
- •1 Экономикалық өсу теориясы
- •1.1 Экономикалық өсу ұғымы, даму эволюциясы
- •1.2 Экономикалық өсу теориялары
- •1.3 Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары
- •Экстенсивтi Интенсивтi
- •2 Қазақстан республикасының экономикалық өсуі
- •2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясы мен заңдары
- •2.2 Қазақстан Республикасының экономикалық өсу проблемалары
- •Сурет 6 – 2000-2010 жылдардағы жiө көлемiнiң көрiнiсi
- •2.3 Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің проблемаларын шешу жолдары
- •Сурет 9 - Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейi
ЖОСПАР
КIРIСПЕ ......................................................................................................................3
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ТЕОРИЯСЫ ................................................................5
Экономикалық өсу ұғымы, даму эволюциясы ..................................................5
Экономикалық өсу теориялары ..........................................................................7
1.3 Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары .............................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУІ ...............14
2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясы мен
заңдары ......................................................................................................................14
2.2 Қазақстан Республикасы экономикалық өсу проблемалары .........................19
2.3 Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің проблемаларын шешу жолдары .....................................................................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ .........................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..........................................................................34
КIРIСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кезінде негізігі себеп болған: Экономикалық өсу кез келген мемлекет үшін негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Яғни мемлекеттің даму қарқын айқындау үшін оның экономикалық өсуне талдау жүргізу арқылы анықтауға болады. Менің ойымша, экономикалық өсу тақырыбы өте актуалды болып келеді. Оның актуалдығы келесідей себептермен түсіндіріледі: Мемлекеттің экономикасының өсуіне талдау, болжау және жоспарлау жұмыстарын жасау арқылы оның себеп салдарын анықтауға болады. Экономика циклдық сипатта дамиды, яғни экономиканың құлдырауынан кейін әрқашанда өсу немесе өркендеу процесі орын алады. Сондықтан экономика үшін экономикалық өсудің мазмұны мен себептерін түсіну өте өзекті тақырыптың бірі болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбын “Экономикалық өсу: факторлары, кезеңдері, ерекшеліктері” деп алдық.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты экономикалық өсуді макроэкономикалық зерттеу және оның қарқындары мен факторларына талдау жасау болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында мен келесідей міндеттерді бөліп көрсеттім:
Экономикалық өсу және оның даму қарқынын макроэкономикалық талдау;
Экономикалық өсудің факторларына сандық баға беру;
Экономикалық өсудің түрлеріне сипаттама беру;
Экономикалық өсуді ынталандыру үшін қолданылатын шараларға қысқаша шолу жасау;
Курстық жұмысты жазу барысында жоғарыда көрсетілген міндеттерге қоса экономикалық өсуді тежейтін факторлар, экономикалық өсудің фазаларына, экономикалық өсудің теориясына, экономикалық өсуді мемлекет тарапынан реттеу мәселелеріне де жалпы шолу жасап шықтым.
Экономикалық өсу әдетте ЖIӨ-нiң нақты өсуiмен бағаланады және оның өсу қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада құлдырау және өркендеу кезеңiне байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң бұрынғы деңгейiне жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр экономикалық өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Мұндай 70 жыл бойы мүлде басқа көзқараста болып келiп, ендi оған керiсiнше нарықтық экономикаға өту кезiнде мемлекеттiң, яғни макроэкономикалық реттеудiң алатын орны үлкен болуы керек.
Экономикалық өсудiң тұрақтылығы шаруашылық саясатты жүргiзудiң бiрден-бiр көзi. Экономикалық өсу тек қана жұмысшыларға жұмыс орнын табу, жұмыс күшiнiң толықтырылуы емес, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейiн алдын-алу болып табылады.
Осылайша курстық жұмыс тақырыбын “Экономикалық өсу ” деп алдым.
Бұл тақырыпты жазудағы басты мақсат жұмыс барысында жалпы экономикалық өсудiң әдiстемелiк негiзi және оның Қазақстандағы ерекшелiгi қарастыру, сондай-ақ дамушы елдердiң жоғары экономикалық өсуге қол жеткiзген жетiстiктерiн талдап, оны ұлттық экономика дамуына тиiмдi жақтарын көрсету, сонымен қатар, экономикалық өсуге басты бағыт болып саналатын Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңдағы атқарып отырған индустриялы – инновациялы дамуы туралы тоқталу.
Жұмыс барысындағы мiндеттерiме келетiн болсақ:
Экономикалық өсу теориясы мен оның экономикалық мазмұнын талдау;
Экономикалық өсудің үлгілері, түрлері мен факторларына тоқталу;
Экономикалық өсудің қамтамасыз етудегі ҒТП мен экономикалық өсу факторларына тоқталу;
ҚР-ның экономикалық дамуының динамикасы мен бүгінгіт таңдағы даму жағдайын қаарстыру;
Экономикалық өсудің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету проблемалары мен ұлттық экономиканың экономикалық қауіпсіздік мәселесіне тоқталу болып табылады.
Қазіргі таңдағы тұрақты экономикалық өсуiне керi әсерiн тигiзiп отырған мәселелердi анықтау және оның шешу жолдарын табу.
Курстық жұмыстың құрамы екі тараудан тұрады: бірінші тарауда жалпы экономикалық өсу ұғымына түсінік беріліп, экономикалық өсудің үлгілері мен түрлеріне кеңірек тоқтвлу, ал екінші тарауда ҚР бойынша экономикалық өсудің бүгінгі таңдағы жағдайы мен өсудің проблемаларын, ұлттық экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз етудің іске асуы туралы қарастырылды.
1 Экономикалық өсу теориясы
1.1 Экономикалық өсу ұғымы, даму эволюциясы
Экономикалық өсу қоғамдық өндіріс көлемінде өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің көлемімен анықталады. Сондықтан ғылыми әдебиеттерде экономикалық өсудің негізгі көрсеткіші ретінде жалпы ұлттық өнімді жиі қарастырады. Оған қоса, бұл мақсатта жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) динамикасы да қарастырылады. Жалпы ішкі өнімнің 2 түрі бар: нақты және номиналды. Нақты жалпы ішкі өнімді табу үшін номиналды жалпы ішкі өнімнен инфляция яғни бағаның өсуін өткен жылмен немесе базалық жылмен салыстыра отырып шегеріп тастаймыз. Экономикалық өсуді анықтау барысында тек нақты жалпы ішкі өнім көлемі ғана қарастырылады. Өйткені нақты жалпы ішкі өнім номиналдыға қарағанда бізді нақты ақпаратпен қамтамасыз ете алады. Мысалы, егер ағымдағы жыл ішінде өндіріс көлемі өзгермесе және өнім бағасы 4 есе қымбаттаса жалпы ішкі өнім көлемі де шамалап есе ұлғайяды, бірақ бұл экономикалық өсуге жатқызылмайды.
Халықаралық тәжірибеде экономикалық өсуді есептеуде көбінесе бір адам басына шаққандағы жалпы ұлттық өнім көлемі есептеледі. Бұл көрсеткішті есептеу үшін белгілі бір мемлекеттегі бір жыл ішінде өндірілген жалпы ұлттық өнім көлемін сол мемлекеттегі адамның санына бөледі. Бұл көрсеткіш негізінен мемлекеттегі адамдардың өмір сүру жағдайын көрсетеді. Мысалы, Индияның жалпы ұлттық өнімі Швейцариямен салыстырғанда шамалап 70 процентке көп, бірақ Индия азаматтарының өмір сүру жағдайы Швейцарияға қарағанда шамамен 60 есе төмен. [1, 59 б]
Көріп отырғанымыздай жалпы ұлттық өнім тек жалпы көрсеткіш ретінде қолданылыда. Экономикалық өсу туралы нақты ақпараттарды алу үшін халық санын да қарастыруымыз керек. Мысалы, бір жыл ішінде нақты жалпы ұлттық өнім 1,5 процентке ұлғайса, ал сол мемлекеттегі халық саны да 1,5 процентке ұлғайса бұл экономикалық өсу ретінде қарастырылмайды. Нақты экономикалық өсу болу үшін жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқыны халықтың өсу қарқынынан жоғары болу керек.
Экономикалық өсуді абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен сипаттауға болады. Абсолютті көрсеткіштерге нақты сандар жатқызылса, ал салыстырмалы көрсеткіке проценттік қатынастарды жатқызуға болады. Мысалы, егер нақты жалпы ұлттық өнім өткен жылы 200 млрд. теңгеге тең болса, ал ағымдағы жылы 210 млрд. теңгеге тең болса, онда экономикалық өсудің абсолюттік көрсеткіші 10 млрд теңгеге тең (210 млрд – 200 млрд = 10 млрд) және салыстырмалы көрсеткіші 5 процентке тең ((210 - 200) / 200 = 0,05) болады. [2, 103 б]
Кейбір кездері экономисттердің экономикалық өсудің қарқындылығының елеулі өзгерістеріне көп көңіл аударуы әдеттен тыс болып көрінеді. Шын мәнінде экономикалық өсудегі төрт және үш процент арасындағы айырмашылық соншалықты маңызды ма? Ия, маңызды. Бүгінгі таңда Америка Құрама штаттарында нақты жалпы ұлттық өнімнің көлемі шамалап 3995 млрд. долларға тең және де олар үшін экономикалық өсудің қарқыны үш және төрт проценттің айырмасы 40 млрд. долларға тең болады. Экономикалық жағдайы өте нашар мемлекеттер үшін экономикалық өсудің қарқыны 0,5 процентке төмендесе ашаршылыққа және экономикалық құлдырауға да алып келуі мүмкін.
Сонымен, экономикалық өсу қарқынды және экстенсивті сипат алу ықтимал. Бұл ретте мемлекеттің экономикалық дамуы өндіріс ресурстарын пайдалану тиімділігін ұдайы өсу жағдайларында, яғни өндірістің қарқынды сипат кезінде қамтамассыз етіледі.
Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндіріледі (Кейнс кресті, IS-IM үлгісі).
IS-IM моделі жиынтық сұранысты қамтамасыз етудегі тауар және ақша нарығындағы тепе-теңдік моделі болып табылады. Тауар нарығы IS инвестиция мен жинақтардың ара қатынасын, олардың теңдік ережесін көрсетеді. [3, 186 б]
Е
(В)
Кейнс кресті
E= C(Y-T)+I(R1)+G=Xn
Y=E
А
E= C(Y-T)+I(R2)+G=Xn
В
Табыс
(А) Инвестиция функциясы У2 У1 У
R
R
(С) IS қисығы
R2 R2
R1 R1 IS*
Табыс
I(R2) I(R1) I Y2 Y1 Y
Сурет 1 – IS-тi Кейнс кресті арқылы алып шығу
1-ші суреттен көретініміз пайыз қойылымы өскен сайын жоспарланған инвестиция көлемі төмендейді, ал Кейнс кресті бойынша жоспарланған инвестициялар көлемі кеміген сайын табыс та (У1-ден У2-ге дейін) кемиді. Осыдан келіп IS қисығы бойынша неғұрлым пайыз қойылымы өскен сайын, соғұрлым табыс деңгейі де төмендей береді. [3, 186 б]
Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы және циклдік тербелістерге байланысты экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық саясаты тұрақтандыруға тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы, жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның факторларының және заңдылықтарының талдауы экономикалық теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады.