Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алты айға дейінгі жастағы сәбилерде кездесетін...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.19 Mб
Скачать

12. Сурет Келлер сызығының жүргізу сызба нұсқасы

Шонданай сүйекпен ортан жіліктің мойынының медиальді контурын қосатын Эрлахер сызығы - d-өлшемі, ортанжіліктің проксимальды бөлігінің жылжуын анықтайды. Көрсеткіштің қалыпты мөлшері 5мм ден (13а.сурет) аспайды, ал потологияда оның мөлшері ұзарады (13.б. сурет)

а. Қалыпты жағдай б. Патологиялық жағдай

13. Сурет Эрлахердің сызба нұсқасы көрсетілген

С - өлшемі - ұршық ойығының түбі ортасынан (Y-тәрізді шеміршек), h перпиндикулярына дейін ортанжіліктің проксимальды бөлігінің бүйірлік орналасуын анықтайды. Қалыпты көрсеткіші 15мм (14 а,б сурет).

а.қалыпты жағдайда б.патологиялық жағдайда

14. Сурет с-өлшемін анықтау (ортан жіліктің проксимальдық бөлігінің бүйірлік орналасуы).

Айналма тесік пен ортанжілік мойнының арасындағы қатынас Шентон сызығы. Шентон сызығы ортан жіліктің төменгі контурымен жүргізіледі, қасаға сүйегінің тік төменгі контурына жапқыш тесікке өтеді, доға тәрізді сызықты құрайды (15.а. сурет)

Дисплазияда бұл сызықтың майысуы байқалады (15.б. сурет).

а. қалыпты жағдайда б. Шентон сызығының бұзылуы.

15. сурет Кальве сызбанұсқасы көрсетілген

Кальве сызығы мықын сүйегінің сыртқы контурымен ортан жіліктің мойнының жоғарғы контурына өтеді (16.а. сурет). Дисплазияда бұл сызықтың бұзылуы байқалады (16.б. сурет)

а.қалыпты жағдайда б. Кельве сызығының бұзылуы.

16. сурет Кальве сызба нұсқасы көрсетілген

Кальве сызығы туа біткен ортанжілік басының шығуы диагностикасында 6-айлық балаларда бүйірлік орналасуды анықтауда маңызды рөлін атқарады. Шентон сызығымен салыстырғанда, диагностикалық маңызы жоқ, ол 6-айлық сәбиде осьтік жүктеме жоқ және ортанжілік сыртқы-жоғары квадратқа өтпейді.

Омбредан-Перкинс сызығы жоғары-сыртқы ұршық ойығының төбесінің шығып тұрған нүктесінен тік жүргізіледі. Келлердің сызығына перпендикулярлы және ортанжіліктің диафиз осінің тік жалғасы болып табылады. Қалыпты жамбас буында праксимальды эпифиз бұл сызықтан ішке қарай орналасады (17.а. сурет). Дисплазияда ортанжіліктің метаэпифизінің проксимальды жылжуы тік сызықтан сыртқа қарай болады (17.б. сурет), сыртқа жылжу сәбилерде өте маңызды клиникалық көрінісі жақсы байқалады.

а.Қалыпты жағдайда б.Патология жағдайында

17. сурет Омбредан-Перкинс сызбанұсқасы көрсетілген

Көптеген авторлардың пікірінше, сүйектену мерзімінің кешігуі, асимметрияның болуы дисплазия диагнозының негізгі белгісі болып табылады. Диспластикалық буын өзгерісінде ортанжілік басының көлденең өлшемінің кішіреюі байқалады, тік өлшемінің салыстырмалы қалып қоюы аз болады. Дисплазияда ацетобулярлы индекс көлемі 30º-тан асады. Ұршық ойығы төбесінің қырқылуының деңгейі жетілмеудің белгісі бола бермейді, төбенің шеміршектік бөлігі қалыпты болуы мүмкін. Дисплазия туралы буын төбесінің уақытынан кешігіп сүйектенуінен, деп басып айтуға болады.

Ацетобулярлы индекс клиникалық көрінісінің ауырлығына сәйкес келе бермейді, сондай-ақ төменгі ацетабулярлы индекс дисплазияның жеңіл түрі болып есептелмейді. Горбунов Р.Л. пікірінше, Омбердан-Перкинс сызығынан ортанжіліктің проксимальды бөлігінің сыртқа қарай жылжуы дисплазияның негізгі белгесі болып табылады.

Ортанжілік сүйегінің проксимальды бөлігінің метафизінің жоғары жылжуы, h- көлемінің 6 мм-ге кішіреюі, таю мен шығуды көрсетеді. Көптеген авторлардың пікірінше, ортанжілік басының жылжуы көбінесе алты айдан кейін, сәбиді аяғына тұрғыза бастағаннан пайда болады. 1965 ж Садофеев В.И нәрестедегі патологияны анықтайтын қарапайым әдіс ұсынды. (18,а,б,в сурет)

а.қалыпты жағдайда б.тайып кету жағдайында в.шығу жағдайында