Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomikaly_1179_1257_su_1199_lgileri_men_fak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
256.45 Кб
Скачать

2.3 Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің проблемаларын шешу жолдары

Елдің макроэкономиклық тұрақтылығы, қаржы секторының жедел әрі сапалы дамуы, соңғы жылдардағы сыртқы экономикалық жағдайлың жақсаруы Ұлттық Банктің жаңа сапалы кезендік дамуына көшуіне себеп болды. Бұл банк стратегиясы ақша-несие саясатиын нақты жүргізуге, осы арқылы коммерциялық банктердің қызметтері мен активтілігін дамытуды және ақша айналысын тұрақтандыруды жолға қоюда.

2007 жылдың тоғызыншы айынан басталған инфляцияның кең ауқымды орын алуы негізінен экономиканың келесі салаларында орын алды: астық өнімдері, яғни астыққа деген шетелдік сатып алушылардың жоғарғы сұранысы, нан және жалпы тағам өнімдерінің қымбаттауы, жанар-жағармайдың үздіксіз өсіп келе жатқандығы, елде энергия және газ бағасы тарифтерінің күрт өсуі, осының салдарынан барлық өндірістердің шығындары көбейіп, жалпы өндіріс пен өнеркәсіп бағалары өсуде. Мысалы, осы уақытта елімізде нан бағасы 30-35 теңгеден 55-65 теңгеге дейін өсіп кетті, яғни 100%-ға өсті, ал электр энергиясы 6-7 теңге шамасынан 9-10 теңге аралығына дейін өсті. Жанар-жағармайдың бағасы өсуде, оның ішінде бензиннің 93 маркалысы 77 теңгеден қазіргі уақытта 86-89 теңге аралығына дейін өсті.

Бүгінгі таңдағы ақша-несие саясатының негізгі мәселесі белгіленген инфляция мөлшерінің тұрақты деңгейін сақтау және елдегі қазіргі болып жатқан қаржылық, несие беру бойынша туындап отырған мәселелерді реттеу болып табылады. 2008 жылы еліміздегі инфляция деңгейінің біршама өсуі байқалды. Оның мөлшерін мемлекеттік есептеу мекемелері 10% шамасында деп болжаса, ал тәуелсіз сараптаушы орындар инфляция 2007 жылы 13% шамасында орын алды деп хабарланды. Ал өткен 2009 жылы инфляция деңгейі 8% шамада сақталды, ал биылғы 2010 жылы статистикалық агенттіктердің болжауынша елдегі инфляция деңгейі 8-9 % шамасында болады деп межеленуде.ҚР-ғы 2002-2010 жылдардағы инфляцияның жылдық көрсеткіштерін келесі суреттен көре аламыз.

Сондай-ақ 2008 жылғы инфляцияның одан да әрі үдей түсуіне ең біріншіден бүкіл әлемдік қаржы дағдарысы себепші болуда. Осы аталған қаржылық дағдарыстан бүгінгі таңда әлемнің барлық елдерінде экономиканың дағдарысқа ұшырауы, тұрақсыздықтың орын алуы және ірі компаниялардың акцияларына деген бағалардың жаппай түсуі орын алды.

Елiмiз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар елiмiзде тiкелей және жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляция тiкелей реттеу табыстар саясаты шеңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. Ал бағаға ықпал етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ деп те айтсақ болады. Жұмыссыздық пен жұмысбастылық сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан инфляцияның өзгерісіне де әсер етеді. Инфляцияның етек алуы тиімсіз экономикалық құбылыс ретінде экономиканың басқа да макроэкономикалық көрсеткіштерімен байланыста болады. Оның әлеуметтік саладағы ең маңыздысы жұмыссыздық көрсеткіші. Яғни, жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен төмен болса, жалпы жалақылар өсуі себебінен айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляцияның өсуіне алып келеді. Бұл экономикалық теория біздің елімізде көрініс табуда, яғни 2000 жылдан бастап елімізде жұмыссыздық деңгейі 13,5%-дан 2007 жылы 8,0%-ға төмендеу бағытын алып отыр, ал оның орнына инфляция деңгейі 2000 жылғы 6,4%-дан 2009 жылы 9%-ға дейін жетіп отыр.

Келесі суретте елiмiздегi жұмыссыздық деңгейiнiң өсуiнiң және 2005 жылдан бастап 2010 жыл аралығындағы жұмыссыздық деңгейiн төмендегi графиктен көре аламыз. [13]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]