
- •Кеніштік геология пәні
- •1. Кенорындарын игеру әдістерін атап шығыныз.
- •2. Кенорындарды жер асты әдісімен игеру кезінде игерімдік және дайындық жұмыстардың технологияларын түсіндіріп беріңіз.
- •3. Кенорындарды ашық таукен жұмыстар мен игеру технологиясын түсіндіріп беріңіз.
- •4. Кенорындарын игеру кезінде барлау жұмыстардың қай сатысы жүргізіледі?
- •5. Игерімдік барлау жұмыстардың негізгі мақсаттары мен міндеттерін айтып беріңіз
- •6. Игеру кезінде жұргізетін сынамалау жұмыстардың түрлері қандай?
- •7. Барлау және игерімдік тау қазылымдарда сынамаларды алу әдістерін айтып беріңіз.
- •8. Кенді заттың тауарлы сынамалары деген не?
- •9. Геологиялық қүжаттардың қандай түрлері бар?
- •10. Бастапқы геологиялық құжаттар деген не?
- •11. Жинақталған геологиялық құжаттар деген не?
- •12. Пайдалы қазбалардың «жоғалымы» дегенді түсіндіріп беріңіз.
- •13. Пайдалы қазбалардың «жарамсыздандырылуы» дегенді түсіндіріп беріңіз.
- •14. Пайдалы қазбалардың жоғалымдарың жүйеге келтіру.
- •15. Игеруге дайындығы дәрежесіне сай өнеркәсіптік қорларды қалай жүйелейді?
- •16. Таукен игеру жұмыстарың жобалау.
- •17. Перспективалық жобалау деген не?
- •18. Таукен игеру жұмыстарың бақылау.
- •19. Таукен игеру жұмыстарың есептеу
- •20. Күнделікті жобалау деген не?
- •21. Таукен игеру жұмыстарың жобалау кезіндегі кеніштік геологиялық қызметінің міндеттері қандай?
- •22. Кенорыны дегеніміз не?
- •25. Игерімдік барлаудын негізгі міндеттері.
- •26. Геологиялық барлау жұмыстарының сатылығының маңызы.
- •27. Карьердегі игерімдік барлаудын негізгі міндеттері.
- •28. Карьердегі игерімдік барлаудын әдістері.
- •29. Карьердегі игерімдік барлаудағы қолданылатын техникалық амал -құралдарды атаңыз.
- •30. Жерасты әдісімен қазып алу кезіндегі игерімдік барлаудын негізгі міндеттері.
- •31. Жерасты әдісімен қазып алу кезіндегі игерімдік барлаудын әдістері.
- •32. Жерасты әдісімен қазып алу кезіндегі игерімдік барлаудағы қолданылатын техникалық амал-құралдарды атаңыз.
- •34. Игерімдік барлауы кезіндегі сынамалаудың мақсаттары, міндеттері және турлері.
- •35. Сынамаларды алу амалдары және әдістері.
- •36. Сынамаларды талдау, сыннан өткізу дайындығы.
- •37. Сынамалаудағы қателіктер және оларды бақылау.
- •43. Ұңғылық геофизикалық әдістері. Ұңғылық геофизикалық әдістер
- •44. Геофизикалық жерасты (шахталы) әдістері.Жерасты (шахталық) геофизика әдістері
- •45. Ашық тау-кен жұмыстары әдістерімен қазып алудағы гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық зерттеулері.
- •46. Жерасты жұмыстары әдістерімен қазып алудағы гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық зерттеулері
- •48. Барлау және игеру кезіндегі бастапқы геологиялық құжаттау түрлері.
- •49. Бастапқы құжаттау деректері сараптамасы бойынша қандай біріктірілген геологиялық құжаттама жасалынады?
- •69. Геофизикалық жерасты (шахталы) әдістері.
- •85. Геологиялық барлау жұмыстарының сатылығының маңызы.
- •86. Геологиялық барлау жұмыстарының сатыларың атап беріңіз.
- •87. Игерімдік барлау жұмыстарының мақсаттары.
- •88. Алдынала игерімдік барлау жұмыстарының негізгі міндеттері.
- •89. Алдынала игерімдік жұмыстарды атқаратын аумақтар.
- •90. Геологиялық барлау жұмыстарының этаптылығын атап берініз
- •92. Игерімдік барлауда және кенорынды қазыпалуда сынамалаудың қай түрлері қолдануда?
- •93. Сынаманы алудың амалдары және сынамалау әдістерінің қандай түрлері қолдануда?
- •94. Сынаманы алуға арналған құралдар.
- •95. Тауарлы сынамалаудің мақсаттары.
- •98. Ұңғылық геофизикалық әдістері.
- •99. Жерасты (шахталық) геофизикалық әдістері.
- •100. Рудниктер мен шахталарда атқарылатын геофизикалық жүмыстардың ерекшеліктері:
85. Геологиялық барлау жұмыстарының сатылығының маңызы.
Геологиялық барлау жұмыстарын саты-сатысымен жүргізу жөніндегі (қатты пайдалы қазбалар) НҮСҚАЛЫҚ Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар Министрлігі 2006 жылғы 27 ақпандағы № 72 бұйрығымен бекітілген және ҚР әділет министрлігінде 2006 жылғы 14 наурызда № 4120 тіркеуге алынған. Осы аталған Нұсқалықты геологиялық карталау және қатты пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және қазып алу жұмыстарын атқаратын барша жер қойнауын пайдаланушылар қолдануға міндетті.
Геологиялық барлау жұмыстары келесідей сатылармен жартылай сатылардан тұрады:
1-ші сатысы. Жер қойнауын аймақтық зерттеуі және ол келесі жартылай сатылардан тұрады:
1) 1-ші жартылай сатысы - ұсақ масштабты (1:500000 және оданда ұсақ) шолу геологиялық карталау;
2) 2-ші жартылай сатысы – ортамасштабты (1:200000) геологиялық карталау;
3) 3-ші жартылай сатысы – ірі масштабты (1:50000) геологиялық карталау.
2-ші сатысы. Іздеу жұмыстары.
3-ші сатысы. Іздеу-бағалау жұмыстары.
4-ші сатысы. Кенорындарды геологиялық барлау.
5-ші сатысы. Игерімдік барлауы. Геологиялық барлау жұмыстарының этаптылығы мен сатылығы
Перспективасы төмен нысаналарын зерттеуге қаржы шығынын жасамау үшін геологиялық барлау жұмыстарын әдетте жекеленген сатылар мен этаптарға бөлінеді; сөйтіп әр бір келесі жұмыс сатысының қажеттілігі алдыңғы саты қорытындысы бойынша анықталады (кесте 7 )
Сондықтанда дамушы елдерге арнап БҰҰ геологиялық зерттеулердің өзіндік сатылығын ұсынып отыр (кесте 7). Осыған ұқсастау геологиялық зерттеу сұлбасы басқа елдерде қолданылады, ал олар Ресейде қабылданған сұлбаға жақын.
86. Геологиялық барлау жұмыстарының сатыларың атап беріңіз.
Геологиялық барлау жұмыстары келесідей сатылармен жартылай сатылардан тұрады:
1-ші сатысы. Жер қойнауын аймақтық зерттеуі және ол келесі жартылай сатылардан тұрады:
1) 1-ші жартылай сатысы - ұсақ масштабты (1:500000 және оданда ұсақ) шолу геологиялық карталау;
2) 2-ші жартылай сатысы – ортамасштабты (1:200000) геологиялық карталау;
3) 3-ші жартылай сатысы – ірі масштабты (1:50000) геологиялық карталау.
2-ші сатысы. Іздеу жұмыстары.
3-ші сатысы. Іздеу-бағалау жұмыстары.
4-ші сатысы. Кенорындарды геологиялық барлау.
5-ші сатысы. Игерімдік барлауы.
87. Игерімдік барлау жұмыстарының мақсаттары.
Кенорындарды игеру кезіндегі кенөндіруші кәсіпорнындағы геологиялық қызметінің басты міндеттері болып табылатындар:
1) кәсіпорынның минералды-шикізат қорын нақтылауы мен кеңейтуі, барланған қорлардың шынайлығын арттыру, пайдалы қазбаларын толық және кешенді турде қазып алуы мен жерқойнауын қорғау;
2) кәсіпорындарды жобалауды, құруды және қайта құруды уақытымен және жоғары сапада геологиялық жағынан қамтамасыз ету;
3) кешіктірмей тиісті уақытында кенорнында жете және игерімдік барлау жұмыстарын атқару. Ондай жұмыстардың мақсаттары – есептелген қорлардың саны мен сапасын, кенорнын игерудегі тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, инженерлі геологиялық жағдайларын анықтап отыру;
4) озық тәжірибелерді, ғылыммен техниканын жаңа жетістіктерін еңгізе отырып пайдалы қазбалар кенорындарын геологиялық зерттеулер жұмыстарын атқарудың әдістерімен ұйымдастыруларын жетілдіру;
5) игерудегі кенорындардың геологиялық зерттеулеріне қатысты әдістерімен техникалық жабдықтарды жетілдіру жөнінде және пайдалы қазбаларды тиімді пайдалануымен жерқойнауын қорғау жөндерінде ұсыныстар дайындау;
6) негізгі және ілеспе пайдалы қазбаларды және олардың құрамдарындағы компоненттері қорларының өзгерулерімен қалдығын тиісті уақытта есепке алып отыру;
7) кәсіпорынның есебіндегі және ҚжМК (ГКЗ) бекіткен, баланста тіркелген пайдалы қазбалар қоры санынан қазып алу кезінде жоғалтып алған яғни игерімдік барлау жұмыстары нәтижесінде, қазып алу кезінде расталмаған қорларды тиісті жолдарымен тіркеуден шығару;
8) келешекте жер қойнауын зерттеуде, кенорындарды игеруде қажет болулары ықтимал деген геологиялық құжаттамаларды, таужыныстарымен кендердің үлгілерін, кернді, сынамалардың дубликаттарын сақтауын қамтамасыз ету;
9) тау-кен жұмыстары аяқталуында геологиялық құжаттамаларды толықтырып және тиісті жолымен кәсіпорын жабылғанда сақтауға табыс ету.