Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ShPOR_-_Kenishtik_geologia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
414.21 Кб
Скачать

88. Алдынала игерімдік барлау жұмыстарының негізгі міндеттері.

Алдынала игерімдік барлау жұмыстарының негізгі міндеттері: пайдалы қазбалар денелерінің нұсқауын (пішінін, контурын), олардың ішкі құрылысымен жатыс жағдайларын, санымен сапасын дәлдіктеу, пайдалы қазбаның технологиялық типтерімен сорттарын геометризациялау (пішіндеу) және қазып алу жұмыстарын ағымдағы жоспарлауын қамтамасыз ету мақсатында қорларды қазып алуға қатысты таукен-техникалық және гидрогеологиялық жағдайларын дәлдіктеу.

Жерасты әдісімен қазып алуд кезіндегі алдынала игерімдік барлау жұмыстарының нысандары: – игерімдік қабат (участок), қазып алу деңгейжиегі, тазарту жұмыстарына дайындалған блоктар тобы. Ал ашық тау жұмыстары кезінде - карьердің кемері. Бұл жұмыстар қазып алу жұмыстарын 1-2 жыл алдын алады және тау-кен дайындықтық жұмыстарымен қатарлас яғни болымсыз түрде алдыналып отырады.

Алдынала игерімдік барлау жұмыстары нәтижелері, сондай-ақ тау-кен дайындықтық және тілме жұмыстары кезіндегі алынған мәліметтермен қатар қолданылып тұрады. Оларды қолдану аясы: пайдалы қазбалар қорын жеделдете (оперативно) қайта есептеу және төменгі категориялардан жоғарыға ауыстыру, кен денелерді қазып алуға дайын яғни, дайындықтық үстіндегі қорлардың санын біліп тұрады (олардың (қордың) көлемі (сапа) тау-кен кәсіпорнына қамтамасыз етуіндегі нормативті

89. Алдынала игерімдік жұмыстарды атқаратын аумақтар.

Алдынала игерімдік барлау жұмыстары нәтижелері, сондай-ақ тау-кен дайындықтық және тілме жұмыстары кезіндегі алынған мәліметтермен қатар қолданылып тұрады. Оларды қолдану аясы: пайдалы қазбалар қорын жеделдете (оперативно) қайта есептеу және төменгі категориялардан жоғарыға ауыстыру, кен денелерді қазып алуға дайын яғни, дайындықтық үстіндегі қорлардың санын біліп тұрады (олардың (қордың) көлемі (сапа) тау-кен кәсіпорнына қамтамасыз етуіндегі нормативті нұсқаларға сай болуы тиіс), пайдалы қазбаның жоспарлы түрдегі жоғалымдарымен кемсізденуі мөлшерлерін анықтауда.

Кенорынын игеру жер қойнауын геологиялық зерттеу қорытындылары мен тығыз байланысты. Өнеркәсіптік маңызы бар кенорынын ашу көп еңбектенуді қажет етеді. Ол үшін алдымен ауданның, облыстық жалпылама геологиялық құрылысы зерттелінеді, ондағы жер қойнауындағы пайдалы қазбаның қай түрінің бар-жоғы анықталады, перспективті бөлікшелер бөлініп, олар көлемінде қазіргі заманғы әдістерді (геофизикалық, геохимиялық, қаш3ықтық ж.т.б) қолданып іздеу жүргізу арқылы пайдалы қазбалардың сапасын және мөлшерін анықтайды. Геолого-экономикалық бағалау процесі кезінде мұндай кен білімдерінің басым көпшілігі (орта есеппен санағанда 200-ден 1 ғана кенорын) жарамсыз болып есептен шығарылады, өнеркәсіптік маңызы барға бір-екеуі ғана жатқызылады.

90. Геологиялық барлау жұмыстарының этаптылығын атап берініз

. Геологиялық барлау жұмыстары келесідей сатылармен жартылай сатылардан тұрады:

1-ші сатысы. Жер қойнауын аймақтық зерттеуі және ол келесі жартылай сатылардан тұрады:

1) 1-ші жартылай сатысы - ұсақ масштабты (1:500000 және оданда ұсақ) шолу геологиялық карталау;

2) 2-ші жартылай сатысы – ортамасштабты (1:200000) геологиялық карталау;

3) 3-ші жартылай сатысы – ірі масштабты (1:50000) геологиялық карталау.

2-ші сатысы. Іздеу жұмыстары.

3-ші сатысы. Іздеу-бағалау жұмыстары.

4-ші сатысы. Кенорындарды геологиялық барлау

5-ші сатысы. Игерімдік барлауы

Геологиялық барлау жұмыстарының этаптылығы мен сатылығы

Перспективасы төмен нысаналарын зерттеуге қаржы шығынын жасамау үшін геологиялық барлау жұмыстарын әдетте жекеленген сатылар мен этаптарға бөлінеді; сөйтіп әр бір келесі жұмыс сатысының қажеттілігі алдыңғы саты қорытындысы бойынша анықталады

91.Тау-кен кәсіпорнындағы руданы сынамалаудың негізгі шешетін мәселелері

. Тау-кен кәсіпорнында руда сапасын бақылауда негізгі төрт әдісі бар:

1)есеп беру. Оның мазмунында байытылған өнімнің құрамының сапасы мен саны жөнінде мәліметтер көрсетіледі. массивтегі руданы пайдалы компоненттің мөлшерлеріне сәйкес етіп көлемді элементтерге бөлү және руданы сол контурлар бойынша өнеркәсіптік типтерімен сорттарына сәйкес етіп қопарып алу;

2)тазартпа блогі аумағындағы массивтегі руданы көлемді элементтерге пайдалы компоненттердің орташа мөлшерлеріне сәйкес етіп бөлү және сосын қопарған руданы блоктан шығарып сапасын орташалау;

3)ағымдағы тау-кен массасын пайдалы компоненттің мөлшерлеріне сәйкес етіп бөлү және оларды өнеркәсіптік сорттарға біріктіру;

4)руда ағымында пайдалы компоненттерің мөлшерлеріне сәйкес тау-кен массаны бөлшектеп олардың ағымын реттеп отыру.

Тау-кен кәсіпорнында өнімнің сапасын басқарудың, бақылаудың және есепке алудың бір түрі – кенішкенбайыту фабрикасы жолындағы технологиялық процесстегі металдар балансын бақылау. Металдар балансы дегеніміз – руданың түсімі мен ағымы жөніндегі техникалық

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]