
- •Кеніштік геология пәні
- •1. Кенорындарын игеру әдістерін атап шығыныз.
- •2. Кенорындарды жер асты әдісімен игеру кезінде игерімдік және дайындық жұмыстардың технологияларын түсіндіріп беріңіз.
- •3. Кенорындарды ашық таукен жұмыстар мен игеру технологиясын түсіндіріп беріңіз.
- •4. Кенорындарын игеру кезінде барлау жұмыстардың қай сатысы жүргізіледі?
- •5. Игерімдік барлау жұмыстардың негізгі мақсаттары мен міндеттерін айтып беріңіз
- •6. Игеру кезінде жұргізетін сынамалау жұмыстардың түрлері қандай?
- •7. Барлау және игерімдік тау қазылымдарда сынамаларды алу әдістерін айтып беріңіз.
- •8. Кенді заттың тауарлы сынамалары деген не?
- •9. Геологиялық қүжаттардың қандай түрлері бар?
- •10. Бастапқы геологиялық құжаттар деген не?
- •11. Жинақталған геологиялық құжаттар деген не?
- •12. Пайдалы қазбалардың «жоғалымы» дегенді түсіндіріп беріңіз.
- •13. Пайдалы қазбалардың «жарамсыздандырылуы» дегенді түсіндіріп беріңіз.
- •14. Пайдалы қазбалардың жоғалымдарың жүйеге келтіру.
- •15. Игеруге дайындығы дәрежесіне сай өнеркәсіптік қорларды қалай жүйелейді?
- •16. Таукен игеру жұмыстарың жобалау.
- •17. Перспективалық жобалау деген не?
- •18. Таукен игеру жұмыстарың бақылау.
- •19. Таукен игеру жұмыстарың есептеу
- •20. Күнделікті жобалау деген не?
- •21. Таукен игеру жұмыстарың жобалау кезіндегі кеніштік геологиялық қызметінің міндеттері қандай?
- •22. Кенорыны дегеніміз не?
- •25. Игерімдік барлаудын негізгі міндеттері.
- •26. Геологиялық барлау жұмыстарының сатылығының маңызы.
- •27. Карьердегі игерімдік барлаудын негізгі міндеттері.
- •28. Карьердегі игерімдік барлаудын әдістері.
- •29. Карьердегі игерімдік барлаудағы қолданылатын техникалық амал -құралдарды атаңыз.
- •30. Жерасты әдісімен қазып алу кезіндегі игерімдік барлаудын негізгі міндеттері.
- •31. Жерасты әдісімен қазып алу кезіндегі игерімдік барлаудын әдістері.
- •32. Жерасты әдісімен қазып алу кезіндегі игерімдік барлаудағы қолданылатын техникалық амал-құралдарды атаңыз.
- •34. Игерімдік барлауы кезіндегі сынамалаудың мақсаттары, міндеттері және турлері.
- •35. Сынамаларды алу амалдары және әдістері.
- •36. Сынамаларды талдау, сыннан өткізу дайындығы.
- •37. Сынамалаудағы қателіктер және оларды бақылау.
- •43. Ұңғылық геофизикалық әдістері. Ұңғылық геофизикалық әдістер
- •44. Геофизикалық жерасты (шахталы) әдістері.Жерасты (шахталық) геофизика әдістері
- •45. Ашық тау-кен жұмыстары әдістерімен қазып алудағы гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық зерттеулері.
- •46. Жерасты жұмыстары әдістерімен қазып алудағы гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық зерттеулері
- •48. Барлау және игеру кезіндегі бастапқы геологиялық құжаттау түрлері.
- •49. Бастапқы құжаттау деректері сараптамасы бойынша қандай біріктірілген геологиялық құжаттама жасалынады?
- •69. Геофизикалық жерасты (шахталы) әдістері.
- •85. Геологиялық барлау жұмыстарының сатылығының маңызы.
- •86. Геологиялық барлау жұмыстарының сатыларың атап беріңіз.
- •87. Игерімдік барлау жұмыстарының мақсаттары.
- •88. Алдынала игерімдік барлау жұмыстарының негізгі міндеттері.
- •89. Алдынала игерімдік жұмыстарды атқаратын аумақтар.
- •90. Геологиялық барлау жұмыстарының этаптылығын атап берініз
- •92. Игерімдік барлауда және кенорынды қазыпалуда сынамалаудың қай түрлері қолдануда?
- •93. Сынаманы алудың амалдары және сынамалау әдістерінің қандай түрлері қолдануда?
- •94. Сынаманы алуға арналған құралдар.
- •95. Тауарлы сынамалаудің мақсаттары.
- •98. Ұңғылық геофизикалық әдістері.
- •99. Жерасты (шахталық) геофизикалық әдістері.
- •100. Рудниктер мен шахталарда атқарылатын геофизикалық жүмыстардың ерекшеліктері:
48. Барлау және игеру кезіндегі бастапқы геологиялық құжаттау түрлері.
Бастапқы (далалық) құжаттау геологиялық барлау және игеруі жұмыстары кездерінде күнделікті зерттеуі түрінде жасалады. Олар пикетажды кітапшаларды, жерасты тау-кен қазбалармен карьерлердің тепкіршектерін құжаттауы журналдарын, ұңғыларды құжаттаудың журналдары, геологиялық байқаулар журналдарын, сынамалау журналдарын, таужыныстармен рудалар үлгілерінің каталогы журналдарын жазып толтыру арқылы жүзеге асырылады
49. Бастапқы құжаттау деректері сараптамасы бойынша қандай біріктірілген геологиялық құжаттама жасалынады?
Бастапқы геологиялық құжаттарды қорытындылауы кезінде кенорының, оның жекелеген денелерінің геологиялық құрылымдарын, қазып алудың тау-кен-техникалық жағдайларын модельдейтін графикалық сызба құжаттар жасалынады. Олар қазып алу жұмыстарын жоспарлауға, кенорынның флангілерінде, терең деңгейлерінде кенденуді болжауға негіз болады.
50. Пайдалы қазбалар қорларының ағымда болуын негізгі себептері. Қорлардың ағымы дегеніміз белгілі бір уақыт ағымында қазып алуы, барлауы және қайта бағалауы нәтижелерінде қордың санының өзгеруі. Баланстағы қорлардың қазып алынған саны өтелген қорларға айналады. Кенорында игеруі барысында өтелген қорлармен қатар қорлар келесідей өзгерістергеде жатулары ықтимал- көбейуі, бұрынғысынан жоғары категориясына өтуі, есептеп шығарып баланстан тыс дәрежесіне өтуі, басқа бір тау-кен кәсіпорнына беруі себебінен баланстан шығаруы және басқабір кәсіпорнынан алуына байланысты балансқа тіркеуі. Қорлардың өзгерулеріне себеп болатын жағдайлар: барлау, қайтадан бағалау, қазып алуға дайындау, қазып алу, жоғалымдар.
51. Кенорынды игеру кезінде қорлардың ағымын қалай есепке алып отырады? Тау-кен кәсіпорнында пайдалы қазба қорының жағдайлары мен ағымы есепке алынып отырады. Осындай мәліметтер пайдалы қазбалар кенорындарының мемлекеттік кадастрының және пайдалы қазбалар қорының мемелекеттік балансының негізі болып табылады. Қорлардың ағымы дегеніміз белгілі бір уақыт ағымында қазып алуы, барлауы және қайта бағалауы нәтижелерінде қордың санының өзгеруі. Баланстағы қорлардың қазып алынған саны өтелген қорларға айналады.Қорлардың ағымын сапалы түрде есепке алуын қамтамасыз ету мақсатында пайдалы қазба денелері жөнінде мәліметтері көбейген сайын және қазып алу барысында қорлардың өтелүіне байланысты геологты-маркшейдерлік қызметі қорларды жүйелі түрде есептеп және қайта есептеп түрады сондай-ақ:
жаңадан табылған және барланған кен денелердің қорларын бағалауы;
белгілі кен денелердің барлануы дәрежесі ұлғайған сайын қорларын қайта есептеу;
қазып алуға дайындау мақсатында денгейжиектермен блоктардағы қорларды қайтадан есептеу;
қазып алуға дайын блоктардың қорларын есептеу;
жаппай жарып қопаруға дайын түрғанқорларды есептеу;
камералардаң, целиктерден, дайындықтық және кескіндеу тау-кен қазбалардан шығарылған қорларды есепке алып отыру.
52. Кенорынды қазып алуда пайдалы қазбалардың жоғалымдары мен кемсізденуін қалай анықтайды? Жоғалымдарды анықтауда тікелей, жанама және аралас әдістері бар. Мүмкіндігінше жоғалымдарды тікелей әдісімен анықтаған жөн. Осындай әдістерді қолдануда жоғалымдармен құнарсыздануы тікелей тау қазбалардағы маркшейдерлік өлшеулер арқылы болмаса геологты-маркшейдерлік сызба материалдарында анықталып отырады. Жоғалымдар бірліктің бөліктерімен яғни пайыз түрлерінде бағаланады және ол жоғалған қорлар санынан өтелген балансты қордың санына тиесілі бөліндісі болып табылады.Жоғалымдармен құнарсыздануы жанама әдістерімен табуда жер қойнаундағы қазып алуға арналған блоктағы өтелген балансты қордың санын сондай-ақ сол блоктан шыққан рудадағы қордың салыстыруы арқылы анықталады.
53. Пайдалы қазбалардың өнеркәсіптік қорлары қалай анықталады? Техника-экономикалық себептермен қазып алуға жатпайтын қорларды жэне жобалық (жоспардағы) жоғалымдарды балансты қорлар санынан алып тастағанда жер бетіне алып шығаруға арналған қорлар өнеркэсіптік деп аталады. Жобалық жоғалымдар - жалпы шахталық (жалпы рудниктік, жалпы карьерлік) жэне игерімдік^ жоғалымдардың қосындысы. Қорғауға алынған нысандар астында жэне капиталды тау-кен қазбаларды қорғау мақсаттарында қопармай қалдыратын жер қойнауының бөліктеріндегі алынбай қалған қорлар жоғалымдары жобада көрсетіледіде жалпы шахталық жоғалымдар деп аталады. Тау-кен жүмыстары технологияларымен қазып алу жүйесіне байланысты қопарылмайтын бөліктерде қалатын жоғалымдарды игерімдік жоғалымдар деп атайды.Қазып алуы қажет емес қорларға үсақ және бөлек жатқан кен денелерінің, тектондық бүзылыстарға қатты үшыраған учаскелердің жэне қазып алу жүмыстарына кедергі жасайтын, пайдалы қазбаның сапасын бүзатын қатты суланған учаскелердің қорлары жатады.
54. Ашық тау-кен жұмыстары кезінде қорлардың ағымын есептеуімен есепке алуы қалай атқарылады? Ашық тау-кен жымыстары кезінде қазып алудың негізгі элементтері - деңгейжиек, кертпе, блок. Деңгейжиекті аршу алдында кертпе бойындағы қорлар есептеледі (яғни үстінгі жэне төменгі деңгейжиектер арасындағы тазартпа кеңістіктегі қор).Ашық тау-кен жумыстары кезінде қорлар келесідей ретімен есептеледі: 1) деңгейжиектер пландарында кондицияларға сәйкес етіп өнәрксіпті* типтерімен сорттарының контурлары көрсетіледі;2)рудалардың типтерімен сорттарын ескере отырып рудалы аудандары өлшенеді;3)барлау ұңғылары, соңынан есептеу блоктары (кертпелер) бойларынша компоненттердің орташа мөлшерлері есептелінеді;
блоктың көлемі қималар эдісімен қорды есептеуде қолданатын формулалар арқылы табылады;
деңгейжиектердің аумағына кіретін бөлек қазып алынатын кондициялы емес учаскелері міндетті түрде көрсетіледіде қорды есептеу кезінде олар есепке қосылмайды .Кертпе тазартпа блоктарға бөлініп бірте-бірте ретімен ұзақ уақытта қазып алынады.Әрбір тазартпа блогі бойынша қорлары қайта есептеледі. Қорларды қайта есептеу кезінде руданың өлшерімен қуатының орташаларын есептеуде барша қосымша барлау кескіндері (игерімдік барлаудың жэне бұрғылау-атқылау ұңғылары) мәліметтері қатысады. Бұл деректер кейіннен кенорнының қорлар балансын жасауда және барлаумен игерудің деректерін салыстыруда қолданылады.
55. Жерасты жұмыстары кезінде қорлардың ағымын есептеуімен есепке алуы қалай атқарылады? Жерасты эдісімен қазып алуда қорлардың агымын есепке алуы біршама курделі. Деңгейжиекті аршу алдында қазып алынатын қабаттың қоры есептеуге жатады. Сосын, тау-кен дайындықтық жэне игерімдік барлау жұмыстары орындалганнан кейін, ол қабат игерімдік бірліктерге, ягни блоктарға бөлінеді. Ал, блоктар одан эрі камералармен аралық целиктерге бөлінеді. Олардың қазып алуымен технологиялық көрсеткіштері тым басқа, сондықтанда олар бөлек-бөлек есепке алынады.Жерасты әдісімен қазып алуда қорларды есептеуде келесідей эдістерді қолданады - игерімдік блоктар жэне тік параллельді кескіндер. Сирек түрде деңгейжиектік кескіндер жэне геологиялық блоктар эдістері қолдануда. Игерімдік блоктар эдісін қуаты аз желілі кен денелерді қазып алуда қолданған жөн. Есептеу бірлігі болып негізгі деңгейжиектерде штректермен, ал жан-жақтарынан өрлемелермен аршылған блок болып келеді.Блоктағы қорды есептеудің реті:1) эрбір тау қазылым бойынша қуаттарымен мөлшерлерінің орташалары табылады; |
блок бойынша қуаттарымен мөлшерлерінің орташалары табылады;
тік болмаса кен денесі құлау бұрышына параллельді проекцияларда блоктың ауданы өлшенеді;
рудамен металдың қорлары есептеледі.
Игерімдік блоктар әдісі блок бөлшектерінің қорын шұғыл турде есептеуге қолайлы. Тау-кен дайындықтық жұмыстардың орындалуы барысында блоктың бөлшектеріндегі қорлар үнемі қайта есептеліп түрады.Блоктағы қорлардың ағымын есепке алуы дэрежесі блок толығымен қазылып біткенде тек ғана қорытындылау қажет болатындай дайндықта болуы қажет. Блок толығымен қазылып біткенде оның қорлары өтелген қорлрға жатқызыладыда қорытынды баланс жасалады .Пайдалы қазба шоғырының қуаты үлкен болган жагдайларда қорды есептегенде тік болмаса кокжиектік эдісін қолданган жөн.
Жаппай қопарып қазып алуга дайын қорлар бүргылау-атқылау үңғылар мэліметтерінде қолдана отырып шүғыл турде есептеледі
56. Кенорында барлауымен қазып алу нәтижелерін салыстырудың мақсаты? Кен орындарды барлауымен игеруі нәтижелерін салыстырудың мақсаты – олардың бір-бірімен сәйкестігінің дәрежесін анықтау, айырмашылықтары болған жағдайларда олардың себептерін тауып және оларға жол бермеу жөнінде шараларды қарастыру. Салыстыру нәтижелері бойынша бұрынғы есептелген қорларға дәлелдіктер, барлау және қорды есептеу әдістемелеріне түзетүлер енгізіледі, болмаса, игерімдік барлаудың мәліметтерінің дәлдігін арттыруға, қазып алу технологияларын және тау-кен кәсіпорнының геологиялық маркшейдерлік қызметі істерін жетілдіруге арналған шаралар қарастырылады.Кен орынды игеруі кезінде қазып алынған қорлардың санымен барланған қорлар арасында, яғни пайдалы қазба сапасымен есептеуде қолданған көрсеткіштері арасында айырмашылықтар жуйелі түрде кездесетіндігі айқындалатын жағдайларда кенорын қайта бағалауға жатадыда, барлау нәтижелері игеру нәтижелерімен міндетті түрде салыстыруға арналады.Барлау нәтижелері қазып алу кезіндегі нәтижелерімен жалпы түрде сәйкестік көрсететін жағдайда яғни айырмашылықтар айтарлықтай көпемес болып тау-кен кәсіпорынның техника экономикалық көрсеткіштеріне әсер етпейтін болса, барлаумен қазып алу кезіндегі нәтижелерді салыстыруы тек өкілетті болып келетін бір жер бөлігінде ғана қарастырылады. Сондай жағдайда игерудегі кен орында барлаумен қазып алу кезіндегі мәліметтерлерінің дәлдігі жоғары болып келетін бір өкілетті жер болігі таңдап алынуы тиіс. Барлаумен қазып алу нәтижелерін салыстыруы есептеу блогімен қорлардың бекітілген категориялары, пайдалы қазба денелері, тұтастай кен орны бойынша жеке – жеке жасалуы тиіс.Қорлар, пайдалы қазба денелерінің пішіндері, сапасымен есептеу көрсеткіштерін анықтауда бұрынғы ҚжМК-сы бекіткен кондициялары бойынша алынуы тиіс. Игерудегі кенорын бойынша берілетін біржылдық геологиялық есепте барлаумен игеру кезіндегі нәтижелерді салыстырудың мәліметтері көрсетіледі, және айырмашылықтар болған жағдайларда олардың себептері анықталуы тиіс.
57. Барлау және қазыпалу нәтижелерін салыстыруға қандай геологты өнеркәсіптік параметрлері жатады? Қорларды есептеудің дәлдігі рудамен пайдалы компоненттердің санын айқындайтын геологты өнеркәсіпті көрсеткіштер тобымен (кен денелердің аумағы, ауданы, куаты) және пайдалы компоненттердің орташа мөлшерлерімен тікелей байланысты. Барлау жұмыстардың сапасы қанағатты болған жағдайларда қорларын есептеудің дәлдігі, негізінде, бас геологты - өнеркәсіпті көрсеткіштердің өзгермелілігіне, барлау кескіндері санына және олардың кеңістікте біркелкі турде орналасуына байланысты.Бір типке жататын кен орындардың, кен денелердің кенденуі дәрежелері шамамен біркелкі болған жағдайларда оларды барлау кезіндегі барлау кескіндердің саны бірдей және кеңістікте біркелкі қылып орналастырылса сонда есептеп шығарылған геологты өнеркәсіпті көрсеткіштері және қорларын есептеудің дәлдіктері (есептеу блоктарының үлкен кішілігіне қарамастан) шамамен бірдей болып келеді.Геологты - өнеркәсіпті көрсеткіштердің (пайдалы компоненттердің мөлшерлерімен кен денелердің қуаты) есептеп шығарған орташа мәндеріндегі қателіктердің қосындысы, негізінде, сынамалау қателіктерінен құралады. Олардағы қателіктердің пайда болулары –барлау кескіндер сандарының аз болуы, сынамаларды өңдеудің сапасы төмен болуы және басқада техникалық қателіктер. Барлау кескіндерін біркелкі етіп орналастырмағандықтың және кенденуі өзгермеліктері дәрежелерінің улғаюы, қателіктер мөлшерлерінің өсуіне әкеп соғады.Кенденудің өзгермелігі дәрежесі, барлау кескіндері саны, оларды орналастырудың біркелкілігі және барлау торының жиіліктері арасындағы байланыстардың курделі болып келуі, кен орнының барлануы дәрежесін сан турде бағалаудың көпшілік мойындаған әдістердің және әртурлі категориялары бойынша қорларды есептеудің дәлдігіне қойылатын бекітілген талаптардың қазіргі заманда жоқтығына себепші.
58. Тау-кен қазып алу жұмыстарын жоспарлауда кеніштік геологиялық қызметінің міндеттері. Тау-кен қазып алу жұмыстарын жоспарлауда кеніштік геологиялық қызметінің міндеттері:1) жоспарлауға қажет барша сызба материалдарды дайындау – кенорны және игерімдік учаскенің геологиялық карталары, деңгейжиектік геологты технологиялық пландар, геологиялық қималар, кен денелердің тік және деңгейжиектік беткейлердегі проекциялары (геологиялық сызба материалдары аспаптар қолданып салынған геологиялық негізінде жасалады),2) жоспарлау мерзіміне тиісті қазып алуға арналған барша игерудегі учаскелер, деңгейжиектер, блоктар, камералар бойынша пайдалы қазбалар қорын есептеу және оларды заттық құрамы мен типтерге, сорттарға және сапасы бойынша ажыратып бөлу;3) жеке-жеке игерімдік учаскесі бойынша кеннің кемсізденуін есептеп шығару және байыту фабрикасына жіберілетін кемсізденген руданың мөлшерінің сапалық құрамын есептеп шығару;4) әрбір игерімдіқ учаскесі бойынша рудамен таужыныстардың аумақтық салмағын анықтауының, таужыныстары мен руданың бұрғылаулық және жарылымдық жағынан категориялары жөнінде материалдарды дайындап беру;5) қазып алынған және жер қойнауында қалған қорларды есептей отырып карьерлерде қопаруы коэффициентінің жойылуы саны, шахталарда капитальді және дайындықтық тау-кен қазбалары жөндерінде қажетті деректерді дайындап беріп отыру, және жобада көрсетілген жойылу коэффициентін өзгертуі қажет болса ұсыныстар беру;6) жұмыстардың барысында қиыншылықтарды алдыналу мақсатында тиісті профилактика түрінде ұйымдастыруы қажет шараларды іске асыру үшін гидрогеологиялық және тау-кен техникалық жағдайларды жөнінде материалдарды беріп отыру;7) қазып алуға арналған кенорының учаскелерінде игерімдік барлаудың жоспарын құру.
59. Тауарлық руданың сапасын басқаруды және жоспарлауы қалай іске асырылады? Руда құрамындағы пайдалы компоненттерді жоспарда көрсетілген мөлшерде бөліп алуына әрі оны арттыруына тек ғана минералды шикізат сапасының геологты технологиялық бағалауы негіз бола алады. Бөліп алудың көрсеткіштерін алдынала жоспарлау үшін қажет: руданы кешенді турде өңдеуі және қолдануы үшін негізгі және ілеспе компоненттердің мөлшерлері, концентраттардың сапасы, руданың типтерімен сорттары бойынша қорларының саны және технологиясының зерттелуі, пайдалы қазбаны байытуының технологиялық нұсқасы жөндерінде мәліметтер.
Кенорынды игеруі кезінде руданың заттық құрамымен оларды байыту жолдары жете зерттелмегендігі, барлау кезіндегі көрсетілген руданың технологиялық типтерімен сорттары дәлелін таппағандығы, ал байыту көрсеткіштері жобадағысынан төмен екендігі байқалуы мүмкін. Сондықтан-да қазып алуға жобалап отырған руданың қорын қосымша турде геологты технологиялық бағалауға жатқызуға қажет болады.Ағымдағы жобалауды жасау мақсатында қазып алуға көздеп отырған блокта алдынала геологты технологиялық сынамалауды ұйымдастыру қажет. Сол кезде кенорынның осы учаскесіндегі тау-кен қазылымдардан рудалардың химиялық және минералогиялық құрамдарын, құрылымдық, бітімдік ерекшеліктерін ескере отырып технологиялық сынамалар алынады. Технологиялық сынамалардың байытылуы жағынан зерттеулері нәтижелері бойынша технологиясы жағынан біркелкі блоктарды ажыратуға болады. Соған орай қазып алуға арналған руданың сапасын тиімді турде басқаруға болады-да олардың өңдеуінің жобаланған техника экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкін.Геологты технологиялық сынамалаудың нәтижелері қазып алу және өңдеуге арналған руданынң байытылуы картасын жасауға негіз болады. Қазып алуға дайындалған руданы геологты технологиялық сынамалаудан өткізуі өңдірісте жоспарланған көрсеткіштерді өте жоғары экономикалық эффектімен атқаруға жол ашады.Тауарлық руданың көрсеткіштерінің өзгермелігінде зандылық байқалатын болған жағдайда ғана қазып алу кезінде оның сапасын басқаруы мүмкін. Руданың сапасы деп оның қазып алуына және оңдеуіне әсерін тигізетін химиялық және физикалық қасиеттерін білеміз. Кенорнының әрбір бөлігінде рудасының сапасы біркелкі тұрақты емес, әсіресе түрлі-түсті металдар рудаларының сапасы өте өзгермелі болып келеді.
60. Тау-кен кәсіпорында қорлардың жағдайлары мен ағымын мемлекеттік есепке алуы қалай атқарылады? Пайдалы қазбалардың мемлекеттік балансы келесідей мәліметтерді қамтиді: кенорны бойынша өнеркәсіптік маңызы бар қорларының саны, сапасы және зерттелінген дәрежесі, олардың кеңістіктегі алар орны, өнеркәсіптік тұрғыдан қарағандағы игерілген сатысы, қазып алуы, жоғалымдары және барланған қорларымен қамтылуы. Таукен-кәсіпорындағы қорлардың жағдайларымен ағымын есепке алып отыруы пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын жасап отыруға негіз болады.Пайдалы қазбалар қорларының жағдайларымен ағымдарын мемлекеттік есепке алуы 5-ГР нұсқасы бойынша жасалады. 5-ГР нұсқасы дегеніміз – пайдалы қазбалар қорларын есепке алу және есеп беруге арналған балансты құру жөніндегі нұсқаулық.Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алуы қамтитын мәселелері:1) кенорны және онын бөліктері, таукен кәсіпорны, аудандар, облыстар бойларынша әрбір жылдың 1 қантарына қарасты етіп пайдалы қазбалардың қорларын есепке алуын және олардың (қорларды) барланған дәрежесі, өнеркәсіптік түрде қазып алуға дайындығы және нақты түрде қазыпалынғаны көрсетіледі;2) ҚжМК (ҚжАК) (ГКЗ и ТКЗ) бекіткен қорларды есепке алуды;3) кенорынды игеру кезіндегі пайдалы қазбалардың бір жылдық қазып алынғанын және жер қойнауында жоғалтқанын есепке алуын, сондай-ақ игерімдік және геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде қорлардың сапасының өзгерулерін де есепке алуды;4) іске қосылған, құрылып жатқан және жобадағы таукен кәсіпорындардың барланған қорлармен қамтылуын есепке алып отыруы.Кенорын қазып алуға берілгеннен бастап пайдалы қазбалар қорлары есепке алынады. 5-ГР нұсқасындағы қорлардың балансы жөніндегі есеп таукен кәсіпорнының геологиялық және маркшейдерлік қызметтері жасайды. Жылсайын геологиялық қызметі жер қойнауынан қазып алынған аумақтағы қорларды бақылау түрде есепке алып отырады және оны нақты турдегі қазып алынған мәліметтермен салыстырады.
61. Кенорындарда қазып алу кезінде жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау. Кенорнын игеру кезіндегі жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау Жер қойнауын қорғау жергілікті тұрғындар өмірі мен денсаулығын қорғау, пайдалы қазбаларды үнемді және комплексті пайдалану, ландшафтық табиғи жағдайын сақтау, жер қойнауын беткі бөлігінде жер сілкіністерін, опырмалар, грунт отыруын болдырмау үшін оның энергетикалық қалпын сақтау сыяқты іс-шаралар жүйесінен тұрады.Жер қойнауын пайдалану операциялары кезіндегі қолданылатын экономикалық талаптарға мыналар жатады:
- жер бетін сақтау;
- жердің техногендік шөлейттенуіне жол бермеу;
- бұзылған жер аумақтарын азайту;
- топырақты жел эрозиясынан, аршылымдық үйіндісінен өндіріс қалдықтарынан, олардың тотығуынан және өзі бетінен жанудан сақтау, болдырмау
- ауыз су горизонттарын улы сулардан қорғап қалу;
- жер асты суларының сарқылуы мен ластануын болдырмау;
- жуғыш ерітінділерді даярлауда улы емес реагенттерді қолдану;
- бұрғылау ерітінділерін тазалау мен қайталап пайдалану;
- бұрғылау қалдықтары мен жанар-жағармайлар материалдарын экологиялық қауіпсіз жолмен жою.
- мұнай кәсіпшілігі қалдық ағындысын тазалау мен қайталап пайдалану.
ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының 48 бабына сәйкес жерқойнауын пайдаланудың жобалық материалдары міндетті түрде осы жұмыстардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалаудан өтулері тиіс. Мұндай бағалаулар арнайы құжаттармен рәсімделеді. Оның рәсімделу тәртібі «экологиялық сараптау туралы» ҚР заңы негізінде іске асырылады.
62. Тау-кен кәсіпорнындағы геологиялық қызметінің негізгі міндеттері. Тау-кен кәсіпорнының минералдық шикізат қорын нығайту мен кеңейту, пайдалы қазбалардың барланған қорларының шынайлығын арыттыру, пайдалы қазбаны қазып алуын геологиялық жағынан камтамасыз ету, пайдалы қазбаны тиімді және кешенді игеру, кенорынды дұрыс қазып алуына бақылау жүргізіп туру және жер қойнауын қорғау. Мұндай мәселелерді қамтамасыз етуде көлемді геологиялық мәліметтер қажет болады. Олар кеннің минералдық және химиялық құрамдары мен олардың құрылымдық ерекшеліктерін, кеннің технологиялық сапасының өзгермелілігін, кен денелерінің тектондық бұзылулары мен морфологияларын, кенорындарды игерудегі гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық жағдайларының сипаттамасын қамтулары тиіс.Осындай мәліметтер игерімдік барлау жұмыстары барысында қосымша жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде және де барлау, ашу, дайындықтық, тілу, өндіріу жұмыстары кезінде ашылған кен денелерді жүйелі түрде зерттеулері арқылы жинастырылады.Кенорындарды игеруінің рентабельді болуы, кеннің жоғалымдары мен құнарсыздануларының төмен болуы көптеген жағдайларда қолданған игерімдік жұмыстардың әдістерімен жүйелері, кендердің таукен-геологиялық және таукен-техникалық жағдайларына сәйкес болуына байланысты.Кенорындарда игеру кезінде пайда болған геологиялық деректерді негіз ете отырып пайдалы қазбаны қазып алудың техникалық жағынан дұрыс, экономикалық жағынан тиімді және жұмысшыларға қауіпсіз жағдайларды жасауға шаралар іске асыралады. Кенорындарды қазып алу барысында кенорны тұралы, кендердің құрамы, кенденелердің морфологиясы мен ішкі құрылыстары жөнінде толық мәліметтер алу мүмкін болады. Геологиялық мәліметтерді біріктіріп талдау барысында кендердің орналасауындағы заңдылықтары анықталады, кенденелер морфометриялық өлшемдерімен кендердің сапасының өзгерулері бағаланады, әртурлі генетикалық концепциялар мен құрылымдық салулардың дұрыс- бұрыстығы тексеріледі, кенорындардың шет-шеттерімен тереңдік жерлерінің кенденужағынан перспективасына баға беріліп геологиялық барлау жұмыстардың әдістемесін жетілдіруге ұсыныстар беріледі.
63. Игерімдік барлаудын негізгі міндеттері. Карьерлердегі игерімдік барлау жұмыстарының негізгі міндеттері болып табылатындар: кен денелердің, руда арасындағы бос тау жыныстардың контурларын дәлді түрде анықтаулары, рудалардың типтері мен сорттарын айқындап олардың контурларын көрсету, кенорынды игеруіне қатысты гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық жағдайларын анықтау.
64. Карьердегі игерімдік барлаудын әдістері. Игерімдік барлау жұмыстары екі түрге бөлінеді – алдынала және ілеспе барлаулар.Алдынала игерімдік барлау жұмыстарында келесідей мәселелер шешімдерін табады – ағымдағы тазартпа жұмыстары жүргізіліп жатқан деңгейжиектен төмендегі бір-екі деңгейжиектерде кен шоғырларының сыртқы контурларын дәлдіктеу, руда араларындағы бос тау жыныстардың контурларын алдынала түрде анықтау, әртурлі типті, сортты рудаларды контурлау. Мұндай мәліметтер карьерлер борттарының алар орындарын анықтауға, болашақтық және ағымдағы қазып алу жұмыстарын жоспарлауға қажет болады.Алдынала игерімдік барлау жұмыстары бойынша дайындаған қорлар мөлшері біржылдық қазып алу көлемінен кем болмауы тиіс, ал тау-кен қазба жұмыстарын тиімді және онай түрде жобалауы үшін одаң екі-үш есе асырып тұрған жөн болады.Игерімдік барлау жұмыстары әдептегідей колонкалы тік немесе көлбеу бұрғылау ұнғылармен, кейбір жағдайларда кернсіз бұрғылаумен, сирек түрде канавалар қазу арқылы атқарылады.
65. Жерасты әдісімен қазып алу кезіндегі игерімдік барлаудын әдістері. Жерасты қазып алуы жүйелерін игерімдік барлауы мақсатында екі негізгі тобқа бөлүге болады.Бірінші тобы – тазартпа қазып алу жұмыстары басталмай тұрып игерудегі қабаттың барша биіктігі бойынша кен шоғырының сипатталуын талап ететін қазып алу жүйелері. Мұндай жүйелер тазартпа блоктарының материалдарын бір ғана қабылдаушы деңгейжиек арқылы іске асырып отырады, сондықтанда оның орны өте мұқият дәлді турде қарасстырылуы қажет. Бұл тобқа жататындар барша камералы жүйелер мен руданы жаппай қопару (жаппай руда қабатын құлату, жартылай қабатты, қабатты құлатулар) жүйелері. Тазартпа қазып алуға дайындауы кезінде руданы тасымалдауы мен шығаруы мақсатында көп тау-кен қазбалар қазылулары тиіс. Сондықтанда осындай блоктарды кескіндеу және дайындау жұмыстардың жобасын жасауына өте сапалы геологиялық негіз қажет болады, демек тазартпа жұмыстары барысында кен денесінің пішіндері жөнінде көзқарастар өзгеретін болса тау-кен қазба жұмыстарын өзгертіп басқа бағытқа салу өте қиын.Қазып алу жүйелерінің екінші тобы кен денесі морфологиялары жөнінде мәліметтер өзгерген жағдайларда тазартпа жұмыстарының конструкциясын жеңіл турде өзгеруге мүмкіншілік береді. Мұндай тобқа жататын жүйелер – магазиндеу, қат-қабатты алу әдісі, ашылған кеңістікті бекіту ж.б. с.с. жүйелер.
66. Тау-кен кәсіпорындарындағы сынамалаудың негізгі міндеттері. Сынамалаудың негізгі мақсаты – руда сапасы жөнінде сан түрде мәліметтерге йе болу. Тау-кен кәсіпорнында рудаларды сынамалау арқылы келесідей мәселелер шешімін табады:
кен денелердің контурларын анықтау;
рудалардағы пайдалы компоненттердің мөлшерлерін анықтау (қорларды есептеуге қажет болады);
өңдеудің технологиялық сұлбаларымен ерекшеленетін руданың табиғи типтерімен өнеркәсіптік сорттарының кеңістікте алар орындарындағы заңдылықтарың айқындау;
руда құрамындағы пайдалы компоненттері арасындағы корреляциялық байланыстарды анықтау және қоспа элементтердің қорларын есептеу;
руда мен еңгізген тау жыныстардың физика-механикалық қасиеттерін анықтау;
қазып алу кезінде руданың кемсізденуі мен жоғалымдарын бағалау;
руданы қазып шығарудың жоспарын және концентраттар мен өнеркәсіптік өнімдегі пайдалы компоненттері таралуы балансын құру;
тазартпа қазып алу жұмыстарын және қазып алған руданың сапасың шүғыл түрде басқарып тұру;
тау-кен өңдіруші кәсіпорыны мен руданы қолданатын кәсіпорындар арасындағы коммерциялық есеп айырысуда қажет мәліметтерімен қамтамасыз ету.
67. Тау-кен жұмыстарының сапасы дегеніміз не? Пайдалы қазбаның сапасы дегеніміз – оның функциональді және технологиялық қасиеттерінің қосындысы. Олар пайдалы қазбаның өнеркәсіптік түрде пайдалануы мүмкіндігі мен қажеттілігін көрсетеді.
Функциональді қасиеттері рудалардың химиялық талдаулары және арнайы сындардан өткізуі (мөлдірлігін, талшықтардың ұзындықтарың айқындау т.б. с.с.) арқылы бағаланады.
Технологиялық қасиеттері рудалы массадан пайдалы компоненттерді айырып алуы мүмкіндіктерін көрсетеді. Технологиялық қасиеттері лабораториялық, жартылай өнеркәсіптік және өнеркәсіптік технологиялық зерттеулері арқылы анықталады.
68. Тау-кен кәсіпорында өнімдердің сапасын басқарудың әдістері. Тау-кен кәсіпорнында өнімнің сапасың басқарудың екі әдісі бар:
қазып алуды (руданы, тау жыныстарды) жоспарлау;
тікелей басқару, яғни тау-кен жұмыстары үрдісін белгілі бір сапалық режимде атқарып тұру.
Осындай әдістерге ақпараттық негіз болып табылатын мәліметтер сынамалау арқылы пайда болады. Руданы өңдеуінің технологиялық көрсеткіштеріне әсер ететіндер – минералдық және химиялық құрамдары, құрылымымен бітімдік ерекшеліктері, бастапқы және қышқылданған минералдардың мөлшерлері, рудамен минералдардың шағылымдық қасиеттері. Тау-кен технологиялық процессті шұғыл түрде бақылап отыру мақсатында, көптеген жағдайларда, руда сапасының негізгі сипаттамасы ретінде онын құрамындағы негізгі компоненттердің мөлшерін қарастырады. Ақпараттық жоспарда осы сипаттаманы анықтайтын екі статистикалық көрсеткіштер: руда мен концентраттағы пайдалы компонеттің орташа мөлшері мен оның өзгермелілігі. Осындай көрсеткіштерді қазып алу процессінде есепке алып реттеп отыру – тау-кен кәсіпорнындағы руда сапасын басқарудың негізгі міндеті.Руданын сапасын басқаруда технологиялық процесстің барлық негізгі операциялары бақылауға алынуы тиіс.Руданың сапасын басқарудағы әрбір операциясы екі негізгі сатылардан түрады: руданың яғни концентраттың әрбір бөлшегінде пайдалы компоненттің орташа мөлшерін анықтауы мен оған басқарушы амалдар қолдануы. Басқарушы амалдар екі түрлі болып келуі ықтимал: бөлу, руда мен концентраттағы пайдалы компоненттің орташа мөлшерін өзгертүді мақсат етеді және біріктіру (араластыру) – пайдалы компоненттің мөлшері өзгермелігіне әсер етеді.