
- •1.2 Еңбек ақының формалары және жүйелері............................................
- •«Маңғыстаумұнайгаз» ақ мысалында өнеркәсіптік кәсіпорында
- •Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыру жолдарын жетілдіру
- •Еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері
- •Еңбек ақының мәні, қызметтері және қағидалары.
- •Сурет 1. Жалақы мөлшері.
- •Жоспарлы
- •1.2 Еңбек ақының формалары мен жүйелері.
- •1.3 Кәсіпорында еңбек ақы қорын пайдаланудың тиімділігі
- •2 «Маңғыстаумұнайгаз» ақ мысалында өнеркәсіптік кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыруды талдау.
- •2.1 «Маңғыстаумұнайгаз» ақ-ның техника-экономикалық сипаттамасы.
- •Мың тенге
- •«Маңғыстаумнайгаз» акционерлік қоғамында еңбекақыны ұйымдастыруды талдау.
- •2006-2008 Жылдардағы категориялар бойынша «ммг» ақ-ның жұмысшыларының орташа айлық жалақылары
- •2007-2008 Жылдары бойынша «ммг» ақ-ның еңбек ақы қоры
- •2007 - 2008 Жж «ммг» ақ-ның орташа жалақының көрсеткіштері
- •3 Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыру жолдарын жетілдіру
- •3.1 Еңбек ақы төлеудің шетелдік тәжірибесі.
- •3.2 Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру
- •Еңбекті республикалық, өңірлік және халықаралық бөлуде аумақтарды бәсекеге қабілетті экономикалық мамандандыру
Мазмұны
КІРІСПЕ ..................................................................................................3
Еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері.........5
Еңбек ақының мәні, қызметтері және қағидалары.........................5
1.2 Еңбек ақының формалары және жүйелері............................................
1.3 Кәсіпорында еңбек ақы қорын пайдаланудың тиімділігі ....................
«Маңғыстаумұнайгаз» ақ мысалында өнеркәсіптік кәсіпорында
еңбек ақыны ұйымдастыруды талдау
2.1 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ң технико-экономикалық сипатының мәні
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да еңбек ақыны ұйымдастыру талдау.......
«ММГ» АҚ-ның еңбеке ақы жүйесі.....................................................
Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыру жолдарын жетілдіру
3.1 Еңбек ақы төлеудің шетелдік тәжірибесі...........................................
3.2 Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру.......................
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында өндіріс тиімділігіне әсер ететін әртүрлі факторлардың маңызы арта түседі, себебі, бәсекенің күшеюі кәсіпорындардың өмір сүру жағдайы мен дамуына тікелей әсерін тигізеді. Осы факторлардың ішінде алдыңғы қатардағы орындардың бірін – адам факторы алады, яғни экономикалық өсу мен тиімділіктің, бәсекеге қабілеттіліктің негізін заводтар мен фабрикалар немесе құрал-жабдықтар мен өндіріс қорлары емес, тікелей адам капиталы құрайды.
Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге байланысты еңбек ақы және жұмысшыларды әлеуметтік қолдау мен қорғау саласында саясат та өзгеріске ұшырайды. Бұл саясатты жүзеге асырудың көптеген функцияларын мемлекет тікелей кәсіпорындарға артқан, яғни еңбек ақының формаларын, жүйелерін, мөлшерін кәсіпорындар өздері анықтайды. Жұмысшылардың еңбек нәтижесін ынталандыруға көп көңіл бөлінеді. «Еңбек ақы» түсінігі жаңа мазмұнымен толықтырылды және сонымен қатар әртүрлі премиялар, қосымша төлемдер және әлеуметтік жеңілдіктер, ақшалай және натуралды түрдегі барлық ақы түрлерін алып жатыр.
Еңбек ақы мәселелері тек экономикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік жағынан да маңызды болғандықтан, экономикалық теорияда және іс жүзінде ерекше орынға ие. Сол себепті бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы біздің қоғамымыздың қазіргі даму кезеңінде өте актуальды болып табылады. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында басты міндеттердің бірі – «жалақы мен төлемдерді, зейнетақыны толық және уақтылы төлеп тұру» екендігін айтқан [1].
Әрбір жұмысшының еңбек ақысы оның жеке қосқан үлесімен және кәсіпорын жұмысының нәтижесімен анықталады. Ол салықтармен реттеледі, жоғарғы шегі шектелмейді. Ал, барлық ұйымдық – құқықтық формалардың жұмысшыларының еңбек ақысының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының заңдарымен және жыл сайын «Республикалық бюджет» заңымен анықталады.
Нарықтық экономика жағдайына көшуге байланысты еңбек ақы жүйесі түгелдей өзгеріске ұщырады. Қазақстан Республикасының 15.05.07 «Еңбек кодексі» заңына сәйкес, мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне араласпайды, сонымен қатар, еңбек ақының мөлшерін, формаларын, жүйелерін анықтамайды, яғни оны ұйымдастырумен айналыспайды[2]. Мемлекет тек халықты әлеуметтік қорғаумен айналысады. Мысалы, еңбек ақының ең төменгі мөлшерін қояды, еңбек ақының салық салынбайтын мөлшерін бекітеді, Еңбек Кодексіне сәйкес жұмысшыларды жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару тәртібін бекітеді. Сондықтан, кәсіпорындар еңбекті және еңбек ақыны ұйымдастыру жұмыстарын өздері жүргізеді., бұл – олардан белгілі бір білім мен іс – тәжірибені талап етеді. Еңбек ақыны ұйымдастыру және төлеу саясаты кәсіпорынның жұмыс нәтижесіне тікелей ықпалын тигізеді. Еңбек қатынастарының жарғылық заңды түріндегі реттеу, сонымен қатар жұмысшыларға еңбек ақы төлеу облысында кәсіпорын компетенциясына кіретін еңбек ақы шарттары көрсетілген кәсіпорынның ұйымдық келісім шарты болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық негіздерін зерттеу және нақты кәсіпорын мысалында талдау болып табылады. Жұмыстың осы мақсаты алдымызға мынадай міндеттер қояды:
еңбек ақының мәнін, функцияларын, қағидаларын ашып көрсету;
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамына қысқаша технико – экономикалық сипаттама беру;
кәсіпорындағы еңбек ақының түрлеріне, жүйелеріне талдау жасау;
кәсіпорындағы еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдірудің жолдарын қарастыру.
Зерттеу нысаны болып, мұнай – газ өндіретін «Маңғыстаумұнайгаз»
АҚ мен оның бөлімшелері алынды.
Зерттеу пәні – кәсіпорындағы еңбек ақыны ұйымдастыру туралы мәліметтер, жалақының түрлері, жұмыс уақытын пайдалануды талдау, жұмысшылардың саны мен жалақы қорын талдау, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – ның соңғы бірнеше жылдардағы негізгі технико – экономикалық көрсеткіштері.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері қарастырылады.
Екінші бөлімде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – ның өнеркәсіптік кәсіпорындарының мысалында еңбек ақыны ұйымдастыруға талдау жүргізілген.
Үшінші бөлім кәсіпорындарда еңбек ақыны ұйымдастыруды жақсарту, жетілдіру жолдарын қарастыруға арналған.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі болып, осы мәселеге арналған нормативті – құқықтық актілер, отандық және шетелдік белгілі авторлардың монографиялары, мерзімдік басылымдар, арнаулы әдебиеттер, сонымен қатар, тәжірибе өту кезінде алынған материалдар табылады.
Жалпы диплом жұмысы кіріспе, үш бөлімнен кесте мен сүреттен тұрады.