Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономика және өңдірісті ұйымдастыру лекциялар...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
996.35 Кб
Скачать
  1. Ниокр-ды қаржыландыру жағдайлары мен көздері.

 ­Ғылыми әзiрлемелердiң қажет болмауы, соның салдарынан өнеркәсіптегi инновациялық белсендiлiктiң деңгейiнiң тө мендiгi өндiрiс факторларының өнiмдiлiгiн жоғарылату, нақ ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс есебiнен мүмкiн бола тұра, экономиканы реформалаудағы ғылым рөлiнiң жете бағаланбауынан туындап отыр.       Дамыған индустриялық елдермен салыстырғанда Қазақстандағы ғылымның дамуының қағидатты ерекшелiктерi бар. Дамыған елдерде iргелi және қолданбалы зерттеулердi қаржыландырудың жыл сайын ұлғаюы, ғылымның жеке сектормен ықпалдасуын ынталандыру есебiнен жаңа жетiстiктердi жеделдете игеру, ғылымның корпоративтi секторын құруға және дамытуға жан-жақты жәрдемдесу, маңызды экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi шешуге ғылыми-техникалық әлеуеттi бағдарлау байқалып отыр. Атап айтқанда, 2000 жылы ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелерге арналған мемлекеттiң шығыстары: АҚШ-та 246,2 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2,9 %), Жапонияда 94,2 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 3,0%), Германияда 45,8 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2,35%), Францияда 28,0 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2,25 %), Швецияда 7,6 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 4,0 %) құраған. Еуроодақ өз мүшелерiне ғылымға арналған салымдар деңгейiн ІЖӨ-нің 2,5 %-iне дейiн жеткiзудi ұсынып отырғанын атап өту керек.

Қазақстанда соңғы бес жылда ғылымды қаржыландыру көлемi IЖӨ-нiң 0,2 %-iн құрап отыр, бұл жеткiлiксiз болып табылады. Қазақстанның стратегиялық мүдделерiн көздей отырып, 2010 жылға ғылымды қаржыландыруды IЖӨ-нiң 2 % және 2015 жылы 2,5-3 % деңгейiне дейiн жеткiзуге кезең-кезеңмен өтудi жүзеге асыру қажет.       Бiрқатар ғылыми тақырыптарды қаржыландырудың жеткiлiксiз болуы мен тоқтатылуы жас ғылыми кадрлардың ғылым саласынан кетуiне, ғылымның материалдық-техникалық базасының моральдық және табиғи тозуына әкелдi.

Ғылымды реформалаудың мемлекеттiк саясатын басымдықпен жүргiзу қажет.      ­Ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың басты бағыттары:

  • Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі стратегиялық басымдықтарының бiрi ретiнде ғылымды айқындау;

  • жоғары технологиялар өнiмiнiң экспортына бағдарланған ғылымды көп қажетсiнетiн әрi ресурстарды үнемдейтiн және экологиялық таза өндiрiстi құруға бағытталған зерттеулердi дамыту;

  • ғылыми жетiстiктердi нақты iске асыруға ықпал ететiн тетiктер мен ынталандыру жүйесiн құру;

  • жаңа жетiстiктердi экономиканың қабылдауын жан-жақты ынталандыру (сұранысты ынталандыру) және оларды отандық ғылыми-техникалық әлеуеттiң пайдалануы үшiн жағдайлар жасау (ұсыныстарды ынталандыру);

  • ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн материалдық базаны нығайту;

  • кадр әлеуетiн сақтау мен дамыту, ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды даярлау мен аттестаттау;

  • ғылыми зерттеулердiң тиiмдiлiгi мен сапасын жоғарылату үшiн ғылыми ұйымдарды аттестаттау және тiркеу жүйесiн дамыту;

  • ғылымның мемлекеттiк емес секторын қалыптастыру мен дамыту, оны қолдаудың мемлекеттiк тетiктерiн жасау;

  • талантты жас ғалымдарды қолдау;

  • мамандарды әлемнiң ең үздiк ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өткiзу;

  • грант негiзiнде ғылыми зерттеулердi қаржыландыру тетiктерiн жасау мен жетiлдiру;     қазақстандық ғылымның халықаралық ғылыми-технологиялық қауымдастыққа интеграциялануын қамтамасыз ету.

Ұсынылған шараларды iске асыру индустриялық-инновациялық саясатты барабар ғылыми қамтамасыз етудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.