Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
335______.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
239.62 Кб
Скачать

Қорытынды:

Белоктар - құрамында көп мелшерде амин қышқылдары бар, күрдәлі жоғары молекулалы органикалық қосылыстар. Белоктың молекулалық салмағы өте жоғары: альбуминнің молекулалық салмағы 17400, ал гемоглобиннің молекулалык салмағы -68000. Кей белоктардың молекулалық салмағы 15 000 000-ға жетеді. Организмдердегі зат алмасу, көбею, организмнің өсуі, тітіркенгіштігі, бұлшық еттің жиырылуы, бездердің белоктармен тығыз байланысты. Белок жоқ жерде тіршілік те жоқ. Белоктар организмде мынадай функцияларды атқарады:

1. Белоктар клеткалар мен тканнен құрылған пластикалық материал. Бұл жағынан белоктардың орнын майлар да, көмірсулар да баса алмайды.

2. Белоктар ферменттер мен гомондарды құруға қатысады.

3. Белоктардан неше түрлі ауру тудыратын және "антидене" сол ауруларға қарсы тұратын вирустар пайда болады. Емдеуші сывороткаларды, вакциндер, қан алмастырушылар және басқа препараттар /медицинада қолданылатын/ күрделі белок жүйесіне жатады. .

4. Ядро құрамындағы күрделі белоктар /нуклеопротеидтер көбею және өсуде үлкен роль атқарады.

5. Белоктар қышқыл-сілті тепе-теңдігін тұрақтауға қатысады.

6. Белоктар энергетикалық материал. Белоктардың ыдырауы кезінде организмге керекті 12 % энергия алынады.

Жануарлар клеткасында белок өсімдіктерге қарағанда көп болады. Ересек адам күніне 100-150 г белокты пайдалану керек. Белгілі бір белоктың синтезі басталу үшін ядрода сәйкес иРНҚ (ДНҚ-дан транскрипцияланған) түзілуі керек, ол кейін цитоплазмаға өтеді. Бұдан кейін күрделі механизм жұмысқа кіріседі. Процесс рибосоманың кіші суббөлігінің иРНҚ молекуласына жалғасуынан басталады. Ерекше инициаторлық РНҚ рибосоманың кіші суббірлігін иРНҚ-дағы арнаулы старткодонмен байланыстырады. Үлкен суббірліктің жалғасуы рибосоманың жинақталуын аяқтайды. Одан кейін элонгация фазасы келеді. Әрбір кезекті амин қышқылы өсіп келе жатқан полипептидтің карбоксилдік ұшына циклдік процестің көмегімен жалғасады, ол үш бір ізді кезеңдерден: аминоацил-тРНҚ-ны жалғау, пептидтік байланыс түзу және рибосоманың транслокациясынан тұрады. Рибосома иРНҚ-молекуласының бойымен 5'-3' бағытында бір кодоннан екінші кодонға, үш стопкодонның біріне тап болғанша жылжи береді. Осы стопкодонға кейін босату факторы жалғасады, ол трансляцияны тоқтадады және толған полипептидті рибосомадан бөледі. Аминоацил-тРНҚ молекуласы кодты шешуші құрылым ролін (декодирование) атқарады, оның көмегімен иРНҚ-дағы үш рибонуклеотидтерден тұратын бір ізділік бір мағанада трансляцияланады, яғни жаңадан түзілетін белоктың құрамына мұқиятты түрде тек белгілі бір амин қышқылы ғана кіреді. 20 амин қышқылдарының әрқайсысын сәйкес кодонға қиыстырып келтіру екі сатылық тану процесі арқылы өтеді: бірінші сатыда амин қышқылы ерекше аминоацил-тРНҚ-синтетаза арқылы танылады, ол оны арнаулы тРНҚ-ға жалғайды; екінші сатыда иРНҚ-да үш нуклеотидтен тұратын белгілі бір ізділік тРНҚ молекуласының антикодонымен танылады. Әрбір амин қышқылына кем дегенде бір арнаулы аминоацил-тРНҚ-синтетаза және бір ерекше тРНҚ бар.

Белок синтезінің механизмін, шын түсінгенде, тіршіліктің пайда болуымен байланысты бұдан ертеректегі уақиғаларға да көз жүгірткен болар едік. Шешуші рольді мұнда РНҚ-ның химиялық құрылымы мен полипептидтер синтезінің арақатынасы жөніндегі мәселе атқарады. Неге полипептидтердегі амин қышқылдарының орналасу тәртібін бір кезде РНҚ-ның тізбегіндегі нуклеотидтердің бір ізділігі анықтауы керек? Бізге белгілі болғандай, РНҚ-ның амин қышқылдарымен әдеттен тыс арақатынастары болу үшін оның ерекше химиялық қасиеттері жоқ, яғни ол пептидтік байланысты ұйымдастырмақ түгіл, қай амин қышқылы бір бірімен байланысу керектігін анықтай алмауы тиіс. Әзірше біз бұл туралы еш нәрсе білмейміз, оған дейін бізге тек қана белок синтезінің егжей-тегжейінің және мәліметтерін жинай келе, кезінде тіршіліктің шығу құпиясына көз жеткіземіз деген ұғымға сенуге тура келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]