Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемлекеттік реттеу манызы, максаттары, қуралдар...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
52.99 Кб
Скачать

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

А)Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

Б) Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттар

III. Қорытынды

КІРІСПЕ

 Бұл еңбекте, елімізде жергілікті өзін-өзі басқару институтын ендірудің ерекшеліктері және проблемалары зерттелген. Қазақстанның бергі тарихында мемлекеттік басқару құрылымында өзін-өзі басқарудың мүлдем болмауы, қоғам үшін бұл ұғымды тіптен бейтаныс етуде. Қазіргі таңда өткір қоғамдық талқыдағы бұл мәселені осы еңбекте ғылыми-теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеуге тырыстық. Бұл ғылыми еңбектің алғашқы бөлімінде жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы ұғымы және Республикадағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық мәртебесі қамтылған. Екінші бөлімінде әлемдегі муниципалдық басқару үлгілері, мемлекет және қоғамның диалектикалық даму барысындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың маңызы және өзін-өзі басқару қауымдастықтарының азаматтық қоғамның маңызды белгісі екендігі жөнінде зерттеу жүргізілген. Соңғы үшінші бөлімде Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институтын ендірудің ерекшеліктері және проблемалары, сонымен бірге елімізде билікті орталықсыздандыру стратегиясының бағыттары мәселе ретінде қозғалған.

Қазақстан Республикасының егемендікке ие болуы мен мемлекеттік реттеудің нарықтық механизміне негізделген жаңа демократиялық қатынастардың даму жолын тандауы, құқықтық саланы және мемлекеттік органдарды реформалаудың қажеттілігін шарт етіп қойды.

Мемлекеттік реттеу

Мемлекеттік Реттеу – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірге қатысу нысандарының бірі, мемлекеттің жалпы мемлекеттік ресурстарды бөлуге және үйлесімділікті қалыптастыруға тікелей немесе жанама түрде ықпал етуі. Нарықтық және корпоративтік реттеумен қатар қазіргі шаруашылықты экономикалық реттеу жүйесінің құрамдас нышаны болып табылады. Қазіргі кезде әкімшілік және құқықтық реттеу, тікелей және жанама экономикалық реттеу түрлері қолданылып жүр.

  • Әкімшілік реттеуге үлестеуконтингенттеулицензиялаубағанытабыстывалюта бағамынесептеу пайызын, т.б. бақылау шаралары жатады.

  • Құқықтық мемлекеттік реттеу азаматтық және шаруашылық заңдар негізінде осы заңдармен белгіленетін нормалар мен ережелер жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

  • Тікелей экономиканы реттеуде секторлардысалалардыаумақтардыкәсіпорындарды өтеусіз қаржыландырудың алуан түрлері пайдаланылады. Бұған қарыздемеуқаржы,жәрдемақыбюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан төленетін үстеме ақыарнаулы қаржыжеңілдікті несие және салық жеңілдіктері жатады.

  • Жанама экономиканы реттеуде несие-ақшасалықамортизациявалютасыртқы экономикакедендік-тарифтік саясаты сияқты тетіктер пайдаланылады. Осы тетіктердің көмегімен экономика мүдделер мен ынталандыруға әсер ете отырып, мемлекет тікелей өндіріс пен тұтынудың өзіне емес, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірушілер мен тұтынушылар ретіндегі іс-әрекетіне ықпал жасайды.

1930 – 1970 жылдары кейнстік пос-тулаттарға негізделген жаңа мемлекеттік реттеу пайда болды. Мысалы, индикативтік және стратегия жоспарлаужаңа қаржылық бюджеттік тетік қалыптастыру, экономиканы тұрақтандыру, жұмыспен қамту, кезеңдік ауытқуларды жұмсарту сияқты тәсілдер пайдаланылды. Қазіргі заманда ғылыми техника реттеу үдерісі жүріп жатыр. Ол мемлекеттік реттеудің “қатаң” амалдарынан “жеңілдеу” амалына немесе тікелей әсер ететін әдістерден жанама әсер ететін әдістерге көшу арқылы жүзеге асырылуда. Қазақстанда нарыққа өту барысында экономика тетіктерді қалыптастыру мемлекеттік реттеудің басты шарты болды. Мұндай шараларға елде жүргізілген баға мен сыртқы сауданы ырықтандыру, жекешелендіру, ақшаны және банктерді реформалау, валютаны реттеу және қатаң қаржы-несие саясатын жүргізу, жеке меншікті кеңінен енгізу, кәсіпорындарды сауықтыру, институционалдық өзгерістер жасау сияқты амалдарды жатқызуға болады.