
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
Агенттік – ҚР Үкімет құрамына кірмейтін ҚР орталық атқарушы орган. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Қазақстан республикасы Президентімен құрылады, қайта құрылады және таратылады. Агенттік мемлекеттік басқарманың тиісті саласына (қызмет көрсету саласы), сонымен қатар, заңнамада қарастырылған құзырет шегінде салааралық үйлестіруді және басқада арнайы атқарушылық және рұқсат қызметтеріне басшылық етеді (мысалы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі, Қазақстан Республикасының Статистика агенттiгi және т.б). Агенттіктің құрылымы оның басшысы - төрағамен бекітіледі және департаменттер және басқармалардан тұрады. Агенттіктің актілері болып агенттік төрағасының бұйрықтары саналады.
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
Қаржы полициясы Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, экономикалық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету мақсатында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестірудi әрi өзге де арнайы атқарушы және рұқсат берушi функцияларды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгi
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» заңына сай Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі статистика бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастырушы және іске асырушы орган болып танылады. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып саналады. Өкілетті органның статистиканы ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңдылығымен бекітілген жағдайда барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып саналады.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Үкіметтің құрамына кірмейтін, телекоммуникация және почта байланысы салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты, темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдері мен газ, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің өніміне, тауарлары мен қызметтеріне бағаларды реттеуді, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша өнімдерге, тауарларға және қызметтерге бағаларды реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады..
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, өз құзыреті шегінде заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру; мемлекеттік қызмет ісін жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ заңдарда белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдау; мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне мониторинг жүргізу; мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру; мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңдарды сақтауын бақылау.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Агенттік төрағасы Мұсабаев Талғат Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте ғарыш қызметі саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Агенттіктің қызметі аясындағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады: ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету, өз құзыреті шегінде ғарыш саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен үйлестіруді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында мақсатты ғарыш жүйелерін, жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін, ғарыштық зерттеулер мен технологияларды, кадр әлеуетін қамтитын ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту, ғарыштық технологиялар мен қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасында ғарыш қыз.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі
Монополияға қарсы агенттік Үкіметтің құрамына кірмейтін тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Монополияға қарсы органның міндеттері: адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу; Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын құқықтық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеу, жолын кесу; экономикалық шоғырлануға бақылау; бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Дін істері бойынша агенттiгi
Қазақстан Республикасының Дін істері бойынша агенттік конфессияаралық келісім, азаматтардың діни нанымдарының бастандықтарына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктердің өзара әрекеттесу саласында қызметін және құзыретін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (2002-2004) ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 16 қыркүйектегі қаулысымен агенттік туралы ережеге өзгертулер енгізілді: комитеттің және оның департаменттерінің атауы өзгертілді; агенттіктің құқықтық мәртебесі мен негізгі міндеттерінен шағын бизнес (кәсіпкерлік) саласындағы мемлекетттік саясатты іске асыруға байланысты функциялары алынып тасталынды.
ҚР Президентінің 2003 ж. 13 маусымдағы Жарлығымен агенттік ҚР Президентіне тікелей бағынысты және есепті мемлекеттік орган болып қайта құрылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 20 маусымдағы Жарлығымен агенттік туралы ереже және оның құрылымы бекітілді.
Ережеге сәйкес агенттік ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін бақылаужәне реттеу, бәсекелестікті дамытуды қорғау және үйлестіру, сондай-ақ қызметін табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілері жүзеге асыратын саладағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылды.
Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары
Әлеуметтік қорғау — бұл өмірлік қажетті игіліктердің белгілі бір деңгейін (қарттық, денсаулық жағдайына, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуына және басқа да заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенділік көрсете алмайтын) және тиісті ақы төленетін еңбекке қатысу арқылы өзін қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға белгілі бір жақсы тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету шараларының жүйесі. Жалпы науқастарға уақытша еңбекке жарамсыз болып қалғанда әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Әлеуметтік жәрдемақылар, сондай-ақ жүктілікке және бала тууға байланысты, тікелей перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) тағайындалады. Бұл жағдайда әлеуметтік жәрдемақы бала асырап алған күннен бастап баланың туғанына 56 күн өткенге дейінгі барлық кезеңге тағайындалады.
Бала дүниеге келгенде ең төменгі есептік көрсеткіштің 10 еселегі мөлшерінде бір рет жәрдемақы төленеді. Қызметкерлерге әлеуметтік жәрдемақыны жұмыс берушінің қаржысы есебінен төлеу тәртібі заңда қарастырылған. Біздің елімізде "Мүгедектігіне, асыраушысын жоғалтқан жағдайда және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Заң қабылданған.
Егер қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығы жарақатқа немесе кәсіби ауруға байланысты болса, онда жұмыс беруші әлеуметтік жәрдемақыны еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап ол жұмысқа шыққанша не мүгедектігі анықталғанша орташа айлық жалақысының 100 пайызы мөлшерінде төлейді. ! Әлеуметтік жәрдемақы төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны не ойдағыдай орындамағаны үшін жұмыс беруші заңда белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.
Жұмыс берушіге, сондай-ақ қызметкердің жарақаттануына және өзге де денсаулығының бұзылуына байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру міндеті жүктеледі. Егер жұмыс берушінің кінәсінен қызметкер өзінін қызметтік міндеттерін орындау үстінде жарақат алса немесе денсаулығына өзге де зиян келтірілсе жене соның салдарынан ол толықтай немесе ішінара еңбекке қабілеттілігін жоғалтса, онда жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру орнын толтыру төлемі болмаған жағдайда белгіленген тәртіп бойынша және мәлшерде оған келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті. Қызметкердің жарақатты немесе денсаулығына келтірілген өзге де зиянды қай жерде алғандығына қарамастан (кәсіпорын аумағында ма, не одан тыс жерде ме) жұмыс берушінің оған кінәлілігі дәлелденген жағдайда жұмыс берушінің материалдың жауапкершілігі туындайды. Егер жұмыс беруші қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянға өзінің кінәлі еместігін дәлелдесе, онда ол зиянның орнын толтырудан босатылады.
Келтірілген зиянның орнын толтыру дегеніміз — зақымданған қызметкердің еңбекке қабілеттілігін жоғалту, не онын төмендеуі салдарынан жоғалткан жалақысының, табысының мөлшерінде (немесе олардың тиісті белігі мөлшерінде) ақша сомасын төлеуді, біржолғы жәрдемақы төлеуді және денсаулығының бұзылуына байланысты шығарылған қосымша шығындарының орнын толтыруды білдіреді. Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда, келтірілген зиянның орнын толтыруды талап етуге; қайтыс болған адамның асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдардың немесе ол өлген күнге дейін асырап-бағу үшін одан қаржылай көмек алып тұруға құқылы адамдардын; қайтыс болған адамның ол өлгеннен кейін туған баласының; сондай-ақ ата-анасының біреуінін жұбайының немесе жұмыс істемейтін және өлген адамнын жасы сегізге толмаған балаларының інілері мен қарындастарының немерелерін бағумен айналысатын өзге де отбасы мүшесінің құқығы бар.
Зардап шеккен қызметкердін алған енбек жарақатына байланысты жұмсалған қосымша шығындардын орнын толтырудың тәртібі мен шарттары да белгіленген. Мәселен, кәсіпорын зардап шеккен қызметкердің денсаулығы жойылуынан жоғалтқан жалақысының орнын толтырумен қатар, оның алған жаракатына байланысты шығарған қосымша шығындарының да (қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, медициналық тексерілуге және денсаулығын қалпына келтіруге, тіс салдыруға, оны күтуге, санитарлық емделуге, зардап шегушінің емделетін жерге әрлі-берлі барып-қайтуға қажет жолақысын, ал қажет болған жағдайда оның қасына еріп жүретін адамнын да жолақысын қоса) орнын толтырады. Алған жарақаттарынын немесе кәсіби аурудың салдарынан мүгедек болған қызметкерлер өздері еңбек қатынасында тұратын жұмыс берушілердің қаржысы есебінен жүріп-тұру құралдарымен, еңбектік- әлеуметтік қалпына келтірудің басқа да түрлерімен қамтамасыз етіледі.
Жұмыс беруші осы айтылған міндеттерді орындаудан жалтарған жағдайда мүгедектердің немесе олардьщ мүддесін қорғайтын әлеуметтік камсыздандыру органдарының талаптары бойынша сот алдында жауап беретін болады. Қолданылып жүрген заңға сәйкес мүгедектердің жұмыска орналасуға қақысы бар. Мемлекет күйі төмен азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде де шаралар қолданып отырады. Адам басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындармәртебесі бар адамдардың, шетелдіктердің, Қазақстан Республикасында тұруға құқығы бар және тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға қақысы бар. Еңбекпен қамту мәселелелері бойынша әкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Дәлелді себептерсіз ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға, оқуға және қайта оқуға қатысудан өздігінен бас тартқан жұмыссыздар алты ай бойы атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық және әлеуметтік негіздері Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Заңы арқылы реттеліп отырады. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, заңда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, республика азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамтамасыз етілуіне құқығы бар.
Жалпы ереже бойынша, еркектер — 63 жасқа, әйелдер — 58 жасқа толғанда зейнеткерлікке шығуға қақысы бар. Кейбір адамдардың ел алдында сіңірген еңбегі үшін зейнеткерлікке шығуға қақысы бар, мысалы, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 5 баласы бар және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеп өсірген әйелдердің 53 жасында зейнеткерлікке шығуға еркі бар. 2005 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 9200 тенгені құрады, орташа зейнетақы — 12427 теңге.