Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тима.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
325.2 Кб
Скачать

5 Саты қолдану

Құтқарушылардың биіктікте жылжуларының негізгі құралы саты болып табылады.

Сатыны пайдалану кезіндегі қажеттіліктер:

  • берік орнату және оны бекіту;

  • аяқты баспалдақтың ортасына немесе баспалдақтың алдынғы бөлігіне қою;

  • баспалдақты немесе сатының бүйір бұрышын қолмен ұстау;

  • денені сатыға жақын қою;

  • тізені сатының бүйір бұрышына бұру;

  • бір қалыпты тербелмей қозғалу.

Құтқарушылардың саты арқылы жылжуы біржақты немесе қиғаш тәсілмен жүзеге асырылады. Біржақты тәсіл оң аяқпен және сол қол бір уақытта келесі баспалдаққа көтеріледі немесе сол аяқпен және оң кол мен ауысып отырады. Мықты бекітілген сатымен, сырғанауға карсы тіреуіш жабдығынан, мықтап ұстап, төменгі және үстіңгі берік орнатылған тіректер арқылы жылжу керек. Қондырғының қауіпсіз бұрышы-75°. Әдетте сатымен бір-бірден көтеріледі немесе түседі.

Құткару шынын сатыдан терезеге етуі (терезе орнынан) келесі түрде жүзеге асырылады. Саты арқылы терезе тақтайына дейін (терезе орнының төменгі шеті) бір қолмен сатыны ұстап аяқпен терезенің тақтайына тұру қажет және бір уақытга келесі қолмен қабырға шетінен ұстап аяқты сатыдан ауыстырады және еденге түседі. Егер терезе жабык немесе торланған болса, онда құткарушы сатыдан терезе деңгейінде ұстап, оны ашып және содан кейін бөлмеге кіру керек.

Сатыдан үйдің төбесіне өту мынандай тәртіпте орындалады. Құтқарушы сатымен төбе ернеуінің деңгейіне дейін біршама жоғары көтеріледі. Қолымен сатыны ұстап (науа болған жағдайда) ол төбеге бір аяғын содан кейін екінші аяғын қояды. Терезеден және төбеден сатыға өту үшін кұтқарушы сатының жоғарғы ұшына жақындау керек, бір қолымен сырт жактағы баспалдақтың үстінен ұстап, сатыға жабысып, 180° бетімен сатыға айналып бір аяғын баспалдаққа қойып келесі колымен сатыны ұстап және келесі аяқты баспалдаққа ауыстыру керек.

Құткарушылардың ғимараттың үстіңгі қабатқа көтерілуі шабуыл сатысы арқылы жүзеге асуы мүмкін. Оның 13 баспалдағы бар және арнайы тісті ілмектермен жабдықталған, соның көмегімен ол тақтайға бекітіледі (терезе алдының тақтайы). Шабуыл сатысын екінші қабаттың терезесіне орнату оны көтеріп және терезенің оң жағындағы тақтайшаға ілмекпен бекіту жолы арқылы жүзеге асырылады. Сатыны ілгекпен бекіткеннен кейін, құтқарушы онымен көтеріле бастайды. Терезе тактайшасына шығу кезінде оң аяқ тоғызыншы (оныншы) баспалдақта, ал қолдар - онүшінші баспалдакта болу керек. Баспалдақты қолмен ұстап сол аяқты терезе тақтайшасына ауыстырып және оның үстіне отырып, оң аяқты жазып бөлмеге өту керек. Құтқарушылардың үшінші және келесі қабатқа көтерілуі келесі тәртіпте жүзеге асады. Терезе тақтайшасында отырып, оң қолмен он екінші баспалдақтағы бүйір тіреуіштен немесе осы баспалдақтан, сол қолмен-ілгіштен немесе он үшінші баспалдақтан ұстау қажет. Екі қолмен қатты жұлқи отырып, әрі тұла бойды жазып сатыны көтеру және оны ілгішпен өзіне қарай бұру; сатының бүйір тіреуішін алма кезек қолмен қармалай отырып, сатыны ілмектің орнына дейін тақтайдан 15-20 см жоғары көтеру, сатыны ілмекпен терезеге бұру және оны терезенің оң жақ жартысына ілу қажет. Терезе тақтайшасынан сатыға өту мынадай тәртіпте жүзеге асады:

  • оң аяқты бірінші баспалдақка қою;

  • ішкі жақтан сол қолмен төртінші (бесінші) баспалдақты ұстау;

сырт жақтан оң колмен бесінші (алтыншы) баспалдақты ұстау және аяқ жазылғанға дейін көтерілу, сол аяқты бүйір тіреуіш жактағы терезе тақтайшасына қою;

  • сол аяқпен тақтайдан итеріле серпіліп, қолмен тартылып оң аяқты үшінші (төртінші) баспалдаққа қою және көтерілудіжалғастыру керек. Тапсырылған қабатқа жеткеннен кейін құтқарушы сол аяғын терезе тақтайына ауыстыру керек.

Қорытынды

Жергілікті өкілді және атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару орган-дарының табиғи және техногендік сипаттағы төтөнше жағдайлар саласындағы өкілеттігі.

Жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақтағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін жауапты болады.

Жергілікті өкілді органдар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

- жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы есептерін тыңдайды;

- төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі жергілікті қорлар, сондай-ақ материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларьш құру туралы шешімдер қабылдайды; - төтенше жағдайлар пайда болған кезде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу мен оларды жою жөнінде міндетті ережелер қабылдауға құқылы, оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделеді. Мідетті ережелер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмеуге тиіс және дереу күшіне енеді. Жергілікті атқарушы органдар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

- төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;

- мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зілзала мен апатты тергеуге қатысады, лауазымды адамдарды, азаматтар мен ұйымдарды белгіленген тәртіппен жауапқа тартады;

- төтенше жағдайларды обьектілік және жергілікті төтенше жағдайларға жатқызады, сол төтөнше жағдайлардың таралу ауқымы мек аймақтарын анықтайды; - халықты жәке ұйымдарды қажетті қауіпсіздік, төтенше жағдайлардын алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді; - төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды жергілікті қорлардан қаржыландыруды жүзеге асырады, материалдық-техникалық, азық-түлік, медицикалық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құрып пайдаланады;

- төтенше жағдайларды жою кезінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады; - төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен халықтың және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші обьектілерге келтірілген зиянның өтелуін, медициналық қызмет көрсетуді, төтенше жағдайлар аймақтарында тұрғаны және жұмыс істегені үшін өтемақылар мен жеңілдіктер алуды өз құзіреті шегінде қамтамасыз етеді:

- төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар меи азаматтардың шар-уашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы аумағында жергілікті өзін-өзі басқару орындарының табиғи және техногекдік сипаттағы төтенше жағдайлардьщ алдын алу мен олар-ды жою ісіне қатысуына жол беріледі, бұл халықтың жергілікті мәні бар мөселелерді дербес шешуін қамтамасыз етеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұйымдастырылуы мен қызметі тәртібін заңда белгіленген шектерде азаматтардың өздері анықтайды.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай-лардың алдын алу жөніндегі шараларға мыналар жатады:

- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;

- төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары.

Әдебиеттер тізімі

  1. Аварии и катастрофы. Предупреждение и ликвидация последствий. — М.: ABC, 1995.

  2. Библиотека экстремальных ситуаций. — М.: ГНПП «Аэрогеология», 1995. № 1–15.

  3. В помощь руководителю гражданской обороны (Б-чка журн. «Военные знания»). — М., 1992. №6.

4. Гражданская оборона: Учеб. пособие. — М.: Просвещение, 1991.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]