Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9_klass_Dunie_shpory.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
871.94 Кб
Скачать

§28. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері

І. Шығыс Еуропа елдерінің 1945-80 жж. дамуы

  1. Индустрияландыру саясаты:Индустрияландыру басталды – 1940 жж. соңында – 1950 жж. басында. Индустрияландыру қарсаңында Чехословакия мен ГДР ғана индустриялды ел болып саналды. Индустрияландырудың нәтижелері – 1970-80 жж. индустрияландырудың дәрменсіздігі байқалды.

  1. Шығыс Еуропа елдеріндегі социализмге қарсы халық наразылықтары.

Жыл

Көтерілістер болған елдер

1953 ж.

Польша, ГДР-дегі көтерілістер

1956 ж.

Венгриядағы көтеріліс

1968 ж.

Прага көктемі

1970 жж. басы

Польшада жұмысшылардың бірінші көтерілісі. Салдары: 1981 ж. соғыс жағдайы енгізілді.

ІІ. Шығыс Еуропадағы 1989-1991 жж демократиялық қозғалыстар.

  1. 1989-91 жж. билікке келген жаңа қайраткерлер

Ел

Билікке келген қайраткер

Чехословакия

Драматург Вацлав Гавел

Польша

Кәсіподақ қайраткері Лех Валенса

Болгария

Социолог Желе Желев

Қорытынды: Румынияда Чаушеску диктатурасы 1989 ж. құлады. 1994 ж. бірқатар Шығыс Еуропа елдерінде өкімет басына социал-демократтар келді (бұрыңғы коммунист)

ІІІ. 1990-2000 жж. Шығыс Еуропадағы жағдай

  1. Югославиядағы этникалық жанжалдар

    Жанжал

    Қалай жүрді

    Қалай шешілді

    Хорватия жанжалы

    1991 ж. Хорватияда билікке Демократиялық Достастық партиясы келді

    (жетекшісі – генерал Туджман).

    Босния және Герцеговина жанжалы

    1992 ж. Босния-Герцеговина тәуелсіздігін жариялады.

    1995 ж. АҚШ-тың ықпалымен Дейтон келісіміне қол қойылды. Келісім бойынша Босния-Герцеговина екіге бөлінді. Мұсылман – Хорват Федерациясы және Сербия Республикасы.

    Косово жанжалы

    1999-2000 жж. Косоводағы албандар тағдыры дүниежүзі назарын аударды.

    НАТО араласып, мұсылмандарды қудалау тоқтатылды. 2008 ж. албандардың Косово мемлекеті жарияланды. Оны Ресей мойындамады.

  2. Шығыс Еуропа елдерінің НАТО-мен қатынасы. 1994 ж. Шығыс Еуропа мен НАТО арасында бағдарлама жасалды: «Бейбітшілік жолындағы серіктестік».

Жыл

НАТО-ға кірген Шығыс Еуропа елдері

1999 ж.

Венгрия, Польша, Чехия кірді.

2003-2004 жж.

Болгария, Румыния, Словакия, Словения кірді.

2009 ж.

Албания мен Хорватия кірді.

§29. АҚШ

І. АҚШ президенттерінің саясаты

Президент

Ішкі саясат

Сыртқы саясат

Трумэн

1945 ж. 12 сәуір –

1952 жж.

Демократиялық

партия

1947 ж. Тафт-Хартли заңы қабылданды. Мәні – кәсіподақ қызметін шектеу.

1947 ж. қабылданған құжаттар: «Трумэн доктринасы», «Маршалл жоспары», «Рио-де Жанейро пактісі». 1948 ж. Боготада «Америка мемлекеттерінің ұйымы» құрылды. 1949 ж. НАТО құрылды.

Эйзенхауэр

1952-60 жж.

Республикалық

партия

1954 ж. Жоғарғы сот мектептегі нәсілшілдік конституцияға сәйкес емес деген шешім қабылдады.

Кеннеди

1960-63 жж.

Демократиялық партия

Бағдарламасы: «Жаңа дәуір». Тиімді сұраныс деген кейнстік теория негізінде жасалды.

Латын Америкасына жәрдемдесу жоспары – «Даму жолындағы одақ». Кеннеди тікелей қатысып, реттеген дағдарыс – «Кариб дағдарысы» (1962 ж. қазан). 1963 ж. АҚШ, Англия, КСРО ядролық қаруды ауада, ғарышта, суда сынауды тоқтату туралы шартқа қол қойды.

Джонсон

1963-68 жж.

Демократиялық партия

Бағдарламасы: «Кедейшілікпен күрес». Антинәсілшілдік заңдар қабылданды:

  1. Жұмысқа жалдау кезінде кемсітушілікке тыйым салу (1967 ж.).

  2. Қара нәсілділердің сайлау құқығын қорғау (1965 ж.).

  3. Тұрғын үйді жалдағанда кемсітушілікке тыйым салу (1968 ж.).

1964 ж. Вьетнамға қарсы соғыс басталды. 1967 ж. 300 мың адам Пентагонды қоршады.(Вьетнам соғысына қарсы ереуіл)

Никсон

1968-1974 жж.

Республикалық

партия

1974 ж. «Уотергейт жанжалы» болды. Салдары: Никсон қызметтен кетті.

Никсон 1973 ж. Вьетнам соғысын тоқтатты. 1971-72 жж. АҚШ Қытаймен жақындасты. КСРО-мен стратегиялық шабуыл қаруын шектеу туралы келісімге қол қойды (ОСВ-1)

Форд

1974-76 жж.

Картер

1976-80 жж.

КСРО-мен АҚШ арасындағы ОСВ-2 келісімі бекітілді.

Рейган

1980-88 жж.

Республикалық

партиясы

Колифорния штатының бұрынғы губернаторы. Ішкі саясаты: «Рейганомика» - қатал монетаристік саясат. Нәтиже: 1983 ж. АҚШ дағдарыстан шықты.

1980 жж. І жартысында АҚШ-КСРО қатынасы шиеленісті. Себебі: Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға енгізілуі (1979 ж.). Польшадағы әскери жағдай (1981). 1987 ж. КСРО мен АҚШ арасында орта, шағын зымырандарды жою туралы келісімге қол қойылды.

Дж.Буш

1988-92 жж. Республикалық

партиясы

Қырғықабақ соғыс аяқталды.

Клинтон

1992-2000 жж. Демократиялық партия

Кіші Буш

2000-2008 жж.

Республикалық

партиясы

2001 ж. 11 қыркүйекте ланкестер АҚШ-қа қарсы шабуыл жасады.

АҚШ Ауғанстандағы талибандар үкіметін құлатты. (2003 ж)

2003 ж. АҚШ Иракқа қарсы соғыс ашып, Хусейн режімін жойды.

Обама

2008 ж. бастап

Демократиялық партия

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]