Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ShPOR_-_Kenishtik_geologia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
414.21 Кб
Скачать

43. Ұңғылық геофизикалық әдістері. Ұңғылық геофизикалық әдістер

Ұңгыларды зерттеуге арналган геофизикалық әдістерге әртүрлі физикалық өрістерді зерттеулері негіз болған. Ұңгыларда геофизикалық зерттеулер жүргізуде сондай-ақ далалық (жербеті) геофизикада қолданатын әдістерді іске асырады, тек қолданатын қурал-аспаптары өзгеше болып келеді. Тау жыныстар мен рудалардың геофизикалық сипаттамалары ұңгыга жіберілген құралдармен өлшеніп жер бетіндегі приборлармен цифрлы, яғни графиктар ретінде тіркеледі.

Ұңгылық геофизикалық әдістерге каротаж және ұңгылық геофизика жатады. Ұңғыларда каротаждың келесідей түрлері жасалады: электрлі, магнитті, радиоактивті, термикалы ж.б.

Рудалы кенорындарды барлауда ең маңыздылары - электрлі, радиоактивті және магнитті. Каротаж деректерімен ұңғы бойынша геологиялық қимасы литологиялық түрлеріне жіктеледі, кен денелер айқындалады, тау жыныстарымен рудалардың физикалық қасиеттері анықталады.

Гидрогеологиялық зерттеулер кезінде қолданатын ұңғылық геофизикалық әдістер -термометрия, резистивиметрия (шаймалау суйықтың электркедергісін өлшеу), расходометрия (суйықтың ұңғы бойындағы жылжуы жылдамдығы), барометрия (ұңғы оқпанындагы қысымды анықтау).

Ұңғылық геофизика деп ұңғылар арасындағы және ұңғы төңірегіндегі кеңістікті зерттейтін әдістері деп түсінеміз. Ондай зерттеулер табиғи, болмаса жасанды геофизикалық өрістерді зерттеулер арқылы атқарылады. Жиі қолданатын әдістер -радиотолқынды және акустикалық зерттеулер, зарядталған денелер, өтпелі процесстер, полярленген қисық сызулардың жапсарлы әдісі, ұңғылық магниторазведка. Ұңғылық геофизика әдістері қоршаған тау жыныстардан физикалық қасиеттерімен ерекшеленетін кен денелерді тауып олардың шекарасын, морфологиясын, жатыс элементтерін, өлшемдерін айқындауға мүмкіндік береді.

Ұңғылық геофизика әдістері ұңгылардың техникалық жағдайларын бақылауда қолданады. Бүл әдістерге жататындар - инклинометрия мен кавернометрия. Инклинометрия әдісінде ұңғы оқпаны осінің вертикальды бағыттан (зенитті ауытқуы) және барлау қимасы бағытынан (азимтты ауытқуы) ауытқуы бұрыштары өлшенеді. Кавернометрия - ұңғының нақты диаметрін айқындауға арналады.

44. Геофизикалық жерасты (шахталы) әдістері.Жерасты (шахталық) геофизика әдістері

Жерасты (шахталық) геофизика әдістерімен тау қазбаларда болмаса жерасты ңғыларда орналастырылған құралдар арқылы жерасты кеңістіктері зерттеледі.

Жерасты геофизика негізінде әншейін геофизикалық әдістерді қолданады, тек сирек түрде олардың жетілдірген модификацияларымен жербеті әдістерінде жоқ әдістерді қолданады. Бүл әдістердің негізгі міндеттері - барлау жүмыстарымен қазып алу блоктарын дайындау үрдістерін шұғыл түрде геологты-геофизикалық деректермен қамтамасыз етіп түру. Сонымен қатар гидрогеологиялық, инженерлі-геологиялық жағдайларды жэне соларга жататын геодинамикалық үрдістерді-де зерттеу мәселелеріде орын алады

45. Ашық тау-кен жұмыстары әдістерімен қазып алудағы гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық зерттеулері.

Кенорындарды ашық тау-кен жүмыстары әдісімен қазып алудағы гидрогеологиялық және инженерлі-геологиялық зерттеулер

Карьерлерде гидрогеологиялық зерттеулері барысында жерасты және жербеті сулары деңгейлерімен олардың қүйылымына бақылау, суларды сорып алу және керісінше айдауы жүмыстары, сулардың химиялық қүрамдарын зерттеуі жүмыстары атқарылады. Қүрғату мәселелерін шешу мақсатында дренаж жүйелерінің жүмыстарын атқаруы үнемі бақылауда болуы тиіс және сулы қабаттардың гидродинамикалық көрсеткіштері мен олардың гидравликалық байланыстарын анықтауы қажет.

Карьерге төгілетін жерасты және жербеті суларының ағымы режиміне бақылау жүргізетін кешені бағытталған байқау нүктелері жүйесімен іске асырылады. Олардың саны карьер көлемі үлғаюымен өсіп түрады.

Карьер маңындағы жерасты мен жербеті сулары деңгейлері, қүрамы мен температуралары өзгерулеріне бақылау жасағаннан алынған деректер карьерге төгілетін жерасты суларының режимін анықтауға, су қабаттарының бір-бірімен және жербеті суларымен арасындағы гидравликалық байланыстарын, жерасты суларының қоректенуі режимдерін анықтауға мүмкіндік береді. Карьердегі су төгіліміне әсер ететін, сондай-ақ

жер бетіндегі барша агынды сулар және сулы қабаттар осынау бақылау-зерттеулерге арналулары тиіс.

Карьерге сонымен қатар сорып алып сыртқа төгер сулардың ластануымен химиялық қүрамдарына бақылау жүргізіп турады. Осынау бақылаулардың мақсаты -қоршаған ортаға зиян келтірмеу және-де оларды тау-кен кәсіпорнында қолдануға мүмкіндіктерін анықтап үсыныстар жасау.

Гидрогеологиялық байқаулар деректерін сараптаудан өткізіп жүйеге келтіреді. Оларды карьерге су төгілімі көлемін анықтап уақыт өте олардың өзгеруі мүмкіндігін болжауда, қүргату жүйелерінің және сол суларды іске асыруға мүмкіндіктерін бағалауға қолданады. Гидрогеологиялық зерттеулерден пайда болған деректерді суларды сорып алу жүйесін және оған қажет қүралдарды (насостар, қүбырлар ж.б.с.с.) есептеуге қолданады.

Инженерлі-геологиялық жағдайларын зерттеулері карьерді байқаулары арқылы іске асырылады. Сонда тау жыныстардың үгілген-мүжілген, аса жарықшақты учаскелері белгіленіп геодинамикалық үрдістер мен қүбылыстар анықталады. Жағдайлары курделі болса инженерлі-геологиялық бағалау (түсіру) қарастырылады. Түсіру кездерінде планға келесідей деректер салынады: пайдалы қазба денелерінің жатыс элементтері мен олардың жарықшақтығы, еңгізген тау жыныстардың инженерлі-геологиялық қасиеттері, карьердің табаны мен тепкіршектерінің көлбеу бүрыштары мен жағдайлары, үйінділердің орналасуы және олардың сипаттамалары, деформациялар бар- жоқтығы ж.б. Деформацияларды байқаулары мен карьердің борттарының, тепкіршектері көлбеу қабырғаларының, карьердің үйінділерінің беріктіктерін бағалауда көзбеше және аспапты әдістер қолдануда. Көзбеше байқауларда тепкіршектердің көлбеу қабырғалары, карьердің табаны мен үйінділері уақыт өте қарап турады-да журналға жазып планға салынады, тау жыныстар деформациялары қол сүретке және фотосүретке салынады.

Беріктікті зертеулері кезінде тау жыныстар үлгілері физика-механикалық сынауға алынады, тау жыныстарды жатқан жерлерінде жылжытуға сынақтар жургізеді. Маркшейдерлік аспапты әдістер профилді сызықтар бойында орналастырған реперлерге байқаулар жүргізуі арқылы іске асырылады.

Инженерлі-геологиялық зерттеулерде геофизикалық әдістерде қолдануда. Радиоактивті әдісі: геологиялық қиманы литологиясы жағынан бөлуге (гамма-каротаж), тау жыныстардың көлемдік массасын анықтауда (гамма-гамма-каротаж) ж.б. Сейсмоакустикалық әдісі тау жыныстардың литологиялық турлерін анықтауға, олардың жарықшақтығын, беріктілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Инженерлі-геологиялық жағдайлары курделі кенорындарда тау жыныстардың физика-механикалық қасиеттері дәлелдеуге жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]