Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomikaly_1179_1257_su_1199_lgileri_men_fak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
256.45 Кб
Скачать

1.3 Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары

Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер сияқты өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында пайдалынылатын болжамдар нақты үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі құбылыстың заңдылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.

Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс факторларының өсу ықпалымен. Яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда болады.

Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндірістік факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше, инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе, капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза инвестиция есебінен көбейетіні белгілі. Біз экономиканың өсуінің өзі бағалы деп айта алмаймыз, оның бағалылығы – халықтың жағдайын көтеруге негіз болғанында. Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.

Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.

Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса отырып қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің шарттарын анықтауға болады.

Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домор үлгісі болып табылады, бұл үлгіде капиталдың шекті өндіріс Леонтьев функциясы ретінде қарастырылады. Домор үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың (К) Ү-ке қатынасы (К/Ү) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады, ол - капитал.

Инвестицияның өсуі экономикада ұсыныс пен сұраныс өсуінің факторы болып табылады. Егер берілген мезгілде инвестиция және І-ға өссе, онда мультипликатор әсерімен жиынтық сұраныс келесіге өседі:

YAD =I * m=I(1/1-b) =I1/s

m-шығын мультипликаторы

b-тұтынуға шекті бейімділік

s-қор жинағына шекті бейімділік

YA =* К-жиынтық ұсынысының өсуі.

-капиталдың шекті өнімділігі

Капиталдың К өсімшесі инвестицияның І көлемімен қамтамассыз етіледі, осыдан YA=*І.

Экономиканың өсуінің тее-теңдігі сұраныс пен ұсыныстың теңестірілудің шартында пайда болады.

I/s=*І немесе I/І=* s, яғни инвестицияның өсімшесі капиталдың шекті өнімділігі мен қор жинағының шекті бейімділігіне тең болуы керек.

Тепе-теңдік шарты бойынша инвестиция қор жинағына тең болғандықтан, І|=S, ал S=sY; s=const болғанда, табыс деңгейінің көлемі инвестицияның деңгейіне пропоционал болады, сонда Y/Ү= I/І=* s

Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы нақты табыстың тепе-теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы қолданылады. Ол капиталдың шекті өнімділігі және қор жинағының нормаларына тура пропоционал немесе К/Ү- капиталының қайтарылуының өсімшесіне тура пропорционал болады. Инвестиция мен табыс бірдей қарқында өседі. [4, 152 б]

Е.Домардың үлгісі өсу теориясына сай келе алмайды. Бұл кейнстік қысқа мерзімді тепе-теңдікті ұзақ мерзімге кеңейтудің әрекеті және дамып келе жатқан жүйе үшін қандай шарттар орындалатынын көрсету.

Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып Р.Ф. Харрод (1939ж) экономикалық өсудің арнайы үлгісін құрады.

Кез келген мемлекеттің экономикалық өсімі негізгі алты фактормен анықталады, оның төртеуі экономикалық өсудің нақты мүмкіндігімен байланысты. Олар:

  1. мемлекеттегі табиғи ресурстардың саны мен сапасы;

  2. мемлекеттегі еңбек ресурстарының саны мен сапасы;

  3. негізгі капиталдың көлемі;

  4. технология. [5, 231 б]

Жоғарыда аталып өткен төрт факторды ұсыныс факторы деп топтауға болады. Осы факторлардың арқасында ғана өндірістің ұлғаюы нақты мүмкін болады. Нақты өндірілетін өнімнің көлемінің ұлғаюына сапасы жақсы ресурстар мен технологиялық потенциал қажет.

Біріншіден , экономикалық өсу сұраныс факторларына тікелей қатысты. Өсу барысындағы өндіріс процесін іске асыру үшін мемлекеттің экономикалық жағдайы ресурстардың көлемінің үнемі өсіп тұруын толық түрде қамтамасыз етуі керек. Ол үшін жиынтық шығындардың көлемін үлкейту қажет.

Екіншіден , экономикалық өсуге бөлу факторлары әсер етеді. Өндірістік потенциалды неғұрлым мақсатты қолданылу үшін тек қана ресурстарды түгелімен экономикалық айналымға бағыттау ғана емес , сонымен қатар оларды тиімдірек утилизациялау керек. Нақты өндірілетін өнімнің көлемін ұлғайту үшін ресурстарды тиімді пайдалану қажет және көп өнім алатындай қайта бөлу керек.Экономикалық өсімге әсерін тигізетін ұсыныс және сұраныс факторларының арасынды тығыз байланыс бар. Мысалы, жұмыссыздық капиталдың жинақталу дәрежесін төмендетеді және ғылыми зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығындардың көлемін азайтады. Және керісінше, жаңа технологияларды аз еңгізу және капиталды аз жұмсау өзкезегінде жұмыссыздыққа алып келеді.

Бұл факторлардың өзара байланысы туралы мәліметтерді өндіріс мүмкіндігінің қисығы бере алады. Сурет – 2. [6, 74 б]

инвестициялық тауарлар

С

А

0

тұтыну тауарлары

В

Д

Сурет 2 - Өндіріс мүмкіндігі қисығы

Бұл қисық белгілі бір негізгі капитал, технологиялық потенциал, еңбек және табиғи ресурстардың сапасы мен санының әр түрлі қатынастарында өндірілетін өнімнің ең көп түрлі варианттарының санын көрсетеді. Кез келген ұсыныс факторларының позитивті әсері (ресурстар мен технологиялық прогрестің саны ме сапасының жоғарлауы) өндіріс мүмкіндігінің қисығын оңға жылжытады, суретте ол АВ-ның СД-ға ығысуы ретінде көрініс табады.

Бірақ экономиканың өзінің өндіріс потенциалын толығымен жүзеге асыруы сұраныс пен бөлу факторларымен шектеледі. өндіріс мүмкіндігінің қисығы оңға ығысуы немесе жылжуы мүмкін, бірақ өндірістің нақты көлемі өз шегіне жете алмайды. Басқаша сөзбен айтқанда, нақты экономикалық әрекет қисығы әрқашан өндіріс мүмкіндігі қисығының шеңберінен аса алмайды тек соның көлемінде ғана болады. Өндіріс потенциалы төменде көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асады:

  1. шығындардың жиынтығы тек толық жұмысбастылықты қамтамасыз ететін көлемде ғана көбейеді;

  2. қосымша ресурстар өндірілетін өнімнің көлемін максималды ұлғайту мақсатында тиімді пайдаланылады.

Мысалы, Америка Құрама Штаттарында еңбек күшінің таза өсімі жылына 2 млн.- ға дейін жетеді. Бұл фактор өздігінен өндіріс қуаттылығын немесе экономика потенциалын ұлғайтады. Бірақ экономикалық потенциал өндіріс өсімінде көрініс табу үшін осы жоғарыда аталып кеткен барлық 2 млн. адамға өз мүмкіндігін аша алатын жұмыс орындарын тауып беру керек. Қоғамға жаңа жұмыссыздар мен бір салада маманданған бірақ мамандығына қатысы жоқ басқа салада жұмыс істейтін адамдардың қажеті жоқ.

Сұраныс факторы мен ресурстардың бөліну факторының бар маңыздылығын біле отыра, экономикалық өсу проблемасына шешім іздегенде ұсыныс факторларына көңіл аударылады. Экономикалық өсім жалпы ұсыныс қисығын оңға ығыстыратын факторлармен сипатталады. Сурет 3. [6, 77 б]

баға деңгейі

AD2

AD1

өндірістің нақты көлемі

Сурет 3 – Баға мен өндіріс көлемі ара қатынасы

Экономикалық өсу сандық және сапалық өсуiне байланысты интенсивтi және экстенсивтi түрлерi болады.

Экстенcивтi түрiне:

  • Технологияда инвестицияның артуы;

  • Бос уақыты жоқ қызметкерлер санының артуы;

  • Тұтынушы шикiзат көлемдерiнiң, материалдардың, сыртқы капиталдардың өсу қарқыны;

Интенcивтi факторларға:

  • Ғылыми техникалық прогрест дамыту;

  • Қызметкерлердiң мамандық деңгейiнiң жоғарылауы;

  • Негiзгi және сыртқы қорларды қолдануды жақсарту;

Экономикалық өсудiң екi түрiнiң жiктелуiн келесi суреттен көрсек.

Экономикалық өсу

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]