
- •«Әлеуметтік қызмет және бизнес» факультеті «Саясаттану және құқық» кафедрасы силлабус
- •8. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •9. Дәрістер мен практикалық сабақтардың жоспары
- •10. Соөж сабақтарын өткізу жоспары
- •11. Сөж сабақтарын орындау және өткізу кестесі
- •12. Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •13. Саясаттану пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •15. Студенттердің білімін бағалау жүйесі.
- •15. 1. Студенттің рейтингтік бағасын қоюдың шкаласы
- •15..2 Қорытынды бағаның шығарылуы.
- •15.3. Студенттің білімін бағалау, бағалаудың дәстүрлі шкаласына аударылған баллдық-рейтингтік, әріптік жүйесі
|
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіКазахский экономический университет имени Т. Рыскулова
|
«Әлеуметтік қызмет және бизнес» факультеті «Саясаттану және құқық» кафедрасы силлабус
(ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ)
Пәннің аты: POL 1107 - «С А Я С А Т Т А Н У»
Мамандықтар : «Менеджмент-5В050700» «Экология-5В060800»
«Маркетинг-5В051100» «Стандартизациялау, метрология
«Мемлекеттік және жергілікті басқару-5В051000» және сертификациялау-5В073200»
«Туризм-5В090200» «Ақпараттық жүйелер-5В070300»
«Әлеуметтік-мәдени қызмет -5В090400» «Есептеу техникалары-5В070400»
«Әлеуметтік жұмыс-5В090500» «Есеп және аудит»-5В050800
«Кеден ісі-5В030400» «Бағалау»-5В090800
«Экономика»- 5В050506 «Халықаралық қатынастар»-5В050502
«Әлемдік экономика» - 5В051300 «Еңбекті ұйымдастыру
«Қаржы»-5В050900 және нормалау» -5В1900
«Статистика»-5В051200
|
Оқыту түрі |
|
|
|
Күндізгі бөлім |
Сырттай бөлім |
|
Барлық кредит саны |
2 |
7 |
|
Курс |
1 |
1 |
|
Семестр |
1,2 |
1,2 |
|
Емтихан (семестр) |
1,2 |
1,2 |
|
Дәріс (сағат саны) |
15 |
7 |
|
Практикалық сабақтар(сағат саны) |
15 |
7 |
|
Лабораториялық сабақтар (сағат саны) |
- |
- |
|
СОӨЖ (сағат саны) |
15 |
7 |
|
СӨЖ (сағат саны) |
45 |
69 |
|
Барлық сағаттар: |
|
|
Алматы, 2012
1. Оқытушы туралы мәлімет
|
Жүсіпова Алма Даулетбековна – саяси ғылымдардың кандидаты, «Саясаттану және құқық» кафедрасының доценті, ғылыми-педагогикалық стажы –30 жыл Кафедра: №2 оқу корпусы, 444-бөлме,телефон – 377-19 -98 |
2. Пәннің пререквизиті |
Бұл пәнді оқып-үйрену үшін, студент мектеп бағдарламасы деңгейіндегі Тарих, Қоғамтану, Құқық негіздері, География, Қазақстан тарихы сияқты пәндерді жеткілікті дәрежеде меңгеріп, арнайы дайындықпен келуі керек.
|
3. Пәннің постреквизиті |
«Саясаттану» пәнін оқыту негізінде алған білімдерді студенттер Әлеуметтану, Философия, Мемлекет және құқық теориясы, Халықаралық қатынастар теориясы, ҚР-ның сыртқы саясаты, Конституциялық құқық сияқты курстарды оқуда пайдалануларына болады.
|
4. Пәннің сипаттамасы |
Саясаттану пәні саяси ғылымның негізгі проблемаларын қамтиды. Атап айтқанда, ол қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйелерді, саяси қатынастар мен процестерді, саяси сана және саяси мәдениетті, әлемдік саяси процесті зерттейді. Оқу пәні ретінде саясаттану білім алушыларға жоғарыда аталған және басқа да саяси мәселелер бойынша нақты білімнің мәні мен дамуын, саяси қатынастар жүйесіндегі тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу формаларын қарастырады, негізгі саяси процестер, қозғалыстар, ұйымдар туралы, нақты бір саяси шындықтың дамуының бағыты мен мәні туралы мағлұмат береді, саяси білім негіздері бойынша нақты білім жүйесін қалыптастырады. |
5. Пәнді оқытудың мақсаты |
Саясаттану курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасауға үйрету, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. |
6. Пәнді оқытудың міндеті: |
Білім алушыларды Қазақстан Республикасында, сонымен қатар, алыс және жақын шет мемлекеттерде болып жатқан саяси процестерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәрбиелеу. Болашақ экономист мамандар үшін қоғамның саяси және экономикалық салаларының өзара байланысының маңыздылығын түсіндіру. |
7. Пәннің құзыреті: |
Саясаттану пәнін толық меңгеру - білім алушыларды азаматтылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелейді, олардыңдемократиялық саяси мәдениетін қалыптастырады. |