Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ShPOR_-_Kenishtik_geologia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
414.21 Кб
Скачать

35. Сынамаларды алу амалдары және әдістері.

Сынамаларды алу амалдары мен руданы сынамалаудын әдістері

Сынаманы алу амалы деп сынамалаудың нақты бір түрінің түпкі мақсатына жетуін қамтамасыз ететін құрал – жабдықтарды айтады. Сынамалауды бірнеше әдістермен жүзеге асыруға болады, соның ішінде ең тиімдісің қолданады. Сол кезде ескеретін жағдайлар: дәлдігі, өкілеттігі, жылдамдығы, экономикасы, алудын техникалық жағдайының қарапайымдылығы және қауіпсіздігі.

Сынаманы алуға арналған құралдар мен сынамалауға арналған нысан арасындағы қатынасқа қарай әдістердің баршасы тікелей және жанама деп бөлінеді.

Тікелей әдістер сынаманы алуға және сыннан өткізуге дайындауды қарастырады. Жанама әдістер болса бізге қажет қасиетті басқа, сонымен корреляциялық байланысты көрсететін, қасиеттер арқылы табуды көздейді. Мысалы, кеңінен тараған бір әдіс – руданың тығыздығы мен көлемдік салмағының химиялық құрамы мен корреляциялық байланыста болуын пайдалана отырып анықтауы. Сондықтанда жанама әдіспен техникалық сынамалау атқарылады. Геофизикалық әдістерімен физикалық қасиеттері өте анық ерекшеленетін, минералдық құрамы жағынан қарапайым рудаларды сынамалаудың барша түрлерін атқаруғада болады.

Тұпкі жатыстағы (табиғи ашылым, тау қазбаларды қазып алудағы забойлар) рудаларды сынамалау амалдары руданың құрылымдық-бітімдік ерекшеліктері мен физика-механикалық қасиеттеріне, руда денесінің қалындығына, сынаманы алуға қажет жағдайларға (ыңғайлығы), өнімділігіне және сынамалаудың құнына келіп тіреледі. Қол әдісімен сынаманы алуы өте қиын, көп уақыт алатын жұмыс, сондықтанда оны мүмкіншілігінше механикақандырылған болмаса геофизикалық әдістерімен ауыстырған жөн. Бороздалы сынама алу амалына арналған пневматикалық сынама алатын жасалған және сыннаң өткізілген құрал бар.

Нүктелік сынамаларды алуға арналған механикалық сынамаалғыш жасалған. Оның көмегімен бір нүктеген ұсатылған-ұнтақталған материал алуға болады да сынама алу процессін біршама уақытқа жеделдетуге мүмкіндік бар.

Барлау- бұрғылау арқылы жүргізілетін жағдайда түпкі жатыстағы рудаларды сынамалауды өзіндік ерекшеліктері бар. Тау-кен кәсіпорындарында әртурлі технологиялық мақсатында бұрғыланған ұңғылар сынмалауға жатады. Олар әртүрлі әдістермен бұрғыланған болады.

Колонкалық бұрғылау кезінде керн шығады. Бұрғылау диаметріне байланысты сынама жаппай барлық керн болмаса онын тек бір жартысы ғана алынуы ықтимал. Кернді сынамаға алу кезінде бұрғылау үрдісінде оның механикалық біркелкі емес үгілуін яғни химиялық шәймалауын зерттей отырып ескеруі қажет.

Керннің біркелкі емес түрінде үгілуін зерттеу үшін арнайы экспериментальді жұмыстар ұйымдастыруы қажет. Сонда керн және соның ара-қашықтығына сай келетін шыққан шлам жеке-жеке түрде сынамалауға жатады.

Жерасты және ашық тау-кен жұмыстары әдістерімен қазып алуда игерімдік барлау кезінде түпкі жатыстағы руданың сапасын анықтауда және сынамалауда кернсіз және пневмосоққылау әдістерімен бұрғыланған ұңғылардың шламдары қолданылады.

Тау-кен қазбалардан шыққан рудалы массасы біркелкі болып келеді демек ол масса қопарылып, тасылмалданып, көлікке тиелген кездерде өздігімен араласады. Руданы сынамалауы қол әдісімен және арнайы механикалық құралдармен (экскаватор, канава қазатын құрал, механикалық сынамаалғыш) жүзеге асырылуы ықтимал. Қолданатын сынама алу амалы руданың бір орнында жатқанына (үйілмеде, вагонда, самосвалдың қорабында) яғни қозғалыста (транспортер лентасында) жатуына тәуелді. Қозғалыстағы руданы сынамалау әрқашанда ыңғайлы. Осынау түрінде сынамалаудың өкілеттігі өте жоғары, демек қатардағы сынамаларды алуын біркелкі етуге болады және сынаманы алуды механикалау яғни автоматтандыруыда мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]