Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономика және өңдірісті ұйымдастыру лекциялар...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
996.35 Кб
Скачать

3.2 Материалдық емес активтердің түрлері

Патент – заңды түрде мойындалған және тіркелген жеке құқық. Патенттік құқық оның иесіне осы патентпен қамтылған затты, процесті немесе қызмет түрін басқа жақтың кедергісінсіз пайдалануға, өндіруге, сатуға, бақылауға мүмкіндік береді. Патент ғылыми-техникалық жаңалықты өндірген немесе ендірген ұйымға осы қызмет түрінің нәтижесінде осы мерзім ішінде табыс алу үшін белгілі бір уақытқа беріледі.

Сатып алынған активтің бастапқы құны патентті сатып алуға байланысты жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі. Осы шығындарға патентті ұстаушы жақтың патент бойынша құқық бұзушылардың үстінен сотқа шағымдану бойынша (ұтып шыққан жағдайда) шығындары да енгізіледі.

Ұйымның ұжымы ойлап шығарған, құрастырған патентінің бастапқы құны осы жаңалықты тіркеу және оны қорғау шығындары негізінде анықталады. Зерттеу және өңдеу бойынша шығындар пайда болған мерзіміне байланысты ұйымның кезең шығындарына апарылады.

Авторлық құқық - әдебиет, музыка, өнер саласындағы шығармалар үшін авторларға берілген және заңмен қорғалатын құқықтық нысан. Авторлық құқық иелеріне - өздерінің жұмыстарын басып шығаруға, қайтадан басып шығаруға, көбейтуге және сатуға, сондай-ақ өнерлерін орындауға, жазуға ерекше құқық беріледі. Авторлық құқық сату және сатып алудың объектілері болып саналады. Авторлық құқық бухгалтерлік есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың деңгейінде мойындалады. Мысалы, шығарушы (издатель) бірнеше жыл бойы тек өзінің баспасында әдеби кітапты басып шығару құқығын алу үшін, оның авторына 1 млн немесе одан да жоғары теңге төлеуі мүмкін. Авторлық құқықтың бастапқы құны нақты жұмсалған шығындар бойынша анықталады. Авторлық құқықтың амортизациясы оның заңды қызмет ету мерзімімен, не болмаса бухгалтерлік бағалауға сәйкес анықталады.

Тауар таңбалары және (немесе) тауар атаулары – бұл басқа ұйымдардың заңсыз пайдалануынан қорғайтын және олардың біртектес тауарлары мен қызметтерінен айыра алатын қабілеті бар атауларды, таңбаларды немесе басқа да анықтаушы белгілерді атаймыз. Олар иелік етуді негіздеу үшін тіркелуі мүмкін. Тіркелген тауар таңбалары немесе атаулары олардың қызмет ету мерзімін белгілі бір уақытқа ұзарту мақсатында қайтадан жаңартылуы мүмкін. Сатып алынған тауар белгілерінің бастапқы құны оларды сатып алуға байланысты шығындар негізінде, ал ұйымның өз күшімен жасалған болса, онда өңдеу, тарату және оларды қорғау шығындарының негізінде анықталады.

Компьютерлер үшін бағдарламалық қамсыздандырулар - пайдалануға, сатуға, жалға беруге немесе сатудың басқа түрлері арқылы өткізуге арналған мәліметтерді өңдеу және бағдарламалық құжаттамалар жүйесінің жиынтығы. Компьютерлер үшін бағдарламалық қамсыздандыруларды материалдық емес активтер ретінде мойындау үшін олар айрықша болып, өндірісте не болмаса әкімшілік мақсатта пайдалаланылуы керек немесе басқа тұлғаларға жалға берілуі керек.

Мұндай талаптарға компьютерлер немесе станоктармен бірге сатып алынған бағдарламалық қамсыздандырулар сәйкес келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда бұл бағдарламалық қамсыздандыру негізгі құралдардың құрамына енгізіледі.

Атап өту керек, техникалық мүмкіндіктерді анықтауға бағытталған зерттеу және дайындау шығындары пайда болған кезеңінде есепті кезең шығындарына апарылады. Бағдарламалық өнімдерді жазу және тестілеуге байланысты шығындар материалдық емес активтердің құнына қосылады.

Ұйымның компьютерлері үшін бағдарламалық өнімдердің көшірмесін (олардың санын көбейту құқығынсыз) сатып алу шығындары (1С бухгалтерия, СКАЛА, ГАЛАКТИКА) материалдық емес активтер болып табылмайды.

Франчайзинг – бұл бір ұйымның өз меншігіндегі негізгі құралдарын, тауар таңбаларын сондай-ақ басқа да материалдық және материалдық емес активтерін олардың пайдалану бағытын, белгілі бір сапалық стандарттарын жоймай пайдалану үшін екінші бір ұйымға беру құқығы. Бұл құқықты сатып алуға байланысты ұйымның шығындары капиталданып, берілген уақыт аралығында амортизациланады немесе қызмет етіп отырған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес пайдаланылуы шектеледі. Франшиза осы құқықты кәуландыратын құжат болып есептеледі.

Жеке есеп бірлігі болып саналатын, бірақ айырбастауға жатпайтын материалдық емес активтердің бір түрі – бұл ұйымдастыру шығындары. Ұйымдастыру шығындарына ұйымның қызметін бастапқы ұйымдастыруға байланысты барлық шығындары енгізіледі. Бұл бухгалтерлік есепке, іс-қағаздарын жүргізуге, заңдылық рәсімдеу мен кеңестерге, коммерциялық байланыстарды орнатуға жұмсалған шығындардан тұрады. Бұл шығындарды капиталдандырудың бірден бір себебі, бұл ұйымның қызмет ету мерзімінің бірнеше есепті кезеңіне таралады және оларды бір немесе бірнеше жылдың кезең шығындарына жатқызу оның қаржылық жағдайының бұрмалауына әкеледі. Ұйымдастыру шығындары капиталдандырылып, ұйымның таңдап алған қысқа мерзімі ішінде амортизацияланады. Тәжірибеде мұндай активтердің амортизация мерзімі салық заңдылықтарының талаптарына сәйкес келтірілуі мүмкін.

Гудвилл – ұйымдарды қосу немесе біріктіру кезінде сатып алынған ұйым үшін төленген баға мен оның жекеше есеп бірлігі болып саналатын таза активтерін бағалаған құны арасындағы айырма болып саналады. Гудвилл ұйымның барлық қызмет ету мерзімінде болады, бірақ ұйымды бүтіндей (толықтай) сату және сатып алу кезінде де тағайындалуы мүмкін. Гудвилл жеке есеп бірлігі болып бөліне алмайды, ол тек ұйымның басқа да материалдық және материалдық емес активтерімен бірге қызмет істейді. Гудвиллдің пайда болу себептері әр түрлі болады. Солардың ішінде ереше сипатқа ие болатындар – жабдықтау мен сатудың ерекше жүйелерінің қызмет етуі және айрықша тиімді жарнама, белгісіз бәсекелестердің өндірістік құпияларын (технологияларын) пайдалану, еңбекті тиімді ұйымдастыру, жоғары дәрежелі мамандардың, соның ішінде топ менеджерлердің бар болуы, белгісіз табиғи ресурстарды ашу және т.б. болып саналады.

Ұйымның сатып алған гудвиллдің ағымдағы құны сатып алу кезіндегі құнынан жоғары болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар сатушылардың өздеріне тиісті активтерін жартылай немесе бөлек-бөлек сату мүмкіндігі болмаған кезде пайда болады (мысалы, біздің елде бережақ-кәсіпорынды инвесторларға сату). Мұндай жағдайда теріс гудвилл қалыптасады (ұйымның активтері өсірілген, ал оның міндеттемелері төмендетілген). Теріс гудвилл кіріс ретінде мойындалуы (танылуы) қажет.

Материалдық емес активтерге лизенциялауға жататын белгілі бір қызметтің түрін жүзеге асыру үшін мемлекеттік лиценизиялар; салық органдарының беретін патенттері, субъектінің өзі жасаған тауар және қызмет көрсету таңбалары мен белгілері жатпайды. Сонымен қатар ұйым қызметкерлерінің интеллектуалдық және іскерлік қасиеттері, олардың біліктілігі, еңбекке қабілеттілігі материалдық емес актив болып саналмайды, себебі олар тасымалдаушыларынан ажыратылмайды және оларсыз пайдаланылмайды.