
- •Кеніштік геология пәні
- •1. Кенорындарын игеру әдістерін атап шығыныз.
- •2. Кенорындарды жер асты әдісімен игеру кезінде игерімдік және дайындық жұмыстардың технологияларын түсіндіріп беріңіз.
- •3. Кенорындарды ашық таукен жұмыстар мен игеру технологиясын түсіндіріп беріңіз.
- •4. Кенорындарын игеру кезінде барлау жұмыстардың қай сатысы жүргізіледі?
- •5. Игерімдік барлау жұмыстардың негізгі мақсаттары мен міндеттерін айтып беріңіз
- •6. Игеру кезінде жұргізетін сынамалау жұмыстардың түрлері қандай?
- •7. Барлау және игерімдік тау қазылымдарда сынамаларды алу әдістерін айтып беріңіз.
- •8. Кенді заттың тауарлы сынамалары деген не?
- •9. Геологиялық қүжаттардың қандай түрлері бар?
- •10. Бастапқы геологиялық құжаттар деген не?
- •11. Жинақталған геологиялық құжаттар деген не?
- •12. Пайдалы қазбалардың «жоғалымы» дегенді түсіндіріп беріңіз.
- •13. Пайдалы қазбалардың «жарамсыздандырылуы» дегенді түсіндіріп беріңіз.
- •14. Пайдалы қазбалардың жоғалымдарың жүйеге келтіру.
- •15. Игеруге дайындығы дәрежесіне сай өнеркәсіптік қорларды қалай жүйелейді?
- •16. Таукен игеру жұмыстарың жобалау.
- •17. Перспективалық жобалау деген не?
- •18. Таукен игеру жұмыстарың бақылау.
- •19. Таукен игеру жұмыстарың есептеу
- •20. Күнделікті жобалау деген не?
- •21. Таукен игеру жұмыстарың жобалау кезіндегі кеніштік геологиялық қызметінің міндеттері қандай?
- •22. Кенорыны дегеніміз не?
- •25. Игерімдік барлаудын негізгі міндеттері.
- •26. Геологиялық барлау жұмыстарының сатылығының маңызы.
- •27. Карьердегі игерімдік барлаудын негізгі міндеттері.
- •28. Карьердегі игерімдік барлаудын әдістері.
- •29. Карьердегі игерімдік барлаудағы қолданылатын техникалық амал -құралдарды атаңыз.
- •30. Жерасты әдісімен қазып алу кезіндегі игерімдік барлаудын негізгі міндеттері.
- •31. Жерасты әдісімен қазып алу кезіндегі игерімдік барлаудын әдістері.
- •32. Жерасты әдісімен қазып алу кезіндегі игерімдік барлаудағы қолданылатын техникалық амал-құралдарды атаңыз.
- •34. Игерімдік барлауы кезіндегі сынамалаудың мақсаттары, міндеттері және турлері.
- •35. Сынамаларды алу амалдары және әдістері.
- •36. Сынамаларды талдау, сыннан өткізу дайындығы.
- •37. Сынамалаудағы қателіктер және оларды бақылау.
- •43. Ұңғылық геофизикалық әдістері. Ұңғылық геофизикалық әдістер
- •44. Геофизикалық жерасты (шахталы) әдістері.Жерасты (шахталық) геофизика әдістері
- •45. Ашық тау-кен жұмыстары әдістерімен қазып алудағы гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық зерттеулері.
- •46. Жерасты жұмыстары әдістерімен қазып алудағы гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық зерттеулері
- •48. Барлау және игеру кезіндегі бастапқы геологиялық құжаттау түрлері.
- •49. Бастапқы құжаттау деректері сараптамасы бойынша қандай біріктірілген геологиялық құжаттама жасалынады?
- •69. Геофизикалық жерасты (шахталы) әдістері.
- •85. Геологиялық барлау жұмыстарының сатылығының маңызы.
- •86. Геологиялық барлау жұмыстарының сатыларың атап беріңіз.
- •87. Игерімдік барлау жұмыстарының мақсаттары.
- •88. Алдынала игерімдік барлау жұмыстарының негізгі міндеттері.
- •89. Алдынала игерімдік жұмыстарды атқаратын аумақтар.
- •90. Геологиялық барлау жұмыстарының этаптылығын атап берініз
- •92. Игерімдік барлауда және кенорынды қазыпалуда сынамалаудың қай түрлері қолдануда?
- •93. Сынаманы алудың амалдары және сынамалау әдістерінің қандай түрлері қолдануда?
- •94. Сынаманы алуға арналған құралдар.
- •95. Тауарлы сынамалаудің мақсаттары.
- •98. Ұңғылық геофизикалық әдістері.
- •99. Жерасты (шахталық) геофизикалық әдістері.
- •100. Рудниктер мен шахталарда атқарылатын геофизикалық жүмыстардың ерекшеліктері:
69. Геофизикалық жерасты (шахталы) әдістері.
Жерасты (шахталық) геофизика әдістерімен тау қазбаларда болмаса жерасты ңғыларда орналастырылған құралдар арқылы жерасты кеңістіктері зерттеледі.Жерасты геофизика негізінде әншейін геофизикалық әдістерді қолданады, тек сирек түрде олардың жетілдірген модификацияларымен жербеті әдістерінде жоқ әдістерді қолданады. Бүл әдістердің негізгі міндеттері - барлау жүмыстарымен қазып алу блоктарын дайындау үрдістерін шұғыл түрде геологты-геофизикалық деректермен қамтамасыз етіп түру. Сонымен қатар гидрогеологиялық, инженерлі-геологиялық жағдайларды жэне соларга жататын геодинамикалық үрдістерді-де зерттеу мәселелеріде орын алады.
70. Тау-кен кәсіпорындарда гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық зерттеулер. Кенорындардың терең горизонттарын игеруімен, тау-геологиялық жағдайлары күрделі нысандарды іске қосуымен тау-кен қазба жұмыстарын қамтамасыз етуде гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық зерттеулердің маңызы арта береді. Зерттеу жұмыстардың мазмұны, көлемдері мен реті табиғи және технологиялық факторларға байланысты. Кенорынның гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық жағдайлары жалпы түрде геологиялық барлау жұмыстары нәтижелерінде анықталады.Ал, тау-кен кәсіпорындарды куру және қазып алу жұмыстары кездерінде гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық зерттеулері нәтижелерін үнемі толықтырып дәлді ету қажет болады.Қазып алу жұмыстары кезінде ашылған сулы қабатынан су төгілімін нақты жағдайларда анықтау, табиғи және тау-техникалық жағдайларына сәйкес олардың динамикалық режимін зерттеу, жерасты суларының химиялық кұрамын анықтау мақсаттарында игерімдік гидрогеологиялық зерттеулері жүргізіледі.Тау қазбаларға су мен плывундардың (суға өте қаныққан жылжымалы түріне айналған тау жыныстар) енуіне, бекітпелердің, тау қазбаның қабырғаларының, карьерлердің борттарының майысуларына жол бермеуін игерімдік гидрогеологиялық зерттеулер қамтамасыз етуі тиіс. Сонда тау-кен жұмыстары жоспарлы турде атқарылуына мүмкішілік туады. Тау-кен мекемесіндегі жерасты және техногенді суларының химиялық құрамдарын зерттеуі олардың ластануын (мысалы бірнеше сулы кабаттардың сулары бір-бірімен араласқан жағдайларда) алдын алуға мүмкіндік береді. Гидрогеологиялық зерттеулер барысында тау-кен кәсіпорнын сумен қамтамасыз етуі, жерасты және жербеті суларын қорғау мәселелері шешімдерін табады.Қазып алу жұмыстары кезінде көшкіндер, ойыстар пайда болмауына алдыналу шараларын ұйымдастыруын мақсат етіп тау жыныстардың массивте және қопарылған түрінде физика механикалық қасиеттерін анықтау, тау қазбалардың кабырғаларының, карьерлер борттарының, бос тау жыныстар үймелерінің деформацияларын бағалауды игерімдік инженерлі-геологиялық зерттеулері қамтамасыз етеді. Осынау зерттеулер негізінде тау жыныстардың физика-механикалық қасиеттерін, қопарылған тау жыныстардың тасымалдауға төзімділігін болжайды, тау қазба жұмыстарының экономикасы жағынан қарқынды болуын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында массивтің жағдайларын басқаруы жөнінде шаралар қарастырылады.
71. Тау-кен кәсіпорындарда геологиялық байқаулармен құжаттау. Тау-кен кәсіпорнындағы геологиялық құжаттаудың мақсаттары: кенорнының геологиялық ерекшелітерін зерттеуі, пайдалы қазбалар денелерінің контурларын және ішкі құрылысын анықтауы, рудаларды сорттарға, типтерге бөлуі, сынамалау жүйесіне негіз келтіру және қорды есептеуге қажет мәліметтерді дайындауға, минералды шикізатті толық және сапалы қазып алуды қамтамасыз ету алу кезінде нормасынан асыра жоғалымдармен кемсізденуіне жол бермеуді камтамасыз ету.Барлау процессінде барлау мен зерттеу жұмыстарын мұқият құжаттау ұдайы жүргізіледі. Сипаты бойынша қүжаттар мына түрлерге бөлінеді: бастапқы – жұмыстар мен зерттеулер орындалған жерде тікелей жүргізілуі; жиынтық – бастапқы материалдарды өңдеу нәтижелерінен тұрады; қорытынды (есепнамалық) – барлық материалдар мен барлаудың белгілі бір кезеннің немесе барлығының нәтижелері қорытындыланады. Геологиялық құжаттаудың көлемі негізінен кенорынның масштабына және геологиялық құрылысының күрделігіне байланысты. Геологиялық байқаулармен құжаттауы кезінде келесідей принциптерді ұстануы қажет:
геологиялық деректерді көрсетуде объективті болу;
геологиялық деректерді унификациялы турде келтіру (бәріне бірдей бір шартты белгілерді, стандартты, үлгілерді қолдану);
геологиялық деректерді мұқиятты және дәлді турде сипаттап жазу қажет;
геологиялық құжаттаумен айналасатын мамандар дайындығы жоғары дәрежеде болуы.
Геологиялық құжаттардың негізгі түрлері: сүретті, жазба материалдар (жерасты қазбалардың, карьерлердің тепкіршектерінің сүреттері мен жазба сипаттамалары); ұңғылардың керні мен шламын сипаттау, сынамалау журналдары; таужыныстармен рудалардың үлгілері, шлифтармен аншлифтер, фотоқұжаттау.
72. Геологиялық құжаттаманың негізгі мазмұнымен амалдары. Қойылған мақсатқа қарай геологиялық құжаттаудың келесідей амалдары қолдануда:
жаппай;
дәлдікті және арнаулы;
құрылымдық-геологиялық карталау;
фотоқұжаттау.
Барша тау қазбалармен тазартпа забойлар (әрбір алға жылжуы сатысы сайын) жаппай геологиялық құжаттауға арналады. Құжаттау мен сүреттерін салуы 1:200-1:500 масштабта жасалады да онда зерттеу нысанының негізгі элементтері көрсетіледі.Дәлдікті геологиялық құжаттауға күрделі яғни геологиялық жағынан қызықтыратын нысандар жатады: кен денелердің морфологиясымен ішкі құрылыстары, кенге дейінгі және кеннен кейінгі тектоникасы, геологиялық элементтерінің кеністікті – уақыты өлшемдердегі бір-бірінен қатынастары.Арнаулы геологиялық құжаттау тақырыпты зерттеулері кезінде жекелеген қызықты бір мәселелерді шешуге арналады, мысалы парагенетикалық минералды ассоциацияларды карталауы мен зерттеуі, кенеңгізуші тау жыныстар комплексінің фациальді ерекшеліктері т.б.Ашық және жерасты тау қазбалардағы құрылымдық-геологиялық карталау - игеру жұмыстарын геологиялық негізбен қамтамасыз етуді көздейді. Жаппай геологиялық құжаттауға қарағанда құрылымдық-геологиялық карталау дәлді және объективті болып келеді. Онда: 1) кен денелерімен басқада геологиялық паралымдардың құрылымдық-геологиялық позициясы жөндерінде толық деректер беріледі; 2) карталауға жататын құрылымдық-геологиялық элементтер аспаптар көмегімен анықталып картаға салынады; 3) геологиялық пландарды салуға мүмкіндік туғызады.Фотоқұжаттау геологиялық құжаттаудың сапасын және жеделдігін арттырады. Фотосүретке түскен жер дәлді және объективті түрде сипаттадады.
73. Өнеркәсіптік қорлардын топтастырмалау. Қатты пайдалы қазбалардың қорлары барлануы дэрежесіне орай А, В, С1 және С2.категорияларына бөлінеді.Барланған қорлар экономикалық маңызы жағынан балансты жэне балансты емес деп бөлінеді. Балансты деп осы заманымыздағы қазып алу техникаларымен байыту технологиялары жетістіктері бойынша пайдалануы экономикалық жағынан тиімді қорларды айтады. Баланысты емес деп бүгінгі таңда пайдалануы экономикалық жағынан тиімді емес қорларды айтады. Кенорындардың қорлары баланстың қай түріне жататындығы пайдалы қазбаның қорын есептеуге арналған кондицияларды техника-экономикалық негіздеуі жолымен айқындаладыда оны ҚжМК бекітеді.
74. Қорларды жеке категорияларға бөлудің негізі мен байланысы. Қатты пайдалы қазбалардың қорлары барлануы дэрежесіне орай А, В, С1 және С2.категорияларына бөлінеді.Барланған қорлар экономикалық маңызы жағынан балансты жэне балансты емес деп бөлінеді. Балансты деп осы заманымыздағы қазып алу техникаларымен байыту технологиялары жетістіктері бойынша пайдалануы экономикалық жағынан тиімді қорларды айтады. Баланысты емес деп бүгінгі таңда пайдалануы экономикалық жағынан тиімді емес қорларды айтады. Кенорындардың қорлары баланстың қай түріне жататындығы пайдалы қазбаның қорын есептеуге арналған кондицияларды техника-экономикалық негіздеуі жолымен айқындаладыда оны ҚжМК бекітеді.
75. Игеру кезінде пайдалы қазбаларды жоғалтуы мен сапасының төмендеуі. Кенорындарды геологиялық барлауы кезіндегі есептелген қорлар қазып алу жұмыстары кезінде көптеген себептер арқылы толық алынуы мүмкін емес. Руданың біршама бөліктері бос таужыныстар үймелеріне түседі, тасымалдау, тиеп-түсіруі кездерінде, қоймаларда жоғалуы ықтимал. Есептелінген және шығарып алған қорлар арасындағы айырмасын бір сөзбен жоғалымдар деп атайды.Пайдалы компонентердің баланстағы қорлардағы мөлшерлерінен қазып алған рудадағы мөлшері біршама төмен болады (кондициядан тыс рудалардың, бос тау жыныстардың қосылып кетуінен, болмаса шаймаланып жоғалуынан) – оны руданың құнарсыздануы дейді.Әртурлі пайдалы қазбаларды жерасты әдісімен қазып алуда жоғалымдар деңгейі келесідей: көмір кенорындарында – 25-35%, темір кендерінде – 20-30%, түрлі-түсті металдарда -15-35%, минералды тұздарда – 45-60%. Ашық тау-кен жұмыстары кезінде жоғалымдар 5-15% құрайды.Жоғалымдар тау-кен кәсіпорнын істе болуы мерзімін қысқартады, сондықтанда жоғалымдар деңгейін төмендету - кәсіпорындардың манызды мәселелерінің бірі. Кенорындарды қазып алуы кезіндегі жоғалымдармен құнарсыздануы түр-түрлеріне сәйкес бөлек есепке алынып отыруы тиіс. Физикалық түрлеріне сәйкес жоғалымдарды массивтегі және қопарылған руда күйіндегі деп ажыратады.Құнарсыздануды алғашқы (қопарған кездегі) және туынды деп ажыратады.
76. Жер қойнауын тиімді, комплексті турде қолданудың геологиялық негіздері. жерқойнауын пайдаланушы өзінің күнделікті іс-қимылында басшылыққа алып отыруы тиіс. Ол үшін жер қойнауын алдын-ала, жан-жақты геологиялық зерделеу тиіс. Оған кіретіндер: а) пайдалы қазбаның кенорыны мен жер қойнауы бөлікшесіндегі мөлшері мен сапасы;б) жер қойнауын пайдалану операцияларының барлық стадияларында оның ресурстарын үнемді және комплексті пайдалану.Ол үшін мемлекеттік геологиялық бақылау қажет:- өндіру процесі кезінде пайдалы қазбаны толық алу;- негізгі және қосымша құрамбөлшектердің қорларын алу мен есептеудің дұрыстығын;- жерқойнауын су басудан, өрттен немесе басқада апатты факторлардан қорғау;- жер қойнауының ластануын болдырмау;Мемелекеттік бақылау жер қойнауын пайдалану кезінде үнемі жүргізіліп техникалық қауіпсіздік және өнеркәсіптік санитарлық нормалар уәкілдік атқарушы арнайы органдар көмегімен іске асырылады.
77. Тау-кен кәсіпорында өнімдердің сапасын басқарудың әдістері. Тау-кен кәсіпорнында өнімнің сапасың басқарудың екі әдісі бар:
қазып алуды (руданы, тау жыныстарды) жоспарлау;
тікелей басқару, яғни тау-кен жұмыстары үрдісін белгілі бір сапалық режимде атқарып тұру.
Осындай әдістерге ақпараттық негіз болып табылатын мәліметтер сынамалау арқылы пайда болады. Руданы өңдеуінің технологиялық көрсеткіштеріне әсер ететіндер – минералдық және химиялық құрамдары, құрылымымен бітімдік ерекшеліктері, бастапқы және қышқылданған минералдардың мөлшерлері, рудамен минералдардың шағылымдық қасиеттері. Тау-кен технологиялық процессті шұғыл түрде бақылап отыру мақсатында, көптеген жағдайларда, руда сапасының негізгі сипаттамасы ретінде онын құрамындағы негізгі компоненттердің мөлшерін қарастырады. Ақпараттық жоспарда осы сипаттаманы анықтайтын екі статистикалық көрсеткіштер: руда мен концентраттағы пайдалы компонеттің орташа мөлшері мен оның өзгермелілігі. Осындай көрсеткіштерді қазып алу процессінде есепке алып реттеп отыру – тау-кен кәсіпорнындағы руда сапасын басқарудың негізгі міндеті.Руданын сапасын басқаруда технологиялық процесстің барлық негізгі операциялары бақылауға алынуы тиіс.Руданың сапасын басқарудағы әрбір операциясы екі негізгі сатылардан түрады: руданың яғни концентраттың әрбір бөлшегінде пайдалы компоненттің орташа мөлшерін анықтауы мен оған басқарушы амалдар қолдануы. Басқарушы амалдар екі түрлі болып келуі ықтимал: бөлу, руда мен концентраттағы пайдалы компоненттің орташа мөлшерін өзгертүді мақсат етеді және біріктіру (араластыру) – пайдалы компоненттің мөлшері өзгермелігіне әсер етеді.
78. Тау-кен жер бөлігінде жер үсті геофизикалық жұмыстары.
Геофизикалық зерттеулері әдістеріне негіз болған - әртүрлі тау жыныстармен кендердің қасиеттері, сондай-ақтыгыздықтары, магниттік, электрлік және басқа-да қасиеттерінің айырмашылықтары. Физикалық өрістердің түрлеріне қарай геофизикалық әдістер гравиметриялық, магнитометриялық,әлектрометриялық,радиометриялық радиотолқындық, сейсмикалық болып бөлінеді.Гравитациялық әдістермен пайдалы қазбалар денелердің жатыс тереңдіктерін, пішіндерін, өлшемдерін анықтауы, карстты құрылымдарды, тыгыздықтары жогары тау жыныстар блоктарын, тектонды бұзылыстарга ұшыраган және жарықшақты, брекчияланган тау жыныстар зоналарын айқындауы мүмкін. Оң гравитациялық аномалиялар бойынша рудалық кенорындары, ал теріс аномалиялар бойнша тас тұзымен көмір кенорындары зерттеледі.Тау жыныстарымен пайдалы қазбалардың магниттік қабылдағыш қасиеттерінің ерекшеліктерінен туындаған магниттік аноамалияларды зерттеуінде магнитометриялық әдістер қолданады. Боксит пен магнетит кендерін, кимберлитті алмазды кұбырларды, шашыраңқы алтын шогырларын және жарықшақты, карстанган белдемдерді зерттеуде қолданған магнитометриялық әдістер оң нәтижелер бергендігі мәлім.Электромагниттік өрістер арасындағы аномалияларды айқындау және зерттеу кездерінде электромагниттік әдістер қолданылады. Бұл әдістері арқылы сульфидті және көмір кенорындары зерттеледі, кен денелерімен антрацит және графит шоғырлары шекаралары айқындалады, жарылымдық бұзылыстар табылады, жарықшақтық және карстанған белдемдері картаға түсіріледі.Тау жыныстармен пайдалы қазбалардың электрлі-магниттік қасиеттеріне негізделген радиометрлік әдістерді кен денелерді, көмірмен графит шоғырларын және олардың көлемдерін айқындауда және тектондық бұзылыстарды, суланған қабаттарды табуда қолданады.Тау жыныстар массивтерінің құрылымы мен жағдайларын, жарылымдар, жарықщақтар белдемдерін, карстты құыстарды зерттеулерде және тау жыныстардың серпімділігімен қаттылығы көрсеткіштерін бағалауда сейсмикалық әдістерді қолданады.Радиоактивті кендерді барлауда, жарылымдық бұзылыстарды, жарықшақтық белдемдерді, радиоактивтілігі жоғары тау жыныстар массивтерін табуда табиги радиоактивті өрістерді айқындайтын радиоактивті әдістер орын табады.
79. Ұңғылық геофизикалық әдістері. Ұңгыларды зерттеуге арналган геофизикалық әдістерге әртүрлі физикалық өрістерді зерттеулері негіз болған. Ұңгыларда геофизикалық зерттеулер жүргізуде сондай-ақ далалық (жербеті) геофизикада қолданатын әдістерді іске асырады, тек қолданатын қурал-аспаптары өзгеше болып келеді. Тау жыныстар мен рудалардың геофизикалық сипаттамалары ұңгыга жіберілген құралдармен өлшеніп жер бетіндегі приборлармен цифрлы, яғни графиктар ретінде тіркеледі.Ұңгылық геофизикалық әдістерге каротаж және ұңгылық геофизика жатады. Ұңғыларда каротаждың келесідей түрлері жасалады: электрлі, магнитті, радиоактивті, термикалы ж.б.Рудалы кенорындарды барлауда ең маңыздылары - электрлі, радиоактивті және магнитті. Каротаж деректерімен ұңғы бойынша геологиялық қимасы литологиялық түрлеріне жіктеледі, кен денелер айқындалады, тау жыныстарымен рудалардың физикалық қасиеттері анықталады.Гидрогеологиялық зерттеулер кезінде қолданатын ұңғылық геофизикалық әдістер -термометрия, резистивиметрия (шаймалау суйықтың электркедергісін өлшеу), расходометрия (суйықтың ұңғы бойындағы жылжуы жылдамдығы), барометрия (ұңғы оқпанындагы қысымды анықтау).Ұңғылық геофизика деп ұңғылар арасындағы және ұңғы төңірегіндегі кеңістікті зерттейтін әдістері деп түсінеміз. Ондай зерттеулер табиғи, болмаса жасанды геофизикалық өрістерді зерттеулер арқылы атқарылады. Жиі қолданатын әдістер -радиотолқынды және акустикалық зерттеулер, зарядталған денелер, өтпелі процесстер, полярленген қисық сызулардың жапсарлы әдісі, ұңғылық магниторазведка. Ұңғылық геофизика әдістері қоршаған тау жыныстардан физикалық қасиеттерімен ерекшеленетін кен денелерді тауып олардың шекарасын, морфологиясын, жатыс элементтерін, өлшемдерін айқындауға мүмкіндік береді.Ұңғылық геофизика әдістері ұңгылардың техникалық жағдайларын бақылауда қолданады. Бүл әдістерге жататындар - инклинометрия мен кавернометрия. Инклинометрия әдісінде ұңғы оқпаны осінің вертикальды бағыттан (зенитті ауытқуы) және барлау қимасы бағытынан (азимтты ауытқуы) ауытқуы бұрыштары өлшенеді. Кавернометрия - ұңғының нақты диаметрін айқындауға арналады.
80. Геофизикалық жерасты (шахталы) әдістері. Жерасты (шахталық) геофизика әдістерімен тау қазбаларда болмаса жерасты ңғыларда орналастырылған құралдар арқылы жерасты кеңістіктері зерттеледі.Жерасты геофизика негізінде әншейін геофизикалық әдістерді қолданады, тек сирек түрде олардың жетілдірген модификацияларымен жербеті әдістерінде жоқ әдістерді қолданады. Бүл әдістердің негізгі міндеттері - барлау жүмыстарымен қазып алу блоктарын дайындау үрдістерін шұғыл түрде геологты-геофизикалық деректермен қамтамасыз етіп түру. Сонымен қатар гидрогеологиялық, инженерлі-геологиялық жағдайларды жэне соларга жататын геодинамикалық үрдістерді-де зерттеу мәселелеріде орын алады.Рудниктер мен шахталарда атқарылатын геофизикалық жүмыстардың ерекшеліктері:1) байқаулары жоғары дәлдікте болулары тиіс, сондай-ак пайдалы қазбалар денелерінің пішіндерін пландармен қималарда анықтауға мүмкіндік беретіндей;2) негізгі міндеттерді шешуде геофизикалық деректерді интерпретациялауға кедергі жасайтын тау-геологиялық құбылыстардың пайда болулары (жарылымдық бұзылыстар, жарықшақтықтар, карст ж.б.)
3) геофизикалық зерттеулерді атқаруға тау қазбалардың алаңдары таршылық етуінде;
4) қуатберуші және өлшеуші қондырғылардың кішіғүрым болып келуі;
5) қуатберуші және қабылдаушы желілерді жерлеуге жағдайлардың нашар болулары;
6) геофизикалық өрістердің көрсеткіштеріне және байқауларды жүргізуге әсер ететін өндірістік кедергілердің деңгейінің жоғарлығы;
7) шаң мен газ жағынан қауіпті тау қазбаларда жүмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік амалдарын бұлжытпай орындауды талап етуі.Тау-кен кәсіпорындарын геологиялық жағынан қамтамасыз етуде геофизикалық әдістерді кешенді түрде қолдануы олардың нәтижелерін күрт өрлетуіне мүмкіндік беретіндігін айта кеткен абзал. Геофизикалық әдістерді кешенді турде қолдануы өзіндік (ішкі) кедергілерімен байланысты, айта кетсек олардың бірі кейбір тау жыныстары мен пайдалы қазбалардың физикалық қасиеттері бір-біріне сәйкестік көрсететіні. Осындай кедергілердің әсерлерін айқын етіп дүрыс шешім қабылдауы интерпретациялау жұмысының ең күрделі мәселесі болып табылады. Көптеген жағдайларда оны дұрыс шешуі үшін қосымша геологиялық деректерді тарту және геофизикалық әдістердің кешенін (тау жыныстар мен рудалардың әртурлі физикалық қасиеттеріне сүйенетін) қолдануын қажет етеді.
81. Кеніштік геологиялық қызметінің негізгі міндеттері. Тау-кен кәсіпорнының минералдық шикізат қорын нығайту мен кеңейту, пайдалы қазбалардың барланған қорларының шынайлығын арыттыру, пайдалы қазбаны қазып алуын геологиялық жағынан камтамасыз ету, пайдалы қазбаны тиімді және кешенді игеру, кенорынды дұрыс қазып алуына бақылау жүргізіп туру және жер қойнауын қорғау. Мұндай мәселелерді қамтамасыз етуде көлемді геологиялық мәліметтер қажет болады. Олар кеннің минералдық және химиялық құрамдары мен олардың құрылымдық ерекшеліктерін, кеннің технологиялық сапасының өзгермелілігін, кен денелерінің тектондық бұзылулары мен морфологияларын, кенорындарды игерудегі гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық жағдайларының сипаттамасын қамтулары тиіс.Осындай мәліметтер игерімдік барлау жұмыстары барысында қосымша жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде және де барлау, ашу, дайындықтық, тілу, өндіріу жұмыстары кезінде ашылған кен денелерді жүйелі түрде зерттеулері арқылы жинастырылады.Кенорындарды игеруінің рентабельді болуы, кеннің жоғалымдары мен құнарсыздануларының төмен болуы көптеген жағдайларда қолданған игерімдік жұмыстардың әдістерімен жүйелері, кендердің таукен-геологиялық және таукен-техникалық жағдайларына сәйкес болуына байланысты.Кенорындарда игеру кезінде пайда болған геологиялық деректерді негіз ете отырып пайдалы қазбаны қазып алудың техникалық жағынан дұрыс, экономикалық жағынан тиімді және жұмысшыларға қауіпсіз жағдайларды жасауға шаралар іске асыралады. Кенорындарды қазып алу барысында кенорны тұралы, кендердің құрамы, кенденелердің морфологиясы мен ішкі құрылыстары жөнінде толық мәліметтер алу мүмкін болады. Геологиялық мәліметтерді біріктіріп талдау барысында кендердің орналасауындағы заңдылықтары анықталады, кенденелер морфометриялық өлшемдерімен кендердің сапасының өзгерулері бағаланады, әртурлі генетикалық концепциялар мен құрылымдық салулардың дұрыс- бұрыстығы тексеріледі, кенорындардың шет-шеттерімен тереңдік жерлерінің кенденужағынан перспективасына баға беріліп геологиялық барлау жұмыстардың әдістемесін жетілдіруге ұсыныстар беріледі.
82. Тау-кен кәсіпорнын басқарудағы геологиялық қызметінің ролі. Таукен жертелімін алуға қажетті құжаттарды дайындауға атсалысады. Техникалық жобаға сүйене отырып геологиялық қызметі кенорның толық турде зерттеуін, оның игерудегі таукен-техникалық, гидрогеологиялық және инженерлі-геологиялық жағдайларын қамтамасыз етіп отырады да тиісті кезеңдердегі (ай, квартал, жыл) игеруге түскен пайдалы қазбалардың қорын есепке алып отырады.Пайдалы қазбалардың жер қойнауында қажетсіз турдегі жоғалымдарын шектеуді және кендердің сапасын төмендетпеуді мақсат етіп, сондай-ақ жер қойнауынан шығарған тау жыныстарды орналастыруға алған алаңдар қоршаған ортаға зиянын тигізбес үшін геологиялық қызметі үнемі жүйелі турде тау-кен қазба жұмыстарына бақылау жүргізіп турады. Пайдалы қазбаларды қолдануы үнемі өсіп кележатқанына байланысты жер қойнауын тиімді қолдануы қажет екендігі және де оны қорғау шаралары өте маңызды екендігі сөзсіз.Геологиялық қызметі геологиялық барлау кезеңінен қалған барлау тау-кен қазбаларды, бұрғылау ұңғыларды сақтап, қалпында ұстап туруына (олар кенорнын игеруі кезінде қажет болулары ықтимал) бақылау жүргізіп тұрады және барлау жұмыстарын жүргізген геологиялық барлау мекемелерден қалған таужыныстарды, кендерді құжаттау журналдарын, үлгілерін, сынамалардың дубликаттарын қалпында сақтауды қамтамасыз етеді.
83. Тау-кен кәсіпорнындағы геологиялық қызметі қандай бақылау жұмыстарын қамтамасыз етеді? Таукен жертелімін алуға қажетті құжаттарды дайындауға атсалысады. Техникалық жобаға сүйене отырып геологиялық қызметі кенорның толық турде зерттеуін, оның игерудегі таукен-техникалық, гидрогеологиялық және инженерлі-геологиялық жағдайларын қамтамасыз етіп отырады да тиісті кезеңдердегі (ай, квартал, жыл) игеруге түскен пайдалы қазбалардың қорын есепке алып отырады.Пайдалы қазбалардың жер қойнауында қажетсіз турдегі жоғалымдарын шектеуді және кендердің сапасын төмендетпеуді мақсат етіп, сондай-ақ жер қойнауынан шығарған тау жыныстарды орналастыруға алған алаңдар қоршаған ортаға зиянын тигізбес үшін геологиялық қызметі үнемі жүйелі турде тау-кен қазба жұмыстарына бақылау жүргізіп турады. Пайдалы қазбаларды қолдануы үнемі өсіп кележатқанына байланысты жер қойнауын тиімді қолдануы қажет екендігі және де оны қорғау шаралары өте маңызды екендігі сөзсіз.Геологиялық қызметі геологиялық барлау кезеңінен қалған барлау тау-кен қазбаларды, бұрғылау ұңғыларды сақтап, қалпында ұстап туруына (олар кенорнын игеруі кезінде қажет болулары ықтимал) бақылау жүргізіп тұрады және барлау жұмыстарын жүргізген геологиялық барлау мекемелерден қалған таужыныстарды, кендерді құжаттау журналдарын, үлгілерін, сынамалардың дубликаттарын қалпында сақтауды қамтамасыз етеді.
84. Тау-кен кәсіпорнындағы геологиялық қызметі қандай жұмыстарға қатысады? Таукен кәсіпорнының геологиялық қызметі келесідей жұмыстар турлеріне қатысады:1) пайдалы қазбаларды қазып алатын кәсіпорындарды құруға, қайтадан құруға, консервациялауы мен мүлдем жоқ етудің жобаларың жасауына, тау-кен телімінде жете барлау және игерімдік барлау жұмыстарын жүргізуіне;2) пайдалы қазбалардың қорын есептеуге арналған кондициялар жобасын бекітуге ұсынуын қарастырғанда;3) барланған кенорнын (оның телімін) өнеркәсіптік игеруге тапсыруға;4) пайдалы қазбаларды қазып алу кезінде жерастында жоғалуымен құнарсыздануына нормаларды есептеп шығаруына және оларды анықтауымен есепке алуда;5) қазып алынған пайдалы қазбалар және олардың жоғалымдары көлемдері жөнінде, пайдалы қазбаның қазып алынуы толық екендігі және таукен қазбалардың жағдайлары жөндерінде есеп беруге;6) таукен жұмыстарын қаупсіз турде атқаруы, жер қойнауымен қоршаған ортаны қорғау жөндерінде шараларды қарастыруға.