Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ShPOR_-_Kenishtik_geologia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
414.21 Кб
Скачать

34. Игерімдік барлауы кезіндегі сынамалаудың мақсаттары, міндеттері және турлері.

Сынамалаудың мақсаттары, шешетін мәселелері мен түрлері

Сынамалаудың негізгі мақсаты – руда сапасы жөнінде сан түрде мәліметтерге йе болу. Тау-кен кәсіпорнында рудаларды сынамалау арқылы келесідей мәселелер шешімін табады:

  1. кен денелердің контурларын анықтау;

  2. рудалардағы пайдалы компоненттердің мөлшерлерін анықтау (қорларды есептеуге қажет болады);

  3. өңдеудің технологиялық сұлбаларымен ерекшеленетін руданың табиғи типтерімен өнеркәсіптік сорттарының кеңістікте алар орындарындағы заңдылықтарың айқындау;

  4. руда құрамындағы пайдалы компоненттері арасындағы корреляциялық байланыстарды анықтау және қоспа элементтердің қорларын есептеу;

  5. руда мен еңгізген тау жыныстардың физика-механикалық қасиеттерін анықтау;

  6. қазып алу кезінде руданың кемсізденуі мен жоғалымдарын бағалау;

  7. руданы қазып шығарудың жоспарын және концентраттар мен өнеркәсіптік өнімдегі пайдалы компоненттері таралуы балансын құру;

  8. тазартпа қазып алу жұмыстарын және қазып алған руданың сапасың шүғыл түрде басқарып тұру;

  9. тау-кен өңдіруші кәсіпорыны мен руданы қолданатын кәсіпорындар арасындағы коммерциялық есеп айырысуда қажет мәліметтерімен қамтамасыз ету.

Пайдалы қазбаның сапасы дегеніміз – оның функциональді және технологиялық қасиеттерінің қосындысы. Олар пайдалы қазбаның өнеркәсіптік түрде пайдалануы мүмкіндігі мен қажеттілігін көрсетеді.

Функциональді қасиеттері рудалардың химиялық талдаулары және арнайы сындардан өткізуі (мөлдірлігін, талшықтардың ұзындықтарың айқындау т.б. с.с.) арқылы бағаланады.

Технологиялық қасиеттері рудалы массадан пайдалы компоненттерді айырып алуы мүмкіндіктерін көрсетеді. Технологиялық қасиеттері лабораториялық, жартылай өнеркәсіптік және өнеркәсіптік технологиялық зерттеулері арқылы анықталады.

Шешуге қажет мәселелері бойынша сынамалаулар түрлері – химиялық, минералогиялық, техникалық, технологиялық және тауарлы.

Химиялық сынамалау руда құрылымындағы пайдалы және зиянды компоненттерінің құрамдарың, ал ТКБК (тау-кен байыту комбинаты) келсек – байыту фабрикалары бойынша металлдардың технологиялық баланстарын анықтауын шешеді. Сынамалаудың бұл түрі жаппай жүзеге асырылады, сондықтан-да оның дәлдігіне қойылатын талаптарда өте жоғары.

Минералогиялық сынамалау арқылы руданың минералдық құрамы, құрылымы мен бітімдігі анықталады да зерттелінеді. Осынау мәліметтері бойынша технологтар – байытушылар руданы өңдеудің әдісімен сұлбасын қарастырады. Минералогиялық сынамалардың талдаулары сан түрдегі және сапалы түрдегі деп бөлінеді. Сапалық минералогиялық талдаулар арқылы руданың құрамы, құрылым-бітімдік ерекшеліктері табылады. Ал, сан түрдегі минералогиялық талдаулар жылтырлатқан штуфтар мен аншлифтерді зерттеулері кезінде, бастапқы мен сонғы аралықтағы байыту өнімдерді бақылап тұруда қолданады. Сан түрдегі минералогиялық сынамалауы концентраттағы пайдалы компоненттердің мөлшерімін олардын шығымын шамамен анықтауға мүмкіндік береді.

Техникалық сынамалау – физика-механикалық көрсеткіштерді анықтауда қолданады. Олар қорларды есептеуде және байыту сұлбасын анықтауда қажет. Қорды есептеу мақсатында руданың көлемдік салмағы, ылғалдылығы, қүыстығы, қопарылуы коэффициенті анықталады. Слюда мен оптикалық шикізаттардың физика-механикалық қасиеттерін зерттеуде кристаллдардың мөлдірлігін, деффектерінің жоқтығын анықтайды.

Технологиялық сынамалауды руданы байытудың тиімді сұлбасын анықтауы мақсатында жұзеге асырады. Технологиялық сынаманы зерттеуі кезінде руданың байытуға қажетті келесідей көрсеткіштері анықталады: концетраттың шығуы, концетратқа металдың шығуы, металлдың концентраттағы және байытудағы қалдықтарындағы мөлшері.

Технологиялық зерттеулері кезінде сынамалаудың басқа түрлерінің барлығыда атқарылады (химиялық, минералогиялық, техникалық).

Тауарлы сынамалау мақсаттары көп. Тауарлы сынамаларды сыннан өткізуге дайындауда химиялық, минералогиялық, техникалық сынамаларды дайындауы әдістеріне сүйене отырып жасау керек. Тауарлы сынамалар әртурлі сындардан өткізуге дайын болулары тиіс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]