Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ShPOR_-_Kenishtik_geologia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
414.21 Кб
Скачать

36. Сынамаларды талдау, сыннан өткізу дайындығы.

Сынамаларды талдау және сынау. Алынған және өнделген сынамалардың барлығы спектрлік, химиялық, минералогиялық талдаулар мен физикалық-механикалық сынаудан өтеді.

Сынама - кенденесінің яғни қопарылған кеннің белгілі бір көлемінен алынған және оны берілген бір дәлдікте сипаттайтын сынақтауға арналған зат деп білеміз.

Сынамаларды химиялық талдауларға дайындауы лабораториялық сынамаға қойылатын стандартты талаптардан туындайды. Сондықтан-да сынамадағы және химиялық талдауға түсетін сынаманың бөлшегіндеде анықтауға тиесілі компоненттің мөлшері сондай-ақ сынауға арналған руда көлеміне сәйкес болуы тиіс және сынаманы өңдеуіндегі қателіктері шектерінен шықпауы-да тиіс.

Ал, сынамалардың салмақтарына келсек, олар бір килограмның бөлшектерінен басталып жүздеген килограмдарды қамтидыда кесектерінің өлшемдері миллиметрдің бөлшектерінен басталып ондық сантиметрлерге барып қалады. Лабораториялық сынаманың массасы 50-100 г, бөлшектерінің ірілігі 0,1-1 мм болса, химиялық талдауға түсетін бөлшегінің салмағы – бірнеше грамм ғана, ал ірілігі – 0,1 мм төмен.

Бастапқы және лабораториялық сынамалардағы химиялық компоненттердің мөлшерлерін сәйкестік жағдайда болуын қамтамасыз етуде сынама заты дайындықтан өтеді: уатылады, араластырылады және бөлінеді.

Шлихты сынаманы дайындауда- алып келген бастапқы концентрат тығыздық қасиеттеріне суйеніп жеңіл және ауыр фракцияларына, магниттік қасиеттеріне орай – магнитті емес, магнитті және электрмагнитті фракцияларына бөлінеді-де әрқайсысының құрамындағы рудалы минералдар есептеуге арналады.

Техникалық сынамалауда руда көлемінен белгілі бір өлшемді куб яғни цилиндр тәрізді бөлшектер ойып алынады, олар түрлі физика-механикалық қасиеттерін зерттеуге арналады.

37. Сынамалаудағы қателіктер және оларды бақылау.

Сынамалаудың ауытқулары және оны бақылауы

Сынамалаудың ауытқүлары, сынаманы алу, оларды сынға дайындау және сыннан өткізу (талдау) кездерінде туындайды. Іс жүзінде сынамалар дәлді деп есептеледі егер жүйелі түрдегі ауытқүлар жоқ болса, ал кездейсоқ қателіктер шартты турдегі ауытқүлардан тыс шықпаса. Сынамалардың ауытқүлары мөлшерлері руданың құрылысы күрделігі, заттық құрамы, сынаманы алу әдісі, дайындауы мен талдауына байланысты.

Кенорнын ьарлауымен игеруі кезінде химиялық, техникалық және технологиялық сынамалаудың нысандары болып руданың типы болып табылады, ал одан үсақ нысандары минералогиялық сынамалауға арналады.

Сынамаларды алу кезіндегі ауытқулар сынама геометриясының руданың бітімімен құрылымының ерекшеліктеріне сай келмегендігінен туындайды және алу әдісіне де байланысты.

Сынамаларды өндеу кезінде әрбір сатысында (ұсату, уату) ауытқүлар пайда болады. Өндеу кезінде міндетті түрдегі қойылатын шарт - әрбір сатысында өкілетті сынамаға тиесілі минимальді массаны (салмақты) анықтап тұру.

Өкілетті сынаманың минимальды масса - осы осы сатысындағы сынаманы максимальды түрде қысқартқанда талдауға арналған қасиеттері өзгермеулері тиіс. Эксперименттер арқылы анықталған - өкілетті сынаманың массасы бөлшектердің ірілігі мен заттың біркелкі еместігіне тікелей пропорциональді, ал қысқарту - ауытқұының шегіне кері пропорциональды болып келеді.

Сынамалау кезінде әртурлі техникалық ауытқүлар пайда болады. Оларды жүйелі және кездейсоқ деп бөлуге болады. Сынамаларды алу кезіндегі ауытқүлар керннің біркелкі емес түрінде қажалуынан, шағу кезінде шортсыңғыш минералдардың сынамаға түспей шашырап кетулерінен түындайды. Сынамаларды өңдеу кезіндегі ауытқүлар ұсату-уату кездеріндегі сынама затының абайсыздан жоғалтуынан, бөтен сынамадан келіп түскен заттардан, өңдеу схемасынан тыс шығып кетулерінен туындайды.

Кенорында барлауымен игеруі кездерінде сынамалау жұмыстарының жауапкершілігі зор. Сынамалаудағы қателіктер кенорынды өнеркәсіптігі жағынан бағалауда дұрыс емес шешімді қабылдауға әкеп соғады. Сондықтанда сынамалаудың шындыққа сәйкестігін үнемі бақылауда ұстау қажет. Бақылаудың міндеті – жүйелі ауытқүларды тауып оған жол бермеу, кездейсоқ ауытқүларды анықтап оларды азайту.

Жүйелі ауытқүларды табу мақсатында 20-30 шақты қатарлас сынамалар алынады. Олардың бірі негізгі, бірі бақылама сынамалар деп аталады.

Кездейсок ауытқүларды анықтауы үшін негізгі сынамалар секілді сондай дәлдікте тағыда сол көлемде сынамалар алынады.

Химиялық талдаулардың бақылауы ішкі және сыртқы деп бөлінеді.

38. Сынамаларды метрологиялық жағынан қамтамасыз ету.

Сынамаларды метрологиялық жағынан қамтамасыз ету. Сынамалаудағы стандарттар.

Метрология дегеніміз өлшеулер тұралы, олардың әдістерімен біркелкі болуын қамтитын амалдары, керекті дәлдікті камту жолдары тұралы ғылым.

Сынамалау нысандарын метрологиялық жағынан қамтамасыз ету және стандарттауы кәсіпорынның стандарты ретінде жұзеге асырылады. Оған жататындар ұңғыларды, тау қазылымдарды, руда қоймаларын сынамалауы жөндеріндегі кәсіпорынның стандарттары.

Ол стандарттар келесідей жағдайларды қамтулары тиіс:

  1. сынамалардың мақсаты;

  2. сынауға тиіс материалдың заттық құрамы мен физика-механикалық қасиеттерінің сипаттамалары;

  3. сынаманы тиесілі және минимальді массасы;

  4. қатардағы сынамалардың саны;

  5. сынамалау жүйесі;

  6. сынамалау тәсілі;

  7. сынамалауды құжаттауға тиісті талаптар;

  8. сынаманы оңдеуі сұлбасы;

  9. сынамаларды алуға арналған сайман-құралдар;

  10. сынамалаудағы қауіпсіздіқ шаралары.

39. Тау-кен жұмыстарының сапасы дегеніміз не? Тау-кен кәсіпорнында өнімнің сапасын басқарудың, бақылаудың және есепке алудың бір түрі – кенішкенбайыту фабрикасы жолындағы технологиялық процесстегі металдар балансын бақылау. Металдар балансы дегеніміз – руданың түсімі мен ағымы жөніндегі техникалық есеп беру. Оның мазмунында байытылған өнімнің құрамының сапасы мен саны жөнінде мәліметтер көрсетіледі.

Баланстар технологиялық және тауарлы деп бөлінеді. Технологиялық баланс химиялық талдауы мен өлшеу нәтижелеріне сүйене отырып жасалады. Оның қамтитын аумағы негізінде байыту операциялары.

Тауарлық баланс рудада, концентрат пен өнеркәсіпті өнімде пайдалы компоненттің мөлшерлерін талдауы, өнімнің салмағын өлшеу мәліметтері бойынша құрастырылады. Тауарлық балансты құрастыру кезінде технологиялық баланстың мәліметтеріде қолданады.

40. Тау-кен кәсіпорында өнімдерінің сапасын басқарудағы сынамалаудың маңызы және бақылауы

. Руданын сапасын басқаруда технологиялық процесстің барлық негізгі операциялары бақылауға алынуы тиіс.

Руданың сапасын басқарудағы әрбір операциясы екі негізгі сатылардан түрады: руданың яғни концентраттың әрбір бөлшегінде пайдалы компоненттің орташа мөлшерін анықтауы мен оған басқарушы амалдар қолдануы. Басқарушы амалдар екі түрлі болып келуі ықтимал: бөлу, руда мен концентраттағы пайдалы компоненттің орташа мөлшерін өзгертүді мақсат етеді және біріктіру (араластыру) – пайдалы компоненттің мөлшері өзгермелігіне әсер етеді.

Тау-кен кәсіпорнында руда сапасын бақылауда негізгі төрт әдісі бар:

  1. массивтегі руданы пайдалы компоненттің мөлшерлеріне сәйкес етіп көлемді элементтерге бөлү және руданы сол контурлар бойынша өнеркәсіптік типтерімен сорттарына сәйкес етіп қопарып алу;

  2. тазартпа блогі аумағындағы массивтегі руданы көлемді элементтерге пайдалы компоненттердің орташа мөлшерлеріне сәйкес етіп бөлү және сосын қопарған руданы блоктан шығарып сапасын орташалау;

  3. ағымдағы тау-кен массасын пайдалы компоненттің мөлшерлеріне сәйкес етіп бөлү және оларды өнеркәсіптік сорттарға біріктіру;

  4. руда ағымында пайдалы компоненттерің мөлшерлеріне сәйкес тау-кен массаны бөлшектеп олардың ағымын реттеп отыру.

41. Тау-кен кәсіпорында өнімдердің сапасын басқарудың әдістері.

Тау-кен кәсіпорнында өнімнің сапасың басқарудың екі әдісі бар:

  1. қазып алуды (руданы, тау жыныстарды) жоспарлау;

  2. тікелей басқару, яғни тау-кен жұмыстары үрдісін белгілі бір сапалық режимде атқарып тұру.

Осындай әдістерге ақпараттық негіз болып табылатын мәліметтер сынамалау арқылы пайда болады. Руданы өңдеуінің технологиялық көрсеткіштеріне әсер ететіндер – минералдық және химиялық құрамдары, құрылымымен бітімдік ерекшеліктері, бастапқы және қышқылданған минералдардың мөлшерлері, рудамен минералдардың шағылымдық қасиеттері. Тау-кен технологиялық процессті шұғыл түрде бақылап отыру мақсатында, көптеген жағдайларда, руда сапасының негізгі сипаттамасы ретінде онын құрамындағы негізгі компоненттердің мөлшерін қарастырады. Ақпараттық жоспарда осы сипаттаманы анықтайтын екі статистикалық көрсеткіштер: руда мен концентраттағы пайдалы компонеттің орташа мөлшері мен оның өзгермелілігі. Осындай көрсеткіштерді қазып алу процессінде есепке алып реттеп отыру – тау-кен кәсіпорнындағы руда сапасын басқарудың негізгі міндеті

42. Тау-кен жер бөлігінде жер үсті геофизикалық жұмыстары.Тау-кен жұмыстарына бөлінген жер бөлігіндегі жербеті геофизикалық жұмыстар

Геофизикалық зерттеулері әдістеріне негіз болған - әртүрлі тау жыныстармен кендердің қасиеттері, сондай-ақтыгыздықтары, магниттік, электрлік және басқа-да қасиеттерінің айырмашылықтары. Физикалық өрістердің түрлеріне қарай геофизикалық әдістер гравиметриялық, магнитометриялық,әлектрометриялық,радиометриялық радиотолқындық, сейсмикалық болып бөлінеді.

Гравитациялық әдістермен пайдалы қазбалар денелердің жатыс тереңдіктерін, пішіндерін, өлшемдерін анықтауы, карстты құрылымдарды, тыгыздықтары жогары тау жыныстар блоктарын, тектонды бұзылыстарга ұшыраган және жарықшақты, брекчияланган тау жыныстар зоналарын айқындауы мүмкін. Оң гравитациялық аномалиялар бойынша рудалық кенорындары, ал теріс аномалиялар бойнша тас тұзымен көмір кенорындары зерттеледі.

Тау жыныстарымен пайдалы қазбалардың магниттік қабылдағыш қасиеттерінің ерекшеліктерінен туындаған магниттік аноамалияларды зерттеуінде магнитометриялық әдістер қолданады. Боксит пен магнетит кендерін, кимберлитті алмазды кұбырларды, шашыраңқы алтын шогырларын және жарықшақты, карстанган белдемдерді зерттеуде қолданған магнитометриялық әдістер оң нәтижелер бергендігі мәлім.

Электромагниттік өрістер арасындағы аномалияларды айқындау және зерттеу кездерінде электромагниттік әдістер қолданылады. Бұл әдістері арқылы сульфидті және көмір кенорындары зерттеледі, кен денелерімен антрацит және графит шоғырлары шекаралары айқындалады, жарылымдық бұзылыстар табылады, жарықшақтық және карстанған белдемдері картаға түсіріледі.

Тау жыныстармен пайдалы қазбалардың электрлі-магниттік қасиеттеріне негізделген радиометрлік әдістерді кен денелерді, көмірмен графит шоғырларын және олардың көлемдерін айқындауда және тектондық бұзылыстарды, суланған қабаттарды табуда қолданады.

Тау жыныстар массивтерінің құрылымы мен жағдайларын, жарылымдар, жарықщақтар белдемдерін, карстты құыстарды зерттеулерде және тау жыныстардың серпімділігімен қаттылығы көрсеткіштерін бағалауда сейсмикалық әдістерді қолданады.

Радиоактивті кендерді барлауда, жарылымдық бұзылыстарды, жарықшақтық белдемдерді, радиоактивтілігі жоғары тау жыныстар массивтерін табуда табиги радиоактивті өрістерді айқындайтын радиоактивті әдістер орын табады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]