
- •1.2 Еңбек ақының формалары және жүйелері............................................
- •«Маңғыстаумұнайгаз» ақ мысалында өнеркәсіптік кәсіпорында
- •Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыру жолдарын жетілдіру
- •Еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері
- •Еңбек ақының мәні, қызметтері және қағидалары.
- •Сурет 1. Жалақы мөлшері.
- •Жоспарлы
- •1.2 Еңбек ақының формалары мен жүйелері.
- •1.3 Кәсіпорында еңбек ақы қорын пайдаланудың тиімділігі
- •2 «Маңғыстаумұнайгаз» ақ мысалында өнеркәсіптік кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыруды талдау.
- •2.1 «Маңғыстаумұнайгаз» ақ-ның техника-экономикалық сипаттамасы.
- •Мың тенге
- •«Маңғыстаумнайгаз» акционерлік қоғамында еңбекақыны ұйымдастыруды талдау.
- •2006-2008 Жылдардағы категориялар бойынша «ммг» ақ-ның жұмысшыларының орташа айлық жалақылары
- •2007-2008 Жылдары бойынша «ммг» ақ-ның еңбек ақы қоры
- •2007 - 2008 Жж «ммг» ақ-ның орташа жалақының көрсеткіштері
- •3 Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыру жолдарын жетілдіру
- •3.1 Еңбек ақы төлеудің шетелдік тәжірибесі.
- •3.2 Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру
- •Еңбекті республикалық, өңірлік және халықаралық бөлуде аумақтарды бәсекеге қабілетті экономикалық мамандандыру
2 «Маңғыстаумұнайгаз» ақ мысалында өнеркәсіптік кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыруды талдау.
2.1 «Маңғыстаумұнайгаз» ақ-ның техника-экономикалық сипаттамасы.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ - Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Компанияның басты офисі Ақтау қаласында, Батыс Қазақстанда Каспий жағалауында орналасқан. «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы – Қазақстан Республикасындағы ең ірі мұнай-газ өндіретін кәсіпорындардың бірі. Бұл компания Маңғыстау облысы Ақтау қаласында орналасқан.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бүкілодақтық Халық шаруашылық Кеңесінің 1963 жылғы 7 қыркүйектегі №53-12 және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1963 жылғы 5 қарашадағы, сондай-ақ Батыс Қазақстан халық шаруашылығы Кеңесінің 1963 жылғы қараша айының 27 жаңасындағы №280 Қаулыларымен мемлекеттік кәсіпорын – өндірістік бірлестік ретінде құрылды. Сол тарихы күнге дейінгі бірнеше жылда түбектің мұнай, газ кен орындарын зерттеп, барлап, ашуда және жеделдете игере бастауда ұланғайыр жұмыстар жүргізіліп үлгерген еді.
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы – Қазақстанның мұнай саласында ең сенімді, ең ірі мұнай өндіруші компания мәртебесіне ие болды. Қазыналы өлкедегі кең қанат жайған бұл жетекші өндіріс саласының даму тарихы, бүкіл облыстың индустриялды өркендетілуі ең әуелі осы кәсіпорыннан бастау алады
Негізгі тауар өнімі бекітілген талаптарға сай өңделген мұнай және ілеспе газ болып табылады.
Атқаратын қызметтердің негізгі түрлері:
көмірсутегі шикізаттарының кен орындарын барлау;
мұнай-газға іздеуші, құрылымдық, пайдаланылатын ұңғымалар
бұрғылау;
мұнай-газ кен орындарын абаттандыру, құрылыс - монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу, автомобиль жолдарын салу және жөндеу;
мұнай мен газ өндіру;
мұнайды жинау, тасымалдау және тұтынушыға жіберер алдында кешенді дайындықтан өткізу;
мұнай өнімдері республика мұнай өңдеу зауыттарында өңделгеннен кейін, тұтынушыларға өткізу;
мұнай өндіруде пайдаланылатын ұңғымаларға қызмет көрсету және жөндеу, бақылау
өлшеу приборларын және өндіріс процесстерін автоматтандыру құралдарын, байланыс құралдарын орнату және пайдалану;
мұнай шикізаты мен мұнай өнімдерін өткізетін сыртқы және ішкі рыноктарды зерттеу, маркетинг жүргізу;
тауарлар мен қызметтерді экспорттау және импорттау операцияларын жүргізу, өзара тиімді сыртқы экономикалық байланыстарды нығайту, шетел фирмаларымен сауда – экономикалық және ғылыми – техникалық ынтымақтастық орнату;
кен орындарын іске қосу процесстеріне ақпараттық – есептеу қызметтерін көрсету.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ республиканың мұнай өндірісінің 11 % қамтамасыз етеді. Қазақстанның қор биржасының ( КАSЕ) мәліметтері бойынша, 2007 жылдың 1 қаңтарында акциялар пакетінің 30 % Ansdele Development Ltd компаниясының үлесінде. Бұл компания Британияның Виргин аралында тіркелген. Қазіргі кезде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ баланстық қоры 969 млн. тонна болатын 15 мұнай және газ кен орындарында жұмыс жүргізуде. Негізгі өнеркәсіптік нысандары – Қаламқас және Жетібай кен орындары саналады. Бүгінгі күні «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жылдық мұнай өндірісі 5 млн. 660 мың тоннаны құрайды. (35. 55 бет). «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ барлық өндіретін мұнайдың 60%-ын Қазақстанның ішкі рыногына өткізеді, ал қалған бөлігі экспортталады. Ішкі рыноктағы мұнайдың негізгі тұтынушылары Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары. Экспортталатын мұнай ТМД елдері мен алыс шетел мемлекеттеріне сатылады. 1998 жылдан бастап «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндірістік қызметі пайдалы (табысты) болып саналады. (31. 87 бет).
1996 жылдың маусым айында компания көмірсутекті шикізат өндіру мақсатында 8 кен орнын 25 жыл пайдалану лицензиясын алды, оның ішінде 3- еуі газ- мұнай кен орындары (Асар, Қаламқас және Шығыс Жетібай), 2- уі мұнай- газ ( Бурмаш, Оймаш); 2-уі мұнай кен орны (Алатөбе, Солтүстік Қарақия) және мұнай газ конденсатты Жетібай кен орны. 1996 жылы қараша айында «Маңыстаумұнайгаз» АҚ-на Оңтүстік Жетібай мұнайгаз конденсат кен орынында 25 жыл мұнай өндірісін жүргізуге лицензия берілді. 1997 жылдың желтоқсан айында компания көмірсутегі шикізатын барлауға және өндіруге, Бектұрлы, Придорожное , Атамбай, Сарттөбе мұнайгаз конденсаты кенорындарына Ащыағар, Айрантақыр, Солтүстік Аққар мұнай кен орындарына (барлық лицензиялар 31 жылға) сонымен қатар Оймаш газмұнай кен орнына 25 жылға – барлығы 7 лицензия алды. (23-87 бет).
2000 жылы Қазақстан Үкіметі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның меншігіне Павлодар мұнай өңдеу заводының ( қуаттылығы жылына 7,5 млн. тонна) акция пакеттерінің 51% берді. Бұл завод этильденбеген бензин, реактивті двигательдерге арналған отын, қыстық және жаздық дизель отынын, мазут өндірілді. Акция пакеттері заводтың бұрын тұтынған мұнай төлемі ретінде берілді. Павлодар мұнай - химия заводының қалған 49 % акциялары мемлекеттің қарауында. Завод мұнайды отын нұсқасында өңдейді, қайта өңдеу сапасы 80- 85 % құрайды, бұл мұнай өңдеудің әлемдік деңгейіне сай.
Мұнай өңдеу мынадай процесстерді қолдану арқылы жүзеге асырылады:
Мұнайды электрлік сусыздандыру және тұзсыздандыру;
Электросусыздандырылған және тұзсыздандырылған мұнайды қайта айдау;
Реактивті, дизельді отынды және бензинді гидротазарту;
Бензин фракцияларын каталитикалық реформинттеу;
Каталитикалық крекинттеу;
Газофракциялау;
Мұнай битумдарын өндіру;
Кокс өндіру
Күкірт өндіру
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 2007 жылы 5 млн 255 мың тонна мұнай өндірген болса, 2008 жылы – 5млн. 660 мың тонна өндірген, яғни 2007 жылмен салыстырғанда 7,7 % артық өндірген. Жоспарлы тапсырма – 5,4 млн. тонна., мекемеге мерзімінен бұрын «Тәуелсіздік күніне» орай орындалды. Компания құрамындағы «Қаламқасмұнайгаз»- 1.5 млн. тонна мұнай өндірген. 2008 жылдың соңына дейін 250 мың тоннадан астам мұнай жоспардан тыс өндірілді.
2008 жылдың қорытындысы бойынша табиғи газ өндірісі 2/3, 654 млн. кубометрге жетті, ал 2007 жылы 166, 131 млн. кубометр газ өндірілген еді.
2008 жылдың желтоқсанында мұнай өндіру көлемі 486,1 мың тонна болды, ал 2007 жылы осы кезеңімен салыстырғанда 4,2 % артық. Ал, газ өндірісі 2008 жылы – 19, 369 млн кубометрге жетті, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 36,7 % артық.
2008 жылы компания жоспар бойынша 5 млн. 640 мың тонна өндіруді және жоспардан тыс 110 мың тонна мұнай өндіруді жоспарлаған.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ үлкен жобаларды іске асыруды жоспарлаған. Мысалы, Қаламқас кен орнында электр энергиясын өндіретін станция саласында және жерасты суларын жанайтын қондырғылар орнатылды. Асар кен орнында Жетібай кен орнын сумен қамтамасыз ету үшін 7 ұңғыма бұрғыланды.
Өндіріске жаңа техника мен технологиялар ендірілуде. Осы мақсатқа жыл сайын 15 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Әсіресе, тереңде винттік насостарды қолдану мен жер қыртысын гидроайыру (гидроразрыв) тәсілдерін қолдану жақсы нәтижелер берді. Жерқыртысын гидроайыру тәсілі 2001 жылдан бастап Жетібай кенорнында қолдана бастады. Бүгінгі күнге дейін 160 ұңғыма – операциялары жүргізілді, соның нәтижесінде қосымша 650 мың тонна мұнай өндіруге қол жеткізілді. Биылғы жылдың 1 тоқсанының жоспарын «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 58 мың 400 тоннаға артық орындады (мұнай өндірісін 4,9 %-ға арттырды ).
Түбектің барлық аймақтарында орналасқан «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғам электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етілген. Қаламқас және Жетібай учаскелерін қоса санағанда, Маңғыстауэнергомұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 500-ге жуық адам жұмыс істейді.
Акционерлік қоғамда сенімді коммуникация жұмыстарын жүргізетін «Мұнайтелеком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қазіргі заманға сай байланыс құралдарымен жабдықталған. Барлық өндірістік және технологиялық процесстер толық компьютерленген және автоматтандырылған. Автоматтандыру, ақпараттық технология мен байланысының басқармалары жұмыс істейді. Кен орындарын ғылыми зерттеу мақсатында арнайы құрылған ғылыми- өндіріс орталығы жұмыс істейді.
2003 ж классикалық құбырлар өндірістін завод құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Маңғыстау обылысының климат жағдайында болат құбырлар пайдалану прйесінде сырқы және ішкі коррозиялар әсерінен тез қозғалыстан шығады. Ал, жаңа технология мен пласталған әйнекпластикалық құбырлар, біздің климат жағдайында 15 тен 50 жылға дейін шыдайды. Әйнек пласт құбырлар болат құбырлармен салыстырғанда 4 есе жеңіл. Тағы да 2 артықшылықтары – жоғары беріктілігі көрсеткіштері мен төмен жылу өткізгіштігі. Сондықтан оларды пайдалану өндірістін тиімділігін арттырады. Завод аймағында 2 цех орналасқан. 1 цехта диаметрі 300 милиметрге дейін құбырлар өндіреді, ал 2 цехта диаметі 300 милиметрден 500 милиметрге дейін құбыр өндіріледі. Сондықтан қатар, заводта әйнекпласт құбырды жалғайтын, бекітетін детальдар өндіріледі. Терендікте жұмыс істейтін мұнай насостарын жөндейтін және тексеруден өткізетін «Техно Трейдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктес кәсіпорыны құрылған.
«Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармаында 2005 жылы мұнайды даярлау және қайта айдау цехының екіншісі кезегі пайдалануға берілді, ал бл цехтын кезегі 1988ж п пайдалануға берілген болатын. Цехтын жобалық қуаты- жылына 3 млн. Теңге мұнай өңдеу «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамда мұнай кен орындарында үлкен маштабты бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған перфоратлық платикалық құбырлар өндіретін завод құрылысы аяқталады.
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы негізгі инвестициялық жобаларын жүзеге асыру үшін жылына 30 млн. доллар шамасында қаражат қажет.
Келтірілген 3 кестеде көрсетілгендей, кәсіпорынның активтері өткізілген өнім көлемі менншікті және таза көлемі жылға артуы, 2006 ж өткізілген өнім көлемі 2003 жылмен алыстырғанда 5,87 есе, ал таза пайда 5,7 ессе өскен. Бұл көрсеткіштер «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамын жоғары рентабльді, табысты, даму үстіндегі өнеркәсіп кәсіпорыны ретінде сипаттайды.
Кесте 3
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қаржылық көрсеткіштері,