
Бизнес-процесстерді құру жəне талдау технологиясы
Бизнес процестерін басқару – компанияның менеджмент жүйесінің ең маңызды элементтерінің бірі. Бизнес процесстерін басқару жүйесі компанияның процесстерін сипаттау, сараптау, жетілдіру, мониторинг жүргізу және дер кезінде өзекті ету жөніндегі жұмыстар жүргізілуін көздейді.
Бизнес процестерін басқару жүйесін құру мынадай жұмыстарды қамтиды:
1. Компанияның бизнес процесстерін сәйкестендіру және жіктеу, жоғарғы деңгейдегі процесстер картасын әзірлеу;
2. Бизнес процестерді басқару құрылымын әзірлеу;
3. Бизнес процестерді сипаттау, сараптау, оңтайландыру және мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстардың ережесін әзірлеу;
4. Бизнес процестерін сипаттау, сараптау және оңтайландыру әдістерін әзірлеу;
5. Бизнес процестерін оңтайландыру критерийлерін анықтау;
6. Бір бизнес процесімен алғашқы жұмыстар циклін жүргізу жөніндегі бастапқы жоба: процестің шектерін анықтау, оңтайландыру критерийлерінің мақсаттық мәнерін анықтау, ағымдағы процесті as is («қаз қалпында») сипаттау, процестті as is сараптау, жақсартуларды жасау, оңтайландырылған to be («болуы тиіс») процесті үлгілеу, to be процестің ережелерін жасау, to be процесті енгізу жоспарын жасау.
Бизнес процестерін басқару саласындағы Key Partners Consulting мамандарының жұмысы нәтижесінде Сіздің компанияңыз бизнес процестерін басқарудың әзірленген жүйесіне, құжаттама пакетіне (жоғарғы деңгейдегі бизнес процестері картасы, құрылым схемасы және бизнес процестерін басқару ережесі, бизнес процестерін сипаттау, сараптау, оңтайландыру және мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстар ережесі, бизнес процестерінің тиімділігі критерийлерінің картасы) және осы құжаттама бойынша өз бетімен жұмыс істеуге дайын компания қызметкерлеріне ие болады.
Электронды оқытудың құралдары мен технологиясы
Баяндама Қазақстан және Ресей университетінде өткізілген конференция Қазіргі заман ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Осыған орай адамзат баласы оның соңынан ілесіп келе жатыр. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Компьютерлік техниканы барлық қызмет ету саласына енгізу жоғары кәсіптік деңгейлі мамандарды дайындау үшін жаңа талаптар қойып отыр, соның нәтижесінде бұрыннан қалыптасқан оқытудың әдістері мен тәсілдері біртіндеп қазіргі заманғы ғылымның қолы жеткен жоғары технологияларды қолданып оқытатын прогрессивті тәсілдерімен ығыстырылып келеді. Ақпараттық - коммуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Оқу - ағарту жұмысына келетін болсақ, оқытудың компьютерлік технологиясы информатика пәніне негізделген және компьютер көмегімен іске асырылатын оқу технологиясына негізделген. Оқу - білім ордаларында заманның ағымына байланысты білім беру әдісі де өзгеріске ұшырап отыр. Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды дамыту алға қойылған.