
4.Ақпараттық жүйелер
4.1 Ақпарат жүйелері (ағылш. Information systems; қысқаша: IS) - деректерді тарату, құру, өңдеу, фильтрлеу, жинауға адамдар мен компанияларға қажетті техникалық құрал-жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамаларды оқу.. Қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны, пайдаланушылардың сұрауы бойынша ақпаратты сақтауға, іздестіруге және беруге арналған жүйе; мәліметтер базасы мәтінінің мағыналық бөлігіңде — мәліметтерді сақтау және олармен амал-әрекет жасауға арналған белгілі бір жүйенің формальды толықтығын құрайтын тұжырымды схема, ақпараттық база және ақпараттық процессор.
4.3 Іnternet – кез-келген компьютерді жер щарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратан Дүниежүзілік Торап. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды торап деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен TCP/ІP хаттама ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір тілде “сөйлейді” деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет торабы көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып, басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
TCP/ІP – Интернет торабына қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтердібір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.
ІP (Іnternet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін торапаралық хаттама.
TCP(Transmіsson Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол тораптағы ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.
Интернет торабын пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.
Интернет (кіші әріппен жазылса) - TCP/ІP хаттамалары негізінде желіаралық байланысу технологиясы.
Интернет құрылысы
Интернетте жақсы жұмыс істеу үшін, оның құрылысын білу онша қажет болмайды. Бірақ интернет жұмысы және пайдаланылатын терминдер туралы біршама білу керек. Бұл жағдай интернетті тезірек меңгеруге көмектеседі. Әрбір тұтынушы компьютерді телефон арналарымен түйінді машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез-келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды, ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам істейтін оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық сервер дегеніміз - қалың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз, жарнамалар, т.б. мәліметтер сақталады.
Торапқа қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын адрес (ІP-адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (ІBM, Macіntoch), операциялық жүйенің түрімен (MS DOS, Wіndows 98, Wіndows NT) байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арнасының бос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады. Бұл мүмкіндік Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан, әрі сенімді байланыс жабдығына айналдырды деуге болады.
Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте адресті кім тағайындайды, компьютерлар арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек, бұның бәрін істейтін арнайы қоғам - Интернет провайдері деген ұйым, мекеме бар. Мысалы, Алматыда Интернет порвайдері болып қызмет атқаратын Интерент трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communіcatіons, Parasang, Қазақтелеком, Астел Арна Спринт т.б. мекемелер жұмыс істейді.
Іnternet-те қызмет көрсету провайдері – ІSP (Іnternet Servіce Provіder), Іnternet-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.
1
.1-сурет.Microsoft
Access-ті ашу
1.2-сурет.Деректер қорын ашу терезесі
1.3 – сурет. Ассеss терезесінде жалпы көрініс
1
.4-сурет.Деректер
қорының базасын құру режимін таңдау
терезесі
1.5-сурет. Қажетті кестелер
1.6 – сурет. Жүйелік блок
1.7 – сурет. Дисплей (монитор)
1.8 – сурет. Пернетақта
1.9 – сурет. Тінтуір
2 – сурет. Принтер
2.1 – сурет. Сканер
Қорытынды
Деректер қорын құру барысында Microsoft Access мүмкіндіктерінің шектеусіз көп екеніне көз жеткіздік. Оны құру да көптеген ДҚБЖ бойынша білімді керек еткені сөзсіз. Бірақ нәтижесі айтарлықтай жоғары және қандай да болмасын кез-келген саланы қамтитыны, сапалы өнім алуға болатыны айқын. Ол мәліметтерді енгізіп, тиімді әрі жеңіл пайдалануға арналған.
Курстық жұмыстың барысында ақпараттар жүйесін жасаудың негізгі принциптері, жобалау сатылары рет-ретімен мысалдармен көрсетілді.Осы көрсетілген мысалдар мен түсіндірулер жаңа жүйе жасауға негіз бола алады.
Деректер қорын құру барысында оны неғұрлым әмбебап, түсінікті қолдануға ыңғайлы етіп шығаруға ұмтылдым. Сол үшін жүйенің объектілері анықталып, олардьң арасындағы байланыстар орнатылды, әр түрлі кестелерге ыңғайлы формалар құрылды.
«Компьютерлік орталық» қосымшасын құру негізінде деректер қорын басқару жүйесінің қолдану аясы кең және оның мәнінің жоғары болуын дәлелдеу.
Қорыта келгенде деректер қоры – бұл көптеген деректер қорын жеңілдетуге мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ бұл ыңғайлы және тиімді программа болып табылады.Тек деректер қорларын құру жүйелерімен жұмыс істеуді толық меңгергенде ғана біз аз уақытта тиімді жүйе жасап шығара аламыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Острейковский В.А. Информатика.- Москва: Выс.Шк., 2001.
Симонович С.В., Евсеев Г.А. Общая информатика.- Москва. Инфорком пресс и АСТ пресс – 2000г.
Архангельский А.Я. Язык SQL в Delphi5.– Москва: ЗАО «Издательство Бином», 2000.
Бобровский С. В. Delphi5.- Учебный курс – Санкт-Петербург: Питер, 2001г.
Купрова Т.А. «Создание программирования баз данных средствами СУБД».М:Мир, 1991
Диго С.М. «Проектирование баз данных».М:Финансы и статистика, 1998ж
Савельев А. и другие «Создание и использование баз данных», М: 1991ж
Голицына О.Л., Максимова Н.В., Попова И.И. «Базы данных», М: 2003ж
под ред. Хомоненко А.Д. «Базы данных». Санкт-Петербург, 2000ж
Стивен Копустейк «ACCESSшаг за шагом», М: Бином, 1998ж
Гончарова А. «ACCESS-97 в примерах», Питер, 1997ж
Системы управления базами данных и знаний: Справ. Изд/Наумов А.Н., Вендров А.М., Иванов В.К. и др.: Под ред. Наумова А.Н.М: Финансы и статистика, 1991ж
Четвериков В.Н. и др. Базы и банки данных Учебник для вузов по спец. «АСУ»/Под ред. В.Н. Четверикова.М: Высш. Шк.,1987ж
Дейт К.Дж. Введение в системы баз данных.: Пер. С англ. 6-е изд.К.: Диалектика, 1998ж
«Ақпараттану» Байғожанова Д.С. Талдықорған, 2006ж
Базы даных Абдуллин В.З. –Алматы: КазНТУ, 2003ж
Базы даных Microsoft Access. Андерсен В. -М: ЭКОМ, 2001ж
Самоучитель Access 97/2000.Куперова Т.А. -Ғылыми техника, 2001ж
СУБД Access для Windows 95 в примерах.Бекаревич Ю.Б, Пушкина Н.В -ВНV- Санкт-Петербург,1997ж