Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9_klass_Dunie_shpory.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
871.94 Кб
Скачать

§25. Италия, Испания, Португалия, Грекия

І. Италияның 1945-2008 жж. дамуы.

1. Италия экономикасының үш моделі.

Аймақ

Не шығарды

Солтүстік-Батыс Италия

Аса ірі өнеркәсіп аймағы.

Оңтүстік Италия

Артта қалған аймақ. Негізгі сала – аграрлы.

2. Италия тарихындағы негізгі оқиғалар.

Жыл

Оқиға

1946 ж. маусым

Референдум. Халық республикалық құрылысты жақтады.

1948 ж.

Конституция қабылданды.

1950-60 жж.

«Италиялық ғажайып». Осы екі онжылдықта дамыған капиталистік елдер ішінде даму бойынша Италия 1 орын алды.

1978 ж.

ХДП-нің қайраткері Альдо Моро өлтірілді. Өлтірген: «Қызыл бригадалар»

1992 ж.

«Таза қол» операциясы. Мақсаты: жемқорлармен күресу. 2 жылда 2 мың адам тұтқындалды. Сотқа тартылған премьер-министрлер: Андреотти, Кракси, Берлускони. Ақталғандар: Берлускони, Андреотти (соңғысы 2000-шы ж. ақталды)

3. Италиядағы үкіметтер

Жыл

Премьер-министр

Партия(лар), үкіметтің атауы

1948 ж. сәуір

Де Гаспери

Христиан – Демократиялық партия (ХДП) жеңіске жетті.

1963-68 жж.

1974-76 жж.

Альдо Моро ХДП (Италияның ең ірі саяси қайраткері)

«Солшыл орталықшылар» үкіметі . Альдо Моро Компартияны елді басқару ісіне қатысуға шақырды.

1981 ж.

Спадолини

Республикашыл партия

1994 ж.

Берлускони

Берлусконидің партиясы: «Алға, Италия». Берлускони коалиция құрды: «Солтүстік лигамен»(лидері Босси) және неофашистік «Ұлттық альянспен». Берлускони салық ережесін бұзғасын қызметтен кетті.

1994 ж.

Ламберто Дини

Партиясыз негіздегі үкімет

1994 ж.

Проди

«Зайтүн ағашы» блогы. Жетекші партия: СКДП (солшыл күштердің демократиялық партиясы).

2001 ж.

Берлускони

«Алға, Италия».

2008 ж.

Берлускони

«Алға, Италия». Берлускони 3 рет премьер-министр болды.

Қорытынды: Қазақстан мұнай қорларын игеретін Италия компаниясы: «Аджип».

ІІ. Испания.

Жыл

Оқиға

1947 ж.

Франко мемлекет басшысының мұрагерлігі жөніндегі заңды жариялады.

1959 ж.

Ашық экономика бағытына көшті.

1969 ж.

Франко өзінің мұрагері етіп 1931 ж. тақтан түскен король-Хуан Карлос Бурбонды дайындады.

1975 ж.

Франко өлген соң, король І Хуан Карлос таққа отырды.

1975 ж.

Испания өкіметін іскер консерватор Адольфо Суарес басқарды. Ол бірнеше парламенттік және сот мекемелерін реформалау туралы заңдар енгізді.

1978 ж.

Конституция мақұлданды.

1982 ж.

Парламент сайлауында Социалистік жұмысшы партиясы табысқа жетіп, үкіметті ұзақ жылдар бойы Филипо Гонсалес басқарды.

1982 ж.

НАТО әскери-саяси одағына мүше болды.

1986 ж.

Еуропа елдері одағына мүше болды.

1996-2004 жж.

Хосе Мария Аснар үкіметі.

1998 ж., 2001 жж.

Испания королі І Хуан Карлостың Қазақстанға ресми сапары.

2003 ж.

ЭТА ұйымның әрекетіне тыйым салынды.

ІІІ. Португалия

Өкімет басында ондаған жылдар бойы диктатор Салазар болды.

Жыл

Оқиға

1963 ж.

Барлық оппозициялық күштерді топтастыру ниетімен патриоттық Ұлт-азаттық майдан құрылды.

1968 ж.

Диктатор Салазар қызметтен кетті. Марсель Каэтану премьер-министр қызметіне тағайындады.

1974 ж.

Төңкеріс болды. Төңкеріс «Қызыл қалампыр революциясы» деп аталды.

1976 ж.

Конституция қабылданды.

1986 ж.

Еуропа Одағына мүше болды.

IV. Грекия.

Жыл

Оқиға

1947 ж.

Грекия мен Түркияға әскери және экономикалық көмек беру жөніндегі «Трумэн доктринасы» жарияланды. Азамат соғысы: 1947-49 жж.

1967 ж. сәуір

Мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырылып. «Қара полковниктері» диктатурасы орнады.

1974 ж.

Әскери диктатура режімі құлады.

1981 ж.

Грекия ресми түрде Еуропа елдері одағына мүше болды.

1993,1996 жж.

ПАСОК партиясы сайлауларда жеңіске жетіп, жетекшісі Папандреу 19 жыл бойы бірпартиялық үкіметті басқарды.

ІІ. Испания, Португалия, Греция.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]