
- •Практикалық сабақ №1 Тақырып: Экология табиғатты қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық базасы ретінде
- •Практикалық сабақ №2 Тақырыбы: Особьтар экологиясы-аутэкология. Негізгі тіршілік орталары және олардың сипаттамасы.
- •Практикалық сабақ №3.
- •1.Тапсырма.
- •Ылғалдылық пен температураға байланысты өсімдіктердің таралуы.
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма.
- •4 Тапсырма.
- •Тапсырма.
- •7 Тапсырма
- •1.Экологиялық факторлар және олардың классификациясы.
- •Практикалық сабақ №4. Тақырыбы: Популяция түрдің өмір сүру формасы және оның негізгі критерийлері.
- •1 Тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер
- •2 Тапсырма.
- •3 Тапсырма.
- •4 Тапсырма.
- •Практикалық сабақ №5.
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма.
- •3 Тапсырма.
- •Практикалық сабақ №6.
- •1 Тапсырма.
- •Практикалық сабақ 7 Тақырыбы Биосфера және оның тұрақтылығы
- •1.Биосфера және оның тұрақтылығы
- •Практикалық сабақ 8 Тақырыбы: Тұрақты даму концепциясы.
- •Практикалық сабақ 9 Тақырыбы: Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері.
- •1 Тапсырма:
- •1.Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері.
- •2.Халықаралық экологиялық ынтымақтастық.
- •Практикалық сабақ 10 Тақырыбы: Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде.
- •1 Тапсырма Берілген есепті шығарып өз тұжырымдамаңызды дайындаңыз.
- •10.Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері
- •Практикалық сабақ №11 Тақырыбы: Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері
- •1 Тапсырма.
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •Практикалық сабақ №12
- •Практикалық сабақ №13
- •1 Тапсырма
- •1.Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері.
- •Практикалық сабақ №14 Тақырып Табиғатты қорғау және тұрақты даму
- •1.Табиғатты қорғау және тұрақты даму.
- •Практикалық сабақ №15 Тақырып Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері.
- •Ядролық катастрофа - жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолдану нәтижесінде қалыптасатын глобалды экологиялық апат.
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма
Практикалық сабақ №1 Тақырып: Экология табиғатты қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық базасы ретінде
Сабақтың мақсаты: экология ғылымының мазмұнын, табиғатты қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі принциптерін оқу, экология ғылымының қалыптасу тарихын сипаттау.
Сабақтың жоспары
1. Тапсырмаларды орындау
2.Бақылау сұрақтарына жауап беру.
3.Рефераттарды қорғау
4.Блиц-тестілерді орындау
Глоссарий
Биоиндикация - тірі организмдер мен олардың қауымдастықтарына тигізген әсеріне қарай антропогендік факторларды анықтау.
Биологиялық ресурстар - адамзат қоғамына пайдалы, бағалы болып саналатын генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяциялар мен басқа да кез келген экожүйелердің биотикалық компоненттері.
Макроэкология - классикалық экологияның ең негізгі түжырымдары, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың проблемалары туралы ілім, адам экологиясымен біріктірілген ғылыми пән.
Сабақтың материалдары:
Тапсырма1
Экологияның негізгі түрлері мен ғылым салаларын талдау.
Экологияның түлері:
1.Теориялық экология
2.Қолданбалы экология
Экологияның салалары:
3.Фундаментальды (Іргелі) экология
4.Әлеуметтік экология
5.Биоэкология
6.Өнеркәсіптік экология
7.Популяциялық экология
8.Ғаламдық экология
9.Ауыл шаруашылық экологиясы
Тапсырма 2
Экологияның негізгі заңдарын талдаңыздар.
1.Атомдардың биогенді миграциясы заңы
2.Ішкі динамикалық тепе-теңдік заңы
3.Генетикалық алуантүрлілік заңы
4.Тарихи қайтымсыздық заңы
5.Константа заңы
6.Корреляция заңы
7.Энергияның максимизация заңы
8.Биогенді энергияның максимум заңы
9.Энергияның бір жақты бағытталу заңы
10.Оптимум заңы
11.Энергияның пирамида заңы
12.Қоршаған ортаның даму заңы
13.Табиғи факторлардың біріккен әсері заңы
14. Толеранттылық заңы
15.Грунттың тозу заңы
16.Тірі заттардың физико-химиялық бірлігі заңы
Тапсырма 3 Төмендегі материалды оқып экологияның басқа биологиялық ғылымдар саласымен байланысын сипаттаңыздар. Ол үшін Одумның «Қатпарлы самса» схемасын талдау керек.
|
Экология |
Даму биологиясы |
|
Бактериология |
|
Орнитология |
|
Ботаника |
|
Энтомология и т. д. |
|
Генетика |
|
Молекулярлық биология |
Схема 2. «Қатпарлы самса» (Одум бойынша, 1975).
Тапсырма 4 Төмендегі әдістерге сипаттама беріңіз
Экологияның зерттеу әдістері
Лабораториялық әдістер
Далалық әдістер
Экспериментальды әдістер
Химиялық әдістер
Физиологиялық әдістер
Геобатаникалық картаға түсіру әдісі
Математикалық әдістер және модельдеу
Экологиялық болжам және мониторинг әдісі
Тапсырма 5
Экология терминіне ғалымдардың берген анықтамаларына тоқталыңыздар.
Агесс, Воронков, Реймерс, Одум, Дажо, Макфедьен т.б.
Бақылау сұрақтары:
1.Экология ғылымы нені зерттейді?
2.Экология терминін ғылымға енгізген кім?
3.Экологияның қандай бөлімдері бар?
4.Экологияның негізгі бағыттарын атаңыздар?
5.Экология терминіне ғалымдардың берген анықтамаларын талдаңыздар:
Дажо, Одум, Гумбольд, Агесс, Реймерс, Воронков т.б.
Рефераттар тақырыбы
1.Экологияның ғылым ретінде анықтамасы. Экологияның мақсаты, міндеттері және әдістері. 2.Экологияның қалыптасуының қысқаша тарихы.
3.Экологияның бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, ғаламдық экология. 4.Экологияның басқа ғылымдармен байланысы.
5.Экологиялық мәселелерді шешудегі пәннің ролі.
Блиц-тест
1. "Экология" терминін гылымға енгізген ғалым:
А) Т. Льюс
В) Ю.Одум
С) Э.Геккель
D) Э.Макфедьен
Е) Н.Уэбстер
2. Міндеті особьтардың тіршілік ету шегін белгілеу болып табылатын экология саласы:
А) аутэкология
В) дэмэкология
С) синэкология
D) әлеуметтік экология
Е) эйдэкология
16. Дербес ғылым ретінде экология шамамен қаншасыншы жылы қалыптасты?
А) 1854ж.
В)1954ж.
С) 1900 ж.
D)1904ж.
Е) 1860ж.
3. Жаратылыстану ғылымында экологиялық көзқарастың қалыптасу кезеңдері:
А) Х-ХІІ ғ.
В) V-VІ ғ.
С) ХVШ-ХІХ ғ
D) ІХ-Х ғ.
Е) VІІ-VІІІ ғ.
4. Экология ғылымының зерттеу нысаны:
А) адамның қоршаған ортамен байланысы
В) биоценоздағы өзгерістер
С) организмдердің бір-бірімен жэне қоршаған ортамен қарым-қатынасы
D) табиги ресурстарды пайдалану
Е) биологиялық жэне географиялық микро жэне макрожүйелер мен оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003
2.Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002
3.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
4.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
6.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
8.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003
9.Бейсенова Р.Р. Экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.
Қосымша әдебиеттер:
1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.
2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.
3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.
4.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.
5.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.
6.Христофорова Н.К. Основы экологии. Владивосток: Дальнаука, 1999.
7.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.