
- •Жоспар:
- •III. Қорытынды
- •Қоршаған ортаны қорғау құқығы
- •Адамның салауатты және қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы
- •Экологиялық құқықтың негізгі қайнар көздері
- •Табиғатты пайдалану құқығына,табиғи ресурстарға меншік құқығының жалпы сипаттамасы Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
- •Табиғат объектілеріне меншік құқығы және табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
- •Қорытынды
Табиғатты пайдалану құқығына,табиғи ресурстарға меншік құқығының жалпы сипаттамасы Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
Табиғи ресурстарға қатысты маңызы және арнайы заттық құқық, ол – табиғатты пайдалану құқығы (табиғи рестарды пайдалану құқығы). Оның меншік иесінің табиғи рестарды пайдалану құқығымен шатастыруға болмайды: бұлар құқықтың екі түрі.
Пайдалану құқығын, өз өкілетілігінің бірі ретінде, меншік иесі өзінің меншігіндегі табиғи ресурстарға қатысты жүзеге асырады. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы, әрқашанда, пайдаланушының меншігіндегі ресурстарға қатысты емес, құқықтың басқа субъектіснеің, негізінен мемлекеттің меншігіндегі ресурстарға қатысты жүзеге асырылады. Тек жер учаскісінің пайдалану құқығы ғана мемлекеттік те, жеке де меншікті жерлерге қатысты болуы мүмкін.
Табиғатты пайдалану құқығы, әдетте, табиғатты пайдаланудағы учаскілерін иемдену құығын қамтиды. Иемдену құқығымен табиғат пайдаланудың кейбір басқа түрлерінің де қосылғаның айтуға болады, мысылы, жер қойнауын пайдалану, су пайдалану мен орман пайдаланудың көптеген түрлері, сондай өсімдік әлемінің басқа түрлерін пайдалану.
Таиғат ресурстарын пайдалану құқығы оларға деген меншік құқығынан туындайды.
Табиғи ресурстарды пайдалану құқығың мемлекеттік меншік құқығынан туындауы табиғатты пайдалану құқығын бастапқы, яғни табиғат ресурстарын меншік иесінен алғанға және қайталама, яғни оларды бастапқы пайдаланушыдан алғанға бөлумен байланысты. Табиғи ресурстарын қайталама пайдаланушның құқығының көлемі бастапқы пайдаланушының құқығының көлемінен аз.
Табиғи ресурстарды пайдалану құқғы, тағы да, тұрақты және уақытша, ортақ және арнаулы, ортақ жәнеарнаулы болып бөлінеді.
Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы түрлерінің табиғи ресурстардың жекеленген түрлеріне қатысты заң құжаттарында көзделген басқа арнаулы топтастырулары, олардың бірнеше түрлері үшін сайкес келуі мүмкін немесе олардың түрлерінің біреуінің ғана ерекшелігін көрскту мүмкін. Мыссалы, жер пайдалану құқығы сияқты жер қойнауын пайдалану құқығы да тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын пайдалану құқығы да тұрақты немесе өтексіз болуы мүмкін. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Жарылықтың 10-бабының 2-тармағы). Табиғи пайдалану объектілерінің біреуінің ғана ерекшелігіг сипаттайтын топтсатырудың мысалына Орман кодексінің 88-бабын алуға болады, ол бойынша мемлекттік орман қорында пайдаланудың ағаш даярлау, нәрлі су, сөл даярлау; Қослқы ағаш ресурстарын даярлау, орманды қосымша пойдалану )шөп шабу, мал жаю); орманбы мәдени сауықтырушылық, туристік және спорттық мақсаттарға пайдалану; аң шарушылығының мұқтаждығына пайдалану; ғылыми-зеріттеу мақсатында пайдалану сияқту түрлері жүзеге асырулы мүмкін.
Дегенмен, табиғат пайдалудың барлық түрлерінде бірқатар ортақ арнаулы сипаттар бар. Мұндай арнаулы сипаттарға, біріншіден, табғи ресурстардың барлық түрлерін пайдаланудағы мақсаттық сипатты жатқызуға болады. Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңына сәйкес табиғи пайдаланушылар табиғи ресурстарды арналған мақсатына және олардың бреудегі шарттарға сәйкес пайдалануғатиіс. Табиғат пайдалану құқығының мақсатты арналымы табиғат ресурстарының жекеленген түрлерін пайдаланушылардың құқықтырының көлемі мен сипатына және олардың міндеттеріне байланысты.
Екіншіден, табиғи ресурстарды пайдалану құқықтарына олардың азаматтық айналымдағы шектеулілігі тән. Ол табиғи ресурстарды паидалануға алу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарды арнайы рұқсаты – лицензиянның керек екендігінен көрініс табады. Қошаған ортаны қорғау туралы Заңның 21-бабының 1-тармағы бойынша, табиғи ресурстарды пайдалану олар жайындағы заңнамаға сәйкес лицензиялауға жатады.
Табиғат пайдаланушыны заңда белгіленген тәртіпте табиғатты пайдалану құқығының тоқтатуына әкеп соғады.
Кейбір реттерде, табиғи ресурстарды пайдалану және иемдену құқығынан басқа, табиғатты пайдалану құқығы өзіңе табиғи ресурстарға шектеулі билік ету құқығын қамтуы мүмкін. Мысалы, жер қойнауы паудалану құқығын басқа адамға беру құзыретті органдардың (уәкәлетті мемлекеттік органдардың) рұқсатымен ғана жүзеге асуы мүмкін. Ал, берудің өзі бұл жағдайда азаматтық – құқықтық мәміле негізінде жүзеге асырылады (жер қойнауы және Жер қойнауын пайдалану туралы Заңына сәйкес). Заң құжаттарында көзделген реттерде табиғи ресурстарды пайдалануға беру және табиғат пайдалану құқығын басқа адамдарға беру азаматтық - құқықтық мәмілелер негізінде жүзеге асырылады.
Жерді пайдалану құқығына, табиғи ресурстарды пайдаланудың ерекше құқықтық белгісі бар түрі ретінде, айрықша тоқтала кеткен жөн. Жерді пайдалану құқығында, табиғатты пайдалану құқығының басқару түрлері сияқты, мақсаттық сипат бар. Бірақ кейбір жағдайларда ол жер учаскесінде жеке меншік құқығына жақын құқықтық режиммен азаматтық айналымға кіреді.
Жер кодексіне сәкес жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады жер пайдалану құқығына меншік құқығының нормалары қолданылады, себебі ол Жер кодексіне немесе заттық құқықтық мәніне қайшы келмейді.
Бұл бәрінен бұрын мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың ұзақ мерзімді бастапқы жер пайдалану құқығына қатысты. Бұл жер пайдаланушылар өздеріне тиесілі учаскелерді жалға немесе уақытша ақысыз жер пайдалануға беруге, сондай-ақ өздеріне тиесілі уақытша жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға құқылы. Қайталама жер пайдалану құқығы, әрқашанда уақытша болғандықтан, айналымда ол одан да бетер шектелген. Қайталама жер пайдалану құқығының иесі белгілі бір шаттармен жерін жалға өткізуге немесе уақытша немесе ақысыз пайдалануға беруге құқылы.Барлық көрсетілген жағдайларда мемлекеттік емес жер пайдаланушы, жер учаскесін пайдалану және иемдену құқығынан басқа, өз құқығына билік ету құқығына ие және өкілеттіктерінің құрамы жағынан жер учаскесінің жеке меншік иесіне жақын. Бірақ, меншік иесі билік еткен құқық обьектісі болып меншік құқығының обьектісі ретіндегі жер учаскесі саналады, мемлекеттік емес жер пайдаланушы айналымға қосылған жер пайдалану құқығына тікелей, жер учаскесіне-жер пайдалану құқығы арқылы ғана жанама билік етеді.Жер пайдалану құқығын айналымға қосудың практикалық маңыздылығы сонда, сол арқылы жер азаматтық айналымға шығады, ол жер жеке меншікте бола алмайды мемлекеттік жер пайдаланушылардың жер пайдалану құқығы азаматтық айналымға едәуір аз таралған. Мемлекеттік жер пайдаланушы, жер учаскесіндегі қозғалмайтын мүлікті белгіленген тәртіпте иеліктен шығаруға байланысты жағдайлардан басқа реттерде, өзіңе тиесілі жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға, сондай-ақ кепілге өткізуге құқылы емес.