Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomikaly_1179_1257_su_1199_lgileri_men_fak.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
256.45 Кб
Скачать

Сурет 9 - Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейi

Жұмыссыздық пен нақты ЖҰӨ көлемі арасында тәуелділік қарама қайшы болып табылады. Жұмыс істейтіндер өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады, ал жұмыссыздар – атқармайды, осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің жоғарлауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне әсерін тигізеді.

Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арасындағы жағымсыз тәуелділікті бірінші болып осы тәуелділікті зерттеуші Артур Оукеннің есімімен Оукен заңы деп аталды. Жалпы еліміздегі ЖІӨ мен жұмыссыздық деңгейлеріне арасындағы байланысты келесі суреттен көре аламыз.

Сурет 10 – ЖҰӨ мен жұмыссыздық байланысы

Бүгінгі таңда Қазақстанда орын алып отырған қаржылық дағдарысқа байланысты көптеген шағын кәсіпорындар банкротқа ұшырап, ал ірі корпорациялар өздерінің қызметкерлерін жұмыстан қысқартуда. Сонымен қатар экономиканың құрылыс және т.б. жеке меншік кәсіпорындарда жалақы деңгейі төмендеу процесі байқалды, ал Елбасымыздың мықты әлеуметтік саясаты негізінде 2007-2009 жылдары мемлекеттік қызметкерлердің орташа айлық жалақысын жыл сайын 30% өсіріп отыру қолға алынуда. Бұл жағдай өз кезегінде мемлекеттік қызмет орындары, мұғалімдер мен дәрігерлік қызметке деген сұранысты арттыруға мүмкіндік береді. [13]

Енді макроэкономикалық негізгі көрсеткіштер болып табылатын ЖІӨ, инфляция және жұмыссыздықты бір диаграммаға салып талдайтын болсақ келесідей нәтижелерді көреміз.

Сурет-11 – Қазақстандағы макроэкономикалық көрсеткіштер байланысы

Бұл суреттен басты аңғаратын жағдай жұмыссыздық пен инфляция экономиканың жағымсыз көрсеткіштері ретінде олардың өзгеру динамикалары бір бағытта болады, яғни жұмыссыздық өссе инфляция мөлшері де өседі, ал ЖІӨ керісінше олар өскен кезде оның шамасы кемиді. Сондықтан да мемлекет экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін инфляция мен жұмыссыздықтың мөлшерден тыс өсіп кетпеуіне жол бермеу керек.

Сонымен қатар елiмiзде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтерге қаржы бөлу өте аз, оның көлемi 0,9% құрап отыр. Ал индустриалы-инновациялы саясатты жүзеге асырмасақ, онда 2015 жылы болжам бойынша оның үлесi 0,6%-ға дейiн кемидi екен. Бұл стратегияны жүзеге асырған жағдайда 2015 жылы болжам бойынша ғылым және ғылыми-инновациялық қызметке ЖIӨ-нен бөлiнетiн қаржы 1,7%-ға дейiн өсудi жоспарлап отыр [13].

Сандық мәнге ие болған индикатор-көрсеткіштердің жүйелері төнген қауіпсіздік жайында дер кезінде хабардар етіп, оның алдын алу үшін шаралар қолдануға мұмкіндік береді. Негізгі айта кететін жайт, қауіпсіздіктің ең жоғарғы деңгейіне барлық көрсеткіштер жүйесі өздерінің бастапқы мәндерінен ауытқуының белгілі бір жіберілетін (рұқсат етілетін) шегінде болғанда ғана қол жеткізіледі, ал бір көрсеткіштің бастапқы мәніне жету үшін басқаларына зиян келтірмеу қажет.

Кесте 3 - Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштері [15]

Индикаторлар

Шекті мәндер (әлемдік стандарт)

Қазақстан бойынша нақты көрсеткіштері

1. Инфляция деңгейі

30-40%

11,50%

2. Сыртқы қарыз көлемі, ЖІӨ-

ге пайыз бойынша

25%

28-30%

3. Өндірістегі қайта өңдеу

өнеркәсібінің үлесі

70-50%

22-27%

4. Шығарылатын өнім

көлеміндегі жаңа өнім

түрлерінің үлесі

10%

2,8-3,8%

5. Ішкі тұтынымдағы (оның

ішінде сатудағы) импорттың

үлесі

30 (25)%

65%

6. 10 пайыз өте төмен табысты

және 10 пайыз өте жоғары

табысты халық топтары

арасындағы айырмашылық,

көлеңкелі экономиканы

қоса есептегенде

8 рет

14-16 рет

7. Ұлттық экономиканың

бәсекеге қабілеттілігі (10

балдық шкаламен)

5 балл

2,5 балл

8. Инвестициялар көлемі, ЖІӨ-

ге пайыз бойынша

25%

13%

9. Ғылыми зерттеулерге

жұмсалған шығындар, ЖІӨ-

ге пайыз ретінде

2%

0,23%

Өзіміздің сарапшылардың да, халықаралық сарапшылардың да зерттеулері экономикалық қауіпсіздікке төнген қатердің әлеуметтік-экономикалық жағдайға жан-жақты әсер ететін өзіне тән кешенді сипаттамасы болатынын көрсетеді. Олар:

  1. макроэкономикалық тұрақтылыққа төнетін қатерлер

  2. өндірістік технологиялық қауіпсіздік

  3. сыртқы экономикалық қауіпсіздік

  4. азық-түлік қауіпсіздігі

  5. энергетикалық қауіпсіздік

  6. қаржы қауіпсіздігі

  7. ақпараттық қауіпсіздік

  8. қазақстандық товарлардың ішкі-сыртқы рыноктардағы

  9. бәсекелестігінің төмендігі

  10. сыбайлас жемқорлық пен экономиканың қылмыстануы

  11. республика облыстары, қалалары мен ауылдарындағы әлеуметтік-

  12. экономикалық дамудың ала-құлалығы

  13. мемлекеттік мүдделерді қалыптастыру және қорғау

  14. институттарының дамымауы

  15. қаржы саласының даму деңгейінің экономиканың нақты

  16. секторындағы нақты сұраныспен сәйкеспеуі

Осының ішінде макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау үшін жасап жатқан шараларына тоқталсақ, макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап тұру үшін Ұлттық банк пен Қазақстан Республикасының Үкіметі қажетті қаржы-несие және салық бюджет саясатын жүргізу, сыртқы экономикалық және валюта бағамын реттеу және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету арқылы макроэкономикалық саясаттың басты мақсаттарын жүзеге асырып жатқанына қарамастан, сарапшылар оған төнетін қауіп елімізде әлі де орын алып отыр деген пікірді ашық айтуда. [15]

1) Қазақстанның экономикасының қарқынды өсуі мұнай, түсті және қара металл бағасының әлемдік рыноктағы жоғары көрсеткіштеріне орай болып отырған жағдай

2) Экономикалық тұрақты өсу траекториясына шығу және еліміздің тұрақтану кезеңінде экономиканы реттейтін қатаң құрылған және негізделген мемлекеттік саясаттың жоқтығын алға тартады. Ұлттық банктің макроэкономикалық саясаты классикалық емес концепцияларға құрылып, ол өзінің мәселесін монетарлық теорияға сәйкес шешсе, сарапшылар пікірінше, Үкіметтің макроэкономикалық саясатында нақты айқындалған база жоқ.

Дегенмен, осы бiзде iстелiп жатқан шаралар баршылық, ал шешуiн күтiп тұрған мәселелер одан көп.

Бiрiншiден, бiз рынок экономикасын насихаттап қана емес, оны жан-жақты дамытып жатқан елмiз. Ал бәсеке рынок экономикасының негiзгi құралы. Екiншiден, ауылды жаңғырту, ауылдық мекендердi жақсарту бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл ауыл экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн күшейтедi деген сөз. Үшiншiден, 2003-2015 жылдарға арналған Инновациялық-индустриялық бағдарлама қабылдадық, оны орындай бастадық. Аталмыш бағдарламаның келешек үшiн маңызы зор, себебi бәсекеге қабiлеттiлiктi анықтайтын, инновацияға жетекшi болатын бiрден бiр сала - өндiрiс. Төртiншiден, тас және темiр жолдарды, жалпы байланыс жүйесiн жаңартып немесе күрделi жөндеуден өткiзiп жатырмыз. [13]

Сонымен, бүгiнгi таңда басты мәселенiң бiрi болып отырған, Бүкiләлемдiк Сауда Ұйымына кiру алдындағы дайындық жұмыстары өнеркәсiп салаларына жаңа мiндеттердi шешудi жүктеп отыр. Ол сыртқы және iшкi нарықтарда бәсекеге төтеп бере алатын тауарлардың инновациялық деңгейiн көтеру болып табылады. Мұны, Оңтүстiк Корея, Сингапур, Тайвань елдерiнiң өнеркәсiптiк тауарлары әлемдiк нарықта дәлелдеп шықты. Яғни, тауар саясатын дайындауда кез келген өндiрiстiк кәсiпорын өнiмнiң ғылыми-техникалық сиымдылығын көтеруi тиiс, сөйтiп инновациялық мәнi бар тауар өндiруде өз бағыты мен механизмiн анықтап алуы керек.

Экономикалық қауіпсіздіктің бүгінгі таңдағы екінші мәселесі инфляцияның жоғарғы деңгейінің орын алуы және оның ақша-несие саясаты белгілеген мөлшерлемесінен асып кетуі болып отыр.

2009 жылдың соңғы айларындағы инфляцияның жоғарғы қарқынының орын алуы негізінен астық өнімдері, осының негізінде орын алған тағам өнімдерінің күрт қымбаттауы, энергия мен коммуналды қызметке деген бағалардың жоғарлауы. [14]

Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша 2009 жылы қаңтар-тамыз инфляция деңгейі 6,3% болды, ал өткен 2006 жылы осы мезгіл аралығында бұл шама 5,3% болған. Әсіресе инфляция деңгейі осы кезде тағам өнімдерінің бағасының өсіп кетуі негізінде көрініс табуда. Жалпы тағам өнімдері қаңтар-тамыз айларында 7,6% ( 2008 жылы 4,6%), осы аралықта ет және ет өнімдері 12,6%, нан өнімдеріне деген бағаның өсуі 8,8% болды. [11, 2 бет]

Сонымен осы агенттіктің болжам мәліметтері бойынша 2010 жылы инфляцияның жылдық пайыз мөлшері 8% шамасында болады деп зерттелуде.

Егеменді ел болған жылдар тәжірибесі көрсеткендей, тек шикізатты факторды қолдану арқылы ел радикалды өзгерістерге жете алмайды. Себебі минералды шикізаттар қоры шектелген, қайта орны толтырылмайды және уақыт өткен сайын азаяды. Ал бұл жарқын болашақта елдің саяси және экономикалық тәуелсіздігіне теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан да ғылыми технологияларды қолдану арқылы жоғарғы қосылған құны бар жаңа өндірістерді дамыту қажеттілігі Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық сипатқа ие. Отандық экономиканың дамуының бір перспктивасы ретінде Президентіміз сонымен қатар кластерлерді атап көрсетті. Кластерлік даму – бұл салалардың, ұлттық экономиканың, елдің бәсекелестің қабілеттілігін жоғарылату стратегиясының негізгі бөлігі.

Қорытындылай айтқанда, біздің ойымызша, өнеркәсіпті қайта құру үшін келсідей шаралар орындалуы қажет:

● Аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысында ғылым мен жоғар - ғы дәрежелі мамандарды дайындауды қаржыландыруды анықтайтын қолданыстағы заңдар мен салалық бағдарламаларға өзгерістер енгізу және осы мақсатқа бюджеттік қаражаттардың бөлінуін көбейту қажет.

● Осы салаға инвесторларды тарту (шет ел және отандық) мен осы саладағы ең перспективті, қызықты ұсыныстарды қарастыру

● Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату

● Машина жасау саласындағы негізгі қорларды жаңарту мен өнімдер номенклатурасын кеңейту

● Машина жасау саласы зауыттарының қарқынын төмендетпеу, олардың басқа кәсіпорындармен кооперациясы мен байланысын тереңдету.

ҚОРЫТЫНДЫ

Корыта келе, экономикалық өсу экономикалық көрсеткіштердің негізгілерінің бірі болып табылады және курстық жұмысты аяқтай келе келесідей ұсыныстар ұсынылды:

  1. Экономикалық өсуді нақты жалпы ұлттық өнімнің өсуі немесе бір адамға шаққандағы нақты жалпы ұлттық өнімнің өсуі ретінде анықтауға болады. Ол ішкі және халықаралық әлеуметтік-экономикалық проблемарды шешу үшін қолданылатын өндірістің өсуін қамтамасыз етеді.

  2. Экономикалық өсу табиғи ресурстар, еңбек ресурстары, капитал және технология секілді сұраныс факторларымен анықталады. Басқа екі фактор – жиынтық шығындардың жеткілікті деңгейі мен ресурстарды тиімді бөлу – экономиканың өсу мүмкіндігін іске асырғанда маңызды болады.

  3. Экономикалық өсудің экстесивті түрінде көптеген жұмысшылар жоғары мамандандырылған болмайды. Дамудың экстенсивті түрі құлдыраушылық сипатта болады. Себебі нақты технологиялық прогресс болмайды және өндірістік негізгі қорлар ескіріп қалады.

  4. Экономикалық өсудің интенсивті түрі біршама күрделі болып келеді. Экономикалық өсудің бұл түрінің экстенсивті түрден негізгі айырмашылығы, ол техникалық прогресс жетістіктеріне негізделген.

  5. Мемлекет дұрыс салық саясаты мен инвестициялық саясаттарды қолдана отырып экономикалық өсуге әсерін тигізе алады.

Экономикалық өсу кеңiнен тараған құбылыс болып табылады. Экономикада болып тұратын дағдарыстарды ескерсек те, ұзақ мерзiмдi экономиканың өсуi трендi ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуi, адам басына шаққандағы табыстың өсуi болып отыр. Өйткенi осы көрсеткiш халық жағдайының көтерiлуiне әкеледi. Сондай-ақ экономикалық өсу ресурс шектеулiгi ахуалын шешедi.

Өзiнiң егемендiгiн алғанына ендi ғана 17 жыл болып отырған елiмiздiң алдынғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы үшiн экономикада тұрақты интенсивтi экономикалық өсу қажеттiгi туындап отыр. Экономиканың мұндай жас кезiнде мемлекеттiң экономикаға араласуы, оның тиiмдi дамуы үшiн экономикалық саясаттар жүргiзу арқылы iске асыру керек.

Қазiр елiмiз ТМД елдерi iшiнде нарықтық қатынастар неғұрлым толық қалыптасқан, ЖIӨ-нiң өсу қарқыны жағынан алдынғы қатарда. Сонғы жылдары елiмiздегi ЖIӨ көлемi 10% деңгейiнде болып отыр. Бұл әрине жоғары көрсеткiш. Бiрақ бiзде экономикалық өсудiң негiзгi қоры болып отырған бұл елiмiздiң жер қойнауының бай шикiзаттары болып отыр. Шикiзаттық және өндiрiстiк экономиканың тиiмсiз екенi бiзге белгiлi, сондықтан индустриялық-инновациялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн стратегиялар жасалуда. Онда негiзiнен шикiзат бағытына қарап қалған экономикадан қол үзiп, экономика салаларын әртараптандырып, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн өңдеушi өнеркәсiптi дамытып, отандық товарлардың iшкi және сыртқы рынокта бәсекелестiгiн, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру бүгiнгi ұрпақтың мiндетi.

Бүгінде Қазақстан өмір сүру сапасы жағынан әлемде 78-орында екен. Ал еліміздегі табиғи байлықтарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіші 31 пайыз ғана. Бұл Жапо­ния, АҚШ, Германия сияқты дамы­ған елдермен салыстырғанда 6 пайызға дейін төмен. 2013 жылы осы көрсеткіш 37 пайызға, ал 2019 жылы 43 пайызға өскен жағдайда ғана Қа­зақ­стан дамыған елдермен бәсекеге түсе алады. Экологиялық заңдылық пен саясат жөніндегі Йель орталығы­ның мәліметі бойынша, Қазақстан әлемдік экологиялық тұрақтылық индексінде 70-орынға тұрақтаған.

Соған сәйкес, еліміздің балдық көрсеткіші 63,8 ұпай болса, бәсекеге қабілетті Финляндия, Швеция және Жаңа Зеландия мемлекеттері 87-88 ұпайлық көрсеткішке ие.

Елiмiздiң экономикалық даму барысында бүгiнде көптеген мәселелер мен кедергiлер де баршылық. Олар:

  1. демографиямыздың әлсiздiгi және көп ұлттылық;

  2. бiр жақты шикiзат бағыттылығы;

  3. әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;

  4. кәсiпорындардың жалпы техникалық-технологиялық артта қалуы;

  5. өңдеушi өнеркәсiптiң мардымсыздығы;

  6. ғылым мен өндiрiс арасында ықпалды байланыстың болмауы;

  7. халықтың кейбiр бөлiгiнде әлi де кеңестiк ойлаудың сарқыны қалушылық;

  8. ел территориясында глобалды және өңiрлiк экологиялық проблемалардың көптеп болуы;

  9. елiмiзде туристiк индустрияны дамытудың қолайлы жақтары бола тұрып, оның тым мардымсыздығы;

Қорыта келгенде, елiмiзде жүргiзiлген экономикалық шаралар өз өнiмiн берiп, экономикалық өсуге қол жеткiздiк. Ендi өткен шаралардың кемшiлiгiн түзеп, дамыған ел қатарына қосылу үшiн әлем жүрiп өткен жолдарды саралап, ұлттық экономикаға тиiмдi жағын таңдап алу және соған жету үшiн бiр адамдай жұмылып қызмет iстеу барлық Қазақстан Республикасының алдындағы мiндетi десек артық болмас.

Осыған байланысты, ДСҰ-ға кіру оның тиімді пайдаланылуы елдің коммерциялық мүдделерінің сыртқы нарықтарға табысты жылжуын қамтамасыз ететін тетік ретінде қаралады.  

Елбасымыздың 2008 жылғы 5-ші ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты халыққа Жолдауында айтылғандай Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдарындағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орны алу мен 30 корпоративтік көсбасшыларды қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек. [17]

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Шумпетер Й. / Теория экономическая развития – Москва; Прогресс, 1998 – 454 с.

  2. Купешова Сауле Телеухановна “Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан.” – диссертация. Алматы, 2002 г.

  3. Экономическая теория. / А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Саннк-Петербург 2001.

  4. Н.А. Назарбаев. // “ Қазақстан – 2030 “ ұзақ мерзiмдi даму стратегиясы.

  5. Әкiмбекеов С., Баймұхамбетова А.С. Жанайдаров У.А. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 464бет.

  6. Кэмпбел Р. Макконнелл, Стэнли Л. Брю «Экономикс», том 1, Таллин, 1995

  7. Самуэльсон П. А. «Экономика», том 2, Москва, 1992

  8. Чепурин М.Н. Курс экономической теории. Киров.: АСА. 1995.

  9. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – СПб: Питер Ком, 1999. – 784 с.

  10. Карибджанов Е.С. Модели экономикаческого развития Юго-Восточный страны – Алматы: 2000 г.

  11. Соколова М.С. Управление наукойи техникой в Республике Корея // Инновации №9-10, 2007г.

  12. Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК // Аль-Пари. №6, 2000 г.

  13. Стратегия “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы. 2003 ж.

  14. Статистика Казахстана. Алматы, - 2012 г. – 453 стр.

  15. «Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері», Қаржы полициясы органдарының құрылғанына 10 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары – 1 бөлім, Астана, 2004ж.Н. Ә.

  16. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.

  17. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2008 ж. 5 ақпан.

  18. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, АСТАНА. 14 желтоқсан.

36

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]