. Олардың бастысы - техногендік факторлардың тигізер әсерлері (олар тау-кен| қазбалардың жер астында қуыс орын қалдыруы және ондагы орналастырылған| жабдықтар, механизмдер).

Шешуге арналган мәселелермен жұмыстарды атқару жагдайларына байланысты геофизикалық зерттеулер жербеті, ұңгылық және жерасты (шахталық) әдістерімен атқарылады

97.. Тау-кен жұмыстарына бөлінген жер бөлігіндегі жербеті геофизикалық жұмыстары.

Тау-кен жұмыстарына бөлінген жер бөлігіндегі жербеті геофизикалық жұмыстар

Геофизикалық зерттеулері әдістеріне негіз болған - әртүрлі тау жыныстармен кендердің қасиеттері, сондай-ақтыгыздықтары, магниттік, электрлік және басқа-да қасиеттерінің айырмашылықтары. Физикалық өрістердің түрлеріне қарай геофизикалық әдістер гравиметриялық, магнитометриялық, әлектрометриялық, радиометриялық радиотолқындық, сейсмикалық болып бөлінеді.

Гравитациялық әдістермен пайдалы қазбалар денелердің жатыс тереңдіктерін, пішіндерін, өлшемдерін анықтауы, карстты құрылымдарды, тыгыздықтары жогары тау жыныстар блоктарын, тектонды бұзылыстарга ұшыраган және жарықшақты, брекчияланган тау жыныстар зоналарын айқындауы мүмкін. Оң гравитациялық аномалиялар бойынша рудалық кенорындары, ал теріс аномалиялар бойнша тас тұзымен көмір кенорындары зерттеледі.

Тау жыныстарымен пайдалы қазбалардың магниттік қабылдағыш қасиеттерінің ерекшеліктерінен туындаған магниттік аноамалияларды зерттеуінде магнитометриялық әдістер қолданады. Боксит пен магнетит кендерін, кимберлитті алмазды кұбырларды, шашыраңқы алтын шогырларын және жарықшақты, карстанган белдемдерді зерттеуде қолданған магнитометриялық әдістер оң нәтижелер бергендігі мәлім.

Электромагниттік өрістер арасындағы аномалияларды айқындау және зерттеу кездерінде электромагниттік әдістер қолданылады. Бұл әдістері арқылы сульфидті және көмір кенорындары зерттеледі, кен денелерімен антрацит және графит шоғырлары шекаралары айқындалады, жарылымдық бұзылыстар табылады, жарықшақтық және карстанған белдемдері картаға түсіріледі.

Тау жыныстармен пайдалы қазбалардың электрлі-магниттік қасиеттеріне негізделген радиометрлік әдістерді кен денелерді, көмірмен графит шоғырларын және олардың көлемдерін айқындауда және тектондық бұзылыстарды, суланған қабаттарды табуда қолданады.

Тау жыныстар массивтерінің құрылымы мен жағдайларын, жарылымдар, жарықщақтар белдемдерін, карстты құыстарды зерттеулерде және тау жыныстардың серпімділігімен қаттылығы көрсеткіштерін бағалауда сейсмикалық әдістерді қолданады.

Радиоактивті кендерді барлауда, жарылымдық бұзылыстарды, жарықшақтық белдемдерді, радиоактивтілігі жоғары тау жыныстар массивтерін табуда табиги радиоактивті өрістерді айқындайтын радиоактивті әдістер орын табады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]