Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тима.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
325.2 Кб
Скачать

3.1 Үйінді кезіндегі ерекше жарақаттар

Үйіндіде қалған адамдардағы ерекше жарақаттарға сынықтар, жарақат алулар, мидың шайқалулары жатады. Өзгеше жарақаттарға бұлшык еттерді және ішкі органдардың ұзақ басылып жатуы - ұзақ басу синдромы жатады. Бұл жарақаттың әртүрлілігі басылып қалған дене мүшесіндегі заттардың алмасуын және қан кетуді тоқтатумен сипатталды ол уытты өнімдердің ыдырап жиналуына және қарқынды пайда болуына, ұлпалардың бұзылуына, зат алмастыру өнімдерінің кышқылдануының тапшылығына әкеліп соқтырады. Басылып қалған дене мүшесін босатқаннан кейін және қан айналымы қалпына келтірілгеннен кейін организмге үлкен мөлшерде уыт жайылады. Ол зақымданған дене мүшелерінің көлеміне және басылу уақытына тікелей байланысты. Сонымен қатар, зақымданған бөліктердегі уыттардың беті қайтқаннан кейін, осы орындарға үлкен мөлшерде қан плазмалары толады (кейде З-4л). Аяқ-қолдардың көлемі лезде ұлғаяды, бұлшық еттің пішіні бұзылады, ісік барынша тығыздалып, адамның жанын ауыртады. Уыттарды және қан плазмаларын қайта бөлу организмнің барлык жүйесіндегі кызметтерге қысым келтіреді зардап шегушілерді үйіндінің астынан алып шыкканан кейінгі бірінші минутта өлуіне себеп болады. Закымданған бұлшық еттерде уытты заттардың пайда болуымен қатар бірмезгілде миоглобин молекулалапы пайда болады. Олар қанмен бірге бүйрекке түседі де олардың өзекшелерін зақымдайды, бұл бүйрек жетіспеушілігіне әкеледі да содан адам өлуі мүмкін.

Дененің ұзақ басылып жатуы кезінде зардап шегушінің өлімін сақтап қалу үшін, оны босатқанға дейін оның қанына плазма алмастыратын ерітінді жіберу, жылы суды көп беру, зақымданған жерге суық басу қажет. Босатқаннан кейін лезде басылып қалған жерді ісікті және таралып бара жатқан плазманың көлемін азайту үшін қаттылап бинтпен таңып тастау керек. Сынық болса да, болмаса да зақымданған сүйектерге таңғыш тактай қойылады, суык басылады, ауырғанын басатын дәрілер беріледі міндетті түрде зардап шегушіні «жасанды бүйрек» аппараты бар емдеу мекемесіне жеткізеді. Құтқарушыға басып қалудың нақты басталған уақытын білу өте маңызды, бірінші- екінші сағатта жарақаттың салдары кері сипата жүреді және адамға қауіпсіз болады. Осы уақыт аралығында құтқарушылар мүмкіндігінше көп адамды босатып алулары керек.

Зардап шегушілерді басып қалу сиңдромынан құтқару кезіндегі тиімді көмек көрсету әдістері мыналар:

  1. Апат болғаннан кейін алғашқы 2 сағаттың ішінде зардап шегушілерді басып қалудын босату үшін барлық күш пен құралдарды жұмылдыру керек, ол уыттың денеге ең аз мөлшерде жайылуын қамтамасыз етеді.

  2. Екі сағаттан кейін зардап шегушілерді екі топқа бөлу керек (жеңіл жараланғандар, ауыр жараланғандар). Жарақаттың сипаты басым болып қалған ткандардың ткандардың массасына және зардап шегушінің жалпы жағдайына байланысты бөлінеді. Басып қалудан жеңіл жарақат алғандарды тез босатып алып, емдеу мекемесіне жіберу қажет.

Ауыр жарақат алған зардап шегушілерді басып қалудан босату кезінде, оларды тасымалдау алдында зақымданған ұлпалардағы қанайналымына түрткі болмайтындай етіп босатып алу керек. Көмек көрсеткенде асықпай рет-ретімен ауырғанын сездірмейтін, плазмасы бар қосынды жіберіп, мол сусын ішкізіп, зақымданған аяқ – қолдары бинтпен таңып, суық басып бұрау және танғыш тақтайшалар салу керек.

  1. Ауыр науқастар реанимациялық терапия және хирургиялық емдеу жүргізуді керек ееді. Сондықтан олар станционарды емдеу мекемесіне жіберулері керек. Егер ауыр науқасарды емдеу мекемесіне жеткізу мүмкін болмаса, онда зардап шегушінің келісімін алып, сол жерде аяқ – қолдардағы бұрауларды шешпей кесуге кірісу керек.

4 Қауіпті құрылыстардың қирауы

ТЖ аймағында көбінесе қираған ғимараттар және ғимараттар қалады. Олар өздерінің күтпеген жерден қирауына байланысты қауіп төндіреді. Бұл құрылыстар арнайы тетіктерге бекітілулері қажет (тіреуіш, таяғыштар) немесе киратылуы керек.

Қирату үш негізгі тәсілдермен жүзеге асырылады:

2.1 сурет – шар – тоқпақтың көмегімен қиратылады

2.2 сурет - ауыр тартқыш кұралының көмегімен қиратылады

(лебедкалар, тракторлар, машиналар)

2.3 жарылыстың көмегімен кирату

Жару жұмыстарын арнайы дайындалған кұткарушылар жүзеге асырулары керек.

Бұл жұмыстарды жүргізетін аймақ қоршалуы тиіс.

Көптеген ғимараттар мен ғимараттар адамдардың болуы мүмкін жертөлелермен, баспаналармен, технологиялык үй асты қоймаларымен жабдықталады. Пайда болған үйінділер, тәртіп бойынша, шыға берістерді жабады, ауаның кіруін қиындатады, бұл баспаналарда адамдардың өз беттерімен шығуына мүмкіндік бермейді.

Құтқарушының міндетіне:

  • басылып қалған баспаналарды іздеу;

  • баспананың ішіндегі жағдайды (адамдардың саны, олардың жағдайы, бұзылған баспананың дәрежесі, судың, тамақтың, дәрі-дәрмектердің бар-жоғын) аныктау;

  • баспанаға ауаның, судың, тамақтың, дәрі-дәрмектердің, таңатын материалдарды. қорғау құралдарын беруді ұйымдастыру;

  • баспананы қазу, тазалау, зардап шегушілерді көшіру, оларға көмек көрсету кіреді.

Басылып қалған баспаналарды іздеу қала, аудан, көшелердің жоспарының көмегімен, ішкі белгілерімен (ауа алу құбырлары), дыбысты дабылдармен (айқай, ыңырсу, тарсылдату), итті пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Баспананы тапқанан кейін зардап шегушілермен байланыс орнатылады (дауыспен, тарсылдатумен, радио арқылы немесе телефон байланысымен). Құтқарушылар баспананы тазалауға және қазуға бір уақытта кіріседі.

Бірінші кезекте люктердің, есіктердің, ойықтардың ауа алу құбырырының орындары босатылады және тазартылады. Егер мұндай мүмкіндік болмаса онда құтқарушылар қабырғаға немесе жабық жерлерге тесік ояды. Бұл жұмыстар бетон сүйменнің, шой балғаның, перфоратордың сүйменнің, ауыр балғаның, кескіштің, күректің көмегімен орындалады Тесіктер ауа, су, тамақ, дәрі-дәрмектер беру үшін қызмет етеді. Оларды кеңейткеннен кейін олар адамдарды көшіру үшін пайдаланылады. Жарым- жартылай бұзылған ғимараттардағы адамдарды құтқару жүмыстары ішкі қабырғалардың бұзылуын және бос тұрған құрылыстарды, ішкі бөлмелерді, адамдардың табылу орнын және оларды көшіру мүмкіндігін қараудан және тексеруден басталады. Егер қажет болса тағандарды, тіреуіштерді, кергіштерді орнатып қабырғалар, бөренелер, фермаларды жауып бекітеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]