
- •Геннің құрылысы және қызметі
- •Прокариот және эукариот гендері
- •Гендерінің экспрессиялануының (активтенуінің) реттелу механизмдері
- •Прокариоттардағы гендер экспрессиясын реттелу.
- •Прокариоттарда гендер активтілігінің реттелуі
- •І. Негативті бақылау
- •Репрессибельдік жүйелер
- •Іі. Позитивтік бақылау
- •Эукариоттардағы гендер экспрессиясын реттелуі
- •Эукариоттарда гендер активтілігінің реттелуі
- •Гендер активтілігінің транскрипциялық деңгейде реттелуі
- •Трансляциялық бақылау
- •Посттранскрипциялық бақылау
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Геннің құрылысы мен қызметі
Прокариот және эукариот гендері
Гендерінің экспрессиялануының (активтенуінің) реттелу механизмдері
Прокариоттардағы гендер экспрессиясын реттелуі
Эукариоттардағы гендер экспрессиясын реттелуі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ген дегеніміз – бір полипептидтік тізбектің синтезіне жауапты генетикалық ақпараттын бірлігі болып табылатын ДНҚ молекуласының кесіндісі деп аталады.
Тірі организмдер өзінің құрамына кіретін клеткалардың типіне байланысты эукариоттар және прокариоттар болып бөлінеді. Эукариоттық клеткаларда геномның ДНҚ-сы ядролық қабықшамен қоршалған, яғни эукариоттық клеткалардың ядросы бар, ал прокариоттарда айкын көрінетін ядро жоқ (грекше аударғанда эу – «мен» жұрнағына сәйкес (ядромен), про – «сыз» жұрнағын (ядросыз), ал кариос – ядро.
Геном – жасушаның, ағзаның тіршілігі және дамуы үшін қажет барлық генетикалық ақпарат жазылған ДНҚ молекулаларының толық жиынтығы болып табылады, яғни жасушаның ядролық және цитоплазмалық ДНҚ-сының барлық гендері мен ген аралық учаскелерінің жиынтығы.
Прокариоттық клетка – тірі клетканың қарапайым түрі. Прокариоттық клетканы анықтайтын бір ерекшелік олардың хромосомасымен цитоплазмасының арасында тікелей қатынастың (контакт) болуы. Эукариоттық клеткада, керісінше, хромосомалар мембраналық құрылым – ядрода болады.
Эукариоттық клетка – прокариоттық клеткадан шығу ықтималдығын ескерсек, олармен салыстырғанда әлдеқайда күрделі ұйымдасқан. Эукариоттық клеткалардың прокариоттармен салыстырғандағы айырмашылығы – оларда ядро болады.
Прокариоттардағы гендер экспрессиясын реттелу - белоктың құрылымы және информация құрылымдық гендерде жазылған. Бір хромасоманың бойында қатар орналасқан гендер тіркес гендер деп аталады. Бұл гендердің активтілігі басқа бір реттеуші геннің бақылауында болды.
Эукариоттардағы гендер экспрессиясын реттелуі - Эукариоттар организмде гендердің реттелу механизмі прокариоттармен салыстырғанда күрделі процесс. Өйткені, эукариоттарда ядро қабығының болуы хромосома санының көп болуы, гендердің өзара әрекеттесуі, оператор гені санының артуы, сондай-ақ құрылымдық гендердің транскрипциясында индуктор ретінде гормондардың және жүйке жүйесінің қатысуы геннің жұмысының реттелуін күрделендіреді.
Геннің құрылысы және қызметі
Мендельдің тұқым қуалайтын бастамасына сәйкес ген түсінігін генетика ғылымына 1909 жылы Иогансен енгізген. Морганның 1926 жылы теориясы бойынша ген дегеніміз – хромосоманың бөлігі 1белгінің жарыққа шығуына жауап еретін ары қарай бөлшектенбейтін тұқым қуалайтын материал қызметінің мутацияның және рекомбинацияның бірлігі. Хромосомада гендер бір сызықтың бойына орналасып өз қызметін бір-біріне тәуелсіз жеке-жеке атқарады. Қазіргі теория бойынша ген дегеніміз – бір полипептидтік тізбектің синтезіне жауапты генетикалық ақпараттын бірлігі болып табылатын ДНҚ молекуласының кесіндісі деп аталады.
Ген нуклеотидтерден тұрады. Нуклеотидтердің саны, орналасу реті әр геннің өзіне тән мөлшері нуклеотидте саны, молекулалық массасы бар. Геннің мөлшері ол анықтамайтын белоктың көлеміне байланысты.
Геннің қызметі:
Тұқым қуалау информациясы сақтайды
Генің 2 еселенуі – ДНҚ репликациясы
Белоктың бисинтезін басқарады
ДНҚ репарациясы – ДНҚ-дағы бұзылыстардың қайтадан қалпына келуі
1978 жылы Гильдергтың ұсынысы бойынша ДНҚ молекулалардың ақпаратты бар бөлігі экзондар, ал ақпарат жазылмаған мағынасыз бөліктер интрондар. Эукариоттық клеткаларда экзондар мен интрондардың, саны мен мөлшері әр генде әртүрлі болды.
Мысалы: егеу құйрықтың инсулин гендерінде бір ғана интрон бар. Тауықтың коллогені 50-ден астам интроннан тұрады. Интрондар шамамен 100-3500 жұп нуклеотидтерден тұрады. Ал экзондардың ұзындығы 20-1500 жұп нуклеотидтер көлемінде. Интрондардың атқаратын қызметі толық анықталмаған. Оны тұқым қуалау материалының қоры деп болжайды. Прокариоттардың генде интрондар бомайды. Геннің қайта құрылуы және әсері ДНҚ, РНҚ және белок синтезделу процестерімен тығыз байланысты. Гендердің активтілігін реттеу принциптерін Жокоб және Моно 1961 жылы ішек бактериясын зерттеп нәтижесін ашқан. Бұл бактерияның клеткасында 800-ге жуық фермент синтезделеді. Кейбір ферменттер үздіксіз синтезделіп оны конститутивті ферменттер деп атады, ал басқа ферменттер тек қажет кезде синтезделеді. Олардың пайда болуы индуктормен реттеледі. Мұндай ферменттер индуцибельді деп атайды.
Прокариот және эукариот гендері
Тірі организмдер өзінің құрамына кіретін клеткалардың типіне байланысты эукариоттар және прокариоттар болып бөлінеді. Эукариоттық клеткаларда геномның ДНҚ-сы ядролық қабықшамен қоршалған, яғни эукариоттық клеткалардың ядросы бар, ал прокариоттарда айкын көрінетін ядро жоқ (грекше аударғанда эу – «мен» жұрнағына сәйкес (ядромен), про – «сыз» жұрнағын (ядросыз), ал кариос – ядро.
Прокариоттық клетка – тірі клетканың қарапайым түрі. Прокариоттық клетканы анықтайтын бір ерекшелік олардың хромосомасымен цитоплазмасының арасында тікелей қатынастың (контакт) болуы. Эукариоттық клеткада, керісінше, хромосомалар мембраналық құрылым – ядрода болады. Эукариоттық клеткалардан прокариотты клеткалардың тағы бір айырмашылығы – оларда митохондриялар мен хлоропластар (компарменттер) болмайды, рибосомалардың көлемі өте кішкентай (олардың седиментция коэффициенті 70S) және клетка қабырғасы болғандықтан ірі молекулаларды сіңіріп, шығара алмайды.
Эукариоттық клетка – прокариоттық клеткадан шығу ықтималдығын ескерсек, олармен салыстырғанда әлдеқайда күрделі ұйымдасқан. Эукариоттық клеткалардың прокариоттармен салыстырғандағы айырмашылығы – оларда ядро болады. Клеткадағы ДНҚ-ның көп мөлшері қос қабат мембранамен қоршалған ядроның ішінде. Сөйтіп, құрамында ДНҚ бар компартмент көптеген заталмасу реакциялары өтетін клетканың басқа бөлігі – цитоплазмадан бөлінген.