Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ЭКОН ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
363.52 Кб
Скачать

Глоссарий

Глоссарий

1. Дербес есеп жүргізу жүйесі – бір бірінен оқшауланған бухгалтерлік және басқарушылық есептің жүруін алдын ала қарастыратын жүйе.

2. Талдау – компания (немесе оның бөлімшелері) жұмыстарының нақты және жоспарланған көрсеткіштері арасындағы ауытқуларды анықтауға, сол ауытқулардың себептерін білуге, талданатын үрдістер мен оқиғалар арасындағы өзара байланысты орнатуға, олардың қылығындағы заңдылықты анықтауға және тағы да басқаларға бағытталған әрекеттердің орындалуын алдын ала қарастыратын басқару функциясы.

3. Актив – фирманын барлык байлыгы.

4. Қайтарылмайтын шығындар – болашақта өзгертілмейтін және қабылданған басқару шешшімдерді өткізу нәтижесінде өндірілген мерзімнен өткен шығындар.

5. Компания бюджеті – компания жұмысының жоспарын, координация құралдарын, орындалуының бақылауын сандық түрде тұлғалау.

6. Бюджеттеу - Компанияның бюджетін қалыптастырудың үздіксіз циклдық үрдісі.Ұйымның мүмкіндіктерін нарық шарттарына өзара сәйкестендіру.

7. Өнімнің үлеснің өзіндік құны-келешектегі шығындар қалдықтарының өзгерістерін түзететін өндірілген, өнімнің белгілі бір көлемінің өзіндік құны.

8. Салыстырмалы шығындар- салыстырмалы басқару шешімін таңдау нәтижесінде жоғалтылған ,пайдаланылмаған мүмкіндіктерді көрсететін шығындар.

9. Салык- бюджете толенетин акша.

10. Икемді бюджет- релевантты аймақ шеңберінде компанияның іс-қызметінің көлеміне тәуелді көрсеткіштер бюджеті.

11. Баланс- компаниянын активтерімен пассивтердын тендығы.

12.Топтау- объект есебі ақпаратын жүйелендіру және жинақтауға мүмкіндік беретін, басқару есебі әдісінің бір элементі.

13. Туракты шығындар- өндіріс колемімен байланысы жок шығындар.

14. Шығындардың құжаттық ауытқуы- нақты калькулирлеу объектісі бойынша алғашқы есептеу құжатында көрсетілген, ықпал етуші мөлшерден орнықталған шығының құжаттық ауытқу.

15. Басқару есебінің міндеттері- басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті ақпараттық дайындау.

16.Шығындар- ұйымның қаржы шаруашылық қызметін іске асыру үшін қажетті барлық қорлар бағасы.

17. Кезеңдік шығындар- өнеркәсіп үрдісімен тікелей байланысты емес, қарастырылатын кезеңнің ұзақтығына тәуелді шығындар.

18. Өнім шығындары-өндіріс өнімдерінің іске асырғанға дейінгі,онын өзіндік құнын құрайтын шығын.

19. Шешім қабылдауда есепке алынатын шығын-қабалданатын шешімге тәуелді өзгеретін шығын.

20. Шешім қабылдауда есепке алынатын шығын- қабылданатын шешімге тәуелді өзгеріп отыратын шығындар.

21. Өндірістік ұстанымдар- өнімді өндіру үрдісіне жұмсалған материалдық, еңбек және қаржы қорларының жиынтығы.

22. Инкременттік (диффренциалдық) шығын-өнеркәсіпке қажетті және қосымша өнімді сатуға жүмсылатын қосымша шығындар.

23. Есептің интеграциалау жүйесі- бір жүйедегі бухгалтерлік және басқарма есебін жүргізетін жүйе.

24. Уақыты өткен шығындар-ұйымның кіріс табу мақсатында пайдаланатын, бірақ келешекте кіріс әкелу қабілетін жоғалтқан активтер.

25.Өзіндік құнды калькуляциялау-калькуляциялау объекті бойынша шығындарды топтаудың және калькуляциялық бірліктердің өзіндік құнын есепеуді қамтамасыз ететін әдістер жиынтығы.

26. Калькуляциялық бірлік- калькуляциялау объектісінің сандық жағын айқындау үшін пайдаланылатын өлшем бірлік.

27. Калькуляциялық бап- өнімнің өзіндік құнын калкуляциялауға кіретін шығындар түрі.

28. Бақылау- басқарма шешімдерді орындауды қамтамасыз ететін әрекеттер құрамы, басқару функцияларының бірі.

29. Жанама шығындар- арнайы өнімге тікелей қатысы жоқ шығындар.

30. Маржиналды кіріс- өнімді іске асырудан түскен қаржымен басқа шығындар арасындағы айырмашылық.

31.Маржиналдық шығындар- өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажетті шығын.

32. «Директ-костинг» әдісі-тұрақты және өзгеретін шығындар жиынтығын бөлуге негізделген, шығынды есептеу әдісі және өнімнің өзіндік құнын калькулирлеу.

33. Өзіндік құнды калькуляиялау-компанияда қабылданған объектіні калькуляциялау бойынша шығынды құжаттау және есептеуді топтау реті..

34. Жай бірсатылы калькуляциялау әдісі-өнім бірлігінін өзіндік құнын бүкіл шығын соммасын өндірілген өнімінің бірлік санына бөлу арқылы сызықтайтын әдіс.

35. Жай екі сатылы калькуляциялау әдісі- өнімнің толық өзіндік құнын есептеуді екі этапта көрсететін әдіс: алдымен жинақталған өндірістік шығынды өнімнің есептелген кезеңде шыққан санына бөлу жолымен жасалнған өнімнің өзындік құны есептелінеді, содан соң бірлік есептеуде есеп беруде іске асырылған коммерциялық және әкімшілік шығындар анықталады, содан кейін алынған мәндер бір бірімен қосылады.

36. Орташа өлшенген әдіс –дайын өнімнің шартты-эквивалентті бірлігіндегі бірен-сарандап дайын өнімді есептеуді орындататын калькуляциялау әдісі. Әдіс болжамдарға негізделген, дайын өнімнін бір бірлігін өндіру үшін,негізгі материалдын бір шартты-эквивалентті бірлігі және бір бірлік шартты-эквивалентті қосылған шығын қажет. Сонымен қатар бұнын құрамына жалпы өндірістік шығын және өндіріс жұмысшыларының жалықысының тікелей шығыны кіреді. Сонда материалдық шығындар өндірістік циклдың басында іске асырылады деп есептеледі,ал қосылғандар бүкіл цикл бойында бірқалыпты үлестіріледі.

37. «Стандарт-костг»- әдісі- өнімнің өзіндік құнын стандартты калькуляциалау және стандарттардағы өзгерістерді ескере отырып анықталған іс жүзіндегі шығындарды негізге ала отырып, өндірістік ресурстар шығын стандарттарын қолдану әдісі.

38. Басқармалық есеп әдісі – компанияның ақпараттық жүйесінде басқармалық есеп объектілерін анықтаудың түрлі әдістер жиынтығы.

39. Баланстық теңестіру әдісі- компаниян.ың сату және кіріс көлемін бір бірімен жалғастыратын шығындарды баланстық теңестіруді пайдаланатын, яғни компания жұмысының шығынсыз нүктесін анықтау әдісі.

40. Маржиналдық кіріс әдісі- компанияның тұрақты шағындары және маржиналдық кіріс ара қатынасын пайдаланатын, яғни компания жұмысының шығынсыз нүктесін анықтау әдісі.

41. ФИФО әдісі- аяқталмаған өндірістегі өнім бірліктері жаңа өнімдер келіп түскенге дейін аяқталатын анықтайтын калькуляциалау әдісі.

42. - өндірісті басқару және қызмет көрсетіге байланысты шығындар.

43. Өндірістік емес шығындар-компанияның өндірістік емес бөлімдерін функционалдаумен байланысты шығын.

44. Реттелмейтін шығындар- жауапкер менеджердің басқаруымен реттеуіне берілмейтін шығындар.

45. Мөлшер- нақты өнімнің түрі бірлігін есептеудің ресурс шығынына орнатылған өлшем.

46. Шығындарды есептеудің нормативті әдісі және өзіндік құнды калькуляциялау-еңбек ресурстарын және материалдарды қолдану нормасына әрекет етуіне негізделген, нормативті калькуляциялауды жасау және қолдануды қарастыратын әдіс.Олар барлық өнімдерге немесе олардың бөліктерінің құрамына құрылады.

47. Шығынды әкелуші- нақты қызмет түрінде өнім қажеттілігінің санын өлшеуші.

48. Калькуляциялау объектісі- нақты шығын әкелуші. Ол өнім дайындауының стадия бойынша толық немесе жартылай, оны жасау үрдісі, шектері, өнім немесе жартылайфабрикаттар, жұмыс және қызмет көрсету сатылары мен түрлері болуы мүмкін.

49.Есепті басқару объектісі – компания ресурсы, оның қызмет көрсету түрі,бизнес үрдістері, басқару міндеттері және т.б.

50.Релеванттық область- талданатын көрсеткіштер арасынадғы өзара сандық байланыс туралы қабылданатын болжамдар шегіндегі аймақ.

51. Операциалық кіріс- маржиналдық кіріс және тұрақты шығындар арасындағы айырмашылық.

52. Операциалық бюджет- қызмет түріне, компания бөлімдеріне басқару функцияларына байланысты кіріс пен шығынның топталуы .

53. Ұйым- басқарма құрылымын, жауапты адамдармен орындаушыларды тағайындау қызмет міндеттерін өзара бөлу коммуникациялық жасау, олардың әрекеттерін түзетуден түратын басқару функцясының бірі.

54. Негізгі бюджет-берілген кезеңде компанияның жұмыс жоспарын барлық бөлімшелерге бөлу.

55. Негізгі шығындар-өнеркәсіптің технологиялық үрдісіне тікелей байланысты шығындар.

56. Ауыспалы шығындар- өндіру көлемі мен өнімді сатудағы өзгерісстерге пропарционалды ауысып тұратын шығындар.

57. Жоспарлау- қойылған мақсаттарды іске асыру негізінде басқаратын жүйені қажетті жағдайын анықтайтын басқару функциясы.

58. Басқару есебін есептеу жоспары - ұйым қызметін және онын бөлімдерін есептеу үшін арналған жүйелендірілген есептеу.

59. Калькуляциялық жоспар- кезеңнің басындағы мөлшерлер мен сметалардың әрекет етуіне негізделген, жоспарлы кезеңге құрылған калькуляция.

60. Қолдау бюджеті-компания бөлімдеріне,жауапты орталарға, бизнес үрдістері , жобалар және т.б бойынша құралған бюджеттер.

61.Шығындарды есептеу әдісін тапсырыстау және өзіндік құнды калькуляциялау- кікентайсериялы және бірденбір өндірістерде қолданылатын әдіс. Бұл әдістің маңыздылығы, анықталған тапсырыс пен байланысты тура шығындарды есептеу, қабылданған базаға сәйкес орындалмайтын тапсырыс және орындалған жанама шығындарды үлестіру болып табылады.

62. Толық өзіндік құн- өндіріспен және дайын өнімді іске асыруға байланысты компанияның жалпы шығындары. Онын құрамынаө ндірістік өзіндік құнды,коммерциялық,тұрмыстық және административтік шығындар да енеді.

63.Товарлық өнімнің толық өзіндік құны- өнімді сатумен байланысты , товарлық өнімнің өндірістік өзіндік құны және өндірістік емес шығындар қосындысынан тұрады.

64.Жартылый өзгермелі шығындар-өзгермелі және тұрақты шығындардан тұратын шығындар.

65.Қайтадан жасау шығындарын есептеу әдісі және өзіндік құнды калькуляциялау- бірнеше технологиялық шектеулерден өтетін, берілген шикізаттын қайтадан тізбектей өңдеу әдісінде қолданылатын әдіс .Бұл жағдайда шығынды есептеу әрбір шектеуінде есетелінеді және де осынын негізінде алынған жартылай фабрикаттар және дайын өнімдердің өзіндік құнын калькулирлеуі орындалады.

66 Процесс бойынша шығынды есептеу әдісі және өзіндік құнды калькулирлеу- Шектеулі әдістің бір түрі болып табылатын әдіс.Ол жалпы және жанама шығындардың тура есептеуінен, өндірілетін өнімның көлемінің немесе оның өнімнің арсындағы тарату және аяқталмаған өндірістің қалдықтары немесе шығарылатын өнімның бірнеше түрі арасындағы жалпы шығынынан түрады.

67. Тұрақты шығындар- өндіріс көлемі өзгерсе де өзгермейтін шығындар.

68. Басқару есебі құралы- компанияның бүтіндей өндірістік, басқару,коммерциялық қызметі және онын басқару циклін орындалу үрдісіндегі бөліктерінің құрамы.

69. Прогрессивтік шығындар- компанияның сату көлемінің өсу қарқынынан озық өсу қарқын шығыны.

70. Өндірістік өзіндік құн- өнімді шығару өндірісімен байланысты шығын. Жалпышаруашылық шығындарды және цехтық өзіндік құнды өзіне енгізеді.

71. Өндірістік шығындар- компанияның өндірістік бөлімдерінің функционалдығымен байланысты шығындар.

72 Жөнелтпе құжат шығындары –компания өндірісінің негізгі және қосымша басқару және қызмет көрсетуімен байланысты шығындар.

73. Пропорционалдық шығындар- өсу қарқыны компанияның өнімді сату көлемінің өсу қарқынымен түйісетін шығын.

74. Калькуляциялау процессі- клькуляциялық бірліктің өзіндік құнын анықтаудың тізбектелген әрекеті.

75. Тура шығындар-нақты бір өнім түріне кететін шығын.

76. Есептеу саясатын ашу- қаржылық есеп беруде көрсетілген,есеп беру кезеңінің шаруашылық субъектісінде қолданылтан және қаржылық жағдайға және қызмет нәтижесіне ықпал ететін , есептеу саясатынын аспектісін сипаттау процессі.

77. Шығындар-есептеу кезеңінде алынған, осы периодта алынған кіріспен шарттанған компанияның жылытпалы экономикалық пайдасы . Бұл жылытпа компания активтері қолдану және кішірейту түрінде көрсетіледі немесе онын міндеттері капиталдың кішіреіуіне әкеледі.

78. Есеп беру кезеңінің шығындары-өндірістік қорға кірмеген,нақты бір кезеңде болған шығын.

79. Реттеу- жүйелендірілген басқару жұмысының жөндеуіне қажетті негізілген, іске асырылатын және жоспарланған мәндерінің бақылау көрсеткіштер арасындағы бөліну себептерді болдыртпауға бағытталған басқару функциясы.

80. Реттелетін шығындар-жауапты менеджердің басқаруы мен реттеуіне келетін шығындар.

36