- •1 Экономикалық өсу теориясы
- •1.1 Экономикалық өсу ұғымы, даму эволюциясы
- •1.2 Экономикалық өсу теориялары
- •1.3 Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары
- •Экстенсивтi Интенсивтi
- •2 Қазақстан республикасының экономикалық өсуі
- •2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясы мен заңдары
- •2.2 Қазақстан Республикасының экономикалық өсу проблемалары
- •Сурет 6 – 2000-2010 жылдардағы жiө көлемiнiң көрiнiсi
- •2.3 Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің проблемаларын шешу жолдары
- •Сурет 9 - Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейi
Сурет 6 – 2000-2010 жылдардағы жiө көлемiнiң көрiнiсi
Жоғарыдағы суреттен көретініміз еліміздің экономикалық өсуінде 2007 жылдан бастап ЖІӨ көлемінің өсу динамикасы жоғарғы 8,7% деңгейінен 2009 жылы 3% өсу шамасына дейін азайғандығын көре аламыз. Бұл дегеніміз 10% шамамен қарқынды өсіп келе жатқан Қазақстан экономикасының өсуіне әлемдік қаржы дағдарысының әсер еткендігін, осының салдарынан экономикалық өсудің біршама бәсеңдегенің көре аламыз. Еліміздегі статистикалық агенттіктердің болжауынша 2010 жылы экономикалық өсу көрсеткіші 7-8%шамасына дейін көтерілетіндігін айтып отыр. Бұл дегеніміз мемлекетіміз болып жатқан жағдайларға тез икемделіп, елдегі инфляцияның деңгейіне тосқауыл болып, ұлттық экономиканың өсуіне нақты қолдаулар арқылы ұлттық экономиканың өсуін дағдарысқа ұшыратпай керісінше экономикалық дамуға алып шыққандығының көрінісі болып табылады.
Бiрақ та бiздiң экономикалық өсуiмiз әлі де шикiзат бағытында болғандықтан бұл әлемдiк тәжiрибе бойынша ел экономикасына тиiмсiз. Ол өзiмен бiрге көптеген шығындарды ала келедi, әсiресе жергiлiктi экологиялық мәселелердi туғызады және көп мөлшердi жымысшы күшiн қажет етедi. Әлемдегi дамыған елдердiң барлығы шикiзатты және өндiрiстi экономикадан толық құтылып, сервистiк-технологиялық экономикаға көшiп отыр. Шикiзат және өндiрiстiк экономика дамушы және даму жағынан артта қалған елдерге өтуде. Осы мәселені шешу бағытында бүгінде Қазақстан Республикасы экономикалық дамудың индустриялы жолына қарқынды түрде өтуде. Биылдың өзінде елде өнеркәсіптік салалардың, машина жасау мен өңдеу салаларының өсу көрсеткіштері айтарлықтай жоғарылап, олардың шамасы 20-30% мөлшермен өскендігін көре аламыз.
Сонымен қатар елiмiзде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтерге қаржы бөлу өте аз, оның көлемi 0,9% құрап отыр. Ал индустриалы-инновациялы саясатты жүзеге асырмасақ, онда 2015 жылы болжам бойынша оның үлесi 0,6%-ға дейiн кемидi екен. Бұл стратегияны жүзеге асырған жағдайда 2015 жылы болжам бойынша ғылым және ғылыми-инновациялық қызметке ЖIӨ-нен бөлiнетiн қаржы 1,7%-ға дейiн өсудi жоспарлап отыр [10].
Сурет -7 ЖІӨ-нің өсу динамикасы
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасының дамуында мынадай проблемалар орын алуда: [10]
экономиканың бiр жақты шикiзат бағыттылығы;
әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;
iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;
кластерлiк желiлердiң дамымауы, яғни кәсiпорындардың бiр орталыққа шоғырланбауы;
мұнай-газ және кен-металургиялық кешенге жатпайтын экономика саларында негiзгi қорлардың тез тозуы;
кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы;
ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк-констукторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi;
ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстыболмауы;
мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы;
экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы;
Сонымен қазіргі кездегі Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіндегі басты мәселесі өнеркәсіптік жағдайы, экономиканың шикізат бағыттылығы, өңдеуші саланың даму қарқынының төмендігі. [10]
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен. Елбасы атап өткендей , елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн реформалар жүргiзiп және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды. [11]
Сонымен қатар отандық зерттеушілеріміздің санында да үлкен өзгерістер бар екенін байқауға болады. 2009-2011 жылдар аралығында олардың саны 9899-дан 11910-ға дейін өсіп,120,31%-ды құраған.Бұл санның ішінде 2011 жылы ғылым докторларының үлесі 10%, ал ғылым докторларының саны 25%-ды құрады.Бұндай өсуді экономикалық өсудің интенсивті, экстенсивті түрлерінің қайсысына жатқызуды әлі өмір көрсетеді деп ойлаймын.
Өзіміз зерттеп отырған инновациялық қызметпен айналысатын кәсіпорындар саны да аталмыш жылдар аралығында өсіп отыр. Осы жылдары олардың саны 42%-ға өсті.Осы талдалған мәліметтерге жүгіне отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: 2003-2015 жылғы индустриялық-инновациялық стартегияның 3 жылы ішінде оң прогресстік нәтиже бергендігін көрсетіп отыр.
Кесте 1 - Қазақстандағы ғылыми-техникалық қызметтің сипаттамасы[4]
Көрсеткіштер |
2009 |
2010 |
2011* |
2011 жылы 2012 жылға %-нен |
ЖІӨ,барлығы,млрд.теңге |
4612 |
5870,1 |
7457,1 |
161,68 |
Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар қолданыста болған бағаларда,млн.теңге |
11643,5 |
14579,8 |
21527,4 |
184,88 |
ЖІӨ-ге,пайызбенен |
0,25 |
0,25 |
0,28 |
112 |
Зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған ұйымдардың саны |
273 |
295 |
390 |
142,85 |
Зерттеулер мен әзірлемелермен айналысатын персонал саны(жыл соңына),адам |
16578 |
16715 |
18912 |
114,07 |
соның ішнде: |
|
|
|
|
зерттеушілер |
9899 |
10382 |
11910 |
120,31 |
ғылым докторлары |
979 |
1013 |
1106 |
112,97 |
ғылым кандидаттары |
2781 |
2739 |
3018 |
108,52 |
Зерттеулер мен әзірлемелердің негізгі қаражаттары,млн теңге |
9037,3 |
12396,6 |
14584,2 |
161,37 |
Зерттеулер мен әзірлемелер саны |
29348 |
34946 |
41624* |
141,83 |
Ескертпе: Қазақстанның 2011 жылғы қысқаша статистикалық жылнамалығынан алынған |
||||
Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанда өнеркәсiптi дамытуға барлық жағдайдың бар екендiгi белгiлi. Шикiзат қорларының молдығы, еңбек ресурстары мен бiлiмдi және интелектуалды мамандардың жеткiлiктiгi, жаңа өндiрiстер құру үшiн аймақтардың кеңдiгi, жағрапиялық жағынан орналасу тиiмдiлiгi, iшкi және сыртқы нарыққа шығудағы бiрқатар артықшылықтар – мұның бәрi өнеркәсiп салаларын, соның iшiнде өңдеумен айналысатын кәсiпорындардың алдында жаңа мүмкiндiктер ашады. Әрине, отандық өнеркәсiптiң қарқынды дамуына терiс әсерiн тигiзер факторлар мен проблемалар жоқ емес.
Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады десек қателеспеймiз:
өтпелi кезеңдегi жекешелендiру мен мемлекет иелiгiнен алуда жiберiлген қателiктер осы кезге дейiн өзiнiң терiс “жемiсiн” беруде;
кәсiпорындардағы табиғи және моралдық тозығы жеткен негiзгi қорлардың үлес салмағының 80% көлемiнде болуы;
жаңа техника мен технологияны, шикiзат пен комплект бұйымдарын импорттау өндiрiс шығындарының артуына әсерiн тигiзедi, соның салдарынан өнiм бағасы қымбаттайды;
отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары және импорт алмастыру саясатын тоқтаусыз және табанды түрде жүргiзудiң болмауы;
өнеркәсiп кәсiпорындарының сыртқы және iшкi инвестицияларға мұқтаждығы, мемлекет бюджетiне тәуелсiз даму үшiн өз қаржыларынан құралатын амортизациялық, сақтандыру, резервтiк, даму қорларын құра алмай отырғандығы;
өнеркәсiп салалары арасындағы салааралық, салаiшiлiк компаниялар мен фирмалардың аздығы;
өндiрiстiк инфрақұрылымның жетiлмеуi, сонымен бiрге, өнеркәсiпке қызмет көрсетушi әр түрлi инновациялық, инжинирингтiк, маркетингтiк, консалтингтiк құрылымдардың ұсақ түрдегi қызметтерден аса алмауы;
iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;
Стратегияның даму болжамдары бойынша өңдеу өнеркәсiп салалары Қазақстан экономикасының индустриялық негiзiн құрамақ. Яғни, машина жасау, автомобиль шығару, авиация, мұнай-химия, жоғары технологиялы электорондық техника өндiру, ғылыми жаңалығы жоғары, энергия, материал, еңбек шығындарын үнемдейтiн, бiрақ қоршаған орта мен адам денсаулығына қаупi жоқ өнiмдер өндiру өнеркәсiптi жаңа индустриялық деңгейге көтеретiнi анық.
Кесте 2 - ЖІӨ динамикасының болжамы
Көрсеткіштер |
Физикалық көлемінің орта жылдық өсуі |
Млрд.теңге,2000 ж.бағасы бойынша
|
|||||
2001-2005жж |
2006-2011жж |
2011-2015жж |
2005 |
2010 |
2015 |
||
ЖІӨ |
7,5 |
9,5 |
10,3 |
3592,7 |
5660,1 |
9233,3 |
|
Өнеркәсіп |
10,0 |
9,8 |
9,0 |
10,3 |
1044,4 |
1668,8 |
|
Тау-кен өнеркәсібі |
10,2 |
13,3 |
8,4 |
434,1 |
810,4 |
1213,0 |
|
Мұнай өндіру |
11,6 |
14,2 |
8,6 |
383,7 |
745,2 |
1125,7 |
|
Басқа тау-кен салалар |
7,0 |
7 |
7 |
50,4 |
90,6 |
121,3 |
|
Өңдеу өнеркәсібі |
8,6 |
6,9 |
9,8 |
523,9 |
731,4 |
1167,2 |
|
Металлургия мен металл өңдеу |
4,4 |
6,1 |
6,9 |
172,6 |
232,0 |
323,9 |
|
Ауыл шаруашылық өнімдерді өңдеу |
9,3 |
10 |
10 |
206,6 |
332,8 |
535,9 |
|
Химиялық өнеркәсіп |
21,3 |
7 |
10 |
16,0 |
22,5 |
36,2 |
|
Машина жасау |
8,1 |
3,5 |
15 |
26,4 |
31,4 |
63,2 |
|
Ғылыми сыйымды және жоғары технологиялық |
2,0 |
45 |
55 |
2,2 |
14,2 |
123,6 |
|
Басқа салалар |
8,1 |
6,2 |
6,1 |
100,0 |
98,5 |
81,4 |
|
Электр қуатын,газ,мұнай өндіру мен бөлу |
3,4 |
8 |
7,5 |
86,4 |
127,0 |
182,3 |
|
Ауыл шаруашылығы |
4,8 |
5 |
5 |
266,6 |
340,3 |
434,3 |
|
Құрылыс |
16,0 |
20 |
20 |
282,7 |
703,4 |
1750,4 |
|
Тауар өндірісі |
9,7 |
11,2 |
11,8 |
1593,8 |
2712,6 |
4747,3 |
|
Қызмет өндірісі |
7,4 |
8,0 |
9,0 |
1791,4 |
2631,4 |
4054,9 |
|
Көлік қызметі |
8,5 |
9,5 |
10 |
391,2 |
615,9 |
991,8 |
|
Байланыс қызметі |
10,5 |
9 |
10 |
63,2 |
97,2 |
156,6 |
|
Сауда қызметі |
8,6 |
9 |
9 |
488,7 |
751,9 |
1156,8 |
|
Білім беру қызметі |
5,5 |
8 |
9 |
143,8 |
211,2 |
325,0 |
|
Ғылым мен ғылымиинновациялық қызмет |
4,0 |
12 |
25 |
29,2 |
51,5 |
157.0 |
|
Басқа қызметтер |
6,2 |
6 |
7 |
675,4 |
903,8 |
1267,7 |
|
Қаржылық делдалдық қызметтер |
|
|
|
-23,7 |
-23,7 |
-23,7
|
|
