- •1 Экономикалық өсу теориясы
- •1.1 Экономикалық өсу ұғымы, даму эволюциясы
- •1.2 Экономикалық өсу теориялары
- •1.3 Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары
- •Экстенсивтi Интенсивтi
- •2 Қазақстан республикасының экономикалық өсуі
- •2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясы мен заңдары
- •2.2 Қазақстан Республикасының экономикалық өсу проблемалары
- •Сурет 6 – 2000-2010 жылдардағы жiө көлемiнiң көрiнiсi
- •2.3 Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің проблемаларын шешу жолдары
- •Сурет 9 - Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейi
1.2 Экономикалық өсу теориялары
Экономикалық өсудiң теориясы бұл көптеген концепциялар және бұлар әр кезеңде әр түрлi бағытта дамыды. Бұл жағдайлар экономикалық өсудiң бiр деңгейден екiншi деңгейге ауысуына негiз болады. Оларды әдiстемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады:
Неокейнстiк;
Неоклассикалық;
Тарихи-әлеуметтiк.
а) кейнсиандық (неокейнсиандық) микроэкономикалық тұрақтылық теориясы.
б) классикалық (неоклассикалық) теориялар, өзiнiң теориялық бастауын сонау Ж.Б. Сэйден алып және Дж.Б. Кларк, Р.Солоудың еңбектерiмен аяқталды [2].
Н. Калдор моделі. Неокейнстік экономикалық ойдың өкілдері Дж. Робинсон, Н. Калдор, Л. Назинетти және т.б. әртүрлі бағыттарда тепе-тең, балансталған экономикалық өсуді зерттеу дәстүрін жалғастырды. Тепе-тең өсу моделін нақты өсу моделіне жақындатуға ұмтыла отырып, олар бұл модельге ұлттық табыстың пайда мен жалақы арасында бөліну, жетілмеген бәсеке, инфляция, өнімнің тұтыну және өндіріс игілігіне бөліну факторларын қосты. Кейнстік теорияға сәйкес инвестициялар экзогенді болып табылады – олар пайда нормасын анықтайды. Сондықтан Калдор бойынша жағдай келесі 2 сценарий негізінде сипатталады:
1. Инвестициялардың өсуі олардың жинақтан да жоғары болуына әкелсін. Мұндай жағдайда инфляция табыстың жалақыдан да тез өсуінен болады. Өйткені жалақының өсуі ұжымдық кемсімнің негізінде ғана іске асырылғандықтан. Жалақының тек тұтынылып, ал пайданың кейбір бөлігінің жинақталуы жинақтың өсуіне әкеледі, сөйтіп ол инвестицияны қуып жетеді.
2. Керісінше, егер инвестициялар жинақтан төмен болса, еңбек келісімі бойынша бекітілген жалақыға қарағанда тауар бағасы тез түседі, нәтижесінде жинақ та төмендейді және тепе-теңдік қайта орнайды.
Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясы. Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясының пайда болуы мен таралуы біріншіден, кейнстік теорияға негізделген мемлекеттік – монополиялық реттеу (мемлекеттік шығындардың өсуі, мемлекеттік бюджет тапшылығы, инфляцияның күшеюі) тәжірибесінің теріс салдарларымен, ал екіншіден, экономиканың даму темпі жоғарылап, ал жұмыссыздық төмендейтін салыстырмалы жағымды конъюктурамен түсіндіріледі. Осындай ортада өндірістің өсуі пайдаланылмаған күштер есебінен ғана емес, сонымен қатар жаңа техника енгізу, еңбектің өнімділігін арттыру есебінен де мүмкін екендігі туралы сұрақ туады. Үшіншіден, өсудің кейнстік теориясы капитал жеткіліксіздігі мен жұмыс күшінің үлкен ресурстары орын алатын дамушы елдер үшін ұсынылмаған.
[4, 146 б]
Неоклассикалық теорияда негізгі рольді өндіріс факторларының бар болуы және олардың тиімді пайдаланылуында потенциалды мүмкін өсу темпі проблемасы пайда болды. Бұл Кобб-Дугластың өндірістік функциясында жақсы сипатталады. Олар ең алғаш АҚШ-тың өңдеу өнеркәсібінде өнім көлеміне капитал мен еңбек шығындарының әсерін эмпирикалық жолмен анықтауға тырысты. Осыдан жасаған олардың тұжырымы: өнім бір-бірін шексіз ауытыра алатын екі фактор – капитал мен еңбектің функциясы болып табылады. Кіші квадраттар әдісін пайдалана отырып, Кобб пен Дуглас өнім мен капитал еңбек шығындары арасында статистикалық байланыс орнатты.
Кобб-Дуглас функциясы экономикалық өсудің жекелеген факторларының ролін сандық бағалау жұмыстарына бастама болды. Ол екі бағытта жүзеге асады:
- өндіріс масштабына тәуелсіз факторларының тұрақты тиімділігі алғышарттарынан бас тарту
- ұлттық табыстың өсуіне әсер ететін үшінші айнымалы ретінде, дербес фактор ретінде техникалық прогрестің әсерін ескеру.
Бұл зерттеулер практикалық қызығушылық тудырады, алайда өндірістік функцияның теориялық негізі бұрынғыша «шекті өнімділік» теориясының антиғылымдық постулаты болып қала береді.
Өсудің неоклассикалық теориясы сондай-ақ «кемімелі табыстылық заңына», «шекті өнім» категориясына негізделеді.
Р. Солоудың неоклассикалық өсу моделі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өсу теориялары соғысқа дейінгі дағдарыстық кезеңмен салыстырғанда басқаша дами бастады. 1950- жылдары көптеген батыс елдерінде тұрақты өсу кезеңі басталды. 1950-жылдың ортасынан бастап, экономикалық өсу теорияларының дамуының жаңа кезеңі басталды, ол 1970-ж дейін жалғасты. Осы кезеңде басты рольді Р. Солоудың өсу моделі алды. Американ экономисті Р. Солоу өзінің ғылыми жұмыстарын негізінен журанл мақалалары түрінде жариялады. Басты еңбектері: «Сызықты бағдарламалар және экономикалық талдау», және «Өсу теориялары». Солоу моделінің негізі оның «экономикалық өсу теориясына үлес» мақаласында салынған. Ол Харрод-Домар моделіндегі экономиканың тұрақсыздығының негізгі себебі өндіріс факторлары – еңбек пен капитал арасындағы қатаң арақатынасты сипаттайтын капитал сыйымдылығының тұрақты, белгіленген көлемі болып табылады. Мұндай жағдайда осы факторлардың бірі «жүктелмеген» болып қалады. Неоклассикалық теорияның принциптеріне сәйкес капитал мен еңбек арасындағы қатынас айнымалы болуы тиіс.
У. Ростоу: экономикалық өсу стадиялары. Оның пайда болуы көбінесе 3-әлемде сфералардың әсер етуі үшін болған 1950-60 ж.ж жүргізілген қарулы соғыс кезеңіндегі саяси күреспен байланысты. Бұл теорияның ең көрнекті өкілі американ экономисті және тарихшысы У. Ростоу болды. Оның теориясына сәйкес әлсіз даму жағдайынан шығу кез келген ел өтуге тиісті стадиялар немесе қадамдар сериясымен сипатталады. У. Ростоу өзінің «Экономикалық өсу стадиялары» кітабында былай дейді: «Кез келген қоғамның экономикалық құрылғысы мына 5 түсініктің бірінің көмегімен түсіндіріледі:
1.Дәстүрлі қоғам
2. Жылдам даму үшін жасалған алғышарттардың жетілуі
3. Өзін өзі ұстап тұратын өсуге ұмтылу
4. Технологиялық кемелденуге ауысу
5. Бұқаралық тұтыну арасы
Бұл стадиялар сипаттамалық өсиетке ие болумен қатар және қазіргі қоғам дамуының процестерін жалпылаумен қатар оларға өзіндік ішкі логика және жалғасушылық тән, осылайша олар экономикалық өсудің бір теориясын құрайды. Ростоу бойынша, барлық дамыған елдер тез дамудан өзін-өзі ұстап тұратын өсуге өту стадиясынан өткен. Ал дамушы елдер қазірде дәстүрлі қоғам немесе жылдам даму алғышартының жетілу стадиясында.
