Қорытынды
Мемлекеттілік
қалыптасуының маңызды құрамдас
бөліктерінің бірі саналатын елдің
саяси-құқықтық жүйесінің дамуы
экономиканың түбегейлі реформалануымен
де, оның
нарық жолына түсуімен бір мезетте жүзеге
асты. Демек, бұл процестер өзара тығыз
байланысты болып келеді және бір-біріне
елеулі ықпалын тигізеді деп айтуға
болады.
Өткен
уақыт ішінде республикамызда нарықтық
өзгерістерді жүргізуге, оны қабылдай
отырьш елді басқаруға бағытталған
бірнеше заң қабылданды, бірқатар
құрылымдық реформалар жүзеге асырылды.
Бұл мемлекеттік басқарудың тұтқасын
құрайтын жергілікті баскару
органдарындағы белсенді азаматтардың
заманауи жауаптылықта пісіп жетілген
елеулі шоғырының қалыптасуына мұрындық
болды.
Қазақстан
Республикасының тәуелсіздігі жылдарындағы
құқықтық реформалауға талдау жасау
барысында оның басты нәтижесі мемлекет
дамуының стратегиялық бағытын айқындағаи,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының
негізін берік калаған, сондай-ақ
мемлекеттік
органдардың жаңа жүйесін құқықтық
тұрғыда бекіткен 1995 жылғы 30 тамыздағы
Қазақстан Республикасының Конституциясын
қабылдауы болып табылады деп айта
аламыз.