
- •Геннің құрылысы және қызметі
- •Прокариот және эукариот гендері
- •Гендерінің экспрессиялануының (активтенуінің) реттелу механизмдері
- •Прокариоттардағы гендер экспрессиясын реттелу.
- •Прокариоттарда гендер активтілігінің реттелуі
- •І. Негативті бақылау
- •Репрессибельдік жүйелер
- •Іі. Позитивтік бақылау
- •Эукариоттардағы гендер экспрессиясын реттелуі
- •Эукариоттарда гендер активтілігінің реттелуі
- •Гендер активтілігінің транскрипциялық деңгейде реттелуі
- •Трансляциялық бақылау
- •Посттранскрипциялық бақылау
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер
Қорытынды
Гендер активтілігі жасушалардың ( ағзалардың ) нақты тіршілік жағдайларына байланысты болып, тұқым қуалау ақпаратының жүзеге асырылуының барлық кезеңдерінде түрлі механизмдермен бақыланады.
Генңің әсері немесе активтілігі ағзаның нақты білгісі дамуының соңында көрінеді. Көпшілік гендер барлық жасушаларда тұрақты, үздіксіз қызмет атқарып тіршілікке қажетті, маңызды белоктардың биосинтезін қамтамасыз етеді.
Прокариоттардағы гендер экспрессиясын реттелу - Белоктың құрылымы және информация құрылымдық гендерде жазылған. Бір хромасоманың бойында қатар орналасқан гендер тіркес гендер деп аталады. Бұл гендердің активтілігі басқа бір реттеуші геннің бақылауында болды. Реттеуші белоктың бақылауына сай белок ферменттері қажет кезде ғана синтезделіп қажетсіз уақытта синтезделмейді. Реттеуші ген құрылымдық геннен қашытықта орналасқан. Реттеуші генде құрылымдық геннің жұмысына кедергі болатын репрессор белогі туралы информация сақталады. Репрессор белогі құрылымдық генге оператор гені арқылы әсер етеді.
Эукариоттардағы гендер экспрессиясын реттелуі - Эукариоттар организмде гендердің реттелу механизмі прокариоттармен салыстырғанда күрделі процесс. Өйткені, эукариоттарда ядро қабығының болуы хромосома санының көп болуы, гендердің өзара әрекеттесуі, оператор гені санының артуы, сондай-ақ құрылымдық гендердің транскрипциясында индуктор ретінде гормондардың және жүйке жүйесінің қатысуы геннің жұмысының реттелуін күрделендіреді. 1972 жылы Григорьев ұсынған схема бойынша әр бір оперон информациясы бар зона құрылымдық гендерден және информациясы жоқ акцепторлық аймақтан тұрады. Эукариот гендерінің экспрессиясы реттелуі 5 кезеңнен жүреді:
Гендік кезең
Транскрипциялық кезең
Посттранскрипция кезең
Трансляция кезең
Посттрансляциялық кезең
Пайдаланған әдебиеттер
Е. Ө.Қуандықов, С. А. Әбілаев «Медициналық биология және генетика»
С. Ж. Стамбеков, В.Л. Петухов «Молекулалық биология»
Сәтбай Әбилов «Молекулалық биология және генетика»
Е. Ө.Қуандықов, Л. Е. Аманжолова «Молекулалық биология негіздері»