Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой Бухаев Ергали эк-201.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
223.74 Кб
Скачать

АННОТАЦИЯ

Менің курстық жұмысым “Мемлекеттің ақша-несие саясаты” тақырыбына жазылған. Онда жалпы ақша-несие саясатына түсінік беріп өттім және Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын талдадым.

Курсттық жұмыс 3 тараудан, кіріспе,аннотация,қорытындыдан тұрады.

Жалпы көлемі: 52

Курстық жұмыста 3-кесте, 3-график, 21-пайдаланылған әдебиеттер тізімі бар.

Жоспар:

Кіріспе................................................................................................................ 5

I тарау. Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты

1.1. Несие саясаты және оның мақсаттары............................... 6-8

1.2. Несие саясатының құралдары.......................................... 8-13

1.3. Ақша-несие жүйесі........................................................... 13-18

II тарау. Ақша және несие саясатының өзара байланыстылық ерекшелігі.

2.1. Ақша-несие саясатының операциялары........................ 18-22

2.2. Ақша-несие саясатының салық-бюджет, валюта саясаттарымен байланысы........................................................................ 22-29

2.3. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс......................................... 30-33

III тарау. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын талдау.

3.1. Ақша айналысы және несиені талдау.......................... 34-35

Қорытынды.................................................................................................... 36

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................... 37

Кіріспе

Ақша-несие саясаты дегеніміз – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Қазақстан Республикасының Ел басының елге жолдаған жолдауында ақша-несие саясаты туралы былай мәлімдеген.

Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банкпен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар.

Ақша – несие саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды роль атқаруға тиіс , Үкімет қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құралуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын.

I. Тару. Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты.

1.1. Ақша-несие саясаты және оның мақсаттары

Ақша-несие саясатының негізінде ақша мен ақша несие саясатының экономикаға әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатыр.

Мемлекеттің ақша-несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде қарастырылады.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының ең басты мақсаты - баға тұрақтылығын, тиімді еңбекпен қамтамасыз ету мен жалпы ұлттық өнімнің нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету. Бұл мақсат ұзақ уақытта жүзеге асатын жылдарға созылатын және нарықтық конъюнктураның өзгерісін тез сезіне бермейтін ақша-несие саясаты шеңберінде жүзеге асырылатын шаралар арқылы жүргізіледі. Осыған байланысты ағымды ақша-несие саясаты ірі тапсырмаларға қарағанда нақты және мүмкін мақсаттарға бағытталады.

Кез-келген жағдайда да мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуші болып, өзіне тән қызметтеріне сәйкес орталық банк есептелінеді, ал саясаттың объектілері ақша нарығындағы ұсыныс пен сұраныс болады.

«Саясат» — бұл мемлекетке қатысты іс, мемелекеттік қызмет. Сондықтан да ақша-несие саясаты — бұл мемлекеттің ерекше қызметі. Ол оның көмегімен елдің ақша-несие процестері реттелетін жүйесіне шаралар жасап, жүзеге асыруда көрінеді.

Нарықтық экономика, барлық элементтері сұраныс пен ұсыныс әсерімен реттелетін жүйе болып есептелінгендіктен мемлекет неліктен ақша-несие қатынасына араласуы керек?

Ақша-несие қатынасы нарықтық катынастар жүйесінде ерекше орынды алады, ақша мен несиесіз нарықтық экономика өмір сүре алмайды. Ақша-несие қатынасы барлық нарықтық байланыстардың негізі болып табылады.

Біз нарықтық экономиканың реттелетін жүйе екенін білеміз. Оның барлық элементтері үнемі сұраныс пен ұсыныстың әсеріне тәуелді болады, яғни сұраныс пен ұсыныс қатынастарымен реттеледі. Ондай болса неліктен мемлекет ақша-несие қатынасына араласуы керек. Ақша-несие қатынасы нарықтық қатынас жүйесінде ерекше орынға ие. Өйткені ақшамен несиесіз нарықтық экономиканың болуы мүмкін емес. Ақша-несие қатынасы —барлық нарыктық байланыстардың негізі, сондықтанда оның қызметін тек қана сұраныс пен ұсыныстың заңдарының талабына бере салу мүмкін емес.

Сәйкестіріліп үйлестірілген және белгіленген мақсаттарға бағытталған, осындай іс-шаралар кешені несие саясаты деп аталады.

Несие саясаты Үкімет Орталық (Ұлттық) банктің бірлескен іс-жігерімен өмірге енгізіледі.

Ақша-несие – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

Ақша-несие саясатының негізгі субъектісі-ұлттық (Орталық) Банктің дәл өзі. Ол үкіметтің құрылымына жатпағанымен, заңды түрде, осы үкіметтің мақсаттық міндеттемелерін орындайды. Бірақ, мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын немесе оның нақты несие саясатын орындайтын Орталық Банк туралы сөз болғанда ерекше айтатын жағдай – Орталық Банк, дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, айтарлықтай тәуелсіз экономикалық құрылым, сондықтан өзінің іс-әрекетінде белгілі деңгейде тәуелсіз бағыт ұстай алады.

Орталық Банктің атқаратын міндеттерін екі бағытқа бөліп көрсетуге болады. Біріншісі елдегі валюта жүйесінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді. Ұлттық валютаның тұрақтылығы нарық инфрақұрылымының ең бір маңызды элементі. Екінші бағыты – коммерциялық банктердің несиелік қызметтеріне ықпал жасау. Бұл банктердің қызметі мемлекет мүддесін қажетті деңгейде қамтамасыз ететін түрде құрылуы қажет.

Ақша-несие саясаты – бұл макроэкономикалық процестердің мемлекетке қажетті бағытта дамуы үшін Орталық банктің ақша айналымы мен несие қатынастар саласында жүргізетін іс-әрекеттер жиынтығы. Несие саясатының мақсаты, егер оны жалпы экономикалық саясат мақсатының нақты көрінісі ретінде алғанда, ел шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1) Рекстрикциялық ақша-несие саясаты;

2) Экспанциялық ақша-несие саясаты;

Рекстрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейту, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.