
- •2. Сурет.Ортанжілік басының жамбас буыннан шығуыалды сызбанұсқасы.
- •5. Сурет. Тайып кету симптомын анықтау.
- •6. Сурет. Ортан жілік басының жамбас-буынынан шектелуін анықтау.
- •7. Сурет. Аяқ бөліктерінің салыстырмалы ұзындығының қысқаруы
- •8. Сурет Аяқтың сыртқа бұралуы
- •9. Сурет Тері қатпарының асимметриясы.
- •12. Сурет Келлер сызығының жүргізу сызба нұсқасы
- •13. Сурет Эрлахердің сызба нұсқасы көрсетілген
- •14. Сурет с-өлшемін анықтау (ортан жіліктің проксимальдық бөлігінің бүйірлік орналасуы).
- •18. Сурет Біздің әдіс бойынша нәрестелерде жамбас буыны патологиясын анықтау сызбанұсқасы көрсетілген
- •19. Сурет Хильгенрейнер, Омбредан Перкинс сызбасы
- •20. Сурет 21. Сурет
- •22. Сурет 23. Сурет
- •24 Сурет. Ұршық ойығының төбесінің өрісін анықтау әдісі
- •25 Сурет. Ультрадыбысты зерттеу кезіндегі сәбиді қолайлы жатқызу.
- •26.Сурет. Ультрадыбыстық зерттеудегі жамбас буын құрылысының графикалық көрінісі.
- •27. Сурет. Жамбас буынның сонографиялық анатомиясы.
- •28. Сурет. Удз суреттемесінің бұрыштық көрсеткіштерін анықтау.
- •29 Сурет. Граф бойынша сызықтар жүргізу үлгісі.
- •30 Сурет. Кең құндақтау тәсілінің қалай дұрыс жүргізілу реттері көрсетілген.
- •31 Сурет. Фрейк жастықшасын қолдану реттері.
- •34.Сурет. Жақтауша-кергі
- •36. Сурет Созу кезеңдері
- •Қорытынды
- •22. 5 Жастағы балаға «сан басының буыннан тума шығуы» диагнозы қойылды.
- •23. 1,5 Жастағы балада «сан басының тума шығуы» диагнозы анықталды.
- •Клинические симптомы врожденного вывиха бедра у детей.
- •Консервативное лечение дисплазии тазобедренного сустава и врождённого вывиха бедра у новорождённых и детей раннего возраста
- •Диспансеризация после консервативного лечения
- •Алгоритм диагностики и лечения дисплазии тазобедренного сустава у детей до 6 мес.
- •Заключение
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
30 Сурет. Кең құндақтау тәсілінің қалай дұрыс жүргізілу реттері көрсетілген.
Сонымен қатар күнделікті баланы тамақтандыру алдында аяқтың әкелетін бұлшықетін созу мақсатымен, аяқты бір-біріне алшақтатуға бағытталған емдік гимнастика жасап, баланы арқасымен және етбетімен кезектескен қалыпта жатқызу керек. Баланы етбетімен жатқызуды 1-2 мин.бастап, біртіндеп 20мин. дейін созу керек.
«Кең құндақтау»- ортан жіліктің басының шығып кетуін өздігінен орнына түсіріп, ұршық ойығының дұрыс қалыптасуына, жамбас буынының бұлшықеті мен жалғама байламының нығаюына және қан айналымы мен қоректенуінің жақсаруына бағытталған функциональдық ем.
Аяқты алшақтатуды өте ұқыпты, күш түспейтіндей етіп жасау керек, яғни жамбас буындағы қозғалысқа алдымен «велосипед» қимыл-қозғалысы тәрізді етіп бастау.
Бұл жаттығуларды жуындыру кезінде суда жасаған тиімді. Сол себептен баланы екі адам жуындыру керек. Әдетте 1-2 апта көлемінде қимыл-қозғалыс мөлшері көбейеді.
Процесстің дұрыс динамикасында 1-1,5 айдан кейінгі тексерілуде жамбас буынының дисплазиясының белгілері байқалмайды, балаға 3 айға дейін «кең» құндақтау және гимнастика жалғастырылады. Мұндай балаларға рентген зерттеуін жүргізбесе де болады.
Диспансерлік бақылау 1,5-2 жасқа дейін жалғасады. Егер балада 1-1,5 айлық кезінде жамбас буын дисплазиясының клиникалық көріністері сақталса, рентгенологиялық және ультрасонографиялық зерттеулер жүргізіледі және диагноз толық анықталса емнің келесі кезеңдері тағайындалады
Баланың аяғын алшақтатып және бүгілген күйінде жақсы ұстап тұру үшін арнайы Becker /1963/ ұсынған іш киімдер, әр түрлі өлшемдегі құндақтауға арналған ішкиімдер, Киевтің ортопедия және травматология институты жасаған, Ресейдің Приоров атындағы ортопедия және травматология орталық ғылыми институтының құрылғысы және Frejka жастықшасы қолданылады.
а б
31 Сурет. Фрейк жастықшасын қолдану реттері.
Ұсынылған әдісті екі айға дейінгі сәбилерге қолдану керек.
Кең құндақтау тек алдын-алу үшін емес, сонымен қатар емдік әдіс болып табылады, бірақ құрсауша-құрылғылардың орнына тағайындауға болмайды.
1,5 айдан асқан балаларда ортанжілік басының ұршық ойығына дұрыс қатынасына жету үшін Павлик үзеңгісін қолданған дұрыс, өйткені, бұл үзенгі бала аяғының кедеогісіз еркін қимыл-қозғалысына мүмкіндік бере отырып жамбас буынының дұрыс дамуына көп көмегін тигізеді (32 сурет).
32.Сурет. Павлик үзеңгісі. 33.Сурет. Ксюша құрылғысы
К.С Ормантаев, А.Е.Ерекешов т.б. авторлар бірлескен шығармашылықтарымен (1999ж.) ерте жастағы балалардың туа біткен шығып кетуін консервативті емдеу үшін Ксюша-құрылғысын жасап шығарды. Ксюша құрылғысын тізені бекіту үшін қолданылатын созылмалы белдіктердің алдынан реттелуімен, ілмектерімен, созылмалы белдіктердің бекітілуімен ерекшеленеді (33 сурет)
Баланың жасына, салмағына, бойының ұзындығына байланысты үш түрде шығарылады. Аталған құрылғылардың кемшілігі – қозғалмалы тізе астын қажетті ортопедиялық бұрышқа қатты бекіте алмау болып табылады. Осы кемшілікті негізге ала отырып өзіміздің жақтауша-кергімізді ұсындық..
Жақтауша-кергімен емдеудің жағымды жақтары:
Жамбас және тізе буындарында аяқты бүгілген күйінде алшақтату мүмкіндігі
Баланың денесіне физиопроцедураларды жасауға ыңғайлылығы
Жақтауша-кергі қойылып тұрғанның өзінде де жаялықты ауыстыруға болатын мүмкіндігі.