
- •2. Сурет.Ортанжілік басының жамбас буыннан шығуыалды сызбанұсқасы.
- •5. Сурет. Тайып кету симптомын анықтау.
- •6. Сурет. Ортан жілік басының жамбас-буынынан шектелуін анықтау.
- •7. Сурет. Аяқ бөліктерінің салыстырмалы ұзындығының қысқаруы
- •8. Сурет Аяқтың сыртқа бұралуы
- •9. Сурет Тері қатпарының асимметриясы.
- •12. Сурет Келлер сызығының жүргізу сызба нұсқасы
- •13. Сурет Эрлахердің сызба нұсқасы көрсетілген
- •14. Сурет с-өлшемін анықтау (ортан жіліктің проксимальдық бөлігінің бүйірлік орналасуы).
- •18. Сурет Біздің әдіс бойынша нәрестелерде жамбас буыны патологиясын анықтау сызбанұсқасы көрсетілген
- •19. Сурет Хильгенрейнер, Омбредан Перкинс сызбасы
- •20. Сурет 21. Сурет
- •22. Сурет 23. Сурет
- •24 Сурет. Ұршық ойығының төбесінің өрісін анықтау әдісі
- •25 Сурет. Ультрадыбысты зерттеу кезіндегі сәбиді қолайлы жатқызу.
- •26.Сурет. Ультрадыбыстық зерттеудегі жамбас буын құрылысының графикалық көрінісі.
- •27. Сурет. Жамбас буынның сонографиялық анатомиясы.
- •28. Сурет. Удз суреттемесінің бұрыштық көрсеткіштерін анықтау.
- •29 Сурет. Граф бойынша сызықтар жүргізу үлгісі.
- •30 Сурет. Кең құндақтау тәсілінің қалай дұрыс жүргізілу реттері көрсетілген.
- •31 Сурет. Фрейк жастықшасын қолдану реттері.
- •34.Сурет. Жақтауша-кергі
- •36. Сурет Созу кезеңдері
- •Қорытынды
- •22. 5 Жастағы балаға «сан басының буыннан тума шығуы» диагнозы қойылды.
- •23. 1,5 Жастағы балада «сан басының тума шығуы» диагнозы анықталды.
- •Клинические симптомы врожденного вывиха бедра у детей.
- •Консервативное лечение дисплазии тазобедренного сустава и врождённого вывиха бедра у новорождённых и детей раннего возраста
- •Диспансеризация после консервативного лечения
- •Алгоритм диагностики и лечения дисплазии тазобедренного сустава у детей до 6 мес.
- •Заключение
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
«МЕДИЦИНА БІЛІМІ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС
«Астана Медицина Университеті» АҚ
Ә.Е. Ерекешов, А.А.Разумов, А.Ю. Жұмабеков, М.З.Сейдахметов Сулейменов Ж.Б.
Алты айға дейінгі жастағы сәбилерде кездесетін жамбас буыны дисплазиясының диагностикасы және емдеу әдістері.
Оқу-әдістемелік құрал
Астана, 2009 ж.
УДК 616-071:616.728.2-007-053.2
РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Е.Д.Дәленов; м.ғ.д., профессор.
Ш.А. Баймагамбетов; м.ғ.д., профессор.
Оқу әдістемелік құралда 6 айға дейінгі сәбилерде кездесетін жамбас буын дисплазиясының емі, диагностикасы, клиникасы және терминологиясы ұсынылған. Аталған патологияның диагностикалық әдістері толық сипатталған және сызбанұсқасы түрінде көрсетілген. Диагностиканың қазіргі заманғы әдістері, сондай-ақ сәбилердің жасының шамасына байланысты қолданылуына көрсетілімдер берілген.
Сәбилерде кездесетін жамбас буыны патологиясының диагностикасы, емдеудің және диспансерлік бақылаудың алгоритмі жасалған. Емдеудің арнайы әдістемелері ұсынылды.
Оқу әдістемелік құрал: медициналық академияның және университеттің балалар хирургиясы кафедрасының оқытушылар мен студенттеріне, дәрігер-интерндерге, курсанттарға, ортопед дәрігерлерге, балалар хирургтарына, педиатрлпрға, арналған. Бұл оқу әдістемелік құрал теориялық материалды терең түсініп, жақсы игеруге мүмкіндік береді.
Жұмыс бағдарламасы қазақ бөлімінің пән - әдістемелік комиссиясында талқыланған
Хаттама № __9___
«__29__» _____05______ 200_9_ жыл
Төраға _______________м.ғ.д.профессор Ә.Е.Ерекешов
«Астана медицина университеті» АҚ Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған
Хаттама №___8___
«__23__» ___06________ 200_9_ жыл
Төрайым_______________ м.ғ.д.Г.Ә.Жақсылыкова
«Медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар Республиқалық орталығы» ЖШС жұмыс комиссиясының мүшелері шешімімен бекітілді және басылымға ұсынылды.
№______Хаттама «_____» _________________200__ж.
Тірек-қимыл аппараты ауруларының арысында, жамбас буынның туа болған шығуы ең бірінші орын алады (ҚарабековА.К,2000,С.Э Кралина,2002, О.Ю.Литенцкая, 2004). Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің жылдық қорытынды есебі бойынша, жамбас буын дисплазиясы мен ортанжілік басының жамбас шұқырынан іштен туа шығып кету жиелігі сымбаттылықтың бұзылуы мен сколиоз ауруларынан кейінгі орынға орналасқан. Ортанжілік басының жамбас шұқырынан іштен туа шығуының клиникалық белгілері ерте кезден жақсы белгілі екеніне қарамастан, осы кезге дейін ауруханаға түскен 2-3 жастағы, одан да ересек балаларда жие кездесіп жатады. Нәрестелер өмірінің алғашқы апталарының өзінде-ақ, сәулелік диагностика әдістерінің қорытынды зерттеулерінің көмегімен диагнозды дұрыс қоюға болады. Егер екі айға дейінгі сәбилерге нақты ем жүргізсе, онда 98% жетістікке жетуге болатыны мамандарға мәлім.
Нәрестелер өмірінің алғашқы апталарынан бастап жүргізген ем, ең нәтижелі ем болып саналады (К.Г.Сапарова 1996,Graf R 1977, Jarrandillo D 1998, А. Карабеков т.б. 2002,Р.Б.Нуржанов 2006, А.Ерекешов, А.А.Разумов, В.З.Богаткова т.б. 2004, С.Н.Бондарева 2008). Жамбас буынының іштен уа біткен патологиясы бар сәбилерге ерте ем жүргізу, қазіргі заманғы диагностиканы қолдану, емді толығымен нақты жүйелі түрде жүргізу шарт. Осы көрсеткендерге ұйымдастыру шараларымен диспансерлік бақылауды дұрыс жолға қойғанда қол жеткізуге болады.
Жамбас буынының іштен туа біткен патологиясын қалпына келтіру мен диспансерлік бақылауды қалай дұрыс жүргізу керек екендігі, казіргі кездегі ғылыми еңбектерде толық қамтылмаған, емдеу кезінде және емдеуден кейінгі медициналық қалпына келтіру мәселелеріндегі пікірлер бір-біріне қарама - қайшы (Г.М.Тер-Егизаров бастаған ғалымдар 1982, О.Ю.Летинецкая 2005, С.Ю.Волошин 2005, Бондарева С.П. 2008 жыл).
Жоғарыда айтылған жайттар, осы оқу әдістемелік құралды жазуға себеп болды.
Терминологиясы. Жамбас буынның іштен туа біткен шығуының терминологиялық атауларына қатысты айтарлықтай қарама-қайшылықтар бар. Жамбас буын "дисплазиясы" терминін 1925 жылы H Hіlgenreiner енгізді. Жамбас буын "дисплазиясы" ұғымына: жамбас буынды құрайтын барлық компоненттердің дамуындағы бұзылыстар кіреді.
1. сурет. Жамбас буынның қалыпты құрылысының сызбанұсқасы көрсетілген.
1- ортанжіліктің басы; 2 - лимбус; 3- жамбас буын капсуласы; 4- ортанжілік басының сүйектену ядросы; 5- мықын сүйек; 6- Y-тәрізді шеміршек.
Жетілмеген деген жамбас буыны терминінің ерекшеленуі Долецкийдің (1984) «тіннің қатысты жетілмеу мен жетілудің диспропорциясы» ұғымына сәйкес келеді. Шетел зерттеушілерінің тілінде «тұрақсыз жамбас буын» термині жиі кездеседі.
Бұл кеселдің дамуы жамбас буынды құрайтын барлық элементтердің (сүйектің құрылысы, буынды қоршайтын жұмсақ тіндердің) жетілмеулерін көрсетеді.
Жетілмеген жамбас буыны қалыпты жамбас буынының құрылымымен бірдей болмайды.
Буынның жетілмеуі оның ауырлық түріне байланысты 3 дәрежеге бөлінеді:
1 дәреже ─ буын шығуалды, дисплазия негізінен сүйекті және шеміршек тіндерді қамтыйды. Бұлшықет-байлам аппараты аз өзгерістерге байланысты ортанжілік басын жетілмеген ұршық ойығынада ұстап тұрады, соның нәтижесінде, ортанжілік басы ұршық ойығынан ығыспайды (2сурет).
2. Сурет.Ортанжілік басының жамбас буыннан шығуыалды сызбанұсқасы.
Буынның екінші дәрежелі жетілмеуінде, шығуалды өзгерістері мен қатар ортанжілік басы жамбастың шұқырынан аздап сыртқа қарай ығысады, бірақ лимбустан шықпайды.
3. сурет. Ортанжілік басының жамбас буынынан аздап ығысуының сызбанұсқасы көрсетілген
3-ші дәреже – ортанжілік басының жамбас буынынан шығып кетуі - дисплазияның өте ауыр түрін көрсетеді. Бұл жағдайда ортанжілік басы лимбустан жоғары шығып, онымен байланысы үзілген (4-сурет)
4. сурет. Ортанжілік басының жамбас буынынан шығып кетуі.
Сәбилердің жамбас буынының туа болған шығып кетуі, оның клиникалық симптомдары.
Жаңа туылған нәрестелердің жамбас буын дисплазиясы диагнозын қою үшін клиникалық зерттеу әдісінің маңызы өте зор. Нәрестені тексеруді анамнезін ұқыпты жинаудан бастайды. Ата-анасының жасына, денсаулығына, олардың қызметіне және тұрмыстық жағдайына ерекше қөңіл бөлінеді.
Жүктіліктің ағымына, әсіресе оның бірінші жартысына аса қөңіл бөлу керек. Сәбидің анасының алдыңғы жүктілігінің ағымы қалай болғанын, соматикалық жағдайы қалай және туыстарында тірек-қимыл аппаратының тұқым қуалайтын аурулары бар-жоғын білу қажет.
Медициналық құжаттаманы зерттегенде, ұрықтың жатырдағы жатысы (басымен, жамбасымен, аяқпен) қандай болды, сонымен қатар акушерлік құралдар, шұғыл араласулар қолданылды ма, сол туралы білу керек. Ұқыпты жиналған анамнез жамбас буын потологиясының отбасылық тұқым қуалауын және оның пайда болуына әкелетін факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Жаңа туылған нәрестені тыныш жатқан күйінде тексеру керек. Жамбас және сол аймақтағы терінің жатықтығының симметриясына, бағытына, тереңдігіне, көлеміне назар аудару, бұлшықет тонусын анықтау, неврологиялық статусты, белсенді және пассивті қозғалыс көлемін тексеру.
Нәрестелердегі жамбас буын дисплазиясының негізгі белгілері
1927-1937жж Putti анықтаған, олар: тайып кету сиптомы, сан сүйегінің басының жамбас буынында шектелуі, сан мен шап аймағаның тері орналасуының ассиметриясы, осы бұзылу жағындағы аяқ бөліктерінің салыстырмалы кішіреюі және аяқтың сыртқы ротациясы.
Жамбас буынының дисплазиясының клиникалық симптомының үйлесімі мен көрінуі, оның бұзылу деңгейінің өзгеруінің сипатымен анықталады. Ұрықтың жамбастық жағдайы мен тірек-қимыл аппаратының дамуы кесір
туралы ақпарат болса, онда әр симптомды тексеру қажет.
Көрсетілген симптомдарға толығымен тоқталамыз.
Тайып кету симптомы. Әдебиеттерде бұл симптомның басқа да аты кездеседі: шертпек синдромы, тұрақсыздық синдромы, буыннан шығу симптомы т.б. Бұл симптомды келесідей тәсілмен анықтайды: сәбиді қатты жерге арқасына жатқызып, аяқтарын жамбас және тізе буынынан тік бұрыш жасап бүгеді. Сәбидің санын тізе буын үстінен қолмен ұстайды, осы кезде алақанның бас бармағы ішкі жағында, ал қалған саусақтары сыртқы жағында орналасады. Сәбидің аяқтарын бұтынан жазып ортан жілік сүйегінің өзінің осі бойымен ақырын тартып тұрып, үлкен иіргіш тұсын басқанда, ортан жілік басының, жамбастың ұршық ойығына түсуіне көмектесеміз, осы кезде жамбас буынынын шұңқырының дамымаған артқы ернеуімен ортан жілік басының тайып кетуіне байланысты «тырс» еткен дыбысты естіп қана қоймай, саусақпен сезіп, көзбен коруге болады. Осы кезде ортан жілік басы ұршық ойығына түскендіктен, сәбидің бұтын көлденең сызыққа, дейін жазуға болады. Ал сәбидің аяғының қозғалысын кері қайталаған кезде, ортан жілік басы ұршық ойығынан жеңіл шығып кеткенін байқаймыз (5 сурет).
а б