Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ShPOR_-_Kenishtik_geologia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
414.21 Кб
Скачать

46. Жерасты жұмыстары әдістерімен қазып алудағы гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық зерттеулері

Кенорындарды жерасты әдісімен қазып алудағы гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық зерттеулер

Іске қосылған рудниктермен шахталарда гидрогеологиялық зерттеулерді жүргізүдің мақсаттары - жерасты суларының режимін, су ағымының қалыптасуы жағдайларын, су ағымы мөлшерінің деңгейжиектегі тазартпа жұмыстарының және тереңдікке бағытталған дайындық жұмыстарының атқарылуына байланыстығын, сулардың сапалық құрамын айқындауы болып келеді.

Жербеті және жерасты суларының бір-бірімен байланысын және оның сулар ағымына тигізер әсерін зерттеу үшін шахта алаңына тиесілі жер беткейі тексеруге жатады. Геологиялық мәліметтерге сүйене отырып осындай тексеруді жасауы кезінде атмосфералық жауын-шашындар сулары мен жербеті суларының инфильтрациясы, шахтадан шыққан сулары қайтадан жерге сіңіу жоғары учаскелер көрсетіледі. Осындай учаскелерде гидрометриялық бекеттер орнатылып режимді байқаулар қарастырылады. Бекеттерді орналастыруы тәртібімен байқаулар арасындағы уақыттың жиілігі кенорынның гидрогеологиялық жағдайларының күрделігіне, жер бедеріне, климатқа ж.б. факторларға байланысты.

Жерасты тау қазбаларда, дренажды, алдынала жэне барлау-дренажды ұңғыларда, ұрып-қағып салған және өтпелі фильтрларда, режимді ұңғыларда жерасты сулардың режиміне байқаулар үйымдастырылады. Олар арқылы шахтаға деңгейжиектерден төгілетін сулардың үлестерімен олардың қосындысын анықтап және табиғи, техногендік факторлармен байланыстарын табуға болады.

Әрбір деңгейжиектен келетін сулардың косындысы жалпы шахтаға төгілетін судың көлемін көрсетеді. Бақылау мақсатында шахтадағы суды сорып алатын қондырғыларға қойылған суөлшегіш аспаптардың мәліметерімен салыстырып отырады. Шахта алаңының сулануын зерттеуі кезінде тау-кен жүмыстарының әсерін ескере отыру керек: олардың ауданын, тереңдіктерін, қазып алу жүйесін ж.б. Тау-кен жүмыстары ауданымен тереңдіктерінің үлғаюымен шахтаға су төгілімі-де үлғаяды.

Қазып алудың орнын қайта толтыру жүйесін қолданғанда тазартпа кеңістігінің үстіндегі тау жыныстардың фильтрациялық қасиеттері айтарлықтай өзгермейді. Қазып алудың төбесін қүлату жүйесін қолданғанда тау қазбадан жоғарыдағы тау жыныстарда үш түрлі деформациясы белдемдері пайда болады: жаппай қүлаған, жарықшақтығы мол және тау жыныстар түтастығы бүзылмай баяу отырып қалған. Осынау белдемдердегі тау жыныстардың фильтрациялық мүмкіндігі өседі-де шахтаға су төгілімінің үлғаюына әкеп соғуы ықтимал. Егер қүлаған белдемнің аумағына жер бетіндегі су қоймасы, яғни өзен арнасы кіретін болса тау жыныстар массивінде филтрациялық қасиеттерінің өзгерістеріне бақылау жүргізіп түру өте маңызды, демек осындай жағдайларда тау қазбаларды су алып кетуі-де ықтимал.

Гидрогеологиялық байқаулардың деректерін салыстыру мақсатында анықталатын көрсеткіштер: депрессиялық шүңқырдың ортасында 1 м төмендетуге, кенді 1 м төменге қазып алғанға, тау жынысы массасының аумағының бірлігіне, пайдалы қазбаның қазып алған 1 тоннасына шаққандағы су қүйылымдарының мөлшері. Осынау деректер тау қазба жүмыстардың барысында су қүйылуының молшерлерін болжап түруға негіз болады.

Су ағындарымен олардың деңгейлерін өлшеуімен қатар әрбір су қабаты бойынша термометриялық байқаулармен химиялық қүрамдары зерттелерге арналады.

Тау жыныстармен рудалардың физика механикалық қасиеттерін, жарықшақтығымен тектондық бүзылымдығын зерттеуі, кен қазып алу жүмыстарымен байланысты инженерлі-геологиялық қүбылыстардың (карст ж.б) пайда болуының қарқыны мен түрлерін анықтауы, тау қазбалардағы тау қысымын және жер бетіндегі деформацияларды бағалауы - инженерлі-геологиялық зерттеулердің нысандары болып табылады.

Жарықшақтығы мен тектондық бүзылымдығы жоғары белдемдерде тау жыныстардың физика механикалық қасиеттерін дәдді түрде зерттеі тиіс.

47. Тау-кен кәсіпорындарда геологиялық байқаулары мен құжаттауы.

Тау-кен кәсіпорнындағы геологиялық құжаттаудың мақсаттары: кенорнының геологиялық ерекшелітерін зерттеуі, пайдалы қазбалар денелерінің контурларын және ішкі құрылысын анықтауы, рудаларды сорттарға, типтерге бөлуі, сынамалау жүйесіне негіз келтіру және қорды есептеуге қажет мәліметтерді дайындауға, минералды шикізатті толық және сапалы қазып алуды қамтамасыз ету алу кезінде нормасынан асыра жоғалымдармен кемсізденуіне жол бермеуді камтамасыз ету.

Барлау процессінде барлау мен зерттеу жұмыстарын мұқият құжаттау ұдайы жүргізіледі. Сипаты бойынша қүжаттар мына түрлерге бөлінеді: бастапқы – жұмыстар мен зерттеулер орындалған жерде тікелей жүргізілуі; жиынтық – бастапқы материалдарды өңдеу нәтижелерінен тұрады; қорытынды (есепнамалық) – барлық материалдар мен барлаудың белгілі бір кезеннің немесе барлығының нәтижелері қорытындыланады. Геологиялық құжаттаудың көлемі негізінен кенорынның масштабына және геологиялық құрылысының күрделігіне байланысты.

Бастапқы геологиялық материалдарға жекелеген ашылымдардың, үңғыма кернінің, барлау үңгімесінін суреттемесі, фотографиясы мен сипаттамасы, пайдалы қазба мен сыйыстырушы таужыныстардың жекелеген үлгілері, сынамалау журналдары, геофизикалық, гидрогеологиялық және т.б. байқауларды тіркеу журналдары кіреді.

Жиынтық геологиялық материалдарға жататындар: таужыныстар мен пайдалы қазбалардың эталондық коллекциялары, кенорынның геологиялық қимасының сипаттамасы; әр түрлі типті және масштабты карталар, пландар, қималар мен проекциялар; диаграммалар, кестелер, графиктер және пайдалы қазба мен сыйыстырушы таужыныстар көрсеткіштері мен қасиеттерінің сандық өлшемдерінің өндеу нәтижелері және т.б.

Қорытынды материалдар жыл сайынғы геологиялық есепнамалардан, пайдалы қазбалар мен пайдалы компоненттердің қорын жедел және қорытынды (барлау қорытындысы бойынша) есептеу нәтижелерінен түрады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]