- •1 Экономикалық өсу теориясы
- •1.1 Экономикалық өсу ұғымы, даму эволюциясы
- •1.2 Экономикалық өсу теориялары
- •1.3 Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары
- •Экстенсивтi Интенсивтi
- •2 Қазақстан республикасының экономикалық өсуі
- •2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясы мен заңдары
- •2.2 Қазақстан Республикасының экономикалық өсу проблемалары
- •Сурет 6 – 2000-2010 жылдардағы жiө көлемiнiң көрiнiсi
- •2.3 Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің проблемаларын шешу жолдары
- •Сурет 9 - Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейi
Экстенсивтi Интенсивтi
Қолданылған ресурстардың сапасының өсуi
Қолданылған ресурстардың әдiстерiнiң тиiмдiлiгi
Жұмыс күшi көлемiнiң өсуi
Капиталдың өсуi
Жұмыс күшi сапасының өсуi
Жаңа технологиялар қолдану
Өндiрiстi басқару мен ұйымдастырудың тиiмдiлiгi
Капиталдардың сапасының өсуi
5-сурет. Экономикалық өсудiң екi түрi және оның жiктелуi
Экономикалық өсудi өлшеу әдетте келесi көрсеткiштерден тұрады:
ЖIӨ-нiң өсуi немесе ұлттық табыстың өсуi;
ЖIӨ және ҰТ-тың өсу қарқынының жан басына шаққандағы мөлшерi;
Өндiрiстiк саладағы жан басына шаққандағы өсу қарқыны.
Экономикалық өсудiң тиiмдi жақтарымен қатар егер ол дұрыс iске аспаса адамзат баласына зиянды жақтары да бар. Оған мысал ретiнде экологиялық проблемаларды алуға болады [ 8 ].
Көрiп отырғандай елiмiз дамыған елдер қатарына қосылуы үшiн экономикалық өсудiң интенцивтi бағытының басымдырақ болуын қамтамасыз етуi керек. Елде осы саясатты қолдау үшiн оған тиiмдi жағдайлар жасауды мемлекет өзiне басты қызмет етiп алғаны дұрыс.
2 Қазақстан республикасының экономикалық өсуі
2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясы мен заңдары
Орнықты даму Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет. Орнықты даму қағидаты Президенттің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясының негізінде де тұжырымдалған. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшуінің осы тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) ел өмірінің барлық салаларында орнықтылыққа қол жеткізу қағидаттарының көрінісін, мақсаттарын, міндеттері мен негізгі тетіктерін айқындайды. Ол үшін дамудың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлары ықпалдасуы және Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылуы қажет. [18]
Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастыққа толыққанды қатысушы ретінде XXI ғасырға арналған күн тәртібінде (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл) және Мыңжылдық саммиті (Нью-Йорк, 2000 жыл) мен Орнықты даму жөніндегі әлемдік саммит (2002 жыл, Йоханнесбург) декларацияларында қойылған міндеттерді орындау жөнінде міндеттемелер қабылдады.
Қазақстан Республикасы орнықты дамуға қол жеткізу бағытында бірқатар шаралар қабылдады.
Қазақстан БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі комиссиясының, "Еуропа үшін қоршаған орта" және "Азия үшін қоршаған орта мен орнықты даму" процестерінің, орнықты даму үшін Дүниежүзілік кәсіпкерлер кеңесі өңірлік еуразиялық желісінің мүшесі және белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы , Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы , Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға дейінгі экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы , Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы қабылданды, Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесі және "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ құрылды. [18]
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері біршама жағдайлар қалыптасты. Мемлекетіміздегі табиғатты қорғау қызметі жоспарлы және кешенді сипат ала бастады. Қазір табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды орынды пайдалану, мемлекеттік билік пен басқарудың жоғарғы органдарының басқаруы ғана емес, жергілікті органдардың да негізгі қызмет бағытына айналады. Нарықтық қатынастар жағдайында табиғи ресурстарды қорғауда мемлекеттік басқарудың ролі маңызды екені даусыз.Бұрыннан келе жатқан жоспарлаудың нарықтық артықшылығы туралы теориялық дау-дамайдың толастағаны белгілі. Сондықтан, бүгінгі таңда мемлекеттік реттеу мен нарықтық стихияның арақатынасы туралы практикалық мәселе маңызды болып отыр. Табиғи байлықтарды дұрыс пайдалануды мемлекет тарапынан басқару тұтас әлеуметтік құбылыс ретінде, жалпы қоғамды басқарудағы кең ауқымды жүйенің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан табиғи байлықтарды қорғау және пайдалану саласында басқару органдарының пайда болуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі бар, күрделі объектімен, яғни табиғатпен байланысты. Онда осы басқарушы органдардың дұрыс қызмет атқаруы мен одан әрі дамуы, негізінен, қоғамдық процестерді басқарудағы міндеттер мен мақсаттардың жүзеге асырылуына тәуелді болады.
Әдетте мәселенің осы қырына көңіл бөліне бермейді. Зерттеушілердің көпшілігі жер, су, орман және тау-кен ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негіздерін қарастырады. Сөйтіп, табиғат байлықтарын пайдаланудағы басқару мәселелерін, өзіндік ерекшелігі бар тұтас жүйе ретінде табиғаттың сипаты мен ерекшеліктеріне байланыстырып айтады. Осыған орай табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік басқарудың қажеттілігі туралы тұжырым осы басқарушы жүйенің қажеттіліктерінде ғана негізделген. Түптеп келгенде, мұндай көзқарас негізінен дұрыс болғанымен, табиғи байлықтарды ұтымды басқаруды біржақты етіп көрсетеді. Қоғам өмірінің басқа салаларындағыдай, қарастырылып отырған қатынастар саласын басқару да, қоғамның қалауы мен мүдделеріне тікелей байланысты [1. 26-27].
Ал экологияның тұрақтануы, экологияның дамуы, экологияның қалпына келтірілуінің барлығы ол экономиканың дамуымен, саясаттың дамуымен байланысты екенін естен шығарып алдық. Алайда, Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайлары мәз емес екені көпке мәлім. Ол жағдайлар, тұтастай қарағанда, бүкіл республиканың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп, жалпы дамуға кедергі келтіріп отырғаны да аян. Нарықтық экономикадағы табиғи ресурстардың үлес салмағының азаюы, олардың ысырабының молаюы орын алуда. Ішкі өнімнің өсуі қалдықтардың көбеюіне соқтырып, олар қоршаған ортаны ластауда. Қазіргі есеп бойынша, ел аумағының 75 пайызға жуығы экологиялық тұрақсыздыққа тап болып отыр. Табиғаттың жұтаңдауынан жарамсыз жерлер көбейіп жатыр.
Осы жағдайлар Президент Тұжырымдамасында экология дамуын тұрақтандырудың қажет екенін дәлелдеуге негіз болған. Сондықтан да тұрақты дамуға көшудің басты қағидалары мен басымдықтары ішінде көрсетілген ел экономикасын көтеруде табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, саламатты қоғам үлгісін енгізу негізінде халықтың денсаулығын көтеру, демографиялық жағдайды жақсарту, қоғамның аса маңызды неосфералық қызметі ретінде қоршаған ортаны қорғау қызметін жетілдіру, трансөңірлік экожүйелік аумақтық даму, экологиялық қауіпсіздіктің жаңа технологиясын пайдалану, экологиялық аспектілерді ескере отырып, кедейшілікпен күресу, шөлейттенуге қарсы жұмыс жүргізу, эмиссияларды, оның ішінде қызған газдар мен азон қабатын бұзатын газдарды азайту, сапалы ауыз суға қол жеткізу, трансшекаралық экологиялық проблемаларды шешу, радиациялық және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қалдықтарды кәдеге асыру сияқты проблемалардың экологияға тікелей қатысы бар. Бұл мәселелердің әрқайсысының өзі көп салалы.
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың екінші кезеңі болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді бағыттарына сәйкес әзірленді. Бағдарлама экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама экономиканы әртараптандырудың жүргізіліп отырған саясатының қисынды жалғасы болып табылады әрі құрамына Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктірді. [17]
2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ.
Ірі жобаларды ілгерілетудің бастамашысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ), экономиканың отын-энергетика және металлургия секторларының ірі жүйе құраушы компаниялары, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар болып табылады.
Шикізат секторымен байланысты емес және ішкі, ал кейіннен өңірлік нарықтарға бағдарланған (Кеден одағы, Орталық Азия елдері) экономика салаларын қалыптастыру және/немесе күшейту қатар жүзеге асырылатын болады. [31]
Мемлекет озық технологиялар трансфертіне, кейіннен олардың экспортқа бағдарлануын дамыта отырып, қазіргі заманғы импорт алмастырушы өндірісті құру үшін шетел инвесторларын тартуға бағытталған қазақстандық орта және шағын бизнес бастамаларын қолдайды.
Индустриядан кейінгі экономиканың негіздерін қалыптастыру мақсатында ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту және коммерцияландыру перспективалары бар ғылыми-технологиялық негіздерді қолдау жалғасады.
Жалпы алғанда, экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік қолдау макро және секторлық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын және жобаларды қолдаудың селективті шараларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.
Экономикалық саясаттың жүйелі шаралары қолайлы макроортаны және инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, ұлттық экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларға шоғырланатын болады.
Селективті шаралар басым секторлар мен жобаларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының құрамдастырылған пакеті негізінде жүзеге асырылатын болады.
Мемлекет өзінің бизнеспен өзара іс-қимылын республикалық және өңірлік деңгейде де тиімді ынтымақтастық институттарын қалыптастыру негізінде жүйелі түрде құрады.
Инновациялық жүйе әрқайсысы тиiсiнше осындай элементтердi қосып алатын төмендегідей негiзгi кiшi жүйелерге бөлiнедi: [18]
1. Ғылыми әлеует коммерциялық пайдалану деңгейiне дейiн iргелiк әзiрлемелердi "жетілдiрудi" жүзеге асыратын қолданбалы зерттеулердiң дамыған саласын құру жолымен инновациялық даму үшiн сөзсiз қажеттi фактор қалыптасады;
2. Мемлекеттiк ғылыми ұйым – ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғарғы оқу орындары, жобалық институттар;
3. Ұлттық компаниялар жанындағы ғылыми ұйымдар, iрi кәсiпорындар жанындағы зертханалар;
4. Жеке ғылыми-зерттеу және жобалық институттар;
5. Ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсiпкерлiктер;
6. Ғылыми кадрлар және дербес өнер тапқыштар;
7. Материалдық-техникалық база.
Инновациялық кәсiпкерлiк төмендегілерді қамтиды:
1. Бизнес-серілер;
2. Кәсiпорындар;
3. Инновациялық менеджерлер;
4. Инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қызмет көрсететiн және жағдайларды қамтамасыз ететiн өзара байланысты өндiрiстiк, консалтингтік, білiм және ақпараттық құрылымдардың кешенi айқындалатын көп деңгейлi инновациялық инфрақұрылым;
Инновациялық инфрақұрылым төмендегідей элементтерден тұрады:
1.Ұлттық технологиялық парктер;
2.Өңiрлiк технологиялық парктер;
3.Технологиялық бизнес-инкубаторлар;
4.Ғылым қалашықтары.
Қаржылық инфрақұрылым төмендегідей элементтерден тұрады:
- мемлекеттiк даму институттары;
- венчурлiк қорлар;
- кәсiпорындар;
- жеке кәсiпкерлер;
- екiншi деңгейдегі банктер.
Қазiргi уақытта, өзiнiң коммерциялық қолданысын табуға инновациялық әзiрлемелердi және шығармашылық идеялардың аз үлесi ғана ие болады. Проблема, бүгiнгi күнi елде iс жүзiнде тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк база мен жобалық-конструкторлық институттар бұзылуында және ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн экономиканың нақты секторына енгiзудiң тиiмдi тетiгінiң болмауында болып тұр. Ғылымның институционалдық құрылымында соңғы жылдары болып жатқан қайта құрулар ғылыми-зерттеу институттарының меншiк нысандарындағы өзгерiстерге қарамастан жалпы алғанда инновациялық дамудың талаптарына жауап бермейдi.
Қазақстанның ҰИЖ инновациялық инфрақұрылымының негiзгi ұйымдық институттары ұйымдық құрылымы бар, инновациялық дамудың барлық кезеңдерi мен процестерiне жәрдемдесу үшiн қажеттi және жеткілiктi қаржылық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етiлген технологиялық парктер (технопарктер) және технологиялық бизнес-инкубаторлар болады. [31]
Шетелдiк тәжiрибе көрсететiндей инновациялық саладағы шағын және орта кәсiпкерлiк өнеркәсiптi дамыған елдердiң инновациялық әлеуетiнiң алғашқы бұқаралық және неғұрлым серпiндi құрылым. Шағын және орта инновациялық фирмалар экономиканың пайда болатын салаларында, рыноктың жаңа сегменттерiн ашатын, жаңа өндiрiстi дамытатын, өндiрiстiң ғылыми сыйымдылығын және бәсекеге қабілетiн арттыратын және сонымен, жаңа технологиялық тәртiптi қалыптастыруға жәрдемдесетiн технологиялық көшбасшылар болып табылады.
Шағын инновациялық кәсiпорындарды дамыту мен қолдаудың пәрмендi тетiктерiнiң бiрi бизнес-инкубация процесi болып табылады, яғни табыстың мүмкiндiгiн айқындау әлi күрделi, оларды дамытудың әлi ерте, қауіптi кезеңiнде инновациялық жобаларға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ технологиялық компанияларды жедел дамыту үшiн процесс. Инновациялық жүйенi қалыптастырудың бастапқы барысында инновациялық кәсiпорындарды дамытудың бастапқы барысында жинақталған, инновациялық инфрақұрылымның бөлiгi болуы тиiс, "технологиялық бизнес-инкубаторлардың" жүйесiн Қазақстанда құру инновациялық кәсiпкерлiктi дамытуда мемлекеттiң басты мiндеттерiнiң бiрi болады. [14, 56 б]
Технологиялық бизнес-инкубаторлар дербес бiрлiк және технологиялық парктердiң бөлiгі ретiнде көрiнiс бередi. Бұдан өзге, инновациялық компанияларды қаржыландыру желiсi бойынша технологиялық бизнес-инкубаторлар қаржыландырылатын жобаларды басқару және оларды ағымдағы мониторинг бойынша ҰИЖ агентiнiң функциясын орындайтын болады. Осы функцияларды iске асыру үшiн технологиялық бизнес-инкубаторлар бiлiктi менеджерлердiң, бухгалтерлердiң, экономистердiң және заңгерлердiң штатына ие болады. Бұл ретте, технологиялық инкубаторлардың қызметi инкубацияланатын шағын инновациялық компаниялар үшiн тегін болады. Технологиялық бизнес-инкубаторлардың бiрiншi кезеңдегі оларда орналастырылған инновациялық кәсiпкерлер мен инновациялық фирмаларға, ҒЗТКЖ-ға мемлекеттiк гранттарды алушыларға қызмет көрсетумен байланысты шығындарын тиiстi даму институттарын капиталдандыру жолымен мемлекет өтейтiн болады.
