
- •«Экономика және өңдірісті ұйымдастыру»
- •Дәрістер кешені
- •1.1. Кәсіпорынның мәні және сипаттамасы
- •1.2. Кәсіпорынның топтастырылуы
- •1.3 Кәсіпорын басқару объектісі ретінде
- •1.4 Кәсіпорынды басқару функциялары
- •2.1.2 Негізгі құралдар есебінің міндеттері
- •2.1.3 Негізгі құралдар есебінің бірліктері
- •2.1.4 Негізгі құралдардың жіктемесі
- •2.1.5 Негізгі құралдарды мойындау (тану)
- •2.1.6 Негізгі құралдарды бағалаудың түрлері
- •2.2 Негізгі құралдардың қозғалысының есебі
- •2.3 Негізгі құралдардың тозу есебі
- •2.3.1 Негізгі құралдардың тозуы және амортизациясының түсінігі
- •2.3.2 Амортизацияны есептеу әдістері
- •2 Кесте – Кумулятивтік әдіс бойынша амортизациялық аударымды есептеу
- •2.4 Негізгі құралдарды қайта бағалау
- •2.5 Кейінгі шығындар
- •2.6 Негізгі құралдардың істен шығу (есептен шығару) есебі
- •2.7 Негізгі құралдарды түгендеу
- •3.2 Материалдық емес активтердің түрлері
- •3.3 Материалдық емес активтерді өлшеу
- •3.4 Ішкі жасалған материалдық емес активтерді бағалау
- •3.5 Шығындарды мойындау
- •3.6 Кейінгі шығындар
- •3.7 Алғашқы мойындаудан кейінгі бағалау
- •3.8 Материалдық емес активтердің бары және қозғалысының есебі
- •3.9 Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі
- •3.9.1 Материалдық емес активтердің амортизациясы
- •3.9.2 Амортизацияны есептеу әдістері
- •Материалдық қорларды бағалау
- •4.2.1 Материалдық қорларды өзіндік құнмен бағалау
- •4.2.2 Материалдық қорларды ең төменгі өзіндік құнмен және сатудың таза құнымен бағалау
- •4.2.3 Материалдық қоларды бағалаудың басқа да әдістері
- •6 Кесте – Орташа құн әдісі бойынша материалдарды бағалауды есептеу
- •7 Кесте – фифо әдісімен материалдарды бағалау
- •8 Кесте - Материалдық қорлардың қозғалысы жөніндегі шартты мәліметтер (қаңтар 2007 ж.)
- •9 Кесте - қорлардың сатылуы жөніндегі мәліметтер (қаңтар 2007 ж.)
- •10 Кесте – арнайы есептеу әдісі бойынша материалдарды бағалау
- •4.3 Материалдық қорлардың түсуін құжаттық жабдықтау (рәсімдеу)
- •4.4 Материалдық қолардың жұмсалуын құжаттық жабдықтау
- •4.5 Қоймадағы материалдық қорлардың есебі
- •Қоймадағы материалдар қалдығы есебінің ведомостісі (200 __ ж.)
- •4.6 Есеп бөліміндегі материалдардың есебі
- •4.7 Материалдық қорлардың синтетикалық есебі
- •4.8 Өндірісте материалдарды пайдалануды бақылау және оның есебі
- •4.9 Құрылғылар (жабдықтар) есебінің ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тарау. Еңбек ақы есебі
- •Тарифтік жүйе
- •Еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру
- •Еңбек ақы нысандары мен жүйелері
- •5.4 Еңбек ақы қорының құрамы мен сипаттамасы
- •5.5 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі
- •5.5.1 Мерзімдік еңбек ақы
- •12 Кесте – Бригада мүшелері арасында кесімді еңбек ақыны орындаған
- •13 Кесте – Бригада мүшелері арасында кесімді еңбек ақыны жұмысшылардың тарифтік бағасына пропорционалды бөлу
- •14 Кесте – Бригада мүшелері арасында кесімді еңбек ақыны еқк есепке ала отырып, бөлу
- •5.5.3 Орташа еңбек ақыны есептеу тәртібі
- •5.5.4 Кезекті демалыс уақыты үшін төлемдер
- •5.5.5 Еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталымдардың есебі
- •5.6 Есеп айырысу-төлем ведомостілерін жасау
- •16 Кесте – Құрылыс ұйымдарында ай ішіндегі еңбек ақыны бөлу кестесі
- •5.7 Еңбек ақы бойынша резерв есебі
- •5.8 Еңбекке ақы төлеудің синтетикалық есебі
- •Бақылау сұрақтары:
- •5.1. Өндірісті материальды техникалық қамтамасыз етудің міндеттері
- •Жоспары:
- •Өндірісті техникалық дайындаудың мазмұны мен кезеңдері
- •Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
- •Өндірісті ғылыми-технолоигялық дайындау
- •Ғылыми – техникалық прогресс қазіргі дамудың факторы ретінде.
- •2. Ақпараттық-коммуникациялық төңкеріс жағдайындағы ұлттық мемлекеттердің даму ерекшеліктері.
- •3. Ақпараттық технологиялардың адам факторына әсері.
- •4. Ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттардың қалыптасуы.
- •5. 2003-2015 Жж. Дейінгі Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясы.
- •Ниокр-ды қаржыландыру жағдайлары мен көздері.
- •Индустриалды-инновациялық стратгегияны жүзеге асыруда қр даму институттарының рөлі.
- •Венчурлік кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамытуды ынталандыру.
- •1. Ағындық өндірістің жалпы сипаттамасы
- •6.1. Еңбек ақының мәні және оған әсер ететін факторлар
- •1. Құрал-сайман шаруашылығынның мақсаты, міндеттері мен құрамы
- •Жөндеу шаруашылығының міндеттері мен құрамы
- •1. Энергетика шаруашылығының мақсаты, міндеттері мен құрамы
- •1. Көлік шаруашылығынның мақсаты, міндеттері мен құрамы
- •14.1. Жөндеу шаруашылығын ұйыдастыру.
- •15.2. Қойма шаруашылығын ұйымдастыру
- •Қойма шаруашылығы деп кәсіпорынның негізгі және қосалқы цехтарын материалды ресурстармен қамтамасыз ететін және сақтайтын қоймалар кешенін айтамыз.
- •5.1. Өндірісті материальды техникалық қамтамасыз етудің міндеттері
- •6.1. Еңбек ақының мәні және оған әсер ететін факторлар
- •9.1.Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні, критерилері және көрсеткіштері
- •10.1. Өндірісті ұйымдастырудың формалары.
- •11.1. Өндірісті шоғырландыру, өндірісті мамандандыру, өндірісті кооперациялау және өндірісті құрамдастыру.
- •12.1. Негізгі өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің мақсаты. Негізгі өндірісті ұтымды ұйымдастырудың принциптері.
- •13.1. Өндірістік цикл. Өндірістің типтері және оның техника – экономикалық сипаттамасы. Өндірісті ұйымдастырудың ағымдық әдісі.
- •14.1. Жөндеу шаруашылығын ұйыдастыру.
- •15.2. Қойма шаруашылығын ұйымдастыру
- •Қойма шаруашылығы деп кәсіпорынның негізгі және қосалқы цехтарын материалды ресурстармен қамтамасыз ететін және сақтайтын қоймалар кешенін айтамыз.
2.1.5 Негізгі құралдарды мойындау (тану)
Негізгі құралдар есебінің негізгі элементі болып олардың мойындалуы, яғни бухгалтерлік балансқа енгізу үшін негізгі құралдар объектісін есепке қабылдауды білдіреді. Негзігі құралдарға қатысты активтерді мойындаудың жылпы шарттары қолданылады. Олар бір уақытта екі шарттың орындалуын қарастырады:
- осы активтермен байланысты ұйым болашақта экономикалық табыс алатыны жөнінде жоғары сенімнің болуы;
- активтердің бастапқы құнын бағалау сенімділігі.
Ұйымның экономикалық табыс алу деңгейінің ықтималдылығын бағалау оларды алғашқы мойындау сәтіндегі фактілерді есепке ала отырып, жүргізілуі керек.
Объектілерді сатып алу кезінде олардың бастапқы құндарының сенімді бағалануы берілетін объектілердің құндарының негізінде анықталады. Объектілерді ұйымның өз күшімен салу кезінде оларды сенімді бағалау үшін құрылыс процесінде материалдарды сатып алу, еңбек ақы төлеу және басқа да операциялардың негізінде жүргізілуі мүмкін.
2.1.6 Негізгі құралдарды бағалаудың түрлері
Есепте және есеп беруде негізгі құралдарды көрсету үшін бағалаудың келесі түрлері қолданылады: бастапқы құн, әділ құн, баланстық құн, ағымдағы құн, орын толтыру құны, амортизациялық құн.
Бастапқы құн – активтерді сатып алу, салу кезінде оларға төленген ақша қаражаттары мен олардың баламалары немесе басқа да орын толтырудың дұрыс құндары.
Баланстық (қалдық) құн – негізгі құралдардың жинақталған тозу құндарын шегеріп тастағандағы баланста мойындалған құны.
Әділ нарықтық құн (сату құны) – тәуелсіз жақтардың арасында негізгі құралдардың объектісіне байланысты мәміле жасасу кезінде төленетін ақша қаражаттарының сомасына тең болады.
Жою құны – ұйымның негізгі құралдарды пайдалану мерзімі аяқталған соң оларды жоюға байланысты шығындарды шегеріп тастағандағы анықтаған таза сомасы. Атап өту қажет, активтердің жойылу құны тікелей өлшеу арқылы емес шама (балама) көрсеткіштері негізінде есептелгендіктен, есепті болып саналады.
Амортизациялық құн – негізгі құралдардың жойылу құнын шегеріп тастағандағы қаржылық есеп беруде бастапқы құнның орнына көрсетілетін активтердің бастапқы құнын немесе басқа да бағаларын көрсетеді.
Ағымдағы құн – осы уақытты активтерді сатып алуға жұмсалатын ақша қаржаттарының немесе олардың баламаларының сомасы.
Негізгі құралдар объектісін мойындау кезінде олардың бастапқы құндары есепке алыну қажет. Төлем арқылы сатып алынған негізгі құралдардың бастапқы құны импорттық кеден баждарын және сатып алу үшін орны толтырылмаған салықтарды, сонымен қатар объектіні жұмыс жағдайына келтіру үшін қажетті шығындарды қоса алғандағы сатып алу бағасынан тұрады.
Ұйымның өзі дайындаған негізгі құралдардың бастапқы құндарына құрылыспен байланысты барлық жұмсалған шығындар, яғни материалдар, еңбек ақы, үстеме шығындардың үлесі, архитекторлар мен заңгерлерге төлемдер, құрылыс кезіндегі сақтандыру шығындары енгізіледі. Мұндай жағдайда құрылыс объектісін салу үшін несие пайыздары олардың бастапқы құндарына енгізіледі.
Жерді, ғимараттар мен құрылыс жайларды олардың әрбіреуінің бағыты бойынша пайдалану мақсаты үшін бір бүтін ретінде сатып алу кезінде осы объектілердің бастапқы құндарын бөлу қажет, себебі ғимараттар мен құрылыс жайлар шектеулі пайдалану мерзіміне ие бола отырып, тозуға ұшырайды. Жер амортизацияланбайды, себебі оның құны төмендемейді деп есептелінеді және өндіріс процесі кезінде тозбайды. Егер осындай жағдайда пайдалануға тек жер арналған болып, ал ғимараттар мен құрылыс-жайлар жойылуға жататын болса, онда құн арасындағы бөлу жүргізілмейді және сатып алынған объекті болып жер саналады. Жою (снос, ығыстыру) бойынша шығындар жою кезінде объектіні тұтастай немесе оның бөліктерін сатудан түскен түсімдерді шегеріп тастағанда жердің бастапқы құнымен есептеледі.
Негізгі құралдар объектісінің бастапқы құны былай аныталады:
- құрылытайшылардың жарғылық қорға салым ретінде салған негізгі құралдары – құрылытайшылар арасындағы келісілген баға бойынша;
- негізгі құралдарды ұйымның өзі дайындаса немесе төлем арқылы сатып алынса – нақты жұмсалған шығындардың сомасы бойынша;
- негізгі құралдарды заңда немесе жеке тұлғалардан әншейін алған кезде- эксперттік жолмен немесе қабылдау тапсыру актісінің мәліметі бойынша.