Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9_klass_Dunie_shpory.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
871.94 Кб
Скачать

§1. 1-ші дүниежүзілік соғыс 1914-18 жж.

Версаль-Вашингтон жүйесі 1919-22 жж.

І. Мемлекетаралық қайшылықтар:

Ұлыбритания – Германия – негізгі.

ІІ. Мемлекеттердің мақсаты.

Мемлекет

Мақсаты

Ресей

Стамбулды, Қара теңіз бұғаздарын, Галиция мен Неманды басып алу.

Австро-Венгрия

Сербияны алу, Балкан түбегінде, Адриат теңізінде үстемдік орнату.

Германия

Балтық өңірін, Қырымды, Кавказ, Азов, Донды бағындыру.

Сербия

Сербия тарапынан бұл соғыс ұлт-азаттық тәуелсіздік үшін күрес болды.

ІІІ. 1914-16 жж. соғыс қимылдары.

Германияның жоспары – «Шлиффен жоспары»

  1. 1914 ж. қимылдар.

Мемлекет

Майдан

Қимылдар

Германия

Батыс

Тамызда Бельгия арқылы Францияға басып кірді. Француз үкіметі Бордоға көшті.

Ресей

Шығыс

Тамызда Ресейдің екі әскері Шығыс Пруссияға басып кірді. (Францияға көмек ретінде)

Германия - Франция, Англия

Батыс

Марна шайқасы. Ең ірі шайқастардың бірі.Екі жақтан 7 мың зеңбірек, 2 млн жауынгер қатысты.Осы шайқастан кейін соғыс позициялық сипат алды.

Қорытынды: Германия әскерлері Марна шайқасында сәтсіздікке ұшыраса, Австро-Венгрия әскерлері Галиция мен Сербияда жеңіліп қалды. Кавказ майданында Ресей түріктерді талқандады.

  1. 1915 Ж. Қимылдар

    Мемлекет

    Майдан

    Қимылдар

    Германия

    Батыс

    1915 ж. 22 сәуірде Германия Ипр қаласында алғаш рет химиялық қару қолданды.

    Италия

    Шығыс

    1915 ж. мамырда Италия Австро-Венгрияға соғыс жариялады.

    Англия, Франция

    Батыс

    Ағылшын-француз әскерінің ең ірі соғыс әрекеті. Мақсаты: Мәрмәр теңізі мен Дарданелл бұғазын басып алу. Салдары: 150 мың әскер оққа ұшты.

    Болгария

    Шығыс

    Болгария 1915 ж. қазанда Антантаға соғыс жариялады. Төрттік одақ құрылды: Германия, Австро-Венгрия, Түркия, Болгария.

  2. 1916 Ж. Қимылдар

Мемлекет

Майдан

Қимылдар

Германия-Франция

Батыс

Верден шайқасы (Верден қырғыны)-1916 ж. ақпан.Верденға 2 млн снаряд атқылады.

Ресей

Шығыс

Брусилов басқарған орыс әскері Австро-Венгрияны талқандап, Галиция мен Буковинаны қайтарды.

Англия,Франция-Германия

Батыс

Сомма шайқасы: 1916 ж. шілде-қараша. Ағылшындар мен француздар алғаш рет танк қолданды.

IV. Соғысушы елдердегі әлеуметтік-экономикалық дағдарыс.

Мемлекет

Дағдарыс көріністері

Германия

  1. 17-70 жастағы ер адамдар еңбек етуге міндеттелді.

  2. Азық-түлік шектеп берілді (карточкалық жүйе).

  3. Картоп пен дән-дақылдарды үй жануарларына беруге тыйым салынды.

V.АҚШ-тың соғысқа кірісуі (1917-18 жж. қимылдар)

Жыл

АҚШ-тың әрекеті

1917 ж. 6 сәуір

АҚШ Германияға соғыс жариялады.

1918 ж. басы

Батыс Еуропада 2 млн АҚШ солдаты соғысты.

Қорытынды: АҚШ-тың соғысқа кіру себебі – 1917 ж. Германия соғысушы елдермен қатар бейтарап елдердің кемелерін суға батыратындығын жариялады. Түпкілікті себебі – АҚШ дүниежүзіне Германияның үстемдік орнатуын қаламады.

VІ. Германияның жеңілуі. (1918 ж.қимылдары)

Мемлекет

Майдан

Қимылдар

АҚШ - Германия

Батыс

Аррас шайқасы (1918 ж. тамыз). Нәтижесі: Антанта әскерлері бір күнде 16 неміс дивизиясын талқандады. Антанта жаппай шабуылға шықты.

Қорытынды: 1918 ж. қыркүйек: Болгария, Түркия, Австро-Венгрия жеңілгендерін мойындады;

1918 ж. 11 қараша: Компьен орманында Германия мен Антанта уақытша бітімге қол қойды. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.

VII. Соғыстың қорытындылары.

Сандық көрсеткіш

Сипаттама

38

Мемлекет қатысты.

74 млн адам

Екі жақтан әскер қатарына шақырылды.

20 млн адам

Жараланды.

10 млн адам

Қаза тапты.

4 империя

Қирады.

9 мемлекет

Құрылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]